Олардың көбісі өзінің ұлыстары мен адамдарын бірге ертіп алатын және хан оларға жер үлестіріп беретін. Хан олардың ішкі істеріне көп араласпай, басқаруды түгелдей соларға тапсырған. Осылайша біртіндеп Көшімнің айналасында феодалдық қауым –бектер, мырзалар, тархандар, князьдар, оғландар, жасауылдар шоғырласып, оның билігінің негізгі әлеуметтік тірегі болып қалыптасты. Мемлекеттегі екінші адам –бас уәзір Қараша болды. Ол хандықтың аса маңызды сұрақтары мен мәселелерді шешкен және аса бай адам болды. Оның қарамағында Искер қаласының маңындағы ең үлкен және ең мықты ұлыс болды. Алайда, Ермакпен соғыс қимылдары кезінде Қараша уәзірдің жасаған опасыздығы ханның ел арасындағы беделін қатты түсіріп, мемлекеттің күйреуіне әкеліп соқтырды. Қоғамдық құрылыстың негіз –туыстық қатынас негізінде қалыптасқан. Халықтың басым көпшілігі ауыл-ауыл болып өмір сүрді, яғни үлкен отбасылармен. Бұл отбасылар ұлыстарға бөлінген және олардың жасауыл бекіткен өз князьдары болатын. Селькуптар, остяктар мен вогулдарға бағынышты жерлердің тұрғындары жүздіктерге бөлінген, мұнда жүздік ең басты әкімшілік бірлік болып саналған. Елді мекендерде сонымен қоса жасақ жинауға міндетті ондықтар тағайындалаған, бұл ондықтардың тағы бір қызметі ханға керек кезде жауынгерлерді жасақтап жіберу кіретін. Сібір қазақтарының қоғамында құл иеленушілік те болды. Құлдар негізінен тұтқынға түскен адамдар болатын, олар үй шаруашылығына жұмсалған.
Хандықтын негізгі этникалық тірегі болып, жергілікті көшпенді, түркі тілдес -Сібір қазақтары болады. Түркі-қыпшақтар бұрынғы сыпыралардың ұрпақтарымен, жаулап алушы моңғолдармен ассимиляцияға ұшыраған болатын. Сібір қазақтарының этногенезінің қалыптасуына Сібірге қашқан Қазан татарлары, башқұрлар мен ноғайлар да әсер еткен. Батыс Сібірде бірлестікте басты рөлде – керейіттер болса, олармен көршілес жатқан тайпа –қыпшақтардың да сібір қазақтарының этногенезіне ықпалы зор болды. Сібір қазақтары, яғна жергілікті түркі тілдес халықтар(арғын, қыпшақ, найман, жалайыр және т.б.) жартылай көшпелі өмір салтын ұстанған. Әсіресе, олар мал шаруашылығымен айналысқан. Төрт-түлік мал асыраған. Ханға және оның нөкерлеріне асыл тұқымды жылқыларды Бұқара мен Хиуадан әкелетін. Хандықтың тұрғындары өзінің князьдары мен ханға жасақ төлеуге мәжбүр болатын. Көктем келісімен Искер қаласынЖасақ жинаушыларға жергілікті мырзалар мен бектер көмек беретін. Жасақтын үздіксіз жиналуы үшін жергілікті тайпалардан немесе халық арасынан аманатқа бір адам алынатын. Жасақ төлеуден тек тархан атағы бар мырзалар мен князьдар және олардың ұрпақтары босатылған. Жасақтың құрамына елтірі,аң терілері, былғары, мал, балық, қару-жарақ, жылқы, асыл тастар, алтын және күміс кесектері, маталар және бал кіретін.