Мәди Бәпиұлы
на қойылған ескерткіш аталып өтілді. Ал бүгін біз осынау
қолжазбамызды ақиық ақын, тамаша әнші, әрі сазгер серілігімен қоса қамшының
сабындай қысқа өмірінде әділетті ту етіп еткен күрескердің қаза болғанына 65 жыл
толуына орайластырып отырмыз.
6.
Тастанбекқызы, Сара (1878-1916) - айтыскер ақын. Туған жері қазіргі Алматы облысының
Қапал ауданы. Руы Найман. Өзінің қысқа ғұмырында тауқыметтің талайын көріп,
әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған Сараның шығармашылық жолы тым ауыр да
күрделі. Ол үш жасында әкесінен айырылып, еңсе басқан жетімдік пен жоқшылықтың
зардабын көріп өседі. Бұл аз дегендей, сырттай болса да жалғыз сүйенер тірегі немере
ағасы Жайсаңбек «өгіз ұрлады» деген жаламен түрмеге түседі. Жоқшылық өтінде жеке
қалған жетім бала, жесір әйелге қамқоршы болып, ауылына көшіріп әкелген Тұрысбек
қажы Сараны шырылдатып, өзінің теңі емес, жаратылысынан кеміс туған, бай баласы
Жиенқұлға атастырады. Жетім қыз үшін мал алған Тұрысбек қажының әрекетін естіген
Есімбек қажы дау шығарып, Сараны өз ауылына көшіріп алады. Басы дауға түскен ақын
қыздың бұл жайы «Тұзақ» атты дастанында суреттелген. Бірақ бұдан Сараға жақсылық
болмайды. Ақырында бар шаруа екі қажының қыздың қалың малын тең бөліп алуға
келісуімен тынады. Осылайша қаршадайынан басы дау-шарға түскен ақын қыздың
бағының ашылуына осы кезде, 1906 жылы ойламаған жерден найман елін аралап, серілік
жасап жүрген атақты Біржан салмен кездесіп, шаршы топтың алдында онымен айтысуы
үлкен себепші болады.
7.
Елдің құрметіне бөленіп, халықтың махаббатына ие болған ақын қыздың тағдыр тізгінінің
өз қолдарынан сусып, шығып бара жатқанын сезген қажылар да көпке көренеу қарсы
шыға алмай, оның басына бостандық береді. Сөйтіп ақын Сара өзінің асқан дарынының
арқасында теңдікке қол жеткізіп, он тоғыз жасында өз теңі Алтынбекұлы Бекбай дегенге
тұрмысқа шығады. Теңдікке жетіп, теңіне қосылып, көзі ашылғандай болған осындай
күндердің бірінде Верный қаласынан Әбіштің (Әбдірахманның) сүйегін алып қайтқан
жолда Қапалда Абайға көңіл айтуға келген Найман елінің игі жақсыларымен бірге Сара да
келіп, ұлы ақынмен көріседі, аяулы баласынан айырылған ауыр қайғысына ортақтастығын
білдіреді. Жастай жоқшылықты көп көріп, ауыр тұрмысты бастан кешкен теңсіздіктің
зардабын шегіп, қайғы-мұңды серік еткен ақын қыз көп ұзамай ауруға шалдығып,
жалғанның қызығын жарытып көре алмай, ерте көз жұмады. Сара Тастанбекқызының
Біржан салмен айтысы ғасырдан ғасырға үзілмей жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс
өнерінің шоқтығы биік, көркем үлгісі болып саналады. Сөзге тапқырлығымен, кесіп айтар
шешендігімен елді сүйсінткен, айтыс өнерге әбден төселген Сара Арсалаң, Ниязбек сал,
т.б. ақындарды өнер жарысында жеңген. Оның жастайынан ақындық жолын ұстағанына
«Он үште домбыра алып сөз сөйлеп ем, Келемін бір сүрінбей жалғыз қара» деген өлең
жолдары дәлел. 1889 жылы Ә.Найманбаевпен, 1900 жылы Төребай Есқожаұлымен
айтысқан. Ақынның «Жүрек», «Ашындым», «Арсалаң аға алдында», «Жүрек сыры»,
«Жайлауда», «Әбіштің аруағына», «Хош бол, елім» секілді көптеген өлеңдері мен «Тұзақ»
атты дастаны бар. Сара шығармашылығында «Тағдыр тәлкегі» дастанының орны ерекше.
Шығармаға ақын қыздың өмір жолы негіз болған, бостандыққа қол жеткізу жолындағы
күресі жырланған. Лирикалық өлеңдері көбіне өз тағдырын, жеке басының мұң-зарын
арқау еткен және нәзік лиризм мен ой-толғаныстарға толы. 1993 жылы Т.Қалилахановтың
«Ақын Сара» атты кітабы «Жалын» баспасынан жарық көрді. Талдықорған қаласында,
Алматы облысының Ақсу ауданында ақынға ескерткіш орнатылған. Сондай-ақ туып-
өскен жерінде мұражай ашылған. Дереккөздері: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 7 том
«Тарихи тұлғалар» кітабы. Әлеуметтік теңсіздік, заман зары тақырыбындағы лирикалық
өлеңдері: «Жүрек», «Ашындым», «Ортақ мұң», т.б.
Табиғат тақырыбындағы («Шымылдық») өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер
толғаныстарының мәні.
Арнау өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер тағдыры хақындағы зар, мұң және оның
әлеуметтік мәні («Арсалаң алдында», «Аққу», «Қарлығаш», «Торығу», «Қош бол елім»).
Ақынның Біржан сал мен айтысы, ондағы Сара өлеңдерінің көркемдік-эстетикалық
тағлымы. «Төребай мен Сара» – қыз бен жігіт айтысы мазмұнындағы ақындық өнер
сайысы.
4.
Біржан мен Сара айтысы – өзінің құрылысы мен мазмұны жағынан болсын, көркемдігі
жағынан болсын, қазақтың ақындар айтысының ішіндегі үздігі. Біржан мен Сара айтысы
айтыстың екі түрін де (қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы) толық қамтиды. Бір
жағынан, бұл шаршы топта сөз таластырған саңлақ ақын жігіт пен шешен ақын қыздың
дарынды айтысы болса, екінші жағынан, ру атынан сөйлейтін екі ақынның да айтысының
үлгісі болып саналады.
Біржан да, Сара да – көпке мәлім, тарихта белгілі адамдар. Біржан сал Қожағұлұлы
бұрынғы Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданында 1834 жылы туып, сол жерде 1897
жылы қайтыс болған. Біржан жас шағынан әнге, өлеңге әуестенеді. Өнер жолына түскен
табиғи талант иесі көп ұзамай-ақ, әнші ақын, сал Біржан деген атаққа ие болады. Ел
аралап, ән салып, айтысқа түсіп, ойын көркі, той көркі атанады. Арқаның ардагер әнші-
композиторлары Жарылғапберді, Ақан, жаяу Мұса, Балуан Болақ, Естай сияқты
өнерпаздар Біржанның әншілік мектебінен шыққан. Біржан көптеген ән шығарды. Оның
«Көкшетау», «Жанбота», «Ләйлім шырақ», «Адасқақ», «Жамбас сипар» сияқты әндері –
қазақ музыка мәдениетінің алтын қазынасына қосылған үздік туындылар.
Біржанның басқалардан ерекшелігі – ол жай ақын ғана емес, сонымен бірге әнші де. Оның
даңқы – әуелде әнмен жайылған адам. Бірақ ол – әнді әрі шығарушы, әрі тамаша
орындаушылығымен қатар, әніне лайық сөз өрнегін, бояуын таба білген ақын да. Біржан
мен Сара айтысындағы асқақ, өр сөздердің түп-тамыры да осы қысқа-қысқа ән
мәтіндерінде жатыр. Біржанның Сарамен айтысы – бүкіл халық игілігі, халықтың тамаша
сүйсініп тыңдайтын өлеңі болады.
Сара Тастамбекқызы бұрынғы Талдықорған облысы, Ақсу ауданында туған. «Тұрмыстан
туысымен таяқ жедім» деген Сара жастайынан әкесі қайтыс болып, жоқшылық тақсіретін
тартады. Ән мен күй, асқақ жыр өнерлі Сараны ынтықтырып, оны өз биігіне бастайды.
Сара талай белгілі ақындармен сөз сайысына түскен, талай жүйріктерге алдырмаған.
Біржан мен Сара айтысының тақырыбы – әйел теңдігі. Айтыста феодалдық заманның
қатал да ащы шындығы бейнеленген. Қазақ әйелдерінің аянышты, қайғылы халі
суреттелген. Қалың мал – қазақ әйелдерін шырмаған ескіліктің мықты торы, айтыста сол
қырсықты ескі әдет-ғұрыпқа, салт-санаға наразылық білдіріледі. Біржан Сараның осындай
аянышты халіне күйінеді. Ақын қыз сол кездегі әйелдердің ауыр тұрмысын, әйелді тұтқын
еткен дін тұзағына да наразылығын білдіреді. Айтыстың негізгі өзегі әйел бостандығы
болса да, мұнда айтыстың дәстүрлі әдісі бойынша, өз рубасыларын, би-болыстарын
дәріптеу, мадақтау сияқты қайшылықтар да кездеседі. Соның өзінде де Біржан сөздерінде
жаңа бағытқа аз да болса талпыну бары байқалады.
Халық айтыстары, негізінен, екі ақынның бір-бірінің қай жағынан болсын кемшілігін
табуға құрылады. Бұл әдіс Біржан мен Сара айтысында да бар. Біржан Сараны сүріндіру
үшін оның күйеуінің нашарлығын тілге тиек етеді. Ақыры, сол Жиенқұлдың айналасынан
ұзатпай, Сараны жеңеді. Екеуі де айтыста өздерінің адамгершілік, ақындық сипаттарымен
көрінеді. Біржан да, Сара да – үздік өнер иесі. Бір-бірінің бойындағы осы қасиеттерді
қапысыз тани біледі. Өлшеусіз талант, әрі әнші екі саңлақтың шешен сөздері – өзінің
көркемдік жағынан бүгінге дейін үлгі. Бұл айтыстың сөздері анықтық, тазалық, дәлдік
жағынан, көркемдік, сұлулық жағынан да қазақ әдебиетінің төрінен орын алады.
Дәріс №8 Тақырыбы: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев,
Шәңгерей Бөкеев шығармашылығы
Достарыңызбен бөлісу: |