жиналған қаражатқа мектеп үйін салуды қолға алды. Мектеп 1864 ж. 8 қантарда ашыдды.
Осыған байланысты үлкен той болып, сол күні мектепке 14 бала жазылды. Мектеп
жанынан интернат ашылды. Алтынсарин дүние жүзі педагогикалық классиктерінің
гуманистік идеяларын басшылыққа алып, оларды қазақ даласында оку ағарту
практикасына еңгізген түңғыш педагог болды (1860 —79 ж. арасында ) Алтынсарин
мүғалімдік, ағартушьшық қызметінен қатар аратірлік басқа да қызметтер атқарды: 1868 –
74 ж. Орынбор генерал – губернаторының арнайы тапсыруы бойынша төрт рет Торғайдың
уездік судьясы, 1876 — 79 ж. А. Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі болды.
Институт – мектептер ашуды қолға алды. Кейін Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездеріне
бірден екі кластық орыс – қазақ
мектептерін ашты, оларды бәрінде де кітапханалар
ұйымдастыруға зор жөн көрді. Осыдан кейін болыстық бастауыш мектептер ашу ісін
қолға алды. Бұл үшін ол “Болысть қазақ мектептері туралы зписка” жазды. Мұнда ол тек
қазақ даласының ғана емес Ресейдің жартылай көшпелі аймақтарының өмір тіршілігіне
бейім, жазда көшіп жүретін, қыста бір жерде орнықты отыратын мектептің жаңа түрін
ұсынып, халық ағар жүйесіне елеулі үлес қосты. Болыстың ұсынысы бойынша 1888 ж. 10
сәуірде Орскіде бастауыш мектер үшін қазақша тарынан оқытушылар дайарлайтын
мүғалімдер мектебі ашылды. Оған Торғай, Ырғыз қ-ларындағы орыс-кырғыз
учильищелерді жақсы бітірген жастар алынды. Алтынсарин қазақ жастары арасынан
экономикалық салаларына кажетті мамандар әзірлеу ісіне ерекше мән беріп, қолөнер,
ауыл шаруашылық училищелерін ашуға көп күш жұмсады. Торғайда коленер училищесін
ұйымдастырды. Қайтыс болар алдында Қостанайда ашылғалы отырған а.ш училещесіне
өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырды. Алтынсарин Ырғызда қазақ
қыздары үшін жанында интернаты бар мектеп аштырды. Мұның өзі қазак халқының
тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық
уездерінде кыздар училещелерін ұйымдастыруды өтінді. Алайда рұқсат ол қайтыс болған
соң, екі жыл өткеннен кейін. Торғайда (1891), Қостанайда (1893), Қарабұтакта (1895),
Актөбеде (1896) жанында интернаттары бар қыздар училещелері ашылды. Алтынсарин
орыс – казақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады.
2. Ыбырайдың хаттарында мектеп ашу, оқыту әдістері, оқытушыларға қамқорлық жасау
сияқты мәселелер үнемі кең көлемде сөз болады. Ұстазы болған Н.И.Ильминскийге
жазған хаттарында оған деген өзінің шексіз құрметі мен ілтипат сезімін білдірсе, өзіне
шәкірт есебінде болған А.А.Мазохинге жазған хаттарын ұдайы «Сүйікті досым!» деп
бастайды. Сонымен қатар олар да өз кезегінде Алтынсаринді құрмет тұтқан. Мысалы,
Н.И.Ильминский «Алтынсарин туралы естеліктер» деп аталатын кітабының алғы сөзінде:
«Мен Ыбырай Алтынсаринмен отыз жылға жуық, яғни 1859 жылдың қараша айының
басынан таныс едім. Мен оған шын ықыласыммен берілдім, әсіресе оның орыс біліміне
ерекше құмарлықпен ұмтылып, ол білімнің қазақтар үшін де керек екенін ешқашан есінен
шығармайтындығын айрықша бағалайтын едім», — деп жазғаны белгілі.
Ыбырай мұраларының ішінде кейінгі кезге дейін ескерусіз қалып, зерттелмей келе жатқан
еңбегі 1880–1882 жылдары «Оренбургский листок» газетінің бетінде жарық көрген бір топ
мақалалары. Ағартушының сөз болып отырған мақалалары қазақ халқының сол кездегі
ауыр халін кең қозғайды. Қазақ шаруаларының жер қысымын көріп, құнарлы жерден
айырылып жатқанын айтады. Бұны ол халықтың болашағына әсер ететін үлкен
бақытсыздық деп бағалайды. Отырықшылыққа айнала бастаған елге ең алдымен құнарлы
жер, қуатты мекен керек екенін ескертеді. Торғай өлкесіндегі халық тұрмысының ауырлай
түсуіне енді бір себеп табиғат қысымы болғанын да атап өтеді. Жазы қуаң, қысы қатты
жылдары мал баққан панасыз елдің жұтқа оңай ұшырап, қайыршылық өмірді бастарынан
жиі кешіп жатқанын үлкен жанашырлықпен жазады. Үкімет орындарының мұндай апатқа
ұшырап, ашаршылық көріп жатқан елге тез көмек көрсетуге тиісті екенін ескертіп, халық
атынан талаптар қояды.
алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады
(“Адамды кұстай үшырды, Мал істейтін жүмысты, От пен суға тусірді. Отынсыз тамақ
пісірді, Сусыздан сусын ішірді”). Табиғат көріністерін жеке алып, нақты суреттеу
Алтынсариннің лирик. өлендерінен басталады. Ақын өзінің “Жаз”, “Өзен” атты
өлеңдерінде жыл мезгілдерін шеберлікпен сипаттайды. Мұнда ол Жаңа жыл басы —
Наурыздағы елдің жайлауға көшкен бір сәнді кезеңін алып, оны малдың төлдеуі, актың
кебеюімен, табиғат пен адамның өзара та-бысып астасқан ісімен қатар алып суреттейді.
Күн мен Жердін мейірім – шапағатын ата – ана кейпінде, ал кызыл – жасыл гүлдерді жас
балаға балап көрсетеді. Осы табиғат пен адам өмірін салыстыра, астастыра бейнелеу
Алтынсариннің қазақ поэзиясына әкелген жаңалығы болып табылады. Алтынсариннің төл
әңгімелері қысқа да нұсқа құрылып, мазмұны жағынан ұтымды келеді. Осыған орай оның
“Қыпшақ Сейіткүл”, “Киіз үй мен ағаш үй” тәрізді новеллаларын тілге тиек етуге болады.
Бүлармен үндес “Аурудан аяған күштірек”, “Асылшеп”, “Шеше мен бала”, “Бай мен
жарлы баласы”, “Таза бүлақ”, т.б. әңгімелері – әсерлі де көркем шығармалар. А.
Ушинский, Л. Толстой, И. Крылов, И. Паульсон шығармаларын казақ тіліне тәржімалап,
қазақ әдебиетінде керкем аударма жанрын қалыптастырды. Қазақстан Үкіметінің 1989 ж.
22 желтоқсандағы каулысымен Алтынсариннің туғанына 150 жыл толуына орай
мерейтойы еткізіліп, ұстаздың мүраларына арналған ғыл., тарихи, пед. еңбектер жарық
көрді. Арқалық ауданыда Алтынсарин мұражайы ашылды. Тобыл бойында Ыбырай
кыстауы жанында, мүрдесі қойылған жерде, Алтынсаринге күмбезді мазар орнатылды.
Қазақстанда Алтынсарин атында аудан, ауылдар, жоғары оқу орындары, шың, т.б. бар.
1.
Ыбырай Алтынсарин – «Қазақ хрестоматиясы» (1879 жыл) деп аталатын ана тіліміздегі
тұңғыш оқулықтың авторы. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның
алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде
тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс - қазақ мектептерінде
тәрбиеленіп
жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың
оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім...» - деп тұжырымдаған. 4 мәрте қайта
басылған. Кітап
Достарыңызбен бөлісу: