Негізгі сұрақтар


Бернияз Күлеев (1899-1923 )



Pdf көрінісі
бет23/30
Дата18.09.2024
өлшемі1,94 Mb.
#204557
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
Байланысты:
19-20

Бернияз Күлеев (1899-1923 ).
 
1899 ж. Бұрынғы Торғай облысы, Ақтөбе уезі, Бөрте 
болысының бесінші ауылында дүниеге келіпті. Әкесі Бекен орта шаруалы адам болса да, 
Бернияздың туысқандары оқыған, көзі ашық адамдар болған: немере ағасы Сағындыү үзақ 
уақыт бала оқытып, халық ағарту ісіне ат салысқан, немере апасы Аққағаз Досжанова 
жоғары дәрежелі білім алған, қазақ эйелдерінен шыққан түңғыш дэрігерлердің бірі, туған 
анасы Мариям да хат таныған, ақындық өнері бар адам болыпты, ақындар айтысына 
қатысқан көрінеді. (Мерғали Ешмағамбетов естелігі бойынша). Ал өзінің жерлес, 
ауылдыастарының бірі Жұмабай Оразалин «Хұсния» медресесін бітірген, бала оқытқан, 
Қазақ университетін бітіріп, жоғары дәрежелі білім алған Н.Атантаевтар. Бұлар қазақ 


арасына өнер-білім таратушылар болғанын ескерсек, Бернияздың ақындық келбетінің 
қалыптасуына, ұшқан ұясының әсері де аз болмағанын көреміз. 
Жоғарыда аталған туыстарының ықпалымен Бернияз ең әуелі ауыл мектебінен оқып қара 
таниды да, кейін орыс мектебіне барып бастауыш класында оқиды. Осында жүріп көркем 
әдебиетті оқиды. Орыс, татар, қазақ классиктерінің шығармаларымен танысуды мақсат 
етіп, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Абай, Тоқай, Дәрдімәнт өлең-поэмаларын, кейін 
замандас жазушылары Сұлтанмахмұт, Сәбит шығармаларын оқып танысады. 
1915 ж. Бөртедегі екі кластық орыс-қазақ училищесіне оқуға түседі. Оны аяқтағаннан 
кейін 1917 ж. Орынбор қаласындағы оқытушылар семинариясына түседі. Бірақ сол кездегі 
жағдайға байланысты (революция, ақ-қызылдар соғысы т.б.) оқуын тастауға мәжбүр 
болады. Осы кез «Шын сүйіскендер» атты пьеса жазып, бас рольде өзі ойнап Торғай 
облысы советтері съезінің делегаттарына арнап қойып береді. 
1919 ж. оқуын қайта жалғастырмақ болып Орынборға қайта кeлeді, бірақ ол кезде қала 
ақтар қолында болатын, осында жүріп совет қызметін атқарып оқуына жөндеп көңіл бөле 
алмайды. Сол кезде ақын қаламынан «Ел ерлеріне», «Алға», «Қуларға», «Заман-ай» 
сияқты бір топ өлеңдер туады. 
1920 ж. Қазақстан халық ағарту комиссариаты Берниязды оқу құралдарын және көркем 
әдебиет нұсқаларын шығару ісіне басшылык жасау үшін Қазан қаласына жібереді. 1920 
жылдары Бернияздың тікелей басқаруымен Абай, Сұлтанмахмұт, Сәкен, Мағжанның 
өлеңдер жинағы басылып шығады. 
1923 ж. 29 қаңтарда Бернияз Бекенұлы Күлеев Қазан қаласында жастай қайтыс болады. 
Осы қазаға байланысты Мағжан былай деп жазады: «29 январьда Қазанда жас ақынымыз 
Бернияз Күлеев өзін-өзі атып дүниеден қайтты. Жиырма-ақ жаста екен... Бернияздың өз 
өмірін өз қолынан бітіруіне қандай себеп болғаны бізге мағлұмсыз. Алайда, жастықпен, 
әсіресе, тәртіпті дұрыс тәрбие алмаудан туған бір себеп болуында шүбә жоқ. Олай болса, 
жас жанның мұндай жолға түсуіне өзінен бетер әлеумет айыпты. Түзу жолға сала 
білмеген, дұрыс тәрбие бере білмеген әлеумет. Аласұрған жас жанның қолына мылтық 
беруші сол. Осыны ұғыну керек. Үмітті жасымыз неге ерте кетті деп емес, неге ерте 
кетірдің деп ренжу керек. Кінә сенікі емес, көптікі. Жаның тыныш болғай еді жас ұлан!» 
Бұл мақала «Бернияз Күлеев» деген атпен 1923 жылғы «Ақ жол» газетінің 23 
ақпанындағы санына басылады. Осы азанамада Мағжан Бернияздың өмірі мен 
шығармашылығы туралы айтады. Бұл ақын шығармашылығы туралы алғашқы пікір, ой. 
Шығармашылығы:
 
Бернияз Күлеев қысқа өмірінде 200-ге тарта өлең-толғаулар, қысқа 
шумақтар, баллада поэмалар жазып, орыс классикасының кейбір үлгілерін қазақ тіліне 
аударды. 
Көзінің тірісінде жекелеген шығармалары баспа беттерінде жарияланғаны болмаса, кітап 
болып шықпаған. 1969 ж. «Айтшы, аққайың» атты жинағы жарияланды. Алғы сөзін 
жазған Ы.Дүйсенбаев. 
Ал зерттелу жағына келсек, ең бірінші ой айтқан Мағжан екенін айттық. Белгілі 
фольклоршы, композитор А.В.Затаевич (1869-1936) «1000 песен казахского народа» М., 
1963 еңбегінде: «Жас қазақ Бернияз Күлеев... қазақ өлеңдерінде, татар әндерін де айтады, 
сүйеді. 1923 ж. Қазанда қайтыс болды»,- деп есімін еске алады. Бернияз орындаған алты 
қазақ өлеңінің нотасын келтіреді. 
1928 ж. «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің №72 санында Мерғалидың 
«Күлей ұлы Бернияз» мақаласы басылды. 
Ы. Дүйсенбаев Бернияз өмірі, шығармашылығы жайында көлемді еңбек жазды. («Эпос 
ж/е ақындар мұрасы» А., 1987). 


Ж. Тәжібаев «Б.Күлеев шығармалары хақында» мақаласында (ҚССР FA Хабарлары, 1988, 
№2) ақын шығармаларының тақырыптық, идеялық жағына назар аударады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет