Қысқаша мазмұны:
Нарманбет Орманбетұлы қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында (бұрынғы
Қарқаралы уезі) туған. Әкесі ауыл молдасынан алғаш сауатын ашқызған соң
Қарқаралыдағы екі класстық орыс мектебінде оқиды. Бір жыл орысша оқыған Нарманбет
ары қарай өздігінен ізденіп орысша, мұсылманша білім жинайды. Орыс, тіпті, Еуропаның
әдебиетінен, шығыстың мол қазынасымен танысады. Кейін өз аймағында танымал
адамдардың қатарынан көрінеді. 1918 ж. Қарқаралы уездік сотының төрағасы болып
жүрген кезінде қайтыс болады.
Нарманбет мұрасы кеңестік замандағы қоғамдық идеяларға жат деп «зар заман»
ақындарымен қоса (Мұрат, Шортанбай, Дулат) атаусыз жатты.
1990 ж. бастап Нарманбет басқа да қоғамнан аластатылған ақындармен қатар ақталды.
(Қараңыз: «Әдебиет пен өнер мәселелері бойынша 30-40 шы жылдар кезеңі мен 50-ші
жылдар басындағы қабылданған қаулыларды зерттеу жөніндегі Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитетінің қорытындысы». «Соц. Қазақстан», 1989, 9 желтоқсан).
Ақынның алғашқы өлеңдер жинағы 1939 ж. «Нарманбет өлеңдері» деген атпен 1939 ж.
жарық көрді. «Поэты Казахстана» деген атпен 1978 ж. Ленинградта шыққан жинаққа
Нарманбеттің екі өлеңі басылды. Қарағанды қаласында ақын өлеңдері кейінгі жылдары
жинақ болып шықты.
Нарманбет негізінен ақын Абайға аталас туыстығы болғандықтан оны өзіне ұстаз тұтқан,
шығармалары көбінесе лирикалық өлеңдер болып келеді.
1939 ж. шыққан өлеңдер жинағының алғы сөзінде Есмағанбет Ысмайылов былай дейді:
«Нарманбет творчествосында XIX ғасыр ақыны мен XX ғасырдың басындағы қазақ
даласының саяси, экономикалық және әлеуметтік шындығы, бейнесі айқынкөрінеді.
Нарманбет ворчествосының негізгі мотиві- халықтың қоғамдық өмірін айтып жырлап
беру».
Нарманбет шығармашылығына қатысты біраз сөз қозғаған ғалым Б.Әбдіғазиев:
«Нарманбет поэзиясын ұлы Абай дәстүрімен сабақтастырып жатқан ең негізгі нәрсе-
ондағы өмір шындығын, қоғамдық құбылыстарды шынайы әрі шыншылдықпен
бейнелейтін реалистік тәсіл. Нарманбет жанрлары да өз кезіндегі қоғамдық
қайшылықтарды әшкереледі, жандайшап әкімдерді, болыс-билерді аяусыз сынады,
халықтың басындағы ауыртпалық бұлтын сейілтуге ұмтылып, бұқараны оқу-білімге
шақырды».
Ақынның «Заман», «Аждаһаның аузында», «Бүл күнде байлар ғаяр, билер мекер», «Кер
заман», «Сарыарқа», «Сарыарқа сайран жерім-ай», «Шал қайғысы», «Сахараға қарасақ»,
«Қазақ ұлы біз тұрмыз», «Жасқаншақ бас» т.б. өлеңдерінде өзі өмір сүрген заманды,
қоғамды реалистік тұрғыдан көрсетеді.
Әсіресе, «Аждаһаның аузында», «Сарыарқа» өлеңдерінде орыс отаршылдығын ашып
айтып, әшкерелейді. Отаршыларды аждаһаға теңейді. Патша үкіметінің аяр саясатын,
жерді алу үшін, орыс мұжықтарын қазақтың жеріне қоныстандыруын шындық күйінде
көрсетеді:
Қалмады, ей, Сарыарқа, сенде қызық,
Сандал тау, сары өлкені алды мұжық.
Қолыңнан келер де жоқ, өнер де жоқ,
Баласы байғұс қазақ қалдың
Базарлы қызықтың тарқап, жер тарылып, қоныс тартылуының бәрі отаршылдық, орыс
озбырлығында жатқанын ашына жырлайды.
Тек орыстар емес Сарыарқаның тарылуына қазақтың өзі де кінәлы екенін «Кер заман»,
«Замана» атты өлеңдерінде көрсетеді.
Ұлыққа келді жиылып,
Әруақтарға сиынып.
«Здрәсти, тақсыр» деп,
Бастарын шұлғи иіліп.
Бұл қарапайым қазақтың орыс ұлығының алдындағы мүсәпір бейнесі. Орыстың алдына
келу үшін ата-баба аруағына сиынатын сорлы қазақ.
«Сарыарқа сайран жерім-ай» өлеңінде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің оқиғасы әсер
еткен, сол тақырыпта жазылған.
Ағартушылық гуманистік тақырыптағы « «Ғылым туралы», «Көпті көрген көнемін»,
«Жасымда көп жорттым жолбарыстай», «Ақыл бір алтынға ұқсас доп-домалақ» дейтін
өлеңдерінде анық байқалады.
«Ғылым туралы» атты өлеңінде туғаннан бастап, 8 жасқа дейінгі өмірін, яғни сәбилік
кезеңін жырлайды, үлкен педагогикалық ой айтады.
Оқыса бала деген сұңқар болар,
Жүзден жүйрік, мыңнан да тұлпар болар,
Қиыр ұшып, қанынан тоят іздеп
Көрінген жан кұрметтеп іңкәр болар.
Оқыған жеткіншекті жас сұңқарға жүйрік тұлпарға теңейді. Бұл таза қазақи теңеу, ұлттық
ойлау, ұлттық өрнек, калорит дегеніміз осы.
Бұл бала- бүгін бала, ертең дана,
Оқымаса көңіліне бітпес сана.
Адам туған баланы надан қылып
Ата-анасы болмасын жүзі қара.
Баланың болашағы, дана болуы ата-ананың қолында, баланы жастан оқыту әрі-берден соң
қарыз: сүндет, парыз деп түсіндіреді ақын.
Достарыңызбен бөлісу: |