Иса Дәукебаевтің «Бекболат» поэмасы 1916 жылғы көтерілісеке байланысты туған
эпикалық туынды. Дастанда негізінен жеңіліс тапқаннан кейінгі оқиға сөз болады.
Көтеріліс басшысы - Бекболат батырдың қолға түсіп, дарға асылуы, оның қайтпас
қайсарлығы мен жау алдында тізе бүкпеген ерлігі жырланады. Дастанның басты кейіпкері
– Бекболат Әшекеев. Ол Жайылмас болысына қарасты 4-ауылдың қазағы, 1843 жылы
туған. 1916 жылғы көтеріліске оның інісі Сарманбет Әшекеев, баласы Әбділда
Бекболатовтарда белесене қатысып басшылық еткен. Бекболат Әшекеев түрмеге поэмада
айтылатын 70 кісімен бірге түскен. Оның інісі "Бунттың басшысы есебінде" Вырный
қаласының отряд сотында кезектен тыс қаралып, оған 1916 жылғы 7 қыркүйек күні дарға
ату жазасына кескен үкім шығарған. Тарихи деректерге қарағанда Бекболат басқарған
көтерілісшілер тобы подполковник Базилевский мен Малышев бастаған жазалаушылар
отрядпен 2 рет кездесіп арада қырғын шайқас болған. Жігіттер қалың жылқыны жауға
қарсы айдап салып, отрядттың аз ғана солдатттарын қоршап алып жоқ қылуға
әрекеттенген. Бекболат бір топ жолдастарымен Қарғалы болысының көтерілісшіне
қосылмақшы болып кейін шегінеді. Осындай қолайлы кезеңді қолданданған қарсыластары
Күнтубаев пен Сүлейменов өздеріне тілектес жүз қаралы жігітпен Бекболаттың соңына
түседі. Ақыры опасыздық жасап, алдап батырды жолдастарымен түгел қолға түсіреді де
16 тамыз күні Бекболатты Шамалғандағы Балғабек Төлегеновтың үйіне «Келісім үшін
шақырылған» жазалаушы отрядқа тапсырылады.
«Бекболат» поэмасы «1916 жыл» атты жинақта тұңғыш рет жарияланып, содан бері қарай
түрліше оқулықтар мен хрестоматияларда басылып келеді. 1936 жылғы нұсқасымен 1960
жылғы «Дастандар» атты жинаққа кірген. Бекболат поэмасынынң композициясын ақын
күнделік іспетті етіп құрып, оның белгілі бір заңдылықпен өрбітеді. Автордың идеялық
нысаны-әділеттілік пен азаттық үшін күрескен қалың бұқараның көтеріліс, жеңіліс
тапқаннан кейінгі аянышты халімен көтерген ауыр азабымен, сол күрестің туын ұстап
халыққа басшы болған Бекболаттың ерлікпен қаза табуын баса жырлау екені осы
тараудың өзінен-ақ көрініп тұр.
Қазақ даласын дүбірлеткен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты өмірге
келген халық поэзиясына жан-жақты талдау жасаған ғалым-әдебиетшілерді «Бекболат»
поэмасы өзінің көркемдік шешімін тапқан жоғары идеясымен, тартымды сюжет,
композициялық тіл ерекшеліктерінің тұтастығымен дараланып көзге түсуімен өте ұғымды
көрініп, қазақ әдебиетінде алатын орны өте зор, деп жазады. Алайда Бекболат поэмасына
байланысты бір мәселе бар. Бұл - «Дастан авторы кім?» деген сұрақ төңірегінде әңгіме.
Зерттеушілердің көбі Иса Дәукебаев авторлығына күмән келтіреді. Өйткені Жетісу
өңірінде жалпы қазақ сахнасына Иса Дәукебаев ат еш жерде кездеспейді.
Дәріс №15