Тақырыбы:
Алаштық бағыт өкілдері: Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов
шығармашылығы
Қысқаша мазмұны:
1. XIX ғасырдың жарқын жұлдыздары — Шоқан, Ыбырай, Абай салған ағартушылық-
демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, жаңа буынның төл басы, дарывды ақын, ірі
ғалым, әрі журналист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда бұрынғы Торғай
облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Әкесі Байтұрсын
Шошақұлы еліне беделді, намысқор, қайрат иесі болған. Өз тұсындағы әділетсіз ел
билеушілердін зорлығьша карсы тұрған. Ел-жұртына қиянат жасаған Торғай оязы
Яковлевті соққыға жыккан. Ақыры, іс насырға шауып, Байтұрсын інісі Ақтаспен Сібірге
15 жылға жер аударылады. Бұл оклға 13 жасар Ахметтің жүрегіне үлкен жара салған.
Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет 1886 — 1891 жылдары Торғай каласыңдағы екі
сыныптық мектепте, 1891 — 1895 жылдары Орынбордағы мұғаліщер даярлайтан мектепте
оқиды. Одан әрі оқуды жалғастыруға мұмкіңцігі болмай, өздігінен окып білімін
жетіддіреді. 1895 — 1909 жылдар арасыңда Ахмет Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы
уездерівдегі ауылдық, болыстық және екі сыныптық училищеде бала оқытады.
Осы кезде қазақ жеріне орыс шаруаларының көптен көшіп келуі жергілікті халықтың
тілін, мәдениетін, елдігін сактап қалу мәселесін кұн тәртібіне қояды. Тіл құрыса, халық та
кұрады. Ұлт атымыз өшпесін десек, қазақ әдебиеті мен тілін өркендетуді қолға алу керек
деп ойлайды Ахмет. Осы ойын іске асыруға кіріседі.
Осы жолдағы ізденістерін ол 1896 жылы А. Алекторовқа жолығудан бастаған.
Алекторов бұл кезде Омбда отырып, Ақмола, Семей болыстарьшың оқу жүйесін баскарьш
тұрған болатьш. Онымен Ахмет қазақ даласывда бала оқыту жайы туралы кенеседі. Ахмет
орыс оқымыстыларьшың миссионерліқ мақсатын, олардың қазақтарды орысша оқыту
аркылы орыстандыру саясатын көздейтінін түсінеді. Осыдан секем алады. Қазақты өнер-
білімге жетектеу өзгелердің емес, езі тектес оқығандардын. парызы деп түйеді.
Алекторовтан алған екінші әсері — Ахметгің білім мен өнер жолындағы ой-пікірінің
кеңейе түсуі еді. Қазак тарихы мен фольклорынан аса бағалы материал жинап, зертгеген
Алекторов Ахметтің көп көмескі түсініктерін айқындап алуына, алдына жаңа мақсаттар
қоюына елеулі әсерін тигізеді.
2. А. Байтұрсынов 1905 жылғы революцияны Қарқаралыда карсы алады. Қаркаралыда
тұрған жылдары А. Байтұрсыновтың саяси көзқарасы жан-жақты кеңейе түседі. Оның
маңына қазақтың зиялылары топтала бастайды. Осы жылдары А. Байтұрсыновты ел мүңы,
халық қамы, әділетсіздік жағдайлар қатты толғандырады. Әсіресе отаршылдық кыспақта
күн кешкен казақ халқыньщ ауыр тұрмысы ашындыра түседі. Отаршылдық саясатгы
айыпгаған өлендер жазады. Жер мәселесін әділетті шешу жөнінде патшаның атына бір
топ қазақ оқығандарының хатын ұйымдастырады. Сол үшін айып тағылып, 1907 жылы
Қарқаралы түрмесіңде біраз отырып шығады. Бүл Ахметгің Қарқаралыда екі сыныгаы
училищенің менгерушісі болып істеген кезі еді.
Бұдан былай Ахмет халық арасында насихат жұмысын астыртын жүргізеді. Бұл
әрекеті полиция тыңшыларына сезіліп калып, 1909 жылы шілдеде қайта үсталып, сегіз ай
бойы Семей абақтысьша камалады. Азаттық жолындағы күрес пен көрген азап оны
ширықтыра түседі. 1910 жылдьщ 21 ақпанында Ахмет Орынбор қаласына жер
аударылады.
Ағартушылық жолға түсіп, «қайтсем, халқыма пайдамды
тигізем, қалай көзін ашам, ұйқысынан қалай оятам» деген
мақсат Ахметті әдебиетке альш келеді. Ол әдебиетті халыққа
ықпал етер күш санайды. Осы мақсатпен өлеңдер шығарады,
И. А. Крылов мысалдарын аударып, сол үлгіде өзі де мысалдар
жазады. Оның 1909 жылы Петербургте «Қырык, мысал» деген
кітабы, 1911 жылы Орьшборда «Маса» деген өлендер жинағы
басылады. Ахметгің Орынборға келгеннен кейінгі қызметі өте
күрделі, әрі өнімді болған. Оның қоғымдық ой-пікірлері 1913
жылы 2 ақпанда шыға бастаған, өзі ұйымдастырған «Қазақ»
газетінде жариялана бастайды. Ол «Қазақ газетінде патша
үкіметі орындарының құлағына жақпайтын мақалалар да
жариялап отырған.
1917 жылы патша тақтан түседі. Осы кезде қазақтың зиялы азаматтары «Алаш»
партиясын ұйымдастырады. «Алаш» партиясының және Алашорда үкіметінің негізгі
мақсаты Ресей федерациясының қүрамында Қазақстан автономиясьш күру еді. Бірақ 1917
жылдың қарашасында билікке ие болған Кеңес өкіметі оған жол бермеді. Аласапыран
кезеңнін. шындығын байыптай келе, Ахмет Ә. Жангелдин арқылы Кеңес өкіметімен
келіссөз жүргізіп, жаңа өкімет жағьша шығады. 1920 жылы Қазақстан Кеңестерінің 1-
съезінде Қазақстан үкіметіне муше және Халық ағарту комиссары болып сайланады. 1921
жылы Халық ағарту комиссариаты жанындағы Ғылыми-әдеби комиссияның төрағалығына
тағайындалады. Ол әуелі Орынбордағы, 1926-28 жыддары Ташкенттегі Қазак халық
ағарту институттарында, кейін Алматыда ашылған Қазақ университетівде сабақ береді.
1925 — 1931 жыддар ішівде Қазақставды басқарған Ф. И. Голощекин Қазақстан
кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Октябрь» төңкерісін жүргізу
саясатын үстанды. Еддегі байлык пен малды тәркілеу жүмысьш жүргізді. Халықты
ашаршылыққа ұшыратты. Қазақ зиялыларының көгапілігі оны қолдаған жоқ. Голощекин
өзіне қарсылық біддіргендерді «үлтшыл» деп жариялап, олардьщ көзін жоюды қолға
адды. А. Байтүрсынов қара тізімге ілінген отыз адамның басы болып, 1929 жылы 2
маусымда түтқынға алыңды, жер аударылды. Азапты қуғын-сүргіннен 1934 жылы қазанда
ғана оралған ол 1937 жылы 8 қазан күні кайта ұсталып, 8 желтоқсанда атылды.
Ахмет өз ұлтының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресте бүқараның
жүрегіне қозғау салар, үйқысынан оятар каруы — елең сез деп түсіңді. Қазақ халқының
тағдыры, бүгінігісі мен ертеңгісі Ахмет поэзиясының озегі бодды. Ол езінің ағартушылык,
демократтық, гуманистік вдеяларын халкьша поэзия тілімен жеткізуді қалады.
А. Байтұрсыновтың өлеңдер жинағын «Маса» деп атауы да тегін емеа еді. Ол үйкыда,
саясаттан тыс жатқан надан халкын құлағьша маса боп ызындап оятуды ойлады.
Ызындап ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары аяқтары үзын маса. ...
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Каққы жеп қанаттары бұзылғанша,
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызындаса?!
Ақын арманы – «адамдық диханшысы» болып халқына қызмет ету.
Адамдық диханшысы қырға шықтым,
Көгі жоқ, көгалы жоқ — қорға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көтеруге құл халыктың.
3. Ақын «Жиған-терген» өлеңівде осындай ғаріп күйге түсудің себебін іздестіреді.
Өткенге қарасам, хавдар халықты жөңдеп баға алмай, басқаға сатыпты. Бері келген соң
шен-шекпенге сатыльшты. Болыстықты сатып алыпты. Үлық мақтаса, мәз болыпты.
Халықтан алым алыпты деп, келеңсіз жайларды көрсетеді. Қабағын түйіп, қаһарын жиып,
көкті бұлт торлап тұр. Ел болса, баяғы қалпы, әлі ұйқыда. Дос пен қасты айырмайды.
«Түксиген мүртты обыр обып, сорып тұр». Қарғадай карқылдаған, шешенсіген
мырзалардың жолы үлгі емес. Ол жаңа жол табуға шақырады. «Жолдар бар өзге, жоба бар
сөзге, жүрекке дөп, ойға жөн» дейді.
Қазағым — елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзінді оянып.
Қанған жоқ па өлі ұйкың,
Ұйықтайтын бар не сиқың!
Әлен Абайдьщ «Сегіз аяқ» үлгісімен жазылған. «Көк бұлт» — символдык, «түксиген
мұрт» — метонимиялық бейне.
Емшегін еміп, Анаға сеніп,
Бала үйыктайды жастықпен.
Қымызға қанып,
Қызарып жанып,
Бай ұйыктайды мастықпен.
Шалап ішкен кедей мас,
Мына жұрттың бөрі оңбас! —
деген сияқты салыстыра сипаттау да өлеңнің көркемдігін көтеріп, мақсатьш аша түседі.
«Досыма хат» өленівде:
Жарқырап жақсылықгың таңы атпай тұр,
Түнерген төбемізден бүлт арылмай, —
деп, отаршыддық қыспақты түнерген бұлтқа теңейді, одан құтылып еркіңдік алуды —
«жақсылық таңы» деп бейнелейді. Еркіндік идеясын «Бақ» елеңінде жалғастыра түсіп:
Үміт сүйрер жыракка,
Жетесіңдеп мүратка,
Талықсам да ізденіп.
Қашан жанып шам-шырақ,
Сәуле беріп жарқырап,
Болар жарык төрт тарап?
Қашан маған іздеген,
Келіп жылы жүзбенен,
Болар серік бақ карап?—
деп, ақьш бак, (бақыт) күнінің тезірек келуін аңсайды. Елдің бетке ұстар азаматтарьш
бірлікке, күреске шақьфады.
«Анама хат», «Жауға түскен жан сөзі» өлендерівде өз басынан кешкен қиын-қыстау
күндер, қуғын-сүргін, ел тағдьфы, бостаңдық арманы сөз болады.
Оқ тиіп, он үшімде ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам...
Адамнан туып, адам ісін етпей,
Ұялмай не бетіммен көрге барам? —
деген жолдар әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге айдалған кездегі бала жүрегінің
жараланғаньш еске түсіреді. Өлең — өзіне жала жабылып, Семей түрмесівде отырған
капас кездің шындығы.
Елін, жерін шен-шекпенге сатқан, ардан безген пәлеқор, кейбір тілмаштар мен
болыстарды еске алып:
Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған ауыр осылардың бәрінен
Өз аулымның итгері үріп, қапқаны, —
деп өкініш біддіреді.
А. Байтүрсьшовтың күрес жолынан айнымайтын, каншама киыншылық болса да төтеп
беретін күрескерлік болмысы оның өлендеріңце анық керінеді. «Н. Қ. ханымға» (Нәзипа
Қүлжанова — казақ әйелдері ішінен шыққан алғашқы журналист, педагог, ғалым,
аудармашы) арналған өлеңіңце ол:
Рақатсыз өтсе де өмір жасым,
Бұл жөнімнен құдайым айырмасын.
Ұзак жолга ниет қып бір шыккан соң,
Жарым жолдан қайтпаспын, карындасым.
Су да болар бүл жолда, тау да болар,
Жаудың оғы, жайған тор, ау да болар.
Мынау пайда, мынасы зиян демек —
Ол ерліетің ісі емес, сауда болар, —
дейді.
А. Байтұрсынов ақындығының бір қайнар көзі орыс поэзиясывда жатыр. Ол орыс
акындарын беріле мол оқыған. Ауыл мүғалімі боп істеген жылдарьшан бастап
шәкірттеріне И. А. Крылов мысалдарын оқытқан. Орыс акындары А. С. Пушкинді, М. Ю.
Лермонтовты, С. М. Надсовды окып, кейбір шығармаларын аударған. Ақыннан қалған
мұраның ішівде А. С. Пушкшшің «Ат» деген өлеңі, «Данышпан Аликтің ажалы»,
«Балыкдіы мен балық», «Алтын әтеш» ертегілері бар. 1901 жылдан бастап Крылов
мысалдарын аударып, сол негізде өзі де мысалдар жаза бастайды. А. Байтұрсыновтың
мысал жанрьша ден қоюының үлкен мәні бар еді. Оңдағы моральдық, адамгершілік
тағылымын ол казақ қоғамы үшін аса қажет үлгі деп түсінді. Адам бойында кездесетін
намыссыздық, жігерсіздік, алауыздық, жалқаулық пен жағымпаздық, қулық пен зорлық
сияқты келеңсіз мінездерді сынау, шенеуге келгеңде, ақьш мысал жанрьш тандады. Әр
түрлі аңдардьщ аллегориялык бейнесін беріп, олардың арасындағы түрлі карым-катынас
арқылы ғибратты тұжырымдар жасады.
Крылов мысалдарын аудару Ыбырай, Абай тәжірибесінен басталса, Ахмет өз
кезіңцегі зиялы акын-жазушылар С. Көбеев, Б. Өтетілеуовтермен қатар жұмыс істеп,
мысал, ертегілер аударып, әдеби қазьшаны байытгы. Бір мысалдың өзі әр қайсысының
аудармасьиа ілікті. Оны бір акьм өлеңмен аударса, евді бірі қарасезбен аударды. Бүл
тәжірибе әдебиет тарихындағы нәзирагейлік тәсідді байьпты. Үқсас өмір шыңдығьш
қамтып, ойға ой қосып отыратьш үлгілер ұлттық әдебиеттегі мысал жанрыньщ дамуына
жол ашты. А. Байгұрсынов И. А. Крьиов мысалдары сюжетін сақгаганмен, казақ
түрмысын таньггашн жаңа ойлар қосып молайтады. Мысалы, «Қасқыр мен тырна» түп-
нүсқада 19 жол болса, аудармада — 76 жол. «Өгіз бен бақа» түп-нұскада 17 жол болса,
аудармада — 36 жол. Баска мысалдар да осыңдай жолмен аударылған.
Міржақып Дулатов - қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы,
жалынды көсемсөз шебері. Туған жері - бұрынғы Торғай уезінің Сарқопа болысының
үшінші ауылы. Әкесі Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер-тұрман жасап,
етік, мәсі тіккен. Шешесі Дәмеш - ойын-тойдың базары, әнші кісі болған.
Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен 12 жасында айырылып, ағасы Асқардың
қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып
өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл
бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, "ауыл мұғалімі"
атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты халін
көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды. Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын
мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп,
"Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі,
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш", -
деп, бар даусымен жар салады.
Өз бетінше талпыным, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген Міржақып орыстың озық
ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында замана тозаңын суырып, дүниені
дүр сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден бұрын сезеді.
Қазақтың кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын:
"Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты", -
деп, жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс-әрекетке шақырады.
Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты - түнек болып торлаған қараңғылық
ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: "Оян, қазақ!" деп
ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының
түбінен "маса" болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен
рухани ағасы Ахмет Байтұрсынұлының үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар
шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген екі алыптың қашан соңғы демдері
таусылғанша, тағдыр талқысымен екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса
да үзілмей, қатар естіліп тұрды. Ол екеуі екі атадан туса да, бір туған бауыр еді, екі баспен
ойласа да, қорытар ойы бір еді, екі ауызбен сөйлесе де, шығар сөзі бір еді. Өйткені оларды
туыстырған - халқының мүддесі, ойландырған - халқының қамы, сөйлеткен - халқының
мұң-зары болатын. Сондықтан да халқы оларды жанашыр жақыным деп білді, олардың
жұбын жазбай, "Аха-Жаха" деп бірге атады. Пенделік бар қызықтан бас тартып, халқының
бақыты үшін күрескен есіл ерлерді өз халқының жауы атандырып, кешегі күні Қызылдың
қызылкөз жендеттері екеуін еріксіз айырып, екі жерде атып өлтіріп, атын өшіреміз
дегенде де халқы олардың асыл есімдерін есінен шығарған жоқ, аялап жүрегінде сақтады,
ардақ тұтты.
Ерте оянып, ерте есейген өр мінезді Міржақып қашанда күрес шебінің алдында болды.
Жалынды сөзімен де, тындырымды ісімен де, жеке басының жүріс-тұрысымен де ол
өзінен кейінгі жастарға әсер етіп, оларды халық ісіне алаңсыз берілуге үндеді. Оның
публицистикалық толғауларынан шағын өлеңдеріне дейін, "Бақытсыз Жамал" романынан
газет-журналдардағы шағын мақаласына дейін халық мүддесіне арналды. Сонымен бірге
ол Ахмет ағасы секілді жастарды тәрбиелеу жөнінде көп ойланып, көп еңбектенді,
халықтың пайдалы әдет-ғұрпын сақтауға, елін, жерін сүйетін тәрбие беруге күш салды.
Жазушылық, қоғамдық қызметке педагогтік міндетті қосарлап көтеруі де Міржақыптың
халқын беріле сүйетіндігінің айғағы еді. Ел бейнетіне өгіз болып жегіліп, ертеңі үшін
жанын қиған Жақаң:
"Ем таба алмай дертіңе мен ертеден,
Сол бір қайғың өзегімді өртеген.
Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден,
Еңсең неге түсті мұнша, елім-ай", -
деп, дүниеден арманда кетті.
2. Міржақып Дулатов - ағартушы, ұлт мүддесі, тәуелсіздік жолындағы жалынды күрескер,
Алаш қозғалысының қайраткері болған азамат. Осы жолда ақындық, жазушылық
аудармашылық, журналшылық қабілеттерін барынша пайдаланған. Алғашқы қазақ
романы - «Бақытсыз Жамалдың» авторы. Жалынды үнге, жігерлі шақыруға толы «Оян,
қазақ!» кітабын шығарып, қуғынға түскен.
Бұл еңбекті белгілі әдебиет тарихын зерттеуші ғалым Ербол Тілешов: «Сөйтіп, Алаш
қалам қайраткерлері қазақ әдебиетінің ұлт-азаттық идеяны мұра тұтқан ояну дәуірінің
жаңа беттерін ашты. Бұл мазмұны жағынан да, бейнелеу мүмкіндіктері жағынан да,
түрлік-жанрлық жағынан да жаңа әдеби дәуір деген атауға лайықты кезеңдік әдебиет
болатын. Оны «Алаш әдебиеті» деп атай бастадық. Алаш әдебиетінің басы - Ахмет
Байтұрсыновтың «Масасы» мен Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» жинақтарына енген,
алғашқылары 1904-1905 жылдардан бастап жазылған жалынды жырлар», - деп қазақ
әдебиетінің жаңа бір дәуірінің басы деп бағалайды («Алаш және Әуезов» «Жазушы»-
2007. 204-205 беттер).
Азаттық мүддесі жолындағы күреске халықты шақыру, ояту, еңсе көтерту ісіне
Міржақып өз уақытының мүмкіндігіне қарай баспасөзді жақсы пайдалана білген. Ол
«Қазақ» газетінде бас редактордың орынбасары, жауапты хатшы болды. «Айқап»,
«Серке», «Ақжол» және татар, орыс тіліндегі басылымдарға да жиі шығып тұрды.
Әлбетте, бұл әйтеуір бірдеңе жазу емес, мақсатты түрдегі ой-пікір, елді ояту, саясатқа
тарту мүддесіндегі саяси жұмыс болатын. Ол Алаштың табанды күрескері болды. Бірінші
және екінші жалпықазақ сиезінің ұйымдастыру жұмыстарына белсене араласып, Алаш
партиясының бағдарламасын жазды.
Очерк, көсемсөз, мақала, кескіндеме, шағын әңгімелер арқылы Міржақып Дулатов
қазақ журналшылығының, оның жанрларының да жетіліп, қалыптасуына үлес қосты.
Зерттеушілер Міржақыптың «Қазақ, қырғыздың ататегі» атты мақаласын жоғары
бағалайды. Бұл зерттеуде қазақ тарихына қатысты өзге жұрттар жазбаларындағы XVIII-
XIX ғасырлардағы ұшқары, дәйексіз болжамдарды сынай отырып, «Д.Фердоусидің
«Шахнамасындағы» қазақтар туралы мәліметтерге, қазақтар жайында Х ғасырдағы
Вамбери пікіріне сүйене отырып, қазақ атауының тарихы ежелгі дәуірлермен астасады
деген пікірлерге тоқталады» («Қазақстан тарихы. энциклопедиялық анықтамалық»
Алматы - 2006, 211 бет).
Мектеп қабырғасында әртүрлі ғылыми пәндерден алып шыққан білімін әрі қарай
жалғастырып, жетілдіру жөнінде де іштей бір қажеттік сезінеді. Әсіресе көбірек
әуестенетіні – әдебиет. Кентті жерде орыс тілін әжептәуір меңгеріп, көркем шығарма
оқуға жаттығып қалған ол енді өз жанынан ой құрастырып, ұйқасты сөздер жазуға да
машықтана бастаған. Солармен қабаттаса мұның назарын аудара беретіні – ел өмірінің
ахуалы. Ана тілінде шығатын там-тұм баспасөз бетінен шұқшия оқитыны – қазақ
халқының хал-жағдайын ойлап қам жеген зиялы азаматтар сөзі. Сондайда көбірек көз
тоқтататын екі есім бар. Бірі – Әлихан Бөкейханов деген кісі де, екіншісі – осы Торғай
топырағынан шыққан, бүгінде мұндағы жұрт аузында жиі айтыла бастаған Ахмет
Байтұрсынов.
Достарыңызбен бөлісу: |