Негізгі сұрақтар


Ғұмар Қарашұлы (1875-1921)



Pdf көрінісі
бет22/30
Дата18.09.2024
өлшемі1,94 Mb.
#204557
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
Байланысты:
19-20

Ғұмар Қарашұлы (1875-1921). 
1875 ж. қазіргі Батыс Қазақстан, Жәнібек ауданы, бұрынғы 
Ішкі Бөкей ордасы, Қырқұдық деген жерде туған. Әкеден ерте айырылады. Ағайын-
туыстар арқасында ауылдық жерде молдадан сауат ашады. Ғұмар Жазықүлы, Ысмағұл 
Қашғари сияқты молдалардан, Ғұбайдолла Ғалекев хазіреттен дәріс алып, медресе 
бітіреді. 
1902-1910 жж. өзі туып өскен ауылында, Тіленшісай, Борсы деген жерлерде жәдидше бала 
оқытады. 
Борсыда Шәңгерей ауылында бала оқытқанда Шәңгереймен тығыз байланыста болады. 
Одан орысша үйреніп, еуропалық әдебиетпен (поэзия) танысады. Кейін орыс тілін жете 
меңгеріп А.Некрасовтың «Соғыс қаһары» өлеңін, Л.Толстойдың философиясы туралы 
аударма жұмыстар жасайды. 
Жастайынан өлеңдер шығарып, әдеби мұраларды жинайды. Әдеби, фәлсафалық 
кітаптарды іздеп жүріп өздігінен оқиды. 
1907 ж. бастап қазақ, татар тілдерінде шығатын кітаптарға мақалалар жаза бастайды. 
1911-13 жж. әуелі Ордада, кейін Оралда шығып тұрған «Қазақстан» газетінің белсенді 
мүшелерінің бірі болады. 
«Қазақстан» газеті алғашқы қазақ газеттерінің бірі, қазақ зиялылары Е.Бұйрин, Ш.Бөкев, 
Ғ.Мұсағалиев, Б.Қаратаев, Е.Мәмедовтермен бірге Ғұмар да ат салысты. Газет 1912 
жылғы Лена оқиғасын жазғаны үшін 1913 ж. патша әкімнің тарапынан жабылды. 
1910-1913 жж. Ғұмар Уфа, Қазан, Орынбор қалаларынан «Ойға келген, пікірлерім», «Бала 
тұлпар» «Қарлығаш», «Өрнек», «Тумыш», «Бәдел хаж» атты алты жинақ шығарады. 
Қазан төңкерісі қарсаңында Ғұмар Уфа қаласындағы діни орталықтың жетім балаларға 
жәрдем беру бөлімінде, осы мекеменің қазиы болып қызмет атқарды. 
1917 ж. ақпан төңкерісіне және «Алаш» партиясына үмітпен қарайды. 1918 ж. 
жарияланған «Тұрымтай» жинағындағы «Көреміз бе?», «Келер ме екен?» атты 
өлеңдерінде, осы жылы «Сарарқа» газетінде жарияланған «Алаш азаматтарына» 
өлеңдерінде ұлттық, ұлтжандылық сезім басым болды. Дербес ел болу, халыққа қызмет 
ету сияқты т.б. мазмұнда жазылды. 
Сондай-ақ «Күн туды», «Неден қорқам?» өлеңдерінде төңкеріске пессимистік көзқарасы 
да байқалады: 
Мезгілсіз ерте туған таңнан қорқам, 
Жауынсыз құр желдеткен шаңнан қорқам, 


Таң туды, мезгіл жетті деп адасып, 
Құрылған қараңғыда заңнан қорқам. 
Теңгеріп жарлы байды, құрып жұмақ 
Теп-тегіс жұртқа жеткен тойдан қорқам 
Қандары тасқан қара күштен қорқам... 
Ақын бостандыққа қан төгіспен емес, басқа, бейбіт жолмен жетуді мақсаттайды. 
1917 ж. мамыр айында Ордада өткен Бөкей қазақтарының жалпы съезіне қатысады. Кейін 
Мәскеуде өтетін Ресей мұсылмандары съезіне делегат боп барады. Сондай-ақ Орынборда 
өткен жалпы қазақ съезіне қатысып, баяндама жасайды. 
Кейін «Алашорданың» ғұмыры қысқалығын сезген ақын Қазан төңкерісін іштей 
қабылдамаса да, жаңа дәуірге қарай икемделуіне тура келеді. 
1918 жылдан бастап діни мансабын тастап, туған елі Жәнібекке келіп, Ордадағы 
педтехникумда сабақ береді. 1918-20 жж. Бөкей губерниясы мүғалімдерінің І,ІІ,ІІІ,ІҮ, 
съездеріне делегат боп қатысып, жарыс сөздерге шығып, баяндамалар жасайды. Осы 
жылдары жаңа өмірді насихаттайтын «Екеуі екі басқа» мақаласын «Дұрыстық жолы», 
«Жаңа жыл құтты болсын» сияқты өлеңдер жазады. 
1919 ж. Бөкей губисполкомында істеп, коммунистік партия қатарына өтеді. Ордада 
«Мұғалім» атты журнал шығаруға қатысады. Бұл тұңғыш шыққан қазақ педжурналы еді. 
Осы журналда «Педагогика» атты еңбегін жариялайды. 
1919 ж. қазақ жазушыларын біріктіретін «Дұрыстық жолы» газетін шығарады. 
1921 ж. II Бөкей губерниялық партия конференциясында губкомның пленум мүшесі, 
губкомның үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болып бекітіледі. 
1921 ж. 12 сәуірде Құнаншаапқан деген жерде ақынды азаптап өлтіреді. М.Тәжімұратов: 
«Ғұмар өліміне Нұрқай байдың тікелей әсер етуі. Ғұмар Нұрқайдың жас әйелі 
Жаманқызды жақсы көрген. Осыны сезген бай ел ішінде жүрген ақ бандаларды айдап 
салған. Сондай-ақ Ғұмардың жаңа оқу жүйесін енгізуге қарсы болған қадимшілдер, 
ақынның діни мансабын тастап жаңа өмірге бейімделуіне ыза болып күш біріктіріп 
өлтірген» («Біз білмейтін Ғұмар Қараш» «Ана тілі», 1991, 18- сәуір) деген жорамал 
айтады. 
Зерттелуі:
 
Кеңес дәуірінде «Алашорда» ақыны ретінде танылды. Сәкен: «Тар жол тайгақ 
кешуде» «... Қарашұлы Омар «Алаш» ұранын жыр қылып, кітапша жазып шығарды. 
Ұмытпасам, кітапшаның аты «Терме» еді. Кітапшасында Әлекеңці (Әлихан Бөкейханов) 
мақтайды», десе, Сәбит Мұқанов «ХХ ғасырдагы қазақ әдебиеті» кітабында Ғұмар 
шығармаларын талдап отырып: «Өрнек» қазақтың жаңа байларының сойылын соққан 
шығармалардың қаламынан прогресс есебінде шыққан бірінші діни кітабы еді. Бұдан 
кейін дін мәселесіне кітап жазған ұлтшылдардың бәрі осы «Өректе» қозгалған 
мәселелерді тереңдетті»- деп сынады. Ал, П.Пахмурный «Қазақстан болыпевиктері 1905-
07 жж. Төңкеріс кезінде» кітабында(А., 1976 ж.), В.К.Григорьев «Текетірес» (А., 1987) 
кітабында Ғұмарды Алашорда жыршысы ретінде әшкерелемек болады. 1931 ж. Мәскеуде 
шыққан «Әдеби энциклопедияда» Ғ. Тогжановтың Ғұмар туралы мақаласы шықты. 
Қазақтың көрнекті ақыны ретінде: М.Жолдыбаев, М.Әуезов,Ә. Қоңыратбаевтар «XIX 
ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» (1993) оқу кітабына енді. 
Ф.Березовскийдің 1936 жылғы «Красная новь»журналының №3 санындағы «Қазақ 
әдебиеті» мақаласында ақынды Абай дәстүрін жалғастырушылар қатарында қарастырады. 


Е.Ысмайылов 1943 ж. «XX ғасырдағы қазақтың демократияшыл әдебиеті» атты 
кандидаттық диссертациясында ақын шығармашылығын жоғары бағалайды. 
1947жылғы «Қазақстан коммунистік большевиктер партиясы Орталық Комитетінің 
«Қазақ ССР Ғылым академиясының тіл және әдебиет институты жұмысындағы саяси 
өрескел қателіктер туралы» қаулысынан соң Шортанбай, Мұрат, Шәңгерей, 
Сұлтанмахмұттармен қатар Ғұмар да феодалдық-реакциялық, буржуазиялық-ұлтшылдық 
сарындағы ақындар қатарында саналып шығармалары оқуға тиым салынды. 1959 жылғы 
«Әдеби мұра және оны зерттеу» атты конференциядан соң Ғұмар мұрасына көзқарас біраз 
түзелді. 
1962 ж. Мәскеуде жарық көрген «Философиялық энциклопедияда С.Зиманов пен М. 
Исмағұлов Ғ.Қараш еңбегін жоғары бағалап айтты. 
1989 жылғы ҚКП ОК «Әдебиет пен өнер мәселелері бойынша 30-40 жылдары кезеңі мен 
50-жылдар басында қабылданған қаулыларды зерттеу жөнінде» қорытындысынан кейін 
Ғұмар шығармашылығы да зерттеле бастады. 
- С. Ысмағұлова «Қиын да сұлу тағдыр» . «Жалын», 1989, №2, «Тайталас тағдыр кешкен» 
«Соц. Қазақстан», 1989, 15 ноябрь; Р.Жанғожин, С.Созақбаев «Қайраткер Ғұмар 
Қарашев». «Қазақ әдебиеті», 1989 29 .XII; М.Тәжімұратов. «Біз білмейтін Ғұмар Қараш». 
«Ана тілі», 1991, 18. 04.; «Ағартушы, ойшыл, қайраткер ақын» 
(Ғұмар Қараш. Замана .Алматы: Ғылым, 1994, алғы сөз Қ.Сыдыиықов)
Әдеби мұрасы:
1910-1912 жж. Орынбор. «Шайыр яки қазақ ақындарының басты 
жырлары, «Көксілдер, яки бұрынғы мырза ұлы һәм ноғайлы батырлары уа ғайри мағаналы 
жырлар» деген екі жинақта Байтоқ, Жанұзақ, Доспанбет, Қазтуған, Шәлгeз, Әceт, 
Шәңгерей шығармаларын «Ер Шобан», «Әділ сұлтан», «Едіге», «Тоқтамыс», «Орақ-
Мамай» жырларын жинап жариялайды; 1911 ж.. Уфада «Бала тұлпар», «Тумыш»; Қазанда 
«Қарлығаш»; 1914 ж. Орынборда «Аға тұлпар» 1918 ж. Уфада «Тұрымтай» кітаптары 
жарық көрді. 
Ғ.Қараштың көркем қара сөзбен жазған шығармасы «Томан байдың баласы Әділ мырза, я 
болмаса Байғазы байдың қызы ару Шандоз»: Әділ мен Шандоздың айттырылуы. 
Шандоздың ұзатылу оқиғасы. Әңгіме халық салт-ғұрып: құда түсу, айттыру, қыз ұзату, 
той жабдығы, қалың беру, күйеу қабылдау т.б.мәселелрді қамтыған прозалық үлгідегі 
шығарма.Әңгіме өлең және қара сөзбен араласып отырады. 
Публицистикасы:
 
1910 ж. Орынборда басылған «Ойға келген пікірлерім» кітабына 
фәлсафалық, діни мақалалары енді, 1911 ж. Уфада шыққан «Өрнек» жинағындағы 
мақалалары, 1913 ж. Қазанда басылған «Бәдел хажы» кітабына әртүрлі тақырыпты 
қамтыған мақалары енді. 
«Қазақстан газетіне» (1911-13) «Бұл қай заман?», «Тіршілік таласы», «Газет деген не 
зат?», «Тәнсіз жан жоқ», «Бану», «Жастарға» т.б.; «Айқап» журналында «Ахмет 
Жанталинге жауап», «Әрине күнелту турасында» мақалалары жарияланды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет