Негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет20/30
Дата18.09.2024
өлшемі1,94 Mb.
#204557
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30
Байланысты:
19-20

Қысқаша мазмұны:
1. 1894 жылы Семей облысының Павлодар уезiнiң Ақсу болысында туған. Әкесі Дөнентай 
кедей еді. Руы Арғын ішінде Бәсентиін. Қасымқажы Ертісбаевтың медресесін бітірген 
соң өлең жазу бастады. 1916 жылы маусымның 25 патша жарлығымен жасы 19 мен 43 
арсындағы қазақ және басқа орыс емес «бұратана» атайтын халықтарының жігіттер 
майданға алынды. Солардың арасында Сәбит те болған. Екібастұздың көмір қазатын 
болды, кейін Рига қаласының өңірінде окоп, ор (траншея) қазған. 
1917 жылының Ақпан төңкерісінен кейін туған жеріне қайтты. Ақпан төңкерісін қолдап 
басқа Алаш азаматтарымен ұлт азаттық қозғалысына қосылып, қазақ халқына автономия 
беруіне, халқының өмір деңгейі көтеруіне, өзгеріс пен дамуына шақырады. 
Семейде мұғалімдер семинариясында оқиды. Сол кезде Семей қазақтың ұлттық 
қозғалысының мәдени, саяси, рухани орталығына айналысады, Алаш-қала деп атайды. 
Семинария ше, зиялы азаматтар оқып бітірген білім ордасына айналысады. Мұнда 


Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезовтер оқыған, кейін семинариясын Шәкен Айманов да 
оқып бітіреді. 
Кеңес үкіметі орындаған соң, Сәбит Дөнентаев жаңа үкіметін қолдайды, ол қазақ халқына 
басқа халықтарымен тең құқықтарын береді, қарапайым шаруасының өмірін өзгереді, 
жесір-жетімдерінің қамын ойлайды деп сенеді. Мектептерде мұғалім болып жұмыс 
істейді, үгіт-насихат жасайды, сауатсыздардың көзін ашады. Оңдай ағартушылар сол 
кезде керек еді, өз уақытында Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов тағы басқалар 
мұғалім-ағартушы болып мектептерде сабақ берген. 
Баянауылда сотта жұмыс істеген, кейін орнына Қаныш Сәтбаев келді. 
1923 жылынан бастап, Семейдің «Қазақ тілі» үнжариясында жұмыс істейді. Қазақ әліпбиі 
латын әрпінен құрастырғаны дұрыс деп ойлаған. Қалың малға тыйым салу үшін күресіп, 
әйелдердің тең құқыұтары үшін күресіне үлем қосқан. Әйелі — Қорлығайын Қожақызы 
байдың немересі еді. Сәбиттің әкесі Дөнентай өмір бойы сол Мәннәнбайдың малын 
баққан. Мәннәнбайдың немересін қалың малсыз алып жұбайы қылған. Баласы Мақсұт 
1922 жылы қызылша болып қайтыс болған. Қызы Сәулет 1924 жылы Павлодар 
облысының Құркөл ауылында туған. Ақын-демократ, қаламгер, мұғалім-ағартушы, қоғам 
қайраткері Сәбит Дөнентаев 1933 ж. мамырыдың 23 қайтыс болған. 
2. Шығармашылығы Сәбит Дөнентаевтың шығармашылығына Абайдың, Крыловтың, 
Тоқайдың өлеңдері, мысалдары әсер еттi. 1913 жылы «Айқап» журналында Сәбит 
Дөнентаевтың «Қиялдарым» өлеңi шығады. Бұл журналда кезінде Сұлтанмахмұт 
Торайғыров және тағы басқа қазақ ақындарының өлеңдерi шыққан. 1915 жылы Yфi (Уфа) 
қаласында Сәбит Дөнентаевтың «Уақ-түйек» деген өлеңдер жинағы шығады. Ақын өз 
халқын қамын ойлап, оның өмірі, тағдыры, халі, тұрмысы туралы өлеңдер жазған, сатира 
ақыны болып, елін зорлайтын байлар мен патша өкіметіне күледі, әділет туралы ойлайды. 
Ақынның «Бозторғай», «Көк төбетке», «У жеген қасқырға», «Екі теке» мысалдары бар. 
Бұл еңбектері Крыловтың шығармашылығының ақынына әсер еткенінен жазылған. «Биік 
тау», «Заман кімдікі» әділет туралы ойлайтын-толғайтын азаматының мұңдары. «Қазақтан 
шыққан білгендер» — жастарға үгіт-насихат. «Көркемтай» повесті жетімнің тағдыры 
туралы. 
Сәбит Дөнентаевтың сан қырлы өмірбаянын бір ғана мақаламен жазып шығу жеңіл-желпі 
дүние емес. Өйткені, ол өзінің журналистік ғұмырында ел ішінде болып жатқан елеулі 
оқиғалардың қайнаған ортасында жүріп, қоғамдық және редакторлық қызметтері 
барысында атқарған істерін жүйелеп-жіктеп жазып шығу үшін зерделеп, зерттеу қажет. 
Кедей отбасында дүниеге келіп, оқу-білім іздеп талпынуы, ақындық өнерінің ашылуы, өз 
бетінше білім қууы, тұрмыс қажеттілігі салдарынан ұстаздық жолға түсуі, сол кездегі 
үлкен мерзімді баспасөзге өлең, мақала жолдап тұруы, баспасөз қызметкерлерімен тығыз 
байланыс жасап тұруы, патша өкіметінің зұлым саясатының салқыны тиіп, қуғынға 
ұшырауы, жұмысшы, пошташы болып істеуі, майданның қара жұмысына жегілуі, 
кейіннен Қаныш Сәтбаевпен халық соты қызметін атқаруы Сәбит Дөнентаевтың 
редакторлық қызметке келуге дейінгі көрген қиындықтарының сыртқы көріністері 
ғана.Публицистің әрбір шығармасында ұлттық сипатқа лайық көңіл бөлінді Яғни 
публицистің негізгі мақсатының бірі рухани саланы жетілдіру. Оның шығармалары қазақ 
әдебиетінің озық үлгілерін насихаттауда ерекше қызмет атқарады. Абай 
шығармашылығына ерекше көңіл аудару осының бір айғағы. Сәбиттің баспасөзбен тығыз 
байланысты өмірі 1912 жылы Павлодардағы Қасым-қажы Ертісбаевтың медресесінен 
оқып жүрген кезінен басталды. Семейдегі мұғалімдер даярлайтын курста оқи жүріп, 
«Сарыарқа» газеті мен «Абай» журналына өлеңдерін жолдап отырады. 1919-1922 
жылдары Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаевтармен қызмет атқарады. Ол «Қазақ тілі мен 
әдебиеті», «Социалистік Шығыс», «Жаңа ауыл», «Қазақ тілі» газеттерінде тілші, бөлім 


меңгерушісі болып қызмет атқарады. Сәбит Дөнентаев өзі өмір сүрген дәуірдің үні болды. 
Халықты бостандыққа, еркіндікке шақырды. 
3. Ақын өлеңдерінде оқу-білімнің жетістігі, әйел теңсіздігі, байлардың қарау мінезі, 
еңбекқорлық пен жалқаулықтың айырмасы бірде поэтикалық мәнер танытқан ақын. Оның 
«Көркем қызға», «Жәмилә қыз», «Әйелдер мейрамына», «Мен зынданда», «Ерікті Айша», 
«Ерікті Айша», «Әйелдердің он жылдық тойына» деп аталатын өлеңдерінде әлеуметтік 
мәселе бірде диалог, бірде монолог, бірде қыз мұңы түрінде беріледі. «Ақынның 
балаларға арнаған өлеңдерін екі бағытта қарастыруға болады. Оның бірі - тікелей балалар 
әдебиетіне жататын туындылар болса, екінші бір тобында бала көзқарасымен қарай 
отырып, үлкен әлеуметтік мәселе көтереді. Осы орайда «Балалық», «Балалықты сағыну», 
«Ұры мен баласы» сынды өлеңдерін атап өтуге болады. 
Сәбит Дөнентаев - сатира жанрында айрықша тұлғаланған талант. Қазақ әдебиетіндегі 
фельетон, сықақ, әзіл-қалжың, мысал жанрының дамуына айтарлықтай үлес қосты. 
Татар классигі Ғабдолла Тоқайдан аударған. «Рамазан айында» деген сатиралық өлеңі мен 
«Калила мен Дамнадан» тәржіма жасаған «Бір көлдегі үш балық», «Бит пен бүрге» 
мысалдары еркін аударманың озық үлгісіне жатады. Сондай-ақ «Ібілістің шайтандарына 
айтатыны», «Ауырған арыстан», «Көзі тоймайтын ит», «Екі теке», «Көк төбетке», «Сұңқар 
мен қарғалар», «Бозторғай», «У жеген қасқырға» тағы да басқа туындылары мысал 
жанрына кеп құйылған қомақты үлес. Ақын мысал өлеңдерінде жан-жануарларды мысал 
етіп алады да, солардың іс-әрекеті арқылы қоғамдағы ашкөздік, аярлық, жағымпаздық, 
қаскөйлік, жалқаулық, парақорлық сияқты жағымсыз қасиеттерді өткір сынға алып, 
халықты еңбекке, бірлікке шақырады. 
Сералиннің журналистік қызметі екі кезеңге бөлінеді: 1-кезеңіне “Айқап” журналында 
төңкеріске дейін басылған 40-қа жуық мақалалары жатады. 2-кезең 1918 – 1928 жылдары 
аралығын қамтиды, бұл кезеңде “Ұшқын”, “Еңбекші қазақ”, “Ауыл” газеттерінде саясат, 
шаруашылық, мәдениет мәселелері жайында мақалалары жарияланды. Алғашқы 
“Топжарған” (1900) поэмасы қазақ әдебиетіндегі тарихи шығармалар қатарына жатады. 
Поэмада 19 ғасырдың 30 — 40-жылдарындағы қазақ өмірі, Кенесары, Наурызбай бастаған 
қозғалыс бейнеленген. “Гүлқашима” (1909) поэмасы әйел теңсіздігі мәселесіне арналған. 
Сералин өз шығармаларында Ы.Алтынсариннің ағартушылық-демократия идеяларын 
қолдады. Ол Фердоуси “Шаһнамасының” “Рүстем — Зораб” бөлімін В.А. Жуковский 
(1846 – 1847) нұсқасынан, сондай-ақ А.Сорокиннің “Жусан” повесін қазақ тіліне аударған 
(1915). 
Мұхамеджан Сералин. «Айқап» журналының оқырмандарына арнау 
Құрметті оқушылар! Алдыңызға үшбу журналымды саламын, кішкене екен деп 
қоңыраймаңыздар! 
Газет һәм журнал халық үшін екендігіне шек айту жоқ. Халықтың қай дәрежеде алға 
кеткендігі - халық арасында таралған газет-журнал һәм кітаптардан білінеді. Заман ғылым 
заманы болған соң әрбір жүрт қатарынан кейін қалмас үшін ақша аямай кітап-газет, һәм 
журнал бастырып халыққа таратудың әждәһатінда. Соңғы замандарда біздің халық 
жұртында аз-маз тіршілік көрсетіп газет шығара беруді қолға алып қараса да не себепті 
іске ұқсатып шығара алмайды. 1907 ж. Мемлекеттік думаның жиынымен Шәһмардан 
Қошығұлов «Серке» есімді журнал шығара бастап еді. Ұзаққа бармай, үкімет тарапынан 
тоқтатылды. 
Сол жылы Троицкіде Есмағамбет Айманбаев «Киргизская газета» есімді орысша-қазақша 
бір газет шығармақ болып алғашқы нөмірді шығарды да тоқтатты. Келер жылы 
Орынборда Ысмағұл Иманшалов бас болып, елдің бірқатар жақсыларының басын қосып 


газет шығару хақында кеңесіп еді. Баяғы қазақтың ынтымақсыздығы себеп болып, ыдырап 
кетті. 
Мен тағы талап етіп, осы кішкене журналды шығармақ үшін халқыма жармастым. 
Жұртқа атақ шығарып білім сату үшін емес, бәлкі дәулет иесі ағалар мұны көрген соң, 
ойға қалмас па екен деген ниетпен. Қолда пұл жоқ. Жұрт болып жұртшылық етіп, бұл 
журналға көбірек қыридарлық етпесе, әлбетте бұл журнал да қазақтың дүниеге шығара 
алмаған ісінің бесіншісі болар да қалар. Қазіргі үміт халықта. 
Бұл журнал айында бір мәрте шықпақшы, программасы мынау болмақ. 
1. Сыртқы хабарлар. 
2. Мұсылмандар тіршілігінен мысалдар, уақиғалар. 
3. Фельетон. 
4. Кітаптар хақында һәм ғылым баптан кеңестер. 
5. Басқарушыға келген хаттар һәм одан-бұдан. 
Журналға «Айқап» деп есім бердік.Бұл сөзге түсінген де бар, түсінбеген де табылар. 
Біздің қазақтың «Әй, қап» демейтұғын қай ісі бар?! Газет шығармақшы болдық, 
қолымыздан келмеді. Пұлы барларымыз ынтымақтаса алмадық. Пұлы барларымыз 
ынтымақтассақ та, ақшасыз істің жөні табылмады. «Қап, пұлдың жоқтығы, қолдың 
қысқалығы-ай» дедік. Жақсы жерлерімізді қолда сақтар үшін қала салмақ болдық. 
Басымыз қосылмады. Қолайлы жерлер қолдан кетті. «Қап» ынтымақсыздығымыз-ай 
дедік. Болыс, би, ауылнай боламыз деп таластық, қырылыстық. Жеңілгеніміз жеңген 
жағымызға, «ендігі саулайда көрерміз, қап, бәлем-ай» дедік. Осындай біздің қазақтың 
бірнеше жерде «қап» деп қапы қалған істері көп. «Қап» дегізген қапияда өткен істеріміз 
көп болған соң журналымыз өкінішімізге лайық «Айқап» болды. 
Журналды бастыруға жіберілген сөздер қазақша, ноғайша, орысша һәм түрікше болса да 
қабыл алынады. 
2. Қазақ халқының 20 ғасыр басындағы белгілі қоғам қайраткері, ақын, журналист 
Мұхамеджан Сералин 1871 жылы қазіргі Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, «Өрнек» 
колхозы жерінде туған. Руы – қыпшақ, қыпшақ ішінде тама –бұға, тама-бұға ішінде қожа 
деп аталады. 
Мұхаметжанның әкесі Сералы, атасы Тұрсынбай. Сералы әке-шешесінен жастай жетім 
қалады. Кедейшілікпен күні өтеді. Пысық,шешен, өлең шығаратын жан болған. 
Бір жылы қожа еліне атақты Орынбай ақын келеді. Сералы сонымен айтысады. Осыдан 
былай оның елге ақын атағы жайылады. Ол енді, кейде, ауыл қыдырып, серілік құрып, 
өлең айтып, түрлі ақындармен айтысып жүреді. 
Сералының өлеңдері ауыздан-ауызға, елден-елге тарайды. Оның осындай ел аузында 
сақталған екі өлеңі 1915 жылы «Айқап» журналында жарияланды. Ол өлеңдерінде Сералы 
өзінің жастай жетім қалғанын, кедей болғанын, сауықтық өлең шығарғанын баяндайды: 
Құдайым сәби кезден жетім қылдың, 
Жетімдік, жарлықпенен қатты дертті. 
Ата-анамды жақсы көрген арқасында 
Көрген жан бармашы да құрмет етті. 
Мен келдім сол құрметпен отыз жасқа, 


 «Әй кәпір» атанбадым қарындасқа. 
Алдағы келетұғын өміріме 
Әртүрлі істер түсті біздің басқа... 
Сералиннің екі әйелі болған: үлкен әйелі қазақ, кіші әйелі татар екен. Қазақ әйелінен екі 
ұл, бір қыз сүйсе, татар әйелінен – Мұхаметжан, Фазылжан, Хәкімжан есімді үш ұл 
сүйіпті. Сералы қайтыс болғанда Мұхаметжан үш-төрт жаста екен. 
Мұхаметжанның шешесі, күйеуі өлген соң, жас үш баласымен Тройцкі қаласына келеді. 
өзінің сол жақтағы туысқандарына барып тұрады. Бір байдың жүн жуатын кәсіпорнына 
барып жұмыс істейді. 
Мұхаметжан 8 жасында медресеге оқуға түседі. Медреседе оқып жүріп, шыны 
сауыттарды жамап үйренеді. Сынған,жарылған кесе, табақ, шәйнек сияқты ыдыстарды 
жамап, ақша тауып күн көру жөнінде шешесіне көмкектеседі. 
Мұхаметжан медреседе алты-жеті жыл оқиды. Мұсылманша орта дәрежелі білім алады. 
Сонан кейін 1887 жылы, 16 жасында Бестөбе болысындағы Арыстан деген бай жездесінің 
қолына барып тұрады. Ол үйде жазды күні Арыстанбайдың үй шаруашылығы 
жұмыстарын істейді; қысты күні соның балаларын басымшылық етіп бірге Қостанайға 
барып, орысша оқып үйренеді. Осылай ол 1891 жылы Қостанайдағы екі класты орыс-қазақ 
мектебін өте жақсы бітіріп шығады. 
Сол 1891 жылы Арыстан өзінің бір баласы мен Мұхаметжанды Орынборға алып барады. 
Екеуін сондағы оқытушылар әзірлейтін училищеге түсірмек болады. Мұхаметжан 
емтиханды жақсы өткізіп, оқуға алынатын болады да, Арыстанның баласы емтихан өткізе 
алмайды, училищеге түсе алмайды. Баласы оқуға қабылданбаған соң Арыстан 
Мұхаметжанды оқуға қалдырмай, еліне алып қайтады. 
1891-1900 жылдар арлығында Мұхаметжан біраз уақыт ауылда жүреді.; біраз уақыт 
ауылнайдың хатшысы болып істейді; біраз уақыт Арал теңізі жағына барып мұғалім 
болады. 
«Қазақ даласында, Арал теңізі жағасындағы Тәліп деген жерде, 4 ауылда Жасағанберген 
Пірмәнов деген қазақтың үйінде алғашқы ауыл мектебі ашылды. 
1900 жылы Мұхаметжан Сералин Тройцкі қаласына барады. Сондағы миллонер татар 
Яушевке қызметке тұрады. Әуелі, бір-екі жыл, оның тері-жүнін сатып алатын дүкенінде 
жүн сорттаушы болып жұмыс атқарады. 1909-1910 жылдары Яушевтің сенімді өкілі – 
адамы болады. Яғни, ел аралап, Яушевтің әркімге қарызға, несиеге берген тауарларының 
ақшасын жинайды. 
Бұл соңғы жұмысы, әрі Мұхаметжанның өзіне өтк қатты ұнайды, әрі оның ой-өрісінің 
кеңеюіне зор әсер етеді. Өйткені ол, осының арқасында, халықпен араласады, оның 
тұрмысымен танысады. 
Осының нәтижесінде Мұхаметжан Сералин бірсыпыра мысал-өлеңдер жазды. 1990 жылы 
«Топжарған», 1903 жылы «Гулкашима» деген поэмалар жазып, бастырып шығарды. Оның 
бұл поэмалары өз заманында жаңалық, зор еңбек болды. 
Мұхаметжан Сералиннің бізге жеткен әдеби шығармалары сонша көп емес. Небары үш 
поэма: 1) «Топжарған», 2) «Гүлкәшима», 3) «Рүстем-Зорап» (аударма); бес-алты өлең 
(«Бай, патша һәм кедей», «Бай, қасқыр, аңшы», «Ленин», «Жоқтау»), бір очерк, бір әңгіме 
«Жусан» (аударма), «Қайғылы қара түн». 
Кейбіреулерінің айтуына қарағанда, Мұхаметжан Сералиннің Қазан төңкерісінен бұрын 
жазған «Бай, патша һәм кедей», «Бай, қасқыр, аңшы» деген өлеңдері баспа жүзін 


көрмеген; тек гектограф арқылы көбейтіліп, ел арасына қолдан-қолға таратылған. Олар 
байлардың зұлымдығын әшкерелейтін мысал өлеңдер болған. Ал ақынның басқа әдеби 
шығармаларының бәрі де өз кезінде газет, журналдарда және кітап болып басылған. 
Мұхаметжан Сералиннің бірінші поэмасы – «Топжарған». Ол 1990 жылы Тройцкіде жеке 
кітап болып шықты. 1903-1907-1915 жылдары қайта басылды. 1936 жылдан бері орта 
мектептерге арналып шығып жүрген әдебиет хрестоматиясында үнемі басылып келеді. 
М.Сералиннің журналистік қызметі екі кезеңге бөлінеді. 1- кезеңіне «Айқап» журналында 
төңкеріске дейін басылған 40-қа жуық мақалалары жатады. 2 кезең 1918-1928 жылдар 
аралығын қамтиды, бұл кезеңде «Ұшқын», «Еңбекші қазақ», «Ауыл» газеттерінде саясат, 
шаруашылық, мәдениет мәселелері жайында мақалалары жарияланды. 1900 жылы 
алғашқы жарияланған «Топжарған» поэмасы қазақ әдебиетіндегі тарихи шығармалар 
қатарына жатады. Поэмада ХІХ ғасырдың 30-40- жылдарындағы қазақ өмірі, Кенесары, 
Наурызбай бастаған қозғалыс бейнеленген. 1909 жылы жарық көрген «Гүлқашима» 
поэмасы әйел теңсіздігі мәселесіне арналған. М.Сералин Ы.Алтынсариннің ағартушылық-
демократиялық идеяларын қолдады. Ол Фердоуси «Шаһнамасының» «Рүстем - Зораб» 
бөлімін В.Жуковский нұсқасынан, сондай-ақ А.Сорокиннің «Жусан» повесін қазақ тіліне 
аударған. 
Қазан төңкерісі алдындағы қазақ әдебиеті жалпы әдебиетіміздің тарихында, халкымыздың 
көркемдік дүниетанымы дамуында да ерекше орын алады, бүтін әдебиеттің даму 
процесіндегі негізгі де жауапты кезеңдерінің бірі боп саналады. Сұлтанмахмұт 
Торайғыров (1893-1920) - осы әдеби кезеңнің аса көрнекті өкілдерінің бірі. Бұл кезге дейін 
жалпы осы әдеби кезең туралы, оның көрнекті өкілдері туралы көптеген ғылыми еңбектер 
жазылды. Олардың ішінен Е.Ысмайлов пен Б.Кенжебаевтың, С.Қирабаев пен 
Б.Шалабаевтың, Ә.Дербісәлин мен Ы.Дүйсенбаевтың, Т.Әбдірахманов пен 
Қ.Шәменовтың, Б.Ақмұқанова мен А.Нұрқатовтың, т.б. зерттеулерін атап айтуға болады. 
Кейбір ақын-жазушылардың өнер-білімге іздену сапары, сол жолдағы көрген қиын-
қыспақ кездері мен табыстары, тіпті олардың өмірбаяны да балаларды қатты 
қызықтырады. Өз өмірлеріне үлгі, өнеге етеді. Іздену сапарындағы көргені мен білгені 
көп, тәжірибесі мол жазушылардың шығармалары өмір оқулығындай сұрыпталатыны бар. 
Көргені мен білгені аз, өмір тәжірибесі кем жастар үшін ақын-жазушылардың қызықты 
шығармалары өмір мектебіндей көрінеді. Ақыл-есінің тез жетілуіне жәрдемдеседі. Оларға 
өмір сүру, білім алу жолдарын танытады. Жақсы өмір сүрудің жақсы жолдарын айтады. 
Талаптану, үздіксіз іздену, ойлаған мақсатқа жетудің қиын-қыстау кездеріне қарсы тұрып, 
төзе білу жолдарын үйретеді. 
2. Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омбы уезінің Шағырай болысында 
Қарауыл Шабар ауылында (қазіргі Көкшетау облысының Қызыл ту ауданында) туған. Өзі 
кедей шаруаның баласы. Бір жасында шешесі өліп, жетімдік пен жоқшылықтың қасіретін 
көп көреді. Сұлтанмахмұт алты жасар күнінде әкесінен оқып, хат таниды. Бұдан кейін ол 
әуелі ауылдағы молдадан оқып, бертін келе Тройцк, Семей, Томск қалаларына білім іздеп 
сапар шегеді. Ауыр азап пен көп қиыншылықтарға төзген, тұрмыс өгейлігін көп көрген 
болашақ жас ақын ауру-сырқаулы да болады. Бірақ Сұлтанмахмұт мұның бәріне де 
мойымады, тұрмыстың жарқын болашағын аңсап, соны көруге үміттенді. 
Кім не нәрсені ардақтай білсе, сол нәрсенің қадіріне жетіп, оны қолдай да алады, 
жақсысын асыра біледі. Сауат ашу, хат тану барысында Сұлтанмахмұт алдымен өзінің ана 
тілін қадірледі, соның барлық ерекшеліктерін тани білді. Ана тілінің асыл мұрасын 
бойына сіңіріп, жаксылығын мақтан етті. 
Сүйемін туған тілді, анам тілін, 
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. 


Шыр етіп жерге түскен минутымнан, 
Құлағыма сіңірген таныс үнін. 
Сол тілмен шешем мені әлдилеген, 
Еркелеткен «құлыным, жаным» деген. 
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты, 
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным. 
Ол өзінің ақыл-парасатының қандай дәрежеде екенін осындай дана пікірлерімен-ақ таныта 
алған. Ана тілін құрметтеп, сол тілде сөйлей алу, хат тану, сауат ашу, жазу-сызуды 
үйренудің бәрі де соған, тек қана соған байланысты екенін бойға сіңіріп айта алу, оқушыға 
түсіндіру ақындық қасиеттің ең жоғарғы сатысы, дарындылығы деп айтуға болар еді. 
Қазіргі уақытта С.Торайғыров мұрасына жаңаша көзқарас биігінен қарау мүмкіндігі туып 
отыр. С.Торайғыровқа кезінде «байшыл-ұлтшыл», «алашордашыл», «жазушы» деген түрлі 
айыптар тағылып келуі – ақын мұрасын толыққанды зерттеуге мүмкіндік бермей, оған 
біржақты қарауға, кейбір туындыларын еріксіз елемеуге әкеп соқты. Сөйтіп ақын 
болмысы толымды тұлғасымен көріне алмады. 
С.Торайғыровты танудың негізі 1920 жылдары басталғанымен 1930 жылдары біршама 
қырын қарауға душар болып, зерттеушілер түрлі қайшылықтарға ұрынды. 
Ақын шығармашылығы тек елуінші жылдары ғана жан-жақты да түбегейлі зерттеле 
бастады. Дәл осы кезеңде сұлтанмахмұттануға ақын шығармашылығын зерттеуге жарты 
ғұмырын арнаған профессор Б.Кенжебаев қомақты үлес қосты. Оның «Сұлтанмахмұттың 
ақындығы» (1949), «С.Торайғыров» (1957), «Асау жүрек» (1968) сияқты күрделі еңбектері 
осының айғағы. 3. Кейінгі зерттеулердің ішінде Арап Еспенбетовтың «С.Торайғыровтың 
шығармашылық өмірбаяны» деген тақырыпта қорғалған докторлық диссертациясы және 
«Сұлтанмахмұт Торайғыров» монографиясы – уақыт талабына толық жауап беретін соны 
зерттеулердің бірі. 
С.Торайғыров - өзінің қысқа ғұмырында әдебиетке өлмес дүниелер қосып кеткен, асыл 
сөзі ұлтымен мәңгілік бірге жасайтын нағыз тума талант, шынайы дарын. Сондықтан да 
ақындық өнерпаздығы тылсым сырға толы, оқыған сайын, қайта оралған сайын жаңа 
қырынан көрініп, көкірек көзіңді ашып, ойыңа ой қосатын ақынның ой мен сезімді 
тоғыстырған мөлдір поэзиясы қашан да жаңашалдықпен қарауды талап етеді. 
«С.Торайғыров өз туындыларында, өмірдің із түспеген тұнық өлкелеріне шйігеді, бұрын 
қазақ тарихында ешкімнің санасында тербелмеген соны да ірі мәселелерді көтереді, 
оларды жанды образға бөлеп, оқушы миллиондар қызығарлық, елігерлік, жаңа әлемнің 
жан тебірентер жайлы да тамашалығын жанымен сезініп, ләззат табарлық көркемдікте 
суреттейді», - дейді зерттеуші ғалым С.Нұртазин. Сұлтанмахмұт ақындығын зерттеуші 
ғалымның бірі Ы.Дүйсенбаев «Табиғат суреттері (пейзаж) мен көңіл-күйдің нәзік 
тебіреністерін беретін жырларында Сұлтанмахмұт өзінің дағдылы жолынан танбайды, 
демек ең алдымен, шығарманың тәрбиелік мәніне, эстетикалық әсеріне не эмоциялық 
жылылығына ерекше көңіл бөледі», - дейді ақын шеберлігі туралы. 
Сұлтанмахмұт шығармашылығының соңғы кезеңі 1917-1920 жылдар аралығын қамтиды. 
Бұл – ақын ақындық өнердің бар қырын меңгеріп, нағыз суреткер ретінде қалыптасқан 
кезең. 
С.Торайғыровтың әдеби мұрасы өте бай, оның сезімді тербетер лирикасы, толғамы тоқсан 
тарау терең ойлары біздің қалыптасқан сана-сезім, түсінік-түйсік шеңберіне сия бермейді. 


Өзгеге ұқсамайтын ақындық болмысымен, биік азаматтық тұлғасымен С.Торайғыров 
қазақ әдебиеті тарихында мәңгілікке қалады. 
Әрі өжет, әрі зерек, талабы таудай Сұлтанмахмұт орыс тілін үйренуге, орыс мәдениетімен 
танысуға талаптанады. Орыс ғылымын үйрену - адамды жарқын болашаққа бастайтын ізгі 
жол деп түсінді. «Өмірімнің уәдесі» деген өлеңінде: 
Оллаһи ант етемін алла атымен, 
Орыс тілін білемін һәм хатымен. 
История, география пәнді білмей, 
Оллаһи тірі болып жүрмеспін мен. 
Келгенше осыларды отыз жасқа, 
Иншалла бәрін түгел ұғам басқа. 
Отыз жасқа келгенше ұға алмасам, 
Жер жұтсын, мәз болмаймын ішер асқа, - 
деп ант етеді. Талапты жас азамат білім алу жолында өзін-өзі үлкен іске міндеттейді. 
Парасатсыз, пайымсыз, ешқандай түйсігі жоқ діни оқудан орыс ілімінің пайдалы екенін 
жас кезінде-ақ біледі. Кейбір ақын-жазушылардың шығармаларымен қатар өмірбаяны да 
балаларға үлкен үлгі, мол тәрбие береді дейтініміз де осындай жайларға байланысты 
болып табылады. Сұлтанмахмұт білім алу жолындағы сапарында көп қиындық көреді. 
Қанша әрекеттеніп, қанша талаптанса да, жоқшылық оның қолын байлап, аяғына тұсау 
болып шырмала береді. Ол: 
Малдылық, маскүнемдік, қарны тоқтық. 
Деуші едім неге керек дүние боқтық. 
Қазақтың қаны-жаны сонда екен ғой, - 
Діңкемді міне құрттың әттең жоқтық, - 
дегенді талай айтып, талай рет қынжылды. «...Жұмасында екі ғана обед етем (ет татам), 
құр шай мен нан. Киім алғаным жоқ. Кино, вечерлерге бір мәртебе болсын барғаным жоқ. 
Күні-түні айналдырғаным ала қағаздың беті... Халім - осы. Сонда да қайғырмаймын. Бір 
тиыным қалғанша оқимын. Сонан соң тұрмыс қандай жүк салса да көтерем. Бірақ көңілім 
оқуда болмақ», - дейді бір хатында. Өмір өгейлігінің осындай қиыншылығын, 
таршылығын көрген Сұлтанмахмұттың ауруы асқындап, 1920 жылы, 21 мамыр күні 
қайтыс болады. 
Қазақ балалар әдебиетіне жаңа бағыт, жаңа идея тудыруда жасөспірімдер арасында 
Сұлтанмахмұт шығармалары ерекше роль атқарды. Біріншіден, ол - жасөспірімдерді 
өнер-білімге, оқуға шақыруда балалар әдебиетін жалынды күрес майданына айналдырып 
жіберді. 
Екіншіден, Сұлтанмахмұт өз шығармалары арқылы өнер-білімге, жаңа типті оқудың іске 
асуына қарсы болған және ұлт араздығын тудыруға күш жұмсап келген алдамшыл, ел 
бүлдіргіш сұмдарға, діни схоластикаға ашықтан-ашық аяусыз күрес жүргізді. Оның 
зиянды жақтарын әшкере етушілердің алдыңғы қатарында болды. Үшіншіден, ұлы орыс 
халқының өнер-білімін, мәдениетін игеруге, тілін үйренуге, география, история пәндерін 
білуге шақырды. Төртіншіден, оқып білім алудың түп мақсаты - ел үшін, халық үшін 
еңбек етуге жұмсалуға тиіс деп, Сұлтанмахмұт жасөспірімдер арасына ұран тастады. XX 


ғасырдың бас кезіндегі қазақ балалар әдебиетінің дамуындағы жаңа идея, жаңа бағыт 
осылай өріс алған еді. «Оқып жүрген жастарға» деген өлеңінде: 
Үмітпенен жоқ қуған, 
Талабы алда баламыз. 
Басқалар жоғын тапқанда, 
Біздер қайтіп қаламыз? 
Тәуекелге бел бусақ, 
Көрдегіні аламыз. 
Жеткізбей кетер жүйрік жоқ, 
Қусақ бәрін шаламыз. 
Іс істейік бір болып, 
Ашылмасын саламыз! – . 
деп, өзі сияқты кедей шаруалардан шыққан жасөспірімдерге қажырлы қайрат бере 
жырлайды. Оларды ынтымаққа, бірлікке, өнер-білімге шақырды. Сұлтанмахмұт 
«Талаптыларға», «Шығармын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы» сияқты өлеңдерінде 
де өнер-білім, оқу жайын көп мадақтайды. «Ақтармын оқып шығып адам атын» деп өзіне-
өзі үлкен сенім білдіру арқылы, басқаларды да еліктіреді. Сұлтанмахмұттың бұл өлеңдері 
балаларды білім алу, іздену жолында қажырлылыққа, төзімді болуға, қиындықты жеңе 
білуге үйретеді, оларды халық алдына қызмет етуге міндеттейді. 
Сұлтанмахмұт өзінің 18 жасында жазған «Оқу» деген өлеңінде былай дейді: 
Бүгіндегі жастарға оқу міндет, 
Тек қана оқуменен өнер білмек. 
Өнер-білім, адалдық, ар, намысты, 
Жоятын надандық қой емсіз індет. 
Оқыса басқа елдердей қатарға еңбек, 
Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек... 
Білімге ел боп аңсап құмарланса, 
Жетілу аз-ақ жылда жоғары өрлеп. 
Ақын өнер-білімді игеру адам баласын бақытты болуға бастайды, надандықтан арылтады, 
өмір сүруді жеңілдетеді дегенді жасөспірімдердің санасына жеткізе айтады. Өнер мен 
білім қара бастың қамы үшін емес, ел қамы, халықтың қамқоршысы болу үшін жұмсалуы 
керек. 
Ел үшін еңбек етсең халқың сүймек, 
«Біз үшін отқа, суға түсіп жүр», - деп. 
Ер өлсе де, еңбегін ел өлтірмес, 
Неше мың жыл өтсе де тарих білмек, - 
деп халық үшін қызмет ету адамды өшпес даңққа, құрметке бөлейтінін, тарихтың төрінен 
орын алатынын, халық аузында сүйкімді аңызға айналатынын суреттейді. Оқудың, өнер-


білімнің қымбаттылығын, қолға оңай түспейтінін, бұл жолда ұзақ жылдар қажымай, 
талмай қиындығына төзе жүріп, еңбек етудін қажеттігін сипаттайды. Бұл өлеңнің 
жасөспірімдер үшін тәрбиелік мәні, ұзақ жылдар бойы оқулықтардан орын ала беретіні 
осындай терең мағынасына саяды. Ол кезде мәдениетсіз қараңғы, елдің жасөспірімдеріне 
өнер-білім жайын, оның жаркын болашағы барын әйгілеу өте қажет еді. Жасөспірімдерді 
өнер-білімге қызықтыру, соған жұмылдыру қиын болатын. Сұлтанмахмұт «Орнымыз 
медресе оқып жатқан» деген өлеңінде осы жайды бейнелейді: 
Шынында ғылым артық мал мен бақтан. 
Ғылым болса қара су тасып аққан. 
«Оқу оқып, не керек мал таппай», - деп, 
Қазақтың айтқан сөзі надандықтан. 
Ол кездегі балалар оқуды, өнер-білімді тек арман еткен, оған қолы жетпеген. Оқуға, өнер-
білім алу үшін іздену сапарына шыққан жасөспірімдердің үстем тап өкілдеріне жалынып, 
жалбарынумен ғана күні өткен. «Бір баланың тілек батасы» деген өлеңінде Сұлтанмахмұт 
бұл жағдайды былай суреттейді: 
Оқыт бізді, ағатай, 
Қам көңілім болсын жай. 
Надандықтан құтқарып, 
Куанта көр, құдай-ай! 
Көңіл менен көзді ашып, 
Уанта көр, құдай-ай! 
Надандықтың пітінесін, 
Суалта көр, құдай-ай! . 
Қазан төңкерісіне дейін қазақ елінде оқудың, білім алудың жолдары қандай қиын 
болғанын осыдан-ақ көруге болады. Сұлтанмахмұт мұндай киын жағдайларды өз басынан 
кешіргендіктен шығармаларында айқын суреттейді. 
Сұлтанмахмұт тұрмыстың ауыр халін, жоқшылықты айтып, оқудың, білім алудың 
қиындығын суреттеп қана қойған жоқ. Сары уайымға түсіп, «біткен жерім осы» деп 
отырмады. Тұрмыстың ауыр жағдайларын шебер суреттей отырып, оған қарсы күресуге, 
қиындыкты жеңе білуге шақырды. Жалыну, жалбарыну күн көріс емес, соған қарсы 
күресу ғана ойлаған мақсатқа жеткізеді деп жасөспірімдерді жігерлендіреді. Әркім өзінің 
қайратына, күшіне, алған бағытына сенсе ғана, ол
 
барлық қиындықтарға төзе жүріп, сол 
жолдағы еңбегінің жемісін көрсете алады деген идеяны уағыздады. Болашақ жас 
өспірімдердікі, олар қазірдің өзінде-ақ белсенді жасампаз күш екенін Сұлтанмахмұт өз 
ісімен көрсете алды. «Адамзаттың әрбір ісі тек ақылмен және білімге негізделіп істелсе 
ғана алға басады. Ақыл оқу арқылы өседі және білім де оқу арқылы беріледі, демек, тек 
сауатты халық қана табысқа жетуі мүмкін» дейді Н.Г.Чернышевский. Сұлтанмахмұт та 
осы пікірді жақтайды. Ол «Шығармын тірі болсам адам болып» деген өлеңінде өзінің 
мақсатын, болашағын осы тұрғыдан бағалайды: 
Шығармын тірі болсам, адам болып, Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып. Жатқаным 
көрде тыныш жақсы емес пе, Жүргенше өмір сүріп надан болып.Мен - балаң жарық 
күннен сәуле қуған, Алуға күнді барып белді буған Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін, 
Болмасам толған айдай балқып тұрған.Бұл сөзім асып айтқан асылық емес, Ойында оты 
барлар асылық демес. Тебем деп тірі болсам надандықты, Серт етіп өз-өзіме еткен егес. 


Мінекей, талант иесінің айтқан сөзі. Оған жоқшылық та, тұрмыстың өгейлігі де, 
надандықтың қалың торы да, дін иелерінің қарсылығы да бөгет бола алмайды. Бәрін де 
баса-көктеп өтеді. Білекті сыбанып кірісіп кетсе, алынбайтын қамал жоқ. «Көз қорқақ, қол 
батыр», әңгіме - белсене кірісуде. «Талапты ерге нұр жауар». Өнер-білім жолындағы 
өзінің барлық әрекеті, одан алған жемісі халыққа, тек қана халық үшін арналатынын баса 
айтқан. Жасөспірімдерге арналған Сұлтанмахмұт өлендерін талдағанда, ондағы осындай 
ақыл-парасат үлгісіне жасөспірімдер айрықша зер салады, соған еліктейді. Өнер-білімнің 
соңына түсіп, оның айқын болашағын таныған, құдіретін көрген, тәтті дәміне аузы 
тұшыған Сұлтанмахмұт енді бұдан да өрши түседі. Өнер-білімнің қойнына енген сайын 
қайраты тасып, көңілі өседі. Білімнің арқасында не нәрсені болса да орындай алатынына 
сенімі артады. Енді қандай қиындық сұрапылы төнсе де серпіп тастаймын деп қайрат 
шегеді. Жас азамат өз өнерін көрсетіп, халық алдында қызмет етуге асығады. Өз халқын 
надандықтың қара түнек тұңғиығынан арылтып, тезірек жарқын болашаққа қарай 
талпынсақ деген адал көңілін білдіреді. «Тұрмысқа» деген өлеңінде: 
Ден сау болса, тағдырдың, 
Көкке ұшырам күлдерін. 
Түрлентемін гүлдерін. 
Жігермен талап еткен соң, 
Қоям ба екен сүлдерін? 
Аждаһадай ақырып, 
Естімеймін үндерін. 
Серпіп тастап түндерін, 
Туғызамын күндерін. 
Бұл - жігерлі, ақ жарқын азаматтың қажырлы қайратынан, зор сенімінен, адал жүрегінен 
жарып шыққан шын ниет. Ар-намысқа тие айтылған бұл өлеңде тасқындаған зор күш бар. 
«Адам өзінің өмірін және өзінің мақсатын тек халық өмірімен және халық мақсатымен 
ұштастырғанда ғана пайдалы іске қолы жетеді» дейді Н.Г.Чернышевский. 
Сұлтанмахмұттың оқудағы мақсатын халық өмірімен және халық мақсатымен ұштастыра 
білгені, адамдық, азаматтық борышын білдіргені демекпіз. Осы пікірімізді тереңдете, 
ұлғайта түсу үшін Сұлтанмахмұттың «Шәкірт ойы» деген өлеңін мысалға келтіруге 
болады: 
Қараңғы қазақ көгіне, 
Өрмелеп шығып күн болам! 
Қараңғылықтың көгіне, 
Күн болмағанда, кім болам!? 
Мұздаған елдің жүрегін, 
Жылытуға мен кіремін. 
Еңбек, бейнет тарауы, 
Рақатқа сарқылар. 
Қыздырып күннің қарауы, 
Надандық теңізі тартылар. 


Орны отайып көгерер, 
Қызығын жайлап ел көрер. 
Тұрмыс, тағдыр бәрі де, 
Бұл мақсаттан бұра алмас 
Қаһарман Рустем, Әлі де, 
Бұрам деп жолда тұра алмас. 
Сыланған жардың күлкісі - 
Алдандырмас бір ісі. 
Жастарды Отан алдында, халқы алдында қызмет етуге үйретудің, бұл жолға барлық ынта-
ықыласпен аянбай кірісудің қажет те, міндет екенін түсіндірді. Сұлтанмахмұт аз өмір 
сүрсе де халқы алдында осындай елеулі еңбек қалдырды. Өзін-өзі таныта алды. 
Ер өлсе де еңбегін ел өлтірмес 
Неше мың жыл өтсе де тарих білмек, - 
деп Сұлтанмахмұттың өзі айтқандай, әдебиет және мәдениет қорымыздан оның еңбектері 
үлкен орын алып, мәңгілік сақтала бермек, айтыла бермек. 
Дәріс №13 
Тақырыбы: Нарманбет Орманбетұлы, Ғұмар Қарашұлы, Бернияз Күлейұлы, Тайыр 
Жомартбаев шығармашылығы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет