Негізгі сұрақтар


алты бөлімнен тұрады.  Бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет16/30
Дата18.09.2024
өлшемі1,94 Mb.
#204557
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
Байланысты:
19-20

алты
бөлімнен тұрады. 
Бірінші бөлім
– «Өлеңдері». Бұған Ыбырай Алтынсариннің көпшілікке кеңінен мәлім 
өлеңдері мен И.А.Крыловтан аударған үш мысалы енді. 
Екінші бөлім
– «Төл әңгімелері» - деп аталды да, бұған жазушының хрестоматия – 
оқулыққа арнап жазған төл туындылары жинақталды. 
Үшінші бөлім
– «Аударма сипатты әңгімелері». Бұл бөлімде ағартушының орыс 
педагогтарының оқулықтарынан, орыс жазушыларының балаларға арналған 
туындыларынан, сондай – ақ орыс және Европа халықтары әдебиеті мен фольклорынан 
өзінше әңгімеленген шағын әңгіме, мысалдары жинақталып берілді. Ыбырай 
Алтынсариннің орыс авторларынан алған әңгіме, көркем шығармаларын қазақшалауында 
ерекшеліктері бар. Ол әңгімелерді аударғанда Ыбырай Алтынсарин барлық жерде түп 
нұсқасын бұлжытпай, сол күйі аударуды мақсат етіп қойған. Кейде тақырыбын, кейде 
сюжетін, кейде баяндау әдәсін өзгертіп, қайткен күнде де қазақ өміріне жақындатып, қазақ 
балаларына түсінікті баяндауды негізге алған. 
«Ауыз әдебиеті үлгілерінен жинағандары» - деп аталатын 
төртінші бөлім
оның ел 
аузынан жинап, сұрыптап, алғаш рет «Қазақ хрестоматиясында» жариялаған мақал – 
мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз - әңгімелер орын алды. 
Бесінші бөлім
– «Оқу – ағарту мәселелері жайында жазбалары» деп аталынып, бұған 
Ыбырай Алтынсариннің қазақ даласындағы оқу – ағарту жайы мен оны өркендетуге 
қатысты жазбалары жаңа материалдармен толықтырылып енгізілген. 
Алтыншы бөлім
– «Хаттар». Мұнда Ыбырайдың қызмет бабына және тағы басқа 
жағдайларға байланысты Н.И.Ильминскийге, В.В.Катаринскийге, А.А.Бобровниковке, 
орыс – қазақ мектептерінің оқушылары, өзінің әріптестері А.А.Мозохинге, Ф.Д.Соколовқа 
жазған хаттары іріктеліп берілді
. Кітап соңында
Ыбырай Алтынсарин туралы естеліктер 
берілді. Бұған енгізілген материалдар да жинақ үшін арнайы аударылды. Мұнда педагог – 


жазушы, қоғам – қайраткері Ыбырай Алтынсариннің қайтыс болуы туралы некрологтан 
және Н.И.Ильминскийдің, әріптестері Ф.Д.Соколов пен А.А. Мозохиннің ол туралы 
естеліктерінен үзінділер берілді. 
4. Ыбырай Алтынсарин есімі қазақ балалары үшін мектеп ашқан ұлы ағартушы, орыс 
әдебиеті классиктерінің балаларға арнап жазған шығармаларын қазақ тіліне аударған 
аудармашы ретінде ғана емес, қазақ жазба әдебиеті тарихында тұңғыш прозаик ретінде де 
белгілі.Олай дейтін себебіміз, Ыбырайға дейін шын мәнінде көркем проза қазақ жазба 
әдебиетінде қалыптаспаған еді. Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері өз заманының 
келелі мәселелерін қамтиды. Оның шығармалары жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, 
ізеттілікке, ақылдылық пен білімділікке, т.б. ізгі қасиеттерді үйретуге шақырады. Ыбырай 
«Қазақ хрестоматиясына» Қара батыр, Байұлы, Жиренше шешен, Тазша бала туралы 
ертегі,Бай баласы мен жарлы баласы, Таза бұлақ, Әке мен бала т.б. тәлімдік мәні зор 
әңгімелерін енгізді.Қазақ хрестоматиясына енген Ыбырайдың көркем шығармалары өзінің 
ағартушылық идеясына бағындырылған. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, сөйтіп, 
оны жақсы, өнегелі істерге үйрететін мықты құрал деп атап көрсетті. 
Ыбырайдың шығармаларын оқи отырып, ол өз заманының беталысын анық аңғарғанын, 
халық өмірін жаңа арнаға салуда білім мен тәрбие мәселесі қатар жүру керектігіне назар 
аударғанын көруге болады.Ыбырай әңгімелерінң негізгі қайнары халық тұрмысынан 
алынған. Өмірді, адам әрекеттерін ешқашан дағдыдан тыс әсірелеп суреттеп, шындықтан 
алшақтамаған. Кейіпкерлерді шынайы өмірге тән әректтері арқылы бейнелеуді мақсат 
тұтты.Оның әңгімелерін тақырып жағынан еңбек пен өнерге баулитын және 
адамгершілкке тәрбиелейтін шығармалар деп екі топқа бөліп қарастыруға болады. 
Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы –еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше 
маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді деп еңбекті бірінші 
орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Оның бұл тақырыпта 
жазған көптеген әңгімелері бар.Мысалы Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш, Бай баласы мен 
жарлы баласы, Қыпшақ Сейтқұл, т.б. Жазушының бір топ әңгімелері адамгершілік тәрбие 
мәселесіне жазылған. Адамзат баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап ата-ананың аялы 
алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өсетіні белгілі. Ата-ана баласына небір асыл 
қасиеттерді үйретіп, жақсы азамат болуын тілейді және үміттенеді. Бұл тақырыпта да 
жазған Ыбырай шығармалары бар. Мысалы Асыл шөп, Бақша ағаштары, Таза бұлақ т.б. 
Әр әңгімесінде тәрбиенің ізі жатыр. Оны түсініп оқыған адам ғана ұлы ұстаздың шебер 
тәрбиеші екеніне көзі жетеді.Әңгіме –оқиғаны баяндауға негізделген қара сөзбен 
жазылған көркем шығарма. Әңгімеде бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады. 
Ыбырай шығармалары қысқа мазмұнды, балалардың түсінуіне жеңіл. Аз сөзге көп мағына 
сыйғызу, мақал-мәтел мен афоризмдерді орынды қолдану, әр әңгіменің тағылымдық 
мәніне ерекше көңіл аудару Ыбырай шығармаларының өзіндік ерекшеліктері. 
Шығармалары мазмұны жағынан да, түрі жағынан да балалар әдебиетіне қойылатын 
талаптарға сай келеді. Сондықтан да Ыбырай Алтынсаринді балалар әдебиетінің негізін 
салушы дейміз.Бүгінгі сабағымыздың нысанасы әңгімедегі тәрбие мәселесі. Тәрбие 
мәселесі бүгінгі өмірде де өз маңызын жойған жоқ, тіпті күн тәртібіндегі өзекті мәселе 
екенін де білеміз. Ана мейіріне қанып, әке өсиетін тыңдап өскен бала ғана түбінде жылы 
жүректі азамат болары сөзсіз,олай болса, Ыбырай әңгімелерінде жасынан отбасы 
тәрбиесін көрген бала үлкен азамат болғанда, өз мәнінде өмір сүруге бейім болады деген 
нақты тұжырымдар беріледі. 
Уәлиханов Шоқан (шын аты-Мұхаммедханафия) Шыңғыс ұлы (ноябр., 1835-апрель, 
1865)- қазақ ғылыми, ориенталист, тарихшы, этногроф, географ, фольклорист, ағартушы-
демократ.Ол Құсмұрын бекінісінде (қазіргі Қостанай обл.) туды.Шоқан 12 жасына дейін 
жеке меншік мектепте оқып, мұсылманша хат таныды. Ол осында жүріп өлең, жыр, аңыз 
әңгімелерді оқуды, түсінуді үйренді.Құсмұрындағы шағының өзінде «Қозы Көрпеш –Баян 


сұлу» жырын жазып алған. Шығыс тілдерінен араб, парсы тілін, кейінірек Орта Азияның 
түркі тілдерін меңгерді. 1847 жылдың күзінде Шоқанды әкесі Омбыдағы кадет корпусына 
оқуға берді.Бұл Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны болып саналатын.Каде корпусының 
оқушылары әскери пәннен басқа географиядан,тарихтан( Россия тарихы мен жалпы 
тарих), орыс және бат. әдебиетінен ,философия енгізінен, зоология және ботаникадан, 
физикадан, құрылыс пен архитектура негізінен білім алды. Оқу мерзімі 8 жыл болатын. 
Мұндағы тәрбиелеушілер рота және эскадронға бөлінді.Ротаға ірі чиновниктер мен 
жоғары шенді офицерлердің, ал эскадрондарға қазақ балалары алды. 
Ш.Уәлихановтың ата-бабалары байырғы сұлтандар әулетіне жатады. Оның бабасы, Орта 
жүздің ханы Абылай алғашқылардың бірі болып Ресейдің қол астына кіріп, өмірінің 
соңына дейін Ресеймен сауда және саяси байланыс жасап отырды. Абылайдың үлкен 
баласы, Орта жүздің соңғы ханы Уәли бұл байланысты одан әрі дамыта түсті*2. Шоқан 
Уәлиханов фамилиясына туған атасы Уәли есімін алады. 
ХIХ ғасырдың екінші жартысында Г. Н. Потанин жазып алған Уәлихановтардың отбасына 
қатысты әңгімеде былай делінеді: «Уәли ханның екі қыстауы болған, бірі - Көкшетаудың 
шығыс жағындағы хан көлінде, екіншісі - Сырымбетте. Абылайдың бәйбішесі Сайманнан 
өрген ұрпақтар қазір де сонда (яғни, Бурабай жағасында) тұрады. Айғанымның (Уәли 
ханның кіші әйелі) балалары Сырымбетте»*3. 
Уәли хан мен оның ұрпақтарына мұрасы ретінде тиген Бас орда Бурабай көлінің жаға-
сында орналасқан және ол түрліше (Орда, Хан көлі, Ханның Қызылағашы т. с. с.) атпен 
белгілі болатын. 
Хан билігі жойылып, «Сібір қырғыздары жөніндегі Жарғы» қабылданғаннан кейін Уәли 
ханның мұрагерлікке қалдырған жерлері балаларына бөлініп берілді. Оның қара 
шаңырағы Қызылағаш үлкен баласы Ғұбайдоллаға және оның ұрпақтарына көшіп*4, ал 
Сырымбет Уәлидің кіші әйелі Айғанымның балаларының еншісіне тиді. 
Шоқанның әкесі, Абылай ханның немересі Шыңғыс Уәлиев 1811 жылы Қызылағашта 
(басқа деректер бойынша Сырымбетте) туған. Уәли қайтыс болғанда Шыңғыс жеті жаста 
еді. Шыңғыс жас кезінен бастап орыстармен тығыз қарым-қатынас жасады, Омбы әскери 
училищесін тамамдады, патша әкімшілігіне жақын қазақ ақсүйектерінің бірі болды. Әке 
мұрасына Уәлидің үлкен баласы Ғұбайдолла ие болу керек еді, алайда саяси себептерге 
байланысты ол өзінің бұл құқығына ие бола алмады. Сөйтіп отбасына Уәли ханның 
жесірі, Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғаным (1783-1853 жж.) бас болады. 
Айғаным ақылды, көреген, өзінің заманына сай білімді болған әйел. Ол шығыстың 
бірнеше тілдерін білген, орыс мәдениетіне ден қойып, Сыртқы істер министрлігінің Азия 
департаментімен және Петербордағы Сібір комитетімен хат жазысып, байланысып 
отырған. Айғаным жергілікті халықтың арасында өте зор беделге ие болды. Мұрағат 
мәліметтері Айғанымның қоғамдық-саяси мүдделерінің өте ауқымды болғанын көрсетеді. 
«Сібір қырғыздары жөніндегі Жарғы» қабылданғаннан кейін, Орталық және Солтүстік 
Қазақстандағы қандай да маңызды оқиғалар оның қатысуынсыз өткен емес. 
Айғаным қазақтар мен орыстардың арасындағы достық қарым-қатынастың нығаюына 
ұмтылып отырды. Ол Қазақ даласында геодезиялық зерттеу жұмыстарымен айналысып 
жүрген орыс ғалымдары мен инженерлеріне көмек көрсетті. «Уәли ханның орысқа 
бағынуын, - деп жазды П. П. Семенов Тянь-Шаньский, - Айғанымның өзге туыстары, 
Уәли ханның алғашқы әйелінен туған балалары мен інілері мойындағысы келмегенде, тек 
Шоқанның әжесі, Уәли ханның жесірі Айғаным ғана өзінің балаларымен бірге Ресейге 
адал болып қалды. Александр I Уәли ханның жесіріне үлкен ілтипат көрсетіп, Қырғыз 
даласында оған арнап үй салдыруға әмір еткен. Шоқан Уәлиханов сол үйде туған». 


Айғаным орысша білім алудың маңызын жақсы түсінді. 1827 жылы ол өзінің баласы 
Шыңғысты - Шоқанның әкесін Сібірдің шептік казактарының әскери училищесіне оқуға 
берді. Училище жалпы білім беру бағытында еді және ол орта білім беретін, оның 
жанында білікті аудармашы мамандар мен топографтарды даярлайтын шығыс тілдерінің 
арнаулы сыныбы болды. Жеті жылдық білім алғаннан кейін Шыңғыс училищеден 
жеткілікті дәрежеде сауатты, ғылым, әдебиет пен өнер мәселелерінен хабардар адам 
болып, сондай-ақ тарих пен географиядан, өз елінің статистикасынан терең мағлұмат алып 
шықты. Шыңғыс орыс тілін жақсы білетін алғашқы қазақтардың бірі болды. 
Әскери училищені бітіргеннен кейін Шыңғыс 23 жасында сол кезде жаңа құрылған 
Аманқарағай округіне аға сұлтан болып тағайындалады да, оған майор, кейіннен 
полковник шені беріледі. Әскери училищені бітірген жылы (1834 ж.) Шыңғыс 
Аманқарағайға келгеннен кейін дәстүр бойынша жастайынан атастырып қойған 
қалыңдығы Зейнеп Шормановаға үйленеді. 
Обаған, Құндызды, Терісбұтақ өзендері мен Құсмұрын көлін жағалай қоныстанған 
атығай, қарауыл, керей, қыпшақ және уақ руларынан тұратын көптеген қазақ 
ауылдары аға сұлтанның қарамағында болды. Бұл рулардың отырған жерлерін, 
қыстаулары мен жайлауларын жас Шоқан жазғы демалысқа келіп жүрген кездерінде 
(1850-1852 жылдары) өзінің суреттері мен сызбаларында бейнелеген. 
1835 жылы Аманқарағай округінің орталығы Құсмұрынға көшірілді де, осыған 
байланысты ол Құсмұрын округі деп аталды. Бұл кезде барлық тұрғын үйлер, 
шаруашылық құрылыстар және гарнизонға арналған жатақ үймен бірге Құсмұ-рын 
бекінісін салу да аяқталды. Уәлихановтың отбасы осы бекініске келіп қоныстанды. 
Құсмұрын көлінен алыс емес жерде орманның саясында Уәлихановтар «Күнтимес» деп 
атаған келісті жаздық орда салынды. Шоқанның картасында ол «біздің үй» деп жазылған. 
Онда Шыңғыс өзінің барлық орыс достарын жинады, онда онымен ғалымдар, 
журналистер және көптеген инженерлер әңгіме-дүкен құрды. 
Шыңғыс Құсмұрында жиырма жыл тұрды. Бұл жерде ол үлкен отбасына айналды. Оның 
жеті ұлы мен бес қызы болды, осылардың ішінде тек Сақыпкерей (Қозыке) мен Әпия және 
ең кішілері Нұрмұхаммед (Көкіш) қана Сырымбетте туды, үлкен балалардың бәрі 
Аманқарағай мен Құсмұрында туды. Құсмұрын Шыңғыстың екінші отанына айналды. 
1853 жылы Батыс Сібір генерал-губерна-торының ұсынысы бойынша патша үкіметі Құс-
мұрын округтік приказын тарату және «оның құрамындағы бес болысты Көкшетау 
округіне қосу»*6 туралы өкім шығарды. Ол бұйрықта: «Таратылған Құсмұрын 
приказының орнына Атбасар станицасы орналасқан жерден Атбасар округтік приказы деп 
аталатын жаңа округтік приказ ашылсын» делінген. 
Сөйтіп Құсмұрынның орнына Есіл өзенінің бойындағы - Ақмола приказының солтүстік-
батыс жағындағы Атбасар елді мекені жаңа әкімшілік орталығына айналды. Шыңғыс 
отбасымен бірге 1853 жылдың маусым айында көп жыл тұрып, бауыр басып қалған 
Обаған өзенінің жағасынан көшіп, Сырымбетке, анасының меке-ніне қайтып оралды. 
Шоқан Уәлиханов балалық шағының көбін сол арада өткізді. 
Уәлихановтардың ата-бабаларынан келе жатқан мекені мен үй-ішілік жағдайы 
Шыңғысты Шоқанның әкесі және орыс ғылымы мен ағарту ісінің Қазақ даласындағы 
жақтаушысы ретінде, Мәскеу мен Петерборда, әсіресе Географиялық және 
Антропологиялық қоғамдарда жақсы білген. Бұл қоғамдарға ол қазақтардың өмірінен 
алынған сирек кездесетін этнографиялық жәдігерлер жинаған. Орта Азия Ресейге 
қосылғаннан кейін, Мәскеуде ұйымдастырылған өнеркәсіп көрмесіне ол көп деректер 
берді. Оның этнографиялық коллекция үшін профессор В. В. Григорьевтің өтініші 


бойынша жинаған жекелеген заттары бүгінде Петербордың, Мәскеу мен Гамбургтің 
музейлерінде сақтаулы тұр.
Бала Шоқанның рухани жағынан өсуіне әжесі Айғаным үлкен әсер етті. Тумысынан 
сезімтал, дарынды балаға әжесі білім мен халық даналығының сарқылмас көзі болды. Ол 
Шоқанға қазақтың ежелгі аңыздары мен хикаяларын қызықты етіп әңгімелеп, күні кеше 
өзі қатысқан тарихи оқиғаларды еске алып отырды. Халықтың озық дәстүрлері мен әдет-
ғұрыптарын бойына сіңірген әжесінің жарқын бейнесін Шоқан өмірінің соңына дейін 
ұмытпай есте сақтады. 
Шоқан әуелі Құсмұрындағы жеке қазақ мектебінде оқыды. Мұнда ол арабша хат танып, 
қарындашпен сурет салуды үйренді. Әдетте бұл мектепте қыпшақ және шағатай 
тілдеріндегі ортағасырлық әдеби мұраларды оқумен, ауызекі араб және парсы сөздерін 
білумен жаттығып, шығыс ақындарының өлеңдерін жатқа оқумен айналысатын. 
Дәстүр бойынша сұлтанның балаларына бірнеше шығыс тілдерін үйрену, яғни «жеті 
жұрттың тілін білу» міндет болатын. Бұл дәстүр ол кезде әлі сақталып тұрды, сондықтан 
Шоқан, мұрағат материалдарынан аңғарылғандай, шығыс тілдерімен айналысып, әуелі 
араб жазуын, кейіннен ұйғыр жазуын да жақсы меңгерді. 
Шоқанның бала кезінде құмартқан өнерінің бірі сурет салу еді. Бұл өнерді ол Құсмұрын 
бекінісіндегі Уәлихановтардың үйінде ұзақ уақыт тұрған орыстың суретші-топогрофтары 
мен геодезистерінен үйренді. Оның үстіне Уәлихановтардың ауылында жиі қонақ болып 
жүрген орыс ғалымдары, инженерлер мен білімді офицерлер қабілетті баланы өнер мен 
әдебиетке құштарландыра түсті. 
Жас Шоқанға сұңқармен аң аулау үлкен ләззат сыйлады. Шоқан далада ұзақ жүретін. Оны 
шексіз де шетсіз кең дала, жасыл орман, өзен алқабының тоғайлары мен биік жартастар 
өзіне тартты, ол туған елінің сұлу табиғатынан ләззат алатын. Осындай саяхаттар 
Шоқанды туған өлкесімен етене етті. Бала кезінде-ақ ол Ақмола мен Баянауыл жерлерін 
аралап, Баянауыл тауының маңындағы нағашыларына жиі қонақ боп жүрді. Бұл 
сапарларынан алған әсерлер көпке дейін Ш. Уәлихановтың есінен кетпеді. Кадет 
корпусының тәрбиеленушісі бола жүріп ол досы Г. Н. Потанинге сол жерлер жайлы 
естеліктерді әңгімелеп беретін. 
Шоқан Уәлиханов ерте жастан қазақтың халық поэзиясына қатты құмартып, оның 
классикалық үлгілерін жазып алып, ата-анасына оқып беріп жүрді. Бала кездің өзінде-ақ 
ол «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» және «Еркөкше» халық поэмаларының түрлі үлгілерін 
жазып алып, кейін оларды ұстазы Н. Ф. Костылецкийге табыс етті. 
Оның отбасында жиі қонақ болатын қазақ әншілері мен жыршылары Шоқанның халық 
поэзиясына деген қызығушылығын оятуға көп әсер етті. 
Шоқан шығыстың басқа да халықтарының поэзиясымен шұғылданды. Ауылда жүрген 
кезінің өзінде ол шығыс әдебиеті классиктерінің өлеңдерін оқудан бас көтерген емес. 
Шоқан өзі жазғандай, шығыс поэзиясына деген сүйіспеншілігін өмір бойы сақтап қалды. 
«Шоқан ақынжанды және шығыстық кейіптегі адам еді, - деп жазды Шоқанның жақын 
достарының бірі, белгілі публицист Н. М. Ядринцев*16, - оған араб өлеңдері қатты 
ұнайтын және ол ұстазы Костылецкиймен бірге сол өлеңдермен масаттанып отыратын». 
2. Шоқан Уәлихановтың ғылыми және ағартушылық қызметі, әсіресе, XIX ғ. 50-ші 
жылдардың аяғы мен 60-шы жылдардың бас кезінде жандана түсті. 
1858-1859 жылдары ол өзін батыл саяхатшы ретінде даңққа бөлеген белгілі Қашғарға 
саяхатын жасады. Еуропаға беймәлім дерлік бұл елдің географиясымен, тарихымен және 
саяси жағдайымен, мәдениет ерекшелігімен танысып, Ш. Уәлиханов Шығыс Түркістанды 
зерттеуге үлкен үлес қосты. Ертеден қалыптасқан Қашғариядағы тәртіп бойынша бұл ел 


еуропалықтар үшін жабық еді. Шоқаннан бір жыл бұрын Қашғарияға барған белгілі 
географ Адольф Шлагинтвейттің басын қожа Уәлихан төре алады. Тағдыры бүкіл ғылыми 
қауымды толқытқан ғалымның қайғылы қазасы жайлы анық хабарды алғаш Шоқан алып 
келеді. «Шоқан Уәлиханов бүкіл Алтышардың жағдайы туралы құнды материалдар жинап 
үлгерді, - деп жазды П. П. Семенов Тянь- Шаньский және сонымен қатар Ад. 
Шлагинтвейттің қазасының себептері мен қандай жағдайда болғанын бірінші рет анықтап 
білді». 
Қашғарға бару өте қауіпті еді. Ол кезде бүкіл Шығыс Түркістанды наразы болған 
жергілікті халықтардың (ұйғыр, дұнған, қырғыз және т. б.) көтерілісі алып тұрған 
болатын. 
Шоқанның Қашғар сапарына негізінен ұйтқы болғандар орыстың тамаша ғалымдары Е. П. 
Ковалевский мен П. П. Семенов Тянь Шанский еді. Бұған Шоқан Уәлихановтың Шығыс 
Түркістанды зерттеуге деген ыстық ықыласы қосылды. 
Ш. Уәлихановтың озық ағартушылық ойлары оның Орта азиялық хандығы туралы 
жазғандарында жақсы көрініс тапқан. Орта Азия халықтарының феодалдық хандар мен 
бектерінің езуінен жапа шегіп жатқан өмірін жақсы білгендіктен, ол өзінің еңбектерінде 
феодалдық құрылыс пен деспотизмді сынап, сол аймақтың артта қалғандығын өкінішпен: 
«Ежелгі Шығыстың ең бай және білімді елі - Мәуренахрда, қазір қараңғылық пен 
кедейшілік жайлап кеткен» дейді. Діни білімнен басқа білімді мойындамай, Самарқанд, 
Ташкент, Ферғана..., Хиуа, Бұхара және басқа жерлерде... Самарқандтағы обсерватория 
татарлардың аяусыз қолымен жасалған вандализмі мен бұқара инквизициясынан орнына 
келместей болып қирады*145. Ш. Уәлиханов Орта Азия мен Қазақстан халықтарының 
консервативті өмір сүру формаларына белсенді түрде қарсы шығып, осы артта қалушылық 
пен дағдарысты тудыратын қоғамдық құрылыстың кеселдерін сынады... 
Ұлы қазақ ғалымы, ағартушы, Ш. Уәлихановтың туған халқының білім алып, 
мәдениетінің өрлеуі, деспотизм мен зорлық-зомбылықтан құтылып, бақытты да азат өмір 
сүруі жайлы ой-армандары ол дүниеден өткеннен соң көп жылдардан кейін ғана жүзеге 
асты... Шоқан Уәлихановтың құрметіне Көкшетау облысында аудан, Талдықорған және 
Көкшетау облыстарында бірнеше ауылдар аталып, Көкшетаудағы педагогикалық 
институт пен Алматыдағы Тарих, археология және этнография институты, №68 орта 
мектеп пен көше аты ғалымның есімімен аталады. Алматы мен Көкшетау қалаларында Ш. 
Уәлихановқа орнатылған ескерткіш бар. Шоқан бейітінің басында (Талдықорған облысы, 
Алтынемел асуы) обелиск және мемориалды кешен тұрғызылған. Уәлихановтың 
құрметіне қоғамдық, география ғылымдары салаларында жеткен табыстар үшін ҚазССР 
ҒА сыйлығы және көркем өнер мен сәулет өнері саласындағы жетістіктер үшін 
Мемлекеттік сыйлық тағайындалды. Іле Алатауының солтүстік баурайында орта Талғар 
бастауында Уәлихановтың құрметіне шың бар. Омбы қаласындағы Шоқан оқыған 
бұрынғы Кадет корпусының ғимаратына ескерткіш тақта қойылған. Соңғы ширек ғасырда 
ұлы ағартушының мерейтойы жалпыхалықтық деңгейде екі рет (1959, 1985) аталып өтіп, 
оның таңдамалы шығармалары басылды (1961-1972, 1984-1985 жылдар). Жазушылар Г. 
Марков, С. Мұқанов Шоқан туралы роман жазса, И. Стрелкова «Жизнь замечательных 
людей» атты серия бойынша «Ч. Валиханов» атты кітап шығарды... 
2. Осында Шоқан Оңтүстік Сібір, Байкал, Алтайды, Орал,, Еділ, Каспий, алабын 
зерттенген П.С.Палластың «Саяхаты», Орал, Еділ, Каспий халықтарының тарихы мен 
ътногр. Жазған П.И.Рычковтың күнделігі сияқты сирек кездесетін көне қолжазбалармен 
танысып, оларды қызыға оқыды. Сол кездегі озық ойлы, алдыңғы қатарлы адамдармен 
қарым-қатынас жасады.Эскандрондағы оқу барысында кейіннен Азияны зерттеуші, 
белгілі географ ғалым болған Г.Н.Потанинмен достасты. Шығысты зерттеуші 
С.Сотниковпен, сурет мұғалімі А.Померанцевпен, білімді офицер К.К.Гутковскиймен, 
орыс әдебиетінің оқытушысы, ориенталист Н.Ф.Костылецкиймен, мәдениет таихынан 


сабақ берген айдаудағы ғалым Гонсевскиймен, әдебиетші В.П.Лободосвскиймен 
(Н.Г.Чернышевскийдің досы, идеялас әріптесі) ғалым И.Н.Березинмен араласып тұрды. 
Березиннің (Қадырғали Қосынұлы Жалаиридің шығармасы «Жами ат-тауарих») 
аудармасына талдау жасады. Бұл оның алғашқы ғылыми жұмысы болды. Полицияның 
қатаң бақылауында болған атақты жазушы Ф.М.Достоевскиймен, оның досы, патша 
өкіметіне қарсы күресуші С.Ф.Дуровпен танысты. 1853 ж.кадет корпусын бітірген Шоқан 
Сібір қазақ-орыс әскерлеріне қызметке жіберіледі. Онда оның ерекше қабілетін байқаған 
Бат. Сібір генерал-губернаторы Г.Х.Гасфорттың Омбыдан Іле Алатауына дейінгі 
сапарында қасында болды. «…Қырғыздардың тілі мен әдет-ғұрыптарын жете білетінін 
корнет сұлтан Уәлиханов,әскери қызмет ете бастағанына 2 жыл өтпей жатып мені даламен 
алып жүргенде үлкен пайдасы тиді… мен Уәлихановты жоғары дәрежелі наградаға 
ұсынуды қажет деп санаймын, оның үстіне ол қырғыздар арасында да ерекше сыйлы 
екен»,-деп жазды генерал-губернатор Г.Х.Гасфорт. 1855ж. К.К.Гутковскийдің 
экспедициясымен Капалда болып, қазақтың ауыз әдебиетінің үлгілерін жинады. 1856 
жылдың көктемінде Семенов Тян-Шанскиймен танысты. Бұл кездесуде Семенов Тян-
Шанский болашақ Шығыс зерттеушісіне бағыт беріп, оның ғылыми жұмыстарына ықпал 
жасады. Осы жылы Шоқан 2 экспедицияға ( бірі Алакөлден Орт. Тянь-Шаньмен 
Ыстықкөлге;екіншісі дипломатиялық тапсырмамен Құлжаға) қатысты. 1857 жылы Іле 
Алатауы қырғыздарына тағы да сапарға шығып, көшпелі халық арасында болғанда 
олардың өмірі мен әдет-ғұрпын, тарихын, этногр. Мен ауыз әдебиетін терең зерттеді. Осы 
жолы ол қырғыз халқының эпосы «Манасты» жазып алды. Көрші халықтардың тарихын 
зерттеу Уәлихановқа өз халқының көне және орта ғасырлық тарихындағы көмескі 
жәйлерді анықтауға көмектесті. Ол Қазақтың оңтүстік аймақтарымен тығыз байланысты 
болған Қоқан хандығының экономикалық-саяси және әлеуметтік құрылысын жан-жақты 
зерттеп, ол жайлы «Қоқан хандығы туралы жазба» деген белгілі еңбегін қалдырды. 
Алғашқы экспедиция кезінде Жетісу, Ыстықкөл аймағының фаунасын, осы өңінлерден 
табылған көне қалалардың қалдығын, эпиграфикалар мен балбал тастарды зерттеді. 
Ыстыкөлдің картасын жасауға қатысты. Осында жинаған материалдарын терең талдап, 
қорыту арқылы «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс 
провинциясы мен Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» дейтін тарихи-
этнографиялық шығармалар жазды. «Современник», «Русское слово», «Эпоха», 
«Отечественные записки», «Время» т.б. да әдеби-көркем және қоғамдық-саяси 
журналдарды оқу Уәлихановқадемокр. Көзқарасын айқындай түсуіне септігін тигізді. 
Уәлиханов осында жүріп бірнеше мекемелерде-бас штабтың әскери есеп комитетінде, 
Азия департаменті мен География қоғамында қатар жұмыс істеді. Орта Азия мен Шығ. 
Түркістанның картасын, « Балқашкөлі мен Алатау жотасы аралығының картасын», «Іле 
сырты өлкесі батыс бөлігінің рекогносцировкасын», «Құлжа қаласының жобасын», 
«Ыстықкөл экспедициясының қортындысына қосымша картаны», «Қытай империясы 
батыс өлкесінің картасын» жасауға, К.Риттердің еңбектерін басппға әзіплеуге ат салысты, 
энциклопедиялық басылымдарға қатысуға (мұнда алғаш рет оның «Абылай» деп аталатын 
белгілі мақаласы жарияланды), шығ.қолжазбаларын зерттеуге, Орыс география қоғамында 
Шығыс тарихы бойынша лекциялар оқуға уақыт бөлді. Белгілі қоғам қайраткері Н.М. 
Ядринцев: «Петербургте мен Шоқан Уәлихановпен даңқы дүрілдеп тұрған офицер кезінде 
кездестім…, мен оны көне шығыс қолжазба, қатарларымен жұмыс үстінде көріп жүрдім»,- 
деп есіне алды. Петербургтің дымқыл ауа-райы Уәлихановтың денсаулығына кері әсер 
етті, оның өкпе ауруына ушықтырды. 1861 жылдың көктемінде науқасы меңдей түсті. 
Нева жағаулауларын тастап, туған жерге оралып, қымызбен емделу қажет болды.Омбыға 
көшіп келген соң Шоқан үкіметтің дала халқын басқару жөніндегі іс-
шараларынаараласып, бірқатар практикалық ұсыныстар енгізді. Ол өзінің негізгі ойларын 
енгізді. Ол өзінің негізгі ойларын үкімет атына жазылған «Даладағы мұсылмандық 
туралы», «Көшпелі қырғыздар туралы», «Сот реформасы туралы жазба» деп аталатын 
бірқатар еңбектерінде білдірді. 1864 Қоқан хандығының езгісіндегі Оңт.Қазақстанның 


территориясын Россияға қосуды мақсат еткен М.Г.Черняевтің экспедициясынам 
қатысты.Оның 1864 жылдың оқиғаларынан бұрын жазылып, аяқталмай қалған «Қоқан 
хандығы туралы жазба» деген еңбегінде осы жайлы айтылатын. Экспедиция 
Уәлихановтың қатысуымен қазақ далсына қоқандықтар салған бірнеше бекініс орындарын 
Әулиеатаны алды. Шоқан бас командованиеде штабс- ротмистер шнінде тілмаш болып 
қызмет атқарып, орыс өкіметі мен жергілікті халық арасында достық қарым-қатынастың 
орнауына, қазақтар мен қырғыздар арасындағы жайылымға байланысты тартыс- таластың 
әділ шешілуіне ықпал етті. Бұл қызметте ұзақ уақыт істеген жоқ, М.Г.Черняевтің қан 
құйлы қаталдығына байланысты 1864 жылдың жазында отрядты тастап, Верныйға, кейін 
аға сұлтан Тезек төренің ауылына барды. Ол 1865 жылдың апрелінде Алтынемел 
жотасының етегінде Көшентоған деген жердегі Тезек ауылында қайтыс болады. Өзінің 
қысқа ғана өмірінде артына қалдырған ғылыми еңбектері Уәлихановты Россияның 
көрнекті ағартушы- демократтарымен бір қатарға қояды. Оның еңбектері қазақ пен орыс 
халықтарының достығын нығайтуда маңызды роль атқарды. 3. Шокан әдебиетші – ғалым 
Шокан Шыңғысұлы Уалиханов – заманының жан –жакты білімдар ғалымы , ізденімпаз 
саяхатшысы болумен бірге , туған елінің әдебиеті мен мідениетінің тарихын тұңғыш 
зерттеушісі де . Ол қазақ халықтары туралы демократтар дәстүрінде елеулі еңбектер 
жазып қалдырған . Шоқан еңбектерінің қазақ елін , мәдениетін орыс жұрытшылығына 
танытушы ретінде де маңызы зор.Қазақтың мәдениетімен орыс жұртшылығын таныстыра 
түсу арқылы ол қазақты «мәдениетсіз, тағы халық» деп менсінбеушілікке наразылық 
білдірді . Қазақтың ертеден келе жатқан халықтық мідениеті мен әдебиеті бар екенін 
дәлелдеуге күш салды. Шоқанның әдеби зерттеу еңбектері көлемі жағынан шағын, олар 
хат, мақала, очерк түрінде жазылған. Оның әдеби зерттеу еңбектерін үш топқа бөлуге 
болады. Олар : а ) қазақ әдебиеті тарихының мәселері,ақындар,олардың шығармалары 
туралы мәлімет: ә) қырғыз бен қазақ халықтарының ауыз әдебиеті туралы зерттеулер: б) 
қазақ пен қырғыз поэзиясының түрлері туралы теориялық зерттеулер . Шоқанның 
жинаушылық еңбегі де ерекше ескерерлік. Ол – халық жырларын , аңыз- әңгімелері мен 
ертегілерін жиып ,пікір айтқан талантты фольклорист . Олар, әсіресе, « Абылай мен оның 
батырлары туралы аңыз « , «Өлі мен тірі « , «Феодалдық кезеңнің кейбір батырлары 
туралы « , тағы басқалар . Осыған қоса, оның жеке ақындар туралы пікірлері де елеулі . 
Оның ішінде Жанақ,Түбек ,Орынбай,Шөже ақындар туралы және ақындық пен өлең 
туралы айтқан пікірлері маңызды. Әдебиет тарихы туралы да Шоқан түсінігі өте терең. 
Оның ойынша, қазақ халқының өзіне тән әріден келе жатқан мәдениеті бар және басқа 
халықтар сияқты, оның да әдеби қабілеті ерте оянған.
Қазақ өлеңдерінің тіл көркемдігі туралы да пікір айтқан Шоқан оны түрік, араб 
тілдеріндегі өлеңдермен салыстыра отырып , біріне –бірінің ұқсас жерін де, артық жағын 
да айқындауға тырысады. «Түрік тілдерінің ішіндегі ең тамашасы-қазақ өлеңдерінің 
нақышы деуге болады. Онда араб тіліндегідей жасанды,бояма сөздер жоқ,бұлтаза тіл», -
деп ой түйеді ол. Шоқан әр халықтың әдебиетіне оның қоғамдық, әлеуметтік өмірімен 
тығыз байланыста қарайды. Әсіресе оның қазақ поэзиясының халықтық сипаттары жайлы 
ойлары қызғылықты.Поэзияның халықтың рухани серігі болып келгендігін айта отырып, 
ол: Бұл халықтың ертеден өзіне тән тұрмысында есте қалдырмаған бірде-бір тамаша 
адамы жоқ деуге болады. Олардың бірін суырыпсалма ақындар не жыршылар жыр етсе, 
екінші біреулерінің атын кейінгі ұрпақ естерінде ұмтылмастай етіп белгілі бір сыбызғышы 
не қобызшы музиканттар тастап кеткен» ,- деп жазды. «Оңтүстік Сібір руларының тарихы 
туралы ескертпелер» атты еңбегінде ол халық аңыздары мен ертегілерінің негізін де 
өмірмен ,шындықпен байланыстырады. «Егер Гомердің поэзиялық аңыздарынан , 
Геродоттың ел аузынан жинаған ертегілерінен аздап болса да тарихтық қасиет тапсақ, 
егер өмірді қаншама бұрмалап баяндағанмен, әрбір ер тегінің негізінде шындық жатады 
десек, қазақтардың бір-біріне жалғасып жататын аңыздарында, өмір бейнесінде, қазіргі 
әдет-ғұрпында бұрынғы ата-бабаларының тарихи мәні бар оқиғалары жататынына 
күмәнданбауымыз керек»,- деп жазады ол. Шоқан әдеби жырларды жинағанда, көбіне 


тарихи адамдардың атымен байланысты ,тарихи негізі бар әңгіме жырларға көбірек көңіл 
бөлді. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов тың қазақ әдебиеті тарихында алатын орны ерекше. 
Ол қазақ әдебиетіне демократтық, ағартушылық, әлеуметтік озық идея енгізуші, оның 
дамуы үшін айрықша еңбек еткен жан- жақты білімді әдебиетші. 
4. Шоқанның ғылымға қызығушылығын қалыптастыруда, жоғарыда айтқанымыздай, 
әкесінің алдыңғы қатарлы орыс зиялы қауым өкілдерімен байланыста болуы көп әсер етті. 
Шыңғыстың ауылында академик А. И. Шренк, Сібір қазақтарының облыстық 
басқармасында қызмет істеген декабристер С. М. Семенов, В. И. Штейнгель, Н. В. 
Басаргин, Қазан университетінің студенттері С. Сотников, Н. Ф. Костылецкий, Т. 
Сейфуллин сияқты көптеген жоғары білімді адамдар болды*17. 
Қазақстанды зерттеп жүрген орыс ғалымдары үшін түрлі материалдар жинап, оларды 
дайындауға Шыңғыс кейде баласын да қатыстырып отырды. 
Шыңғысқа қазақтың халық поэзиясы мен ертегілерінің, аңыз-әңгі-мелерінің нұсқаларын 
жинау жөнінде декабрист В. И. Штейнгельдің сол уақытта Шекаралық комиссияның 
бастығы полковник М. В. Ла-дыженскийдің атынан жазған хаты бүгінге дейін жеткен. 
Шыңғыс М. В. Ладыженскийдің өтінішін орындай отырып, үйіне үздік ақындар мен 
жыршыларды талай рет шақырып, Шоқанның көмегімен қазақтың әндері мен аңыздарын 
жаздырып алып, оларды одан соң Омбыға жіберіп отырған. Шоқанның білмекке 
құштарлығы барған сайын күшейе түсті. Ол үлкен қалада оқуды армандайды. Шыңғыс 
баласын жақсы білім алатын оқу орнына бергісі келеді. 
1847 жылдың күзінде әкесі 12 жасар Шоқанды Омбыға оқуға әкелді. Шыңғыстың орыс 
достары оған баласын Сібірдің сол кездегі ең жақсы оқу орны деп саналған Сібір кадет 
корпусына оқуға түсіруге көмектесті. 
Үлкен қала, байтақ өлкенің орталығы ауылдан жаңа келген қабілетті балаға күшті әсер 
етеді. Шоқан үлкен сүйіспеншілікпен Омбының көріністерін қарындашпен сала бастады. 
«Орыстың қаласы баланы таңқалдырып, ол қарындашпен қала көріністерінің бірін 
салды», - деп еске алады Г. Н. Потанин. 
Шоқанның кадет корпусындағы оқу жылдары - бұл николаев реакциясының жылдары 
және сонымен қатар феодалдық-басыбайлық құрылысқа қарсы қоғамдық-саяси күрестің 
күшейген жылдары. Ресей бұл кезде зор тарихи оқиғалардың қарсаңында тұрған болатын. 
Патшалық құрылысқа қарсы азаттық күрестің жаңғырығы, петрашевскийшілдер жайлы 
хабарлар самодержавиеге қарсы күреске шақырған В. Г. Белин-скийдің Н. В. Гогольге 
жазған хаты елдің шалғай аймақтарына да жетіп жатқанды. 
Белинский мен Герценнің алдыңғы қатарлы революциялық-демократиялық идеялары бү-
кіл Ресейге белгілі болды, орыс қоғамының маңдайалды өкілдерінің ақыл-ойына 
өзгерістер енгізді, азаттық қозғалысының дамуына барынша ықпалын тигізді. В. Г. 
Белинский мен А. И. Герценнің идеялары Сібір мен қияндағы Қазақстанға, сол кезде 
Шоқан Уәлиханов оқып жүрген Сібір кадет корпусына да жетеді. 
Сібір кадет корпусы 1845 жылы Сібір шептік казактарының әскери училищесі негізінде 
құрылып, сол кездегі ең жақсы оқу орын-дарының бірі деп саналды. Декабрист И. За-
валишиннің берген бағасы бойынша ол «оқу-ағарту мен патриотизмнің ордасы болды». Н. 
Г. Чернышевскийдің досы, корпуста дәріс берген В. П. Лободовский Сібір кадет корпусын 
«әскери және жалпы білім берудің алғашқы ордасы» деген еді. Бұл оқу орнының мәдени 
маңызын дәл бағалау өте қиын. Аса көрнекті қоғам және әскери қайраткерлер, ғалымдар 
мен публицистер осында тәрбиеленіп шықты. Олардың кейбірі өздерінің географиялық 
және ғылыми жаңалықтарымен әйгілі болды. Сібірді жетік білетін, кейіннен ағартушы 
ғалым, Сібірдегі тұңғыш жекеменшік баспа органы «Амур» газетін шығарушы әрі 


редактор болған В. И. Вагин осы корпуста оқыды. Ол өзінің корпустағы оқуы жайлы 
қызықты естеліктер қалдырды. 
Омбы кадет корпусында кейіннен аса көрнек-ті саяхатшы және Сібір, Қазақстан, 
Моңғолия мен Орталық Азияны зерттеуші Г. Н. Пота-нин оқыды. Сібір кадет корпусымен 
XIX ғасырдағы алдыңғы қатарлы орыс қоғамдық ойшылдарының көрнекті өкілдерінің 
бірі, Қазақстан мен Сібір халықтарын зерттеуші, публицист Н. М. Ядринцевтің есімі де 
байланысты. Сібір кадет корпусының аса көрнекті түлектерінің қатарына Шоқан 
Уәлиханов пен Г. Н. Потаниннің досы, кейіннен атақты ғалым-статист және публицист 
болған Н. Ф. Анненский де жатады. Корпустағы оқу оның көптеген шәкірттеріне, соның 
ішінде Шоқан Уәлихановқа үлкен игі ықпал етті. 
Кадет корпусы жан-жақты және терең жалпы білім беретін оқу орны болды. Корпустың 
оқу бағдарламасында әскери пәндермен бірге жалпы география, Ресей географиясы, 
жалпы тарих пен Ресей тарихы, орыс және батыс еуропа әдебиеті, философия негіздері, 
ботаника, зоология, физика, математика, геодезия, архитектураның басты негізіндегі 
құрылыс өнері және жаратылыс тарихының жалпы түсініктері, сонымен қатар сызу мен 
сурет сабағы, каллиграфия жүргізіліп, орыс, француз және неміс тілдері оқытылды. Оған 
қоса корпуста шығыс тілдерінің арнайы сыныбы да бар еді*20. Бұл сыныпта түрік, 
моңғол, араб, парсы тілдері оқытылды. 
Кадет корпусы сегізжылдық оқу орны еді. Онда екі даярлау сыныбы, бес негізгі және 
алтыншы - арнаулы сынып болды. Соңғы сыныпта әскери ғылымдар (тактика, артиллерия, 
далалық фортификация) және ауылшаруашылық ғылымының негіздері оқытылды*21. 
Даярлау сыныптарында шәкірттер орыс тілі мен арифметика және сурет сабақтарын 
оқыды. Негізгі сыныптарда шет тілдері, оған қоса шығыс тілдері: қазақ, татар, шағатай 
тілдері де оқып-үйретілді. Бұл тілдерді үйрету сабақтары мәтін оқу, сөз жаттау, өлеңдер 
мен аңыз-ертегілерді мәнерлеп оқуға жаттықтыру тәсілдерінен тұрды. Оқу бағдарламасын 
аяқтағанда шәкірттер бұл тілдерді тәуір игеріп, еркін сөйлеп, түсінісе алатын. 
Азия елдерін (Қытай, Үндістан, Ауғанстан, Иран) зерттеуге үлкен маңыз берілді. Мұнда 
Азия халықтары, олардың шығу тарихы, діндері, тұрмыс-салты; Қытай империясы, оның 
жері, құрылымы мен басқарылуы; Қытай билігіндегі және оның қанаты астындағы 
жерлер, Тұранның географиялық және саяси тұрғыдан бөлінуі; Бұқара, Қоқан, Хиуа мен 
Құндыз хандықтары; Шығыс Үндістан мен Арабия мемлекеттері қаралды. 
Ресей империясының географиясы жөніндегі оқу бағдарламасы да кең көлемді болды. Ол 
экономикалық география, статистика бағдарында оқып үйретілді және Ресейдің өнеркәсібі 
мен ауылшаруашылығы мәселелерін қамтыды. 
Қазақстан географиясына зор көңіл бөлінді, алайда, оның табиғи байлықтарын зерттеп, 
игеру мақсатында емес, әскери-стратегиялық тұрғыда қаралды. Онда «Қырғыз даласының 
шекаралары, жері, жер сипаты, өзендер мен көлдер; судың ерекшеліктері, қатынас 
жолдары, керуендер жүретін тау жолдары; шүйгін алқаптар, ауа райы және табиғи байлық 
мәселелері оқытылды. Қырғыздардың саны, тегі, тілі мен діні, бодандықтың басталуы, 
хандық өкімет билігінің жойылу кезеңі, Бөкей ордасының пайда болуы; сол кездегі 
ордалардың саны және географиялық орналасуы; Бөкей, Орынбор, Сібір қырғыздарын 
басқару және соңғыларының ішкі құрылымы; Ресейдің Ұлы жүзді қарауына алуы; Қырғыз 
даласындағы бекініс орындары және тамаша станицалар 
Абай туралы пікірлер, оның ішінде Абай ортасы, Абай шәкірттері тақырыбындағы мәселе 
төңкерістен кейін кеңірек сөз бола бастағаны белгілі. 1918 жылы «Абайдың өмірі мен һәм 
қызметі» деген мақалада (мақала авторлары Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов) 
Абай дәстүрі, оның тікелей мұрагерлері турасында былай делінген: «Бұл күнде жұрт 
Абайдың сөзімен пайдаланып, айтқанын ала қоймағандық – көптің қараңғы, 


надандығынан. Бірақ Абайдың соңынан ерген, сөздері әсер берген кісілер жоқ деуге тағы 
болмайды», - деген емеурінінде Абай мектебі, Абай шәкірттері деп аталатын арналы 
тақырыптың көктеп келе жатқан түйнегі бар. 
Ж.Аймауытов пен М.Әуезовтің «Екеу» деген бүркеншік атпен жазған «Абайдан соңғы 
ақындар» деген екінші мақаласы шын мәнінде Абайдың дәстүрі, Абай мектебі 
тақырыбына арнайы жазылған тырнақалды мақала болып саналмақ. Қазақ әдебиетінің 
даму кезеңдері, қазақ поэзиясының теориялық, түрлік, көркемдік ерекшеліктерін талдауға 
ұмтылыс жасаған ғылыми мәнділігімен қоса, Абайдың өзінен кейінгі ақындарға әсері 
туралы мәселені де алғаш көтерген еңбек. 
«Абайдан соңғы ақындар» - зерттеушілердің назарына кейінгі тәуелсіздік жылдары ғана 
ілінді десек қателеспейміз. Ғалым Т.Жұртбай бұл мақалаға жан-жақты ғылыми 
түсінік берген. 
Жаңа тебіндеген Абай ортасы оның ішінде Абай төңірегіндегі ақындар тақырыбы бұдан 
былай сара жолға түсіп, қанаты кеңейе берді. Абай ортасы сияқты әйдік әлемнің бір 
саласы ақынның өзгеге берген нәрі, яғни, ұстаз – Абайдың қарекетін айқындайтын Абай 
мектебі деген тақырыпқа баса назар аударылып, ақынның өмірі мен шығармашылығына 
тоқталғанда осы бір мәнді сала бөлініп атала басталды. 
Жалпы «Абай» журналында Абайдың кейінгі ақындарға әсері деген мәселе күн тәртібінен 
түскен жоқ. Журналды шығарушы Ж.Аймауытов пен М.Әуезов болса, «Журнал туралы» 
деген беташар мақаласында Ж.Аймауытов: «Абай жалғыз ғана ақын (литератор) болды 
деуге болмайды. Әдебиетімізге де негіз салған Абай, адамшылық, тәрбие, ғылым, 
өнеркәсіп деген сөздерді терең ойлап, тексерген де Абай… Абайды қай жөннен болсын 
ұстаз қылып, бетке ұстап, жастар шәкірт болып, соңынан жүруге талаптанғандығын 
көрсетеді. Қазақта қашаннан білгіштің соңынан ергіштік береке бар. Оқыған 
зиялыларымыз да, оқымаған саңылаулы адамдарымыз да Абайды үлгі қылмайтыны жоқ» - 
деп /4,4/ Абай – ұстаз деген ұғымды әдебиетке алғаш енгізді. 
Өткен ғасырдың отызыншы жылдарында Абайдың өз басына шүйілген сын ақырын 
сырғып абайтану саласының социалистік танымға тар келетін Абайдың әдеби айналасы 
деген тықырыптың алқымынан ала бастады. Алдымен Абайды тұқыртуға белсене кіріскен 
саяси науқан көзі тірісінде ұлттың символына айналып үлгерген кемеңгер ақынның 
сөзінен мін таппай дағдарды. Бар тапқан кемшілік «Абай байдың баласы, сондықтан да ол 
байшыл ақын» деген байбаламдары ақынды тұғырдан түсіре алған жоқ. Абайға тісі 
батпаған кеңестік сын оны басқа ақындардан бөле-жара ерекшелендіріп, дараландырып 
тұрған ақындық мектебіне қол сұқты. «Қасына шәкірт жинап, ақындық мектеп 
қалыптастыру сияқты әлем әдебиетін айналса таптырмаған үрдіс, қазақ сияқты қараңғы 
елдің ақынына қайдан біткен өнер»,- деген сипаттағы астамшыл шовинистік пікірлердің 
негізінде Абай мектебіне деген шабуыл тұтанып, ұлтшылдықтың желеуімен абайтанудың 
осы бір арналы саласы қатты жазалана бастады. 
Абайтану ұғымы енді қанаттана бастаған сонау отызыншы жылдары Абайды таптық 
тұрғыдан бағалау басты міндет болып саналып, көшбасшысы С.Мұқанов (Қара тақтаға 
жазылып жүрмеңдер шешендер // Еңбекші қазақ. 1923. 1 наурыз, «Әркім өзінше 
ойлайды». Жаңа әдебиет. 1928.№3) болып, І.Қабылов (Философия казахского поэта Абая 
и ее критика // Советская степь. 1928. 2 август., Тағы да Абай және абайшылдар туралы // 
Еңбекші қазақ. 1929. 20 қараша), Артурини (Заметка о национальной литературе // Новый 
восток. 1928. №23-24) дегендер дауды үрлеп, өршітіп жіберді. Кейінгі автор Абай жолын 
дамытушылар – Ахмет, Міржақып, Шәкәрім тағы басқа ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің 
ірі өкілдері - ұлтшыл, панисламшыл деген мәселені көтерді. Бұл енді тебіндеп келе жатқан 
1950 жылдары қатты сынға ұшыраған Абай шәкірттері деген ұғымның қабырғасын сөгіп 
жіберетін нойыс көзқарастың басы еді... 


 Бір сөзбен айтқанда, 20-30 жылдары Абай таптық тұрғыда танылып, шығармалары 
біржақты талданды. 
Осы жылдары сол кездегі жаттанды ой, социалистік қалыпқа түскен көзқарастардан ада, 
Абай мен оның дәуірін қосақабат қарастырып, көкейкесті пікір түзген М.Әуезов пен 
Қ.Жұбановтың мақалалары болды. М.Әуезов 1933 жылы Абайдың тұңғыш өмірбаянында 
ақынның әдеби ортасы алғаш рет кең көлемде сөз болады. Кеңестік танымның таразысына 
тартылып, түзетулер мен қысқартулар көрген мақаланың әуел бастағы (1933 жылғы) 
қалпында Әуезов сөзді әріден Ырғызбай, Өскенбайлардан бастап, Абайға тікелей әсер 
еткен әкесі Құнанбай туралы кеңірек мағлұмат берген. Құнанбайдың ел ішіндегі іс-
қимылдарына, мінезіне, кейінгіге қалған қанатты сөзіне жіті мән берген Әуезовтің: «Бұл 
сөздің басын Абайдың жайы деп алып, Құнанбай жайлы көп танытып айтып кетсек, солай 
болуына себеп болып отырған да осы міндетті көп ойланғандық. Өйткені Құнанбайдың 
кім болғанын білмесек, Абайдың кім екенін білу де қиын», - деген пікірі, көп жылдар өтіп, 
еліміз тәуелсіздік алғаннан соң ғана абайтану ғылымының құнды бір қанатты сөзіне 
айналды. «Абайдың туысы мен өмірі» мақаласы - Әуезовтің көп жылдар ізденіп, деректер 
жинап барып, Абайды тек ақындық жағынан ғана емес, өз өскен ортасынан озып туған 
біртуар тұлға ретінде толық танытқан ғылыми көзқарастарының жиынтығы. 
Тек Құнанбай ғана емес, Абайға әсер еткен орта, ақынға ең жақын рухани айналасы - 
оның қу тілді нағашы жұрты, Ұлжан аналар болса, ел ішіндегі Қаратай шешен, 
Шорманның Мұсасы сияқтылармен сөз жарыстырып, топқа түскен шақтары Абайдың өсу 
жолындағы мәнді бір кезеңі ретінде сөз болады Әуезовтің аталмыш мақаласында. Алғаш 
рет Мұхтар Әуезов Абайдың ұстаздық қырын ғылыми айналымға енгізеді: «...Осы жылдан 
бастап Абайдың білімі мен өсиетіне құмар болған, ел ішінің көзі ашық жастарына 
Абайдың ауылы Үлкен білгіштіктің медресесі сияқты болды. Абай ұстаз да, сөз ұғатын 
ынталы талапты жастардың бәрі – шәкірт. Абай іні, бала, ағайындарына мағыналы 
тәрбиеші бола бастайды», - дейді /5,36/. Ең алғаш рет Абай мектебі, Абай шәкірттері деген 
ұғымдарды қолданған Әуезов, Абайдың төңірегіндегі ізбасарлары Көкбай, Шәкәрім, 
Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл, Әсет, Әріп, Уәйістер туралы қысқа да болса деректер 
ұсынып, олардың Абаймен байланысын шын мәніндегі ұстаз бен шәкірт арасындағы 
құбылыс ретінде қарастыруы – қазақ әдебиетіне Абайдың ақындық мектебі, ақын 
шәкірттері деген ұғымды әкелді. 
Демек, Абай ортасы, оның ауқымына енетін Абай мектебі, ізбасар шәкірттері деген ұғым 
Әуезов арқылы 1930 жылдары әдебиеттен мықтап орын алды. 
Абай шәкірттері мен Әуезов арасындағы байланыс әріден басталады. Шәкәрім, Көкбай, 
Тұрағұл, Кәкітайлармен таныс-біліс қана емес, аса жақын сырлас болған Әуезов Абай 
тақырыбына дәл осы адамдар арқылы келді десек қателеспейміз. Жалпы Абай шәкірттері 
және М.Әуезов деген тақырып М.Мырзахметұлының тарапынан зерттеу нысанына 
алынды дегенімізбен, әсіресе жаңаша көзқарастар тұрғысынан түпкілікті қарастырылып 
бітпеген тақырып. Көкбаймен, Шәкәріммен рухани байланыста болған Әуезов дәл осы өзі 
көп білген, жақын араласқан ең талантты адамдар туралы не ғылыми еңбектерінде, не 
әйгілі романында жаза алмай арманда кетті. Абайдың 100 жылдығына келген М.Әуезовке 
Көкбайдың ақын қызы Қалыш Көкбайқызының: 
Есен-сау, аманбысың бауырым Мұхтар, 
Жүруші еді бір көрсем деп тәтең құштар. 
Әлемге болды мәлім Абай ағаң 
Қалмасын жаратылмай өңге тұлпар,- 
деген аналық назына, Мұхтар: 


-Тәте, қазір қазақ әдебиеті Абай шәкірттері хақында “Абайдың ақындық мектебі” дегенді 
қолға алып жатыр. Абай ақын шәкірттерінің алдында Көкең тұрмақ. Асықпай, шыдай 
тұрыңыз. Бәрі өз кезегімен келеді ғой,- депті. Алайда, Абай шәкірттерінің мұралары араға 
жарты ғасырдай уақыт салып барып қана ақталды. 
Әуезовтің редакторлығымен 1925 жылдың наурыз-маусым айларында төрт саны шыққан 
“Таң” журналында Абай шығармаларымен қатар Көкбай ақынның жинауынан ақын-
жырау, билердің өлең-сөзін жариялануы, Шәкәрімнің журналдың шығуына ақ жол тілеп 
ән-өлеңмен байғазы жолдауы - Мұхтармен арадағы жақсы қарым-қатынастың жарқын 
үлгісі. Абай туралы монографиясының түптелген қолжазбасынан жыртылып алынып, 
кейінге дейін жарыққа шықпай келген “Көкбайдың ақындығы” деген мақаласы - Абай 
шәкірттерінің ішінде даралап жазылған ең алғашқы мақала еді. Абай шәкірті ретінде 
Көкбайдың қысқаша ғылыми шығармашылық өмірбаянын түзген ғалым сөз соңында Абай 
шәкірттері ретінде Ә.Тәңірбергенұлы мен Ә.Найманбайұлын атап өтеді. 
Көкбайдың ақырғы демі үзілгенше байланысын тоқтатпаған Мұхтар Көкбайдың 
абайтануға қосқан үлесін айқындап кетті. Ал, Шәкәрім мен Мұхтардың байланысы туралы 
ғалым А.Еспенбетов былай дейді:”Шәкәрім мен Әуезов бір Шыңғыстың тумасы, ағайын-
туыс қана емес, рухани жағынан аға-іні. Терең тарихты ақтарып “Еңлік-Кебек” 
оқиғасының желісімен бірі поэма, екіншісі драмалық шығарма жазған. Творчестволық 
сайысқа түсіп ой жарыстырып, сұлу сөздің інжу-маржан үлгісін жасауға жетіскен. 
Шәкәрім (1858-1931) мен Мұхтар Омарханұлы (1897-1961) жас алшақтықтарына қарамай 
ғажайып сыйластық қарым-қатынаста болған”. 
Шәкәрім М.Әуезовтің рухани ұстазы болды дегенді бүгінде батыл айтуымыз керек. Ахат 
Шәкәрімұлы әкесі туралы мақаласында: «Мұхтар әкеймен жиі әңгімелесетін. Қыста да 
Мұхтар мен арқылы әкейге хат жазып, керекті сұрақтарына жазба түрде жауап алып 
тұратын. Кейінде Мұхтар марқұм айтатын : «Сол кезде Шығыс әдебиеттеріне Шәкәрімдей 
жүйрік адам көргем жоқ. Шығыс әдебиетіне берілуіме себеп болған ұстазым 
Шәкәрім!»/8,20/. 
Әуезов Көкбай мен Шәкәрім туралы таптық идеология бас көтермей тұрған кезде біраз 
дүниені айтып үлгерді. 
Абайдың дүниеден өткеніне 30 жыл толуына байланысты 1934 жылы «Абай 
ақындығының айналасы» деген мақаласында Абай шәкірттеріне арнайы тоқталды. 
2. Алғаш рет Абайдың әдеби ортасын құрайтын қазақтың төл әдебиеті, Шығыс және 
Батыс (орыс) әдебиетінің әсерін ғылыми тұрғыда терең білімділікпен ашып берген автор: 
«Енді бұл уақытқа шейін ақынның айналасы деген тақырыпты сөз қылғанда біз өзіне әсер 
еткен жайларды, өз қорына құйылған салаларды алып келдік. Бірақ, ақындық айналасы 
Абайдың өзі алған нәрді санаумен түгелденбейді. Екінші қатарда тұрған тағы бір алуан 
мәселе – Абайдың өзгеге берген нәрі турасында», - деп Абайдың нағыз толық мағынадағы 
шәкірттері деп Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Шәкәрім ақындардың мұраларына қысқаша 
шолу жасайды. Сондай-ақ, М.Әуезов: «Бұл мәселеде біз Абай ақынның төңкеріс алдында, 
не төңкерістен бергі қазақ ақындарына еткен әсерін айтпаймыз. Ол айрықша ұзақ 
талдауды керек етеді. Бергілер және дәл айналасы деген тақырыпқа сия да қоймайды»,- 
деп Абай дәстүрін жалғастырушылар мен Абайдың тікелей қасында болған ақын 
шәкірттерінің ара жігін ашып көрсетеді. 
Мақаланың мақсаты айқындағандай дәл осы уақыттан М.Әуезов Абай мектебі 
тақырыбына мықтап ден қойып, бұл мәселені абайтанудың іргелі бір саласы ретінде 
қарастыра бастағаны көрініп тұр. Тіпті осы мақала «Поэтическое окружение Абая» деген 
атпен орысшаға аударылған да. Тек, ұлтшылдықпен күрестің қызған уақытына тап келіп, 
баспа бетін көрмей, жазушының мұрағатында сақталып қалған. 


1936-37 жылдары Абайдың туғанына 95 жыл толу қарсаңында жасалған «План 
биографичесого тезиса о гениальном казахском поэте-основоположнике казахской 
письменной литературы Абае Кунанбаеве» деп аталатын сегіз тараудан тұратын жоспар-
тезистің жетінші тарауы: «Классическая поэтическая школа Абая», - деп аталып, онда: 
«знаменитые ученики Акылбай, Магавья, поэты-писатели Кокбай, Аубакир, Арип, 
Турагул, Абсалык и др. и их романтические и исторические поэмы: «Медгат-Касым», 
«Дагестан», «Зулус», «Загира», «Аблай», «Енлик-Кебек», «Калкаман-Мамыр», - деген 
тезистік ой-тұжырымдар көп нәрсені аңғартады. 
Отызыншы жылдары М.Әуезовпен қатар Абай тақырыбында салиқалы ой түйген 
ғалымдар некен-саяқ болса да бар еді. Сол кездегі стандартты ойлардан ада, шын мәнінде 
Абайды қазақ әдебиетінің классик ақыны ретінде көрсете алған Қ.Жұбановтың «Абай – 
қазақ әдебиетінің классигі» атты мақаласы болатын. Абай мұрасына «Түзу келіп», «ішін 
көрген» іргелі еңбектің басқа құндылықтарымен қоса, автор Абайды оқшау күйде алмай, 
Шағатай әдебиетімен, қазақтың төл ауыз әдебиетімен байланыстыра қарастырады. Бұл 
мәселе Қ.Жұбанов тарапынан дер кезінде көтерілгенімен, кеңестік кезеңде жабық 
тақырыптардың бірі ретінде көлегейлене бергені анық. Абай ортасы, ақынның заманы 
дегенге ден қойған автордың аяқталмаған зерттеу-мақаласы кейінгі абайтанушылардың 
Абай мұрасын тарихи-салыстырмалы тұрғыда зерттеуіне мұрындық болды десек артық 
айтқандық емес. 
1920-30 жылдардағы әдеби сын Абайды байшыл ақын деп танып, оның мұрасынан үгілді-
кесілді бас тартса, 1930-жыдардың екінші жартысында Абайдың қуаты күшті поэзиясы 
кеңестік сынның сыңаржақ пікіріне бой бермей, ақыры Абайды классик ақын ретінде 
“социалистік әдеби қоғам” қабылдауға, мойындауға мәжбүр болды. 
Әуезов мықтап қолға алған Абайдың әдеби ортасы, оның ішінде ақынның өзгеге берген 
нәрі, яғни Абай мектебі мәселесі абайтану саласының ең бір көкейкесті тармағы ретінде 
қарастырыла бастады. Бұл тақырыптың басында М.Әуезовтің өзі тұрды. «Әуезов және 
Абайдың әдеби ортасы» деген тақырыпқа абайтанушы ғалым М.Мырзахметұлы арнайы 
тоқталған. Десек те, аталмыш тақырып М.Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясының аясы 
негізінде қарастырылды. Екіншіден, 1980 жылдарда айтылған тұжырымдар тәуелсіз 
әдебиетіміздің сұраныстарын толығымен өтей алмайды. Сондықтан да, Абайдың әдеби 
ортасына қатысты Әуезовтің еңбектерін зерттеу жұмысымызға арқау етіп, тиісінше баға 
беру бүгінгі күн еншісінде де қалып отыр. 
Қырқыншы жылдардың басында Абай мектебі деген күрделі тақырыпқа Әуезовтің 
кеңесімен жас зерттеуші Қ.Мұхамедханұлы араласты. Жетекшісінің тапсырмасы туралы 
бір әңгімесінде Қайым былай дейді: «Абайдың ақын шәкірттері Ақылбайдың, 
Мағауияның, Көкбайдың, Тұрағұлдың тағы басқаларының өлең-жырлары, дастандары 
түгел жиналған жоқ. Осыларды жинап, зерттеп, жазу жұмысын қолға алуың керек,- деп, 
тағы басқа істелуге тиісті жұмыстарды нақтылап атап-атап айтты». Кейін келе-келе «Абай 
мектебі» тақырыбы Қ.Мұхамедханұлының өмір бойғы ғылыми ұстанымына айналды. 
Қ.Мұхамедханұлы абайтану саласында әлі тың боп игерілмей жатқан тақырыпқа кірісіп 
қана қойған жоқ, соны игеріп, әдебиеттану ғылымында Ұстаз-Абайдың шәкірттері 
мұраларын жан-жақты зерттеу арқылы Абай мектебі деген ұғымның қазақ әдебиетіндегі 
орнын айқындап берді. 
1940 жылы Абай балалары - Ақылбай (Абайдың әдеби мектебі (Ақылбай Құнанбаевтың 
«Дағыстан», «Зұлыс» поэмалары) // Екпінді, 1940. №232), Мағауия (Абайдың әдеби 
мектебі (Мағауия Құнанбаевтың «Медғат-Қасым», «Еңлік-Кебек») // Екпінді, 1940, №232), 
Әубәкір Ақылбайұлы (Абайдың әдеби мектебі (ақын Әубәкір Абаев) // Екпінді, 1940. 
№236), сондай-ақ, Әріп Тәңірбергенұлы (Абайдың әдеби мектебі (Әріп Тәңірбергеновтің 
өмірі мен шығармашылығы) // Екпінді, 1940. №239) сынды ақындардың өмірі мен әдеби 
мұралары Мұхамедханов тарапынан алғаш рет кең түрде зерттеле бастады. Әуезовтің 


жетекшілігімен қолға алынған тақырыптың іргесі сөгіліп, алғашқы қадамдар жасалды. 
Шәкәрім, Көкбай, Тұрағұл сияқты сол кезде «ұлтшыл ақын» атанғандардан басқа 
шәкірттері Қ.Мұхамедханұлы зерттеулерінің арқасында ХХ ғасырдың көрнекті тұлғалары 
қатарында аттары атала бастады. 
Қ.Мұхамедханұлымен қатар Абай мектебі тақырыбына сол кезде Е.Ысмайлов (Кемеңгер 
Абай «Әдебиет және искусство» 1940. №9., Ғ.Сералиев (Қазақ халқының данышпан 
ақыны // Ленин туы. 1940. 15 қазан), Ә.Тоқмағанбетов (Абайдың ақындық мектебі // Соц. 
Қазақстан. 1940. 26 қазан), М.Сильченко (Абай. Алматы. 1945. стр. 76-81; Абайдың 
шәкірттері // Әдебиет және искусство. 1940. №9, №10.) сынды зерттеушілер назар 
аударып, өз пікірлерін білдірді. Абай шәкірттері, Абай мектебі деген ұғымға нақты 
анықтама берілмеген соң бұл зертеушілер Абай шәкірттерін ешқандай талғамсыз өздері 
алып-қосып көрсете берді... 
Абай мұрасы туралы орыс тілінде еңбек жазған ғалым М.Сильченко «Абай» атты 
монографиясының «Абай – ага» тарауын ақын шәкірттерге арнады. Өзіне дейін жазылған 
ғылыми еңбектер мен естелік, деректерді арқау еткен бұл еңбектің оқырманға берері - 
орыс тілділер үшін Абайдың әдеби ортасын тани түсудің сәті келді. Абай маңындағы 
өнерлі жастардан - Әбдірахман, Мағауия, Ақылбай, Көкбай, Бейсенбай, Баймағанбет 
сынды Абай шәкірттеріне тоқтала келіп: “Напряженно и продуктивно протекал день Абая. 
И будучи для окружающих образцом неустанного искания знаний, Абай являл примеры 
чуткого и заботливого воспитания и передачи этих знаний всем, кто общался с ним”,- 
деп Абайдың ұстаздық өнегесін айрықша атап көрсетеді. Алайда, зерттеушінің кейінгі 
“Абай классик казахской литературы” (Стенограмма публичной лекций) деген еңбегінде 
/15/ Абай шәкірттері туралы бір ауыз сөз жоқ. Өйткені, өткен ғасырдың қырқыншы 
жылдарының соңындағы Абай мектебіне жасалған әдеби шабуыл тек М.Сильченконың 
ғана емес, басқа да ғалымдардың бұл мәселе туралы айтар ойларын ауыздықтап, ғылыми 
көзқарастарына тұсау салды. 
Ортасы, шәкірттері, мектебі тұрмақ Абайдың өзін зорлықпен мойындап отырған 
тоталитарлық жүйені бұзып-жарып өте алмасын білген Әуезов Абай ортасы 
тақырыбының тым құрығанда топсасын босатып, тақырыпты алып шығар өзек табуға 
тырысты. Мерейтой алдында түзген орыс тіліндегі «Кем был Абай?» деген он бес 
бөліктен тұратын атақты тезисінің төртінші бөлімінде Абайдың әдеби ортасы: Біржан, 
Әсет, Дулат, Шортанбай, Шөже, Балта, Кемпірбай... Әйелдерден Ажар, Тоғжан, Қуандық, 
Сараларды атаса, тоғызыншы ой-үзігінде шәкірттері, мектебі дегенге «Медғат-Қасым», 
«Қозы-Көрпеш», «Дағыстан», «Зұлыс», «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр» сынды 
шығармаларды тізген. 1943 жылы 8 шілдеде Абай атындағы Қазақ педагогикалық 
институтында Абайдың 100 жылдық мерекесіне дайындық туралы кеңес болып, Әуезовтің 
арнайы хабарламасы тыңдалды. Болашақта өткізілетін сессияда М.Әуезов тағы төрт 
ғалыммен бірге (Мұқанов, Жұмалиев, Тәжібаев, Сильченко) «Абайдың әдеби мектебі» 
деген тақырыпта баяндама жасайтынын атап көрсетеді. Бұл туралы кейіннен баспасөз 
бетінде де жазылды. Тоғыз бөліктен тұратын арнаулы тезисте кейіннен кең сөз болатын 
Абайдың әдеби ортасы, ақындық мектеп, ақын шәкірттері деген бауырлас ұғымдарға 
қысқаша шолу жасалған. Өмірінің соңғы жылдарында аса ден қойып айналысқан 
Әуезовтің бұл ой-түйіндері кейіннен саяси қысымға қарамастан ұстазының ізін 
жалғастырған Қ.Мұхамедханұлының Абай шәкірттері тақырыбының негізгі мақсатын 
айқындады. 
Қ.Мұхамедханұлының Абайдың ақындық мектебі жайлы ізденістері жинақталып, 
жүйеленіп 1951 жылы кандидаттық диссертация ретінде қорғалды. Осылайша Әуезовтің 
жетекшілігімен Абай мектебі ғылыми тұрғыда дәлелденді. Бірақ, көп кешікпей қорғалған 
тақырыпқа, яғни Абай мектебіне нағыз шабуылдың өзі басталды. Ол өз алдына бөлек 
әңгіменің арқауы болмақ. 


Біз Абайдың шәкірттері туралы жазған бөлімімізде ұлы ақыннан үйренушілер алдымен 
оның өз айналасындағы ақындар болды деп, солардың ішінде Абайдың өз балалары 
Ақылбай мен Мағауияны атадық. Олай деуіміздің бір себебі, кейбір жеке шығармалары 
болмаса, Абай өлеңдерінің жинақталып, жеке кітап болып басылып шығуы - 1909 жыл. 
Оған дейін басқа облыс ақындарының Абай творчествосымен танысуларына 
мүмкіншіліктері болмады. Сондықтан Абайдың қолжазбасын алғашқы рет оқушылар да 
оның өнегелі сөздерін өз аузынан естіп, тәлім-тәрбие алушылар да, жадында сақтаушылар 
да ақынмен қарым-қатынаста болған адамдар екендігі даусыз. 
Абайдың асқан таланты, даналық сөздері, жасынан ел аузына ілігіп, қандай 
мәселеде болсын, өзінің әділдігімен жақсы даңққа ие болушылығы, үлкен беделі сол өз 
еліндегі ақын, әнші, т.б. өнерпаздарды Абай айналасына үйірді. Олар Абайдың 
ұстаздығын, өздерінің оған шәкірт екендіктерін айқын сезінді. 
Өлең жазу жайлы жастарға басшылық етіп, кейбіреулеріне өлең жазуға тақырып 
берсе, кейбіреулеріне басқа елдер әдебиетінен өзі оқыған кітап, естіген әңгімелерінің 
қызық, тартымды сюжеттерін ұсынды. Кейде ел өмірінде шын болған тарихи оқиғалардың 
желісін тартып, сүрлеулерін нұсқап, ол жөнінде де өлең, поэмалар жазуға болатындығын 
аңғартты. Жазғандарын оқып, өз сынынан өткізіп отырды. Тәуірі болса құптап, кемістігі 
болса сынап, «ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп өзі айтқандай, асқан 
төзімділікпен бәріне де көмек көрсетті. 
Шәңгерей ХІХ ғасырдың екінші жарымы, ХХ ғасырдың бас кезінде бұрынғы Ішкі Бөкей 
ордасында өмір сүрді. Бөкей ордасы, әсіресе Жәңгірдің хандық құрған кезі хан, 
феодалдарға қарсы езілуші шаруалар көтерілісінің туын тіккен жері болғандығы 
жұртшылыққа мәлім. 
Шәңгерей есін білген кезде де халық көтерілісінің ізі әлі суымаған болатын. Бірақ 
ол жағдайлар хан семьясында туып, хандық тәрбиеде өскен келешек ақынға ешбір әсерін 
тигізе алмаған-ды. 
1841-1842 жылдар Ішкі Бөкей ордасының хандығын жою мәселесі қойылады. 1845 
жылы Жәңгір хан өлгесін хандық жойылып, Ішкі Бөкей ордасын басқаратын уақытша 
кеңес құрылды. Оны басқарушылар патша чиновниктері болды. Бөкей ордасындағы 
хандықтың мансоқ болуынан екі жыл кейін Шәңгерей дүниеге келді. 
Шәңгерей туралы көптеген адамдар жазды: Нұғыман Манаев, М.О.Әуезов, 
Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, т.б. Әйтсе де Шәңгерейдің өмірбаянын алғашқы құрастырушы 
да, оның творчествосына өзінше талдаулар жасаушы да Нұғыман Манаев. Н.Манаев Теңіз 
ауданынан. Революцияға дейін Уфа қаласында «Ғалия» медресесінде оқыған, орысша да 
жақсы білімді, Совет үкіметі кезінде бірден-ақ әлеумет жұмыстарына белсене араласып, 
үлкен-үлкен жауапты қызметтерде болған көрнекті қоғам қайраткерлерінің бірі. 
Н.Манаев - Шәңгерейдің өмірін жақсы білетін адамдардың көпшілігімен жақын 
жолдас болған адам. Өзі жаратылысында ұшқалақ мінезі жоқ, өте салмақты, байымды, 
айтарлықтай инабатты кісі болатын. Демек, ол кісінің Шәңгерей өмірбаяны туралы 
келтірген фактілері мен сілтеулеріне әбден сенуге болады. Сондықтан біз Шәңгерейдің 
Н.Манаев жазған өмірбаянын негізге алдық. 
Шәңгерей Сейіткереевич Бөкеев 1847 жылы Батыс Қазақстан облысы Орда ауданы 
(қазір Жәнібек ауданы) Жасқұс деген жерде туып, 1920 жылы сол облыстың Қаратөбе 
ауданы Ақбақай деген жерінде қайтыс болады. Шәңгерей - Жәңгір ханның немересі. 
Шәңгерей 5 жасқа келгенде әкесі қайтыс болып, шешесі Ермектің тәрбиесінде 
қалады. Әйтсе де ол жетімдік көрмейді. Ата дәулетінің арқасында жасынан оқып, ғылымға 
қолы жетеді. Астраханда реальное училищені бітіргеннен кейін, Орынбордағы әскер 


бастықтарын даярлайтын кадет корпусына түседі. Бірақ Шәңгерей онда екі-ақ жыл оқиды. 
Ағаларының зорлауымен Самар губерниясында мировой судья болып біразырақ істейді 
де, ол қызметін тастап, өз еліне келеді. Бұдан кейін кеңсе жұмысына араласпай, өзіне 
меншікті жер алып, Самар губернаторындағы дворяндардың тізіміне тіркеледі де, қалған 
өмірінің көпшілігін өз имениесінде өткізеді. Орданың Жәнібек жағында Көлборсы деген 
жерді өзіне қаратып алады да, онда бау-бақша, алма ағашын ектіріп, сәнді үйлер 
салғызады. Өз қарауында 40-50 үй қоңсылары болады. Қоңсыларына егін салдырып, 
егіске машиналар да қолданады. Малының саны аз болғанымен, сапасы жақсы, кіл асыл 
тұқымды болады. 
Өзі көбіне аңшылыққа әуестеніп, неше түрлі құс, жақсы тазы иттер ұстайды. 
Әрқайсысының бабын тауып, «тілін» білуге тырысады. Қысы-жазы ит жүгіртіп, құс 
салып, аңшылықпен айналысады. Аңшылық туралы әңгіме өз өміріндегі ең сүйген нәрсесі 
болады. Сонымен қатар Шәңгерейдің өте бір көңіл аударғаны - ғылым, искусство, 
әдебиет. Білімпаздардың және классик жазушылардың еңбектерін көп оқып, көп көңіл 
бөледі. Солардың ішінде Лермонтов пен Гогольді жаны жақсы көреді. Сурет салу өнерін 
де мейлінше ұнатады. Жақсы суретшілермен дос болып, үйіне әкеліп, суреттер салдырады 
екен. Мальев деген суретшінің сурет салу үшін үйі келіспегенде, оған өз үйінен орын 
берген. Шәңгерейдің өте ұнататын және бір нәрсесі - музыка, ән, күй болады. 
Домбырашыларды шақырып алып, түнімен домбыра тартқызу дағдылы әдетіне айналған. 
Шәңгерейдің өмірін, творчествосын қазақтың басқа ақындарымен салыстырсақ, ол 
ешқайсысына да ұқсамайды. Бұл жағынан оның сыңарларын, оған ұқсастарды ХІХ 
ғасырдағы орыстың дворян слойларынан шыққан кейбір ақын-жазушылардан ғана іздеген 
жөн. Шәңгерейдің әлеумет істерінен бойын аулақ салып, өз өмірін имениесінде өткізу, 
дарашылдықты сүю, тек қана әнші, күйші, өнерпаздарды болмаса, басқалармен қарым-
қатыс жасауды ұнатпау тәрізді мінездері - қазақ жағдайында оның тек өзіне ғана тән 
ерекшеліктер. Бір сөзбен айтқанда, мұның атын дарашылдық дейді. Шәңгерей 
шығармаларының тақырыбы да, идеялық мазмұндары да белгілі бір тарихи кезеңдерде 
болатын осы ағыммен үндес, туыстас. 
Дарашылдықтың негізгі қасиеті - қоғам өмірінен аулақтау, әлеумет өмірінен 
қашып, жеке бір өмір іздеу, «өмірде мені қызықтыратын еш нәрсе жоқ» деп, адам 
тіршілігімен жанастырмай, онан табиғатты, сұлулықты бөліп алып, сүйіспендік, 
махаббатты жырлау, «көркемөнер - көркемөнер үшін» деген сарынға бой ұрып, нені 
суреттесе де, өзінің көңіл күйін күйттеп, оған не машығы ретінде қарайды, не ішкі 
күйінішін, наразылығын сыртқа шығарып, өзімен-өзі сөйлесіп, іштей тынады. 
Шәңгерей көбіне өзінің жастық өмірін жырлады. Өмірінің ішіндегі ең қызықты кезі 
жастық шақ деп білді. Өсе келе, оған сол жастық өмір де қызығын жоғалтып, басқа түске 
енеді. 
Бір күнде, жас көңілім, судай тастың, 
Тасқындап кемеріңнен шалқып астың. 
Төрт бұрыш дүниені көрмей болжап, 
Қиялмен көк қақпасын барып аштың. 
Албырт жас кезінде дүниеге кұлашын жайып, киялын көкке шарықтатқан 
Шәңгерей, ес біліп, айналасына өзінің көзқарасы берки бастағасын-ақ дүниеден суынып, 
жастық өмірдің келешегін емес, иек атпада таяу тұрған қысқалығын жыр етті. 
Шәңгерей бір өлеңінде: 
Жер-жебір, жермен-жексен болайын деп, 


Сен тұрсың кезеңінде пәни дүниенің, - десе, бір өлеңінде: 
Құйрық атып құлия, 
Түлкідей қашқан жымия, 
Қараңды үзіп барасың, 
Бізден де, қайран дүние! - 
деді. Сөйтіп, ақын жалпы өмір жырын өз өмірінің айналасына құрды. Шынында, бұл тек 
өз өмірі емес, өзінің жыр еткен, сүйген ескі өмірінің сахнадан шығуымен байланысты 
болатын. Шәңгерейдің алғашқы өмір сүрген кезі хандықтың жойылған, капиталистік 
қарым-қатыстың жайыла бастаған кезі еді. Сондықтан да ол: 
Ағасың, ақылың1 артық асқармен тең, 
Асылдың арқар2 ұранды тіреуісің. 
Ала ту Абылайдың ала аттансаң, 
Аламан артындағы біреуімін, - 
деп, кей кезде үміттенеді де. Бірақ ол тек аңсау, арманнан әрі бара алмайды. Заманның 
озуы, жағдайлардың өзгеруімен байланысты ескі хандық дәурен енді қайта 
оралмайтындығына және оны қайта тірілтем деу қауіп екендігіне көзі жеткен саналы ақын 
сол өлеңінің аяғын:
Алайда аңсыраған алғыр тұйғын, 
Абайсыз аңқып ауға шырмалады, - деп бітіреді. 
Шәңгерей ескі өмірді сұғына жырлап, оны қайта орнату керек демесе де, өз 
кезіндегі жаңалықтардың көбімен келісе алмады. Міне, осыдан келіп әлеумет өмірінен 
аулақтау, табиғатқа, оның әртүрлі құбылысына берілу, көлемі шағын тақырыптарды алып 
жырлау, өзінің ой-пікірін соның айналасына жиыстыру, жалаң көркемдікті машықтау, 
«дарашылдыққа» ұшырады. 
Н.Манаевтың түсіндірмесінде «ағасы - Құбаш болуы керек» дейді. Қайткенде де «ағасы» - 
төре тұқымы. «Арқар ұранды» деуі осыны аңғартады. 
2Арқар - төрелердің ұраны 
3Аламан - көпшілік. Қарашылар. 
Біз үзінді келтірген өлеңдердегі айтылған «жермен-жексен болайын деп тұрған қиялда», 
«қарасын үзіп бара жатқан дүниеде», бір жағынан, өз өмірін жырлау болса, екінші 
жағынан, феодалдық өмірдің іріп бара жатқандығымен байланысты туған болатын-ды. 
Мұндай бағыт жалғыз Шәңгерейдің басында ғана болған оқиға емес. Бұл ХІХ 
ғасырдағы орыс әдебиетінде де болды. Орыстың Фет, Тютчев тәрізді ақындары да 
искусство (көркемөнер) әдемілік үшін ғана керек, ол қоғам күресінен аулақ, «ерікті» деген 
көзқарасты ұсынды. 
Қазақ әдебиетіндегі Фет, Тютчевтің сыңары - Шәңгерей. 
Үстірт қарағанда, бұл бағыттың өмірдегі күрес-тартыспен еш байланысы жоқ 
тәрізді. Шындығына келгенде, сенде мені қызықтыратын еш нәрсе жоқ деп, жеке өмірімен 
байланысты ғана нәрселерді жыр қылудың өзі - қарсылық көрсету. Ақынның өз кезіндегі 
әлеуметтік құрылысқа жасаған наразылығы еді. Әдебиет тарихына көз жіберсек, кейбір 
ақындар өз кезіндегі құрылысқа риза болмай, өткен өмірді жырлады, кейбірі өз дәуіріне 


риза болмағанмен, жақсылықты келешектен күтті. Ол күннің болатынына көзі жетпесе де, 
өз елінің сол қалыпта тұра алмайтындығын, сондықтан оның өзгеруі және оны өзгерту 
керектігін айтты. Соны өзгертетін келешек жастар деп сене білді. 
Шәңгерей бұрынғы ақындардың қиялдаған дүниесінің ар жағында олардың ой-санасы 
жетпеген тамаша өмірдің кезінде тіршілік етті. Мысалы: ол 3-4 жыл болса да, Совет 
үкіметін көріп өлді. Шәңгерей капиталистік қарым-қатынасты ұнатпай, алдан бір нәрсені 
күткен ақын болса, Совет үкіметіне құшағын ашып, жаңа үкіметтің қазақ халқына берген 
зор бақытына сүйсінді ме, жоқ па? Ол жөнінде не тарихи мәлімет аз, көп шығармалары 
бізге жеткен жоқ. Нұғыман Манаевтың айтуынша, Шәңгерей өмірінің соңғы кездерінде 
көлемді екі әңгіме жазған. 
«Шәңгерейдің «Қара мұрт» деген қара сөзбен жазған әңгіме-романы болған. Сол 
романын уақытында бастыруға бермеген. Қолжазба күйінде әркім ұрлап алып оқып жүріп, 
аяғында жоғалтқан. «Қара мұртты» қолжазба күйінде ұрлап алып оқушының бірі - Абдол 
Бөкейханов...» дей келіп: «Бесінші жылдың төңкерісі, 1916 жылдың оқиғасы, баяғы орыс-
жапон соғысы, орыс-түрік (Балқан) соғысы, кешегі азамат соғысы, 1917 жылғы Октябрь 
революциясы - бұлардың барлығы да Шәңгерейдің тұсында болған ірі оқиғалар. 
Шәңгерей сияқты ақындардың бұл сияқты оқиғаларға селт етпей қалатын жөні жоқ. Бірақ 
бұл оқиғалар туралы ақынның не ойлап, не істегені туралы біздің қолымызда, ел аузында 
қалған бас-аяғы жоқ, аз ғана сөзден басқа ешқандай дерек те жоқ»1, - дейді Н.Манаев.
Зерттеушінің бұл күдіктері орынды. Оларға біз де қосыламыз. Шәңгерей - 
оқымысты, көзі ашық адам. Газет, журналдар да алдырып отырған әрі талант иесі ақын. 
Демек, ол айналасында болып жатқан әр алуан оқиғаларға көңіл аудармауы мүмкін емес. 
«Қара мұрт», «Сұрау-жауап» әңгімелерінде қоғам өміріне өзінің ескі көзқарастарын 
өзгертуі де мүмкін. Бірақ ол материалдар қолымызда болмағандықтан, ол туралы пікір 
айту қиын. Сондықтан біз ақынның көзқарастары мен өмір танушылықтарын айқындауда 
оның қолдағы бар материалдарының негізіне сүйендік. Оларға қарағанда, Шәңгерей - 
ескішілдік көзқарастағы ақын. Бірақ Шортанбай, Әубәкір, т.б. қазақ ақындарымен 
салыстырғанда, олардан анағұрлым басқаша. Шәңгерей ескіні аңсаса да, оны қайта 
орнатуды арман етпейді. Өте бір қымбатымнан айырылдым деп жас та төкпейді. Бұл 
дүниеден мүлде безіп, ол дүниеге үндеу, өлімге шақыру, құдайға құлшылықты уағыздап, 
дінге берілуді насихаттаудан да Шәңгерей аулақ. Өткеннің қайта оралмайтындығын да 
жақсы ұғынады. Айналасындағы әр алуан жаңалықтарды мойындамаса да, оларға шабына 
қарсы шықпайды. Ол жаңалықтар елді аздырып, жұртты тоздырарлық жағымсыз 
құбылыстар деп, ешкімді оларға қарсы үгіттемейді. Айналасындағы өмір құбылыстарына 
оның барлық қарсылығы дарашылдық бағытқа бой ұруымен ғана шектеледі. 
ХІХ ғасырдың екінші жарымындағы ескілікті аңсаушы ақындардан кейбір 
жайттарда іргесін бөлек салып, жаңашылдық идеяны қолдаушыларға үн қосады. Мұны біз 
оның ғылымға, искусствоға, әдебиетке деген көзқарастарынан айқын аңғарамыз. 
Оған дейінгі феодалдық идеяны үндеуші ақындар әр алуан жаңалықтардың 
барлығына қарсы шықты. Соның ішінде әсіресе ұнатпағаны - ғылым. Оны «шайтани» 
өнер деп түсіндіруге тырысты да, ислам дінін жаңалыққа қарсы күресте негізгі 
құралдарының бірі етіп қолданды. Шәңгерей, керісінше, әдебиет, искусство, ғылымға 
айрықша көңіл бөлді. 
Шәңгерей ең алдымен ғылым мәселесіне үлкен сеніммен қарады. Қоғамның дамуы 
үшін ғылым негізгі шарттардың бірі екендігін ұғындыруға күш салды. Өлеңдерінде 
жастарды оқуға, ғылыммен шұғылдануға шақырады. 
Оқысаң ғылым нұрын, білім асар, 
Көңілдің кіршік басқан көзін ашар. 


Мас болған біліміне кейбір жастар, 
Жерлерге аяқ жетпес аяқ басар. 
Апыр-ай, кімге аян бұл жаһанның 
Белгісіз ұлылығы асқар-асқар. 
Ақын, бір жағынан, жастарды ғылымға үндесе, екінші жағынан, олардың «аяқ 
жетпес жерлерге аяқ баспауын» аңғартады. Ғылым түпсіз тұңғиық немесе асқар тауға 
ұқсас. Оның барлығын түп-түгел уысыңа сыйғызу мүмкін емес. Ғылымға ұмтылушылар 
өзіне белгілі бір шек қою керек деген пікірді мегзейді. 
Бұның екеуі де дұрыс. Ғылымға ұмтылу қанша керек болса, әр адам ең алдымен 
ғылымның белгілі бір саласын толық меңгеріп алмай, көрсеқызарлыққа салынса, ондайлар 
көп нәрседен хабардар болғанмен, шалағай шалдуарлық шеңберінен аса алмайды. Көп 
ғылым саласын ойдағыдай меңгеріп, терең білу, бірнеше ғылым маманы болу - ілуде 
біреудің ғана қолынан келетін іс. Кез келген ғалым өзін Аристотель, Әл-Фараби, 
Ломоносов санауына болмайды. Сондықтан әркім өз шамасын білуі керек деген пікірдің 
қателігі жоқ. 
Ғылымға ұмтылушы жастарға Шәңгерейдің үлгі еткені, қазақтың Бұхарда, Мекке 
мен Мәдинеде, Қазанда оқып келген молдалары емес, Эдисон болды. Атақты физик-
ағылшын ғалымын оларға үлгі етті. Сондай адам болсақ, құдайға да жаман кісі болмас 
едік, сол қолдан келмей тұр деп, оқымысты болуды арман етеді. Сонымен қатар ғылымға 
бөгеттік әрекет жасайтын, өздері соқыр, жұртты да қараңғылыққа қарай жетектейтін 
молдаларды өлтіре шенейді. Ақынның Эдисонға арнаған өлеңі ғылым мен надандықты 
бір-біріне қарама-қарсы қойып, молдаларды мысқылдап, Эдисонды мадақтау тұрғысынан 
жазылған. «Жансыз затты сөйлеткен өнер-ғылымды» молдалар «шайтани» іс деп 
бағалайды, бұдан артық надандық бола ма дей келіп, молда біткендердің бәрін де зілді 
кекесін түрінде шенеп, ғылымға төмендегіше анықтама береді:
Бұл ғылым бір бәйтерек шектен асқан, 
Шұлғанған бұтағына ғарші-гүрсі. 
Бар ғалам он сегіз мың саясында, 
Таусылмас бұтақ сайын бар жемісі. 
«Шайтани» бұл өнерді қалай дейміз, 
Әр өнер сол жемістің бірдемесі». 
Қазір біздің заманымыздың адамдары үшін ғылымның мәнін түсіндірудің қажеті 
аз. Өнер-ғылым «шайтани» нәрсе еместігін балаға шейін түсінеді. Бірақ Шәңгерейдің 
кезінде ғылымның қоғамдық мәнінің зорлығын, халқымыздың мәдениетті елдер сапына 
кіруі үшін ғылымның керектігін көпшілікке түсіндіру көзі ашық, оқыған азаматтардың 
негізгі міндеттерінің бірі болатын. Шәңгерей - бұл мәселеде де өз міндетін атқара білген 
ақындарымыздың бірі. Эдисонға арналған өлеңі бұған толық дәлел:
Сөйлеткен жансыз затты - өнер ісі, 
Есітіп таң қалады көрген кісі. 
Білмейді қалай етіп түсінерін, 
Айтпаса түсіндіріп білген кісі. 
Істерді Қазанда оқып, Бұхар барып, 


Айтар ма «ғалым» болып келген кісі. 
Сұрасақ бұл не іс деп, сол ғалымнан 
«Шайтани», - мұны дейді, - «кәпір ісі». 
Тәртіпсіз жоқ-бар затты оқуменен 
Ғылымның қасил1 болмас қуат, күші», -
деп, ақын ғылымды көпшілікке түсіндіру әрбір көзі ашық азаматтың міндеті екендігін 
аңғартумен қатар, өмірге еш пайдасы жоқ дін оқуымен көр көз болған молдаларды сықақ 
етеді.
Шәңгерейдің өмірін зерттеушілердің айтуынша, Шәңгерей орыс әдебиетін өте жақсы 
білген. Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Фет, Тютчев, т.б. ақын-жазушыларды сүйіп оқыған. 
«Өлі жандардың» көп жерлерін жатқа айтады екен деседі. Шәңгерейдің реальное 
училищеде, кадет корпусында оқуының өзі-ақ оның тек орыс тілі мен әдебиеті ғана емес, 
Европа әдебиетімен де жақсы таныстығын дәлелдейді. Тіл мен әдебиет - ол кездегі орыс 
мектептерінде негізгі пәндер. Ескі мектептерде оқыған қазақтардың бәрі де орыс тіліне 
жүйрік келетіні көпшілікке мәлім. 
Бірақ Шәңгерей - орыс әдебиетін жай оқушы ғана емес, әрі одан үйренуші, әрі 
аударушы. Шәңгерей өлеңдерінде кездесетін сұлу сөз, көркем образдар, олардың 
логикалық мәндері көп жерлерінде Лермонтовтың сөз қолданыстарын еске түсіреді. 
Сүйіспендік немесе жеке бір өмір құбылыстарын суреттеуде оның өлеңдері Фет, 
Тютчевтермен тамырлас. Әйтсе де, Шәңгерейдің айрықша ұнатқан, идеал санаған ақыны - 
М.Ю.Лермонтов. Бір елдің ақындарының екінші бір ел ақындарына еліктеуін кездейсоқ 
нәрсе деп қарауға болмайды. Бұл екі ел ақындары арасында идеялық-көркемдік 
жақындықтары болғандықтарын танытады. Бір елдің ақыны екінші бір елдің ақынын 
аударғанда, оның творчествосының ең болмаса, кейбір жақтары өзін таңғалдырмай, үздік 
бір ерекшелігіне бас имей, кездейсоқ, жай аудара салды деу бекер. Сондықтан 
Шәңгерейдің Лермонтовтың «Қашқынын» аударуы екі ақынның творчестволық 
жақындығынан, зор талант, ірі тұлға, ұлы орыс ақынын қазақ ақынының терең 
сүюшілігінен деп қарауымыз керек. 
Лермонтов Кавказ туралы көптеген лирикалық өлең, бірнеше поэмалар жазды: 
«Черкестер», «Кавказ тұтқыны», «Қашқын», «Мцыри», «Ауыл Бастунжи», «Измаил-Бей» 
т.б. 
Ұлы ақынның қай поэмасын алсақ та, суреттеген өмір құбылыстарының жайнақылығы, 
жан үзер нәзіктігі, адам образдарының өз ортасына тән нақтылығы, идеялық-
көркемділіктерінің үздіктігі кімді болсын бас игізгендей. Демек, нәзік жан, лирик ақын 
Шәңгерейдің Лермонтовты сүюі де, оған құлай берілуі де заңды. Мүмкін Шәңгерей 
Лермонтовтың басқа да өлеңдерін аударған шығар. Бірақ бізге мәлімі - «Қашқын» 
поэмасы ғана. 
«Қашқынды» Лермонтов 1839 жылы жазған. Жасынан Кавказ табиғатының 
әдемілігін, ол жерді мекендеуші халықтардың, әсіресе черкестердің отаны, жері үшін 
көрсеткен ерліктеріне сүйсініп, оны ерекше бір ізетпен жырлады. 
Отаны үшін батырлықты ұран, қанжарын құрал еткен тау халықтарының ежелгі 
ерлік салтын бұзып, патриоттық дәстүрге кір келтірген, қорқақтықты өлтіре сынап, 
Һарунның іс-әрекетін адам жиіркенетіндей етіп суреттеді. 
Поэмада екі ағасы, әкесі жауларымен белдесіп, қан майданның төрінде қаза тауып, 
зор ерлікпен өледі. Һарун кек алудың орнына, өз басын аман сақтау мақсатымен қашады. 


Бұл қорқақтық, отанын сату, әкесі, ағаларынан өз жанын артық санап, қайткен 
күнде де тірі қалуды ойлаған барып тұрған ездік деп, ақын одан досы Сәлімді де, тау 
сұлуларын да, ақ сүтін беріп асыраған анасын да безіндіреді. Ақыры, ешкім паналатпай, 
Һарун өзін-өзі өлтіріп, бүкіл жұрт алдында масқара болып, денесі көмусіз қалады. Қанын 
иттер жалап, балалар денесіне кесек атып, қорлап жатса да, еш адам оған шәһит демейді. 
Һарунға «итке ит өлім» дегеннің кебін кигізеді. Қашқын Һарунның аруағы да түн болса, әр 
үйдің есігін қағып, еш жерге бас сұға алмай, дыбыс шықса болды, бұрынғы қашқын 
әдетінше, қаша жөнеледі деп аяқтайды ақын поэмасын. Поэманың негізгі идеясы - 
патриоттық. Өз отанының бостандығы үшін күрес, ерлікке үндеу. Поэмада патриоттық 
идеяның ең биігі дерлік жарқын эпизоды - күресті аңсаушы тау аруларының ерлік 
жырлары. Бұл жырдың күреске шақыратын рухани күші көңілін ерекше аударғандықтан 
да, Н.Чернышевский өзінің «Не істеу керек?» атты романына енгізген деп Лермонтов 
творчествосын зерттеушілер өте орынды айтқан. Шындығында да, қыздардың жыры - 
поэманың ғажап бір көркем, өмірлік есте қаларлық жері.
Сәлім - ер адам. Сондықтан Һарунды қуып шығуы ешкімді таңғалдырмайды. 
Патриоттық тәрбиеде өскен әрбір азамат тап солай істеуге міндетті. Ал қыздардың жыры 
оқырмандарға ерекше әсер етеді. Оның және бір шеберлігі - өзінің сүйген қызы қалай да 
паналатар деген үмітпен келгенде, тау гөзелдерінің жырлары Һарунның жүрегіне мірдің 
оғындай қадалғандығын әдемі суреттеуі:
Ай қалқып ақырын туады, 
Ер жігіт жауды қуады. 
Мылтық жасар жігіттер, 
Қыздар оны үгіттер: 
Сүйіктім, мені құрбым дер, 
Құбылаға жүзің бер. 
Тағдырыңа ишанып, 
Дұшпанға бол қайтпас ер! 
Тайма Расул жолынан, 
Берме намыс қолыңнан. 
Опасыз болып жақынға, 
Қарарсыз болып халқыңа, 
Мұқатпай жауды кетпеңіз, 
Ит өліммен ақырда. 
Ар, намысқа шыдамас, 
Жас жігіттер, шын ерлер. 
Қорқаққа кет дер, қарамас 
Таудағы сұлу гөзелдер. 
Не деген ғажап патриоттық жыр! Сол тау гөзелдерінің патриоттығынан ананың 
патриоттығы асып түседі. Ол - қанша айтқанмен ана. Ит те болса да, Һарун - жүрегін 
жарып шыққан өз баласы. «Іштен шыққан ала жыланның иреңдеуінің жақсысы-ай!» 
дейтін ана емес пе ол. Бірақ та елін сатып, әкесін, ағаларын жауда қалдырып, кегін алмай, 


қара басын қамтып, жаудан қашқан ұлына оның жүрегі жылымайды. Оған ана теріс 
батасын беріп, лағынет айтады.
Қимадың жақсы өлімге бір басыңды... 
Кет жалғыз, қашқын болған масқараңмен, 
Қояйын қарайтпай-ақ ақ шашымды, 
Қорқақ құл! Енді маған бала емессің, 
Сүрттірмен ұятыңмен көз жасымды, - дейді. 
Сөйтіп, поэма оқырмандарын ерлікке, өз отанын сүюшілікке, халқы алдында әркім 
өзінің азаматтық борышын адалдықпен атқаруға үндеп, патриоттыққа тәрбиелейді. 
«Қашқын» - орыс тілінен қазақ тіліне поэмалар аударудың алғашқы 
тәжірибелерінің бірі. Поэма идеясының отаншылдығы, қысқалығы, көркемдігі 
Шәңгерейді қызықтыруы немесе ақын оның ұзақ поэмалар аударуға дағдылану, өзінің 
күшін байқау үшін тәжірибе ретінде осыны таңдап алуы мүмкін. Не басқа бір себептер 
болуы да ықтимал. Қалай болғанда да, «Қашқын» поэмасы - Шәңгерейдің аударма 
әдебиетімізге қосқан үлкен үлесінің бірі. «Қашқын» орыс тілінде 8-9 буынды, сөз екпіні 
екінші буынға түсетін ямб түрінде болып келсе, Шәңгерей оны қазақтың бас бунағы үш 
буын болып келетін 11 буынды (3-4-4) өлеңімен аударған. 
Аудармасында Шәңгерей түпнұсқаның мазмұнын дәл беруге тырысады. Көркемдігі 
жағы барлық жерінде орысшасына сай емес. Кей жолдарының ұйқасы әлсіз. Аудармашы 
ақын поэманың мазмұнын дәл беру үшін кей шумақтарында түпнұсқаның көркемдігін 
сақтамағандығы байқалады. Сонымен қатар мазмұны, көркемдігі сай келген жақсы 
эпизодтар - Һарунның шешесіне кездесуі және қыздардың әнін суреттеген жері. Тау 
гөзелдері жырларының ең соңғы шумағы түпнұсқада жоқ. Мұнда Шәңгерей 
Лермонтовтың айтайын деген ойын поэманың идеялық мазмұнына дәл, өзінше шебер 
түйіндеген. 
Ар-намысқа шыдамас, 
Жас жігіттер, шын ерлер. 
Қорқаққа кет дер, қарамас, 
Таудағы сұлу гөзелдер, - деп бітіреді. 
Әрине, қазіргі аудармаларға қойылатын талап тұрғысынан келсек, «Қашқын» 
аудармасының өлеңдік жағына көп сын айтуға да болады. Бірақ ұзақ поэмаларды аудару 
тәжірибесі әлі жоқ кезде, қарапайым түрде болса да, Лермонтов тәрізді поэзия алыбының 
туындысымен өз халқын таныстырудың мәні зор екендігін және дәуірін еске алып, қазіргі 
оқушылар жұртшылығы барына мәзір етпек. Сонымен қатар және бір еске алатын нәрсе 
аудармада кездесетін кемшіліктер (ұйқасы, тіл көркемдігі жағынан) аудармашының 
ақындық қабілетінің жетпеуінен емес, дәлме-дәл аудару әдісін қолдануынан тәрізді. Бұл 
әдіс ақынға үлкен қолбайлау болғандығы ап-айқын. Кейде ақын адекватный аудару әдісін 
де қолданады. Ондай жерлерінде аудармасының көркемдік қасиеті де, ұйқастары да, тіл 
көркемдігі де ойдағыдай әсерлі. Бұл жайт аударманың біркелкі шықпауы ақынның 
әлсіздігінен емес, әдісінен деген біздің жоғарғы айтқан пікірімізді растай түсетін сықылды 
Дәріс №9 
Тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағауия Абайұлы, Ақылбай Абайұлы, Көкбай 
Жанатайұлы, Әріп Тәңірбергенов 


Қазақ әдебиеті тарихында Шәкәрімнің орны ерекше, өйткені Абайдың нағыз 
мұрагерлерінің бірі, бірі болғанда, берегейі. 
Қазіргі бетбұрыс кезінде әдебиет пен өнер аясында осы күнге дейін белгісіз болып 
келген қаншама жұлдыздар жарқырай түсті. Таң қалған жас ұрпақтың көз алдына қазақ 
жерінде өніп - өскен бәйтерек пен арыстар айқын болды! Сол арыстардың бірі – Шәкәрім 
Құдайбердіұлы, ұлы Абайдың мұраттас мұрагері шәкірті, аса ірі ақын, Абай шәкірттерінің 
ішінде көп жасағаны да, лирик, прозаик, композитор, музыкант, философ, тарихшы, орыс 
және шығыс классиктерін қазақ жастарына таныстырған шебер аудармашы, бармағынан 
бал тамған сегіз қырлы өнерпаз, үлкен мәдениет қайраткері, ғалым. Шәкәрім 1858 жылы 
11 шілдеде қазіргі Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келген. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысымен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың 
қоғамдық, әлеуметтік рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, 
адамгершілік, демократтық, ағартушылық идеяларды уағыздаған, мол көркем мұра 
қалдырған ұстаз. 
Шәкәрім – ауылдан ұзап шығып, ешбір оқу орнында оқымаған адам. Оның мектебі 
де, университеті де – Абай. 
Ұлы Абайдың маңайына шоғырланған таланты жастар туралы айта келіп Мұхтар 
Әуезов былай деп жазды: «... Ондай ақын төртеу. Оның екеуі Ақылбай, Мағауия - 
Абайдың өз балалары. Қалған екеу Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың толық 
мағыналы шәкірттері». Шындығында да Шәкәрім Абайдың ең талантты шәкірттерінің 
бірі. 
Шәкәрімнің ақындық жолын айқындап берген де, міне, осындай ұлы мектеп, 
Абайдың шет тілдерін игеруде Шәкәрімге жәрдем берді. 
Жасымнан жетік білдім түрік тілін, 
Сол тілге аударылған барлық білім. 
Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды, 
Жарқырап қараңғыда туып күнім, 
Оятқан мені ерте шығыс жыр. 
Айнадай айқын болды әлем сыры. 
Талпынып орыс тілін үйренумен 
Надандықтың тазарып кетті кірі,- 
дейді ақын өзінің «Жасымнан жетік білдім түрік тілін» атты өлеңінде. 
2. Ойшыл ақын өзінің жеткен жетістіктерін, бойындағы барлық жақсылықтарды Абайдың 
арқасы деп білді. Білімге, ғылымға деген құштарлықты дәріптеген Абай мен Шәкәрімге 
былай деген: «40 жасқа толысымен саған қаражат беріп жаңа білімді іздеуге жіберемін 
Көне грек ғалымдарының еңбектерін Стамбулдан табасың, мекке мен мәдинада араб 
елінің ғылымынан сусындайсаң, ал Египетте Ескендір Зұлқайнарын ашқан кітапханада әр 
дәуірдегі әртүрлі халықтың шығармаларымен танысасың». 1904 жылы Шәкәрімнің ұлы 
ұстазы Абай қайтыс болғаннан соң Шәкәрім үлкен үміт арқалап 1905-1906 жылы Меккеге 
барып қайтады. 
Өзінің жарты ғасырдан астам уақытқа созылған шығармашылық сапарында Шәкәрім 
халқына аса мол мұра қалдырып кетті. Жалпы Шәкәрім қаламынан туған 
шығарамалардың әдебиеттің түрлі жанрларын қамтиды. Соның ең бір шұрайлы да көлемді 
көркем саласы – оның поэзиялық туындылары, әсем лирикасы. 


Шәкәрім Абайдан кейін тұрған тұлғалы ақын. Халықтың мұңын жырлау, адам 
қасиеттерін қастерлеу оның шығармаларының алтын арқауына айналды. Өзінің алдына: 
Адамдық борыш, ар үшін, 
Барша адамзат қамы үшін. 
Серт берген еңбек етем деп, 
Алдағы атар таң үшін, - 
деп қатаң серт қояды ақын. Шәкәрім лирика жанрында Абай қалыптастырған реалистік 
дәстүрді жемісті жалғасытрды. Өз туындыларын өзі өмір сүрген дәуірдің барлық 
шындығын тап басып суреттей білді. Сол себепті де Шәкәрімнің шыншыл лирикасы сол 
дәуірдегі қазақ өмірінің айналасына айналды. Шәкәрім лирасының тақырыптық ауқымы 
өте кең. Ақын мұраларының ішінде сезімнің нәзік сырларын шертіп, жастықтың жалынды 
шақтарын мөлдірете зерделеп берген махаббат лирикасын да, өз заманының 
бүкіл болмыс-бітімін барынша сезіне отырып, уақыт пен қоғам, тіршілік жайында 
шабыттана сыр ақтарған саяси-әлеуметтік лирикасымен де, даланың әсем көркі мен 
жаратылыстың тамаша құбылыстарын шебер өрнектеген табиғат лирикасын да, заттар 
мен құбылыстар, ақиқат пен болашақ, тіршіліктің негізі туралы терең толғанысты олар 
ұсынатын азаматтық, философиялық лириканы да молынан ұшыратамыз. 
3. Шәкәрім ақын махаббат пен жастық сезімдерін көбірек жырлады. «Жаз елер», 
«Жастарға», «Шын сырым», «Арман» сияқты көптеген өлеңдерінде ақынның айшықты 
тілі мен мөлдір сыршылдығы сезіледі: 
Гауһардай көзі, 
Бұлбұлдай сөзі, 
Жанымнан асқан бір пері. 
Жүзі бір айдай, 
Мінезі майдай, 
Өзгеден артық сол жері. 
Дариядай ақыл мол еді, 
Жан ғашығым сол еді. 
Бұл Шәкәрімнің 1879 жылы жазған «Жастық туралы» атты өлеңіндегі сыршыл 
шумақтар болса, Шығыс поэзиясының дәстүрінде жазылған «Шын сырым» атты өлеңінде 
мынандай жолдар кездеседі. 
Жібектей қап-қара таралған шашың бар, 
Бұдырсыз тап-таза жаралған басың бар. 
Қардай аппақ әжімсіз маңдайың кең, 
Қынаптан суырған қанжардай қасың бар. 
Тұнып тұрған сурет, төгіліп тұрған сезім емес пе?! Шәкәрім лирикасындағы Абай 
дәстүрінің іздері оның өлеңдеріндегі гуманистік, адамгершілік сипаттан да айқын 
көрінеді. Шәкәрім өлеңдеріндегі ең басты нысана – адам. Ол адамды үнемі жақсылыққа 
жеткізуге, оның бойында жаңаша қасиеттер қалыптастыруға ұмтылды. Адамның мінез-
құлқындағы салақтық пен еріншектік, жалқаулық пен мақтаншақтық қасиеттерін сынға 
алады. 


Еріншектік салақтық, 
Салақтықтан надандық. 
Бірінен бірі туады 
Жоғалар сүйтіп адамдық,- 
дейді ақын. Шәкәрім лирикасының аса бір ауқымды саласы оның Абай дәстүрінде 
жазылған ағартушылық сарындағы өлеңдері. Ғылымға қол жеткізудің, халықтың өміріне 
кішкентай болса да жақсылық жасаудың бірден-бір жолы адал еңбек ету деп білген 
данышпан Абай. 
Ғылымды іздеп, 
Дүниені көздеп. 
Екі жаққа үңілдім,- 
деп білім табуға шақырса, Шәкәрім жырлары да адамды адал еңбекке, ғылым мен 
мәдениет үйренуге бағыттайды: 
Күні-түні дей көрем, ғылым ізде, 
Қалсын десең артыңда адам атың,- 
дейді. 
Абай көтерген әділет идеясы, ар тазалығы Шәкәрім лирикасының да басты 
сипаттарының бірі. Шәкәрім өзінің лирикалық қаһарманын халқының күні сияқты жарық, 
өзі сияқты ойлы болуға шақырады. «Насихат» деп аталатын өлеңіндегі ойлар соның 
айғағы: 
Сусағанның сусыны бол су сықылды сұп-сұйық, 
Бірақ ондай болма салқын ел көңілін қалдырып, 
От сықылды жылы болсын жүзіңіз бен сөзіңіз, 
Бірақ ондай махаббатсыз болма өртеп, жандырып. 
Ақынның өз халқының басындағы кемшіліктерді ең алдымен европалық, әлемдік 
ғылым-білімнен шет қалуының салдары деп білді. 
Жер жүзі жабылғанда ғылым жаққа, 
Қазақ жүр құмарланып құр атаққа, 
- деп күйзеледі. Бұл ақынның түсінігінде оқу мен білім іздеу, ғылым табу – адам 
бойындағы жамандықтың тамырына балта шабатын ең қуатты қару. «Ашу мен ынсап» 
атты өлеңінде ақын поэзиясы айқын көрінеді. Өзге елдер әдебиетінің үздік шығармаларын 
қазақ тіліне аудару арқылы осы идеясын жалғастыра түсті. 
Қазақ халқының жақсы болашағы туралы ақынның 1917 жылғы оқиғалар кезінде 
ерекше қуатты естілді. «Бостандық таңы атты», «Бостандық туы жарқырап», «Қош, 
жұртым» сияқты өлеңдерінде ақын қазақты оянуға, жалқаулықтан арылуға шақырады. 
Бұл кезеңде Шәкәрімге елінің басына тәуелсіз заман туғандай көрінді, содан үміттенеді. 
Ақынның лирикалық қаһарманы да осы сарында үн қатты. Шәкәрімнің кейіпкері шарқ ұра 
ойланады, кемшілік атаулының себебін, тығырықтан шығудың амалын іздейді. 
Шәкәрімнің лирикалық қаһарманының бейнелеу ерекшеліктері де көңіл аударарлық. 
Абай өлеңдеріндегі сияқты Шәкәрімде «жүрек», «тіл», «сөз» ұғымдары мол ұшырасады. 


Бұлардың қай-қайсыс да кейіпкердің азаматтық парасатын, адамгершілік тазалығын 
немесе белгілі бір сәттегі көңіл күйін дәл жеткізуге мүмкіндік береді. Ақын «менінің» 
басындағы сан алуан сезімдерді, қуаныш пен күйінішті, үміт пен торығушылықты осы 
ұғымдар арқылы пайымдай аламыз. 
Шәкәрімнің азаматтық лирикасының ауқымы өте кең. Оның адамгершілік, 
имандылық туоралы ойлары ақының азаматтық үнін, гуманистік сипатын танытты. Бұл 
қатарда Шәкәрімнің «Ескіден қалған сөз теріп», «Насихат», «Мұтылғанның 
өмірі» атты өлеңдерді айтуға болады. Шәкәрімнің азаматтық лирикасына көз 
жібергенде оның өлеңдерінде «қазақ» деген сөздің жиі кездесетіні байқалады. Абай 
тәрізді Шәкәрім де өз халқының мақсат мұраттарын бүкіл адамзат арманынан бөлек алып 
қарамайды. «Ойласаң, барша азамат – туған бауыр» деп ұққан ақын өзінің «Анадан алғаш 
туғанымда атты философияға толы өлеңінде: 
Өзімшіл болма көпті ардақта, 
Адамның бәрі - өз халқың,- 
деп туған жұртына өнеге ұсынады. Ақын ойларының дәлдігі, Шәкәрім жүрегінің 
сезімталдығы мен көрегендігі оның шығармаларын бүгінгі күнмен де үндестіріп, олардың 
өміршеңдігін танытып жүр. 
Еңбек тақырыбы – Шәкәрім лирикасындағы ең басты тақырыптардың бірі. Шәкәрім 
әлеуметтік прогресске жетудің екі жолы бар, оның бірі сауатсыздықты жойып, 
адамдардың оқуға, білім мен ғылымға ұмтылуы, ал екіншісі адал еңбек ету жолы деп 
таныды. «Адамдық борышың», «Жолама, қулар, маңайға» сияқты көптеген 
шығармаларында ақын адам болғаннан кейінгі ең басты борышың еңбек ету деп 
түсіндіреді. 
Мысал үлгісіндегі жазылған «Піскен мен Шикі» өлеңінде аңда жүрген елден көз 
жазып қалған бай баласы кедей баласының іс-әрекеттеріндегі, қабілеттеріндегі жер мен 
көктей айырманы ашып көрсетеді. Үлде мен бүлдеге оранып, қиындық пен таршылықтың 
не екенін білмей өскен бай баласы күнделікті тіршіліктің тауқыметінде шыңдалып піскен 
серігінің тапқырлығының арқасында ғана елді табады. Шәкәрімнің ұғымындағы бай 
баласы шикі де, кедейбаласы піскен. Ақын талаптанып еңбек еткен жан ғана ақылды әрі, 
тапқыр болады, өмірге бейім келеді деген ой тұжырымын ұсынады. 
Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» 
дастандарыныңда қазақ әдебиеті тарихында алатын орны ерекше. 
«Қалқаман-Мамыр» дастанының оқиғасы сонау «ақтабан-шұбырынды» заманында 
өтеді. Ал поэманың жазылуы өткен ғасырдың аяқ шені тәрізді. 
«Еңлік-Кебек» дастаны Абайдың тікелей ақыл-кеңесімен жазылған әлеуметтік 
поэма. Бұл тақырыпты Абай өзінің ақын шәкірттеріне ұсынған. Дастанның оқиғасы 
ертеректе ел ішінде болған бір хикаяны негізге алған. Дастанның басты арқауы махаббат 
трагедиясы болғанмен ақын оның сол кездегі замана сипатына, ел ішіндегі әлеуметтік 
жағдайлардың табиғатын айқындау үшін Шәкәрім тарихты «ақтабан-шұбырынды» 
дәуірінің дүрбелеңін өз сөзіне астар ретінде алады /10.18/. 
Шәкәрімнің үшінші поэмасы «Нартайлақ-Айсұлу» поэмасы. Поэма оқиғасы 
Нартайлақ пен Айсұлудың махаббат хикаясына құрылған. 
Жалпы алғанда, Шәкәрім поэмаларының тақырыптық, көркемдік сыр-сипаты оның 
эпикалық ауқымда, әлеуметтік деңгейде көркем ой тұжырымдай білген шабытиесі екенін 
дәлелдейді. Ақын өз поэмаларында негізінен қазақтық қара өлеңінің дәстүрін ұстанады. 


Шәкәрімнің кейіпкерлері – адал махаббаттың, пәк сезімнің, адамгершілік пен 
ақылдылықтың туын ұстаушылар. 
Шәкәрім – халық тарихынан, этникалық, этнографиялық деректерден мол хабардары 
бар ақын. Поэмадағы халықтық сахналар әрі нанымды, әрі көркем. Ақын халық 
тілінің нәрлі бояуларын, мақал-мәтелдері мен қанатты сөздерін мол пайдаланды. 
Поэмаларында сәтті теңеулер, ауыстырулар мол. 
Шәкәрімнің прозалық шығармаларының ішіндегі ең көрнектісі «Әділ-мария» атты 
шығармасы. Онда 1910 жылдар шамасындағы қазақ даласының саяси-әлеуметтік ахуалы, 
ел тұрмысындағы әр алуан жағдайларсуреттеледі. Романның тақырыбы қазақ 
ауылындағы қыздардың бас еркі, бір-біріне ғашық жастардың қайғылы тағдырына 
арналған. 
Шәкәрімнің шағын проза үлгісінде жазылған «Шын бақтың айнасы», «Бәйшешек 
бақшасы», «Мәнді сөздер», «Мен жетпіс екі жасқа келгенде» деген шығармалары да көңіл 
аударарлық. Олардың қай-қайсысы да тәрбиелік мәні ерекше туындылар. 
Шәкәрім туған халқының Шығыс пен Батыстың озық ойлы әдебиеті мен 
мәдениетінің інжу-маржандарымен таныстыру жолында да көптеген іс атқарды. Бірнеше 
жұрттың тілін білу арқылы Шығыстың жауһар қазыналарынан нәр алды. «Оятқан ерте 
мені шығыс жыры» немесе «Жасымнан жетік білдім түрік тілін» деген өлеңдері дәлел. 
Шәкәрім ғасырлар бойы сараланып, қалыптасқан халық поэзиясының көркем тілі 
мен қанатты сөздерін, шығыс ақындарының сұлу да сыршылдық сипаттауларын, ал ұлы 
ұстазы Абайдың шеберлік дәстүрін үлгі тұтып, қазақ поэзиясына өзінше қайталанбас 
өрнек салды. 
Ақылбай Абайдың Ділдә деген бәйбішесінен 1861 жылы туған тұңғыш баласы. Ділдәдан 
Ақылбайдан басқа Әбдірахим (Әбіш), Мағауия деген балалары болған. 
Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғаным, өзінен бала болмағандықтан, Ақылбайды кішкене 
күнінен өз бауырына басады. Ақылбай туғанда Абайдың өзі де жас, жаңа отау иесі еді. 
Сөйтіп, Ақылбай жас күнінен Нұрғаным тәрбиесінде болып, Құнанбай баласы, 
Құнанбайдың кенже тоқалының еркесі атанып өседі. Ақылбайды Нұрғаным жас басынан 
бетімен жіберіп, аса шолжың ерке бала етіп өсіреді. Ақылбайды тек 9-10 жас шамасында, 
Құнанбайдың указной молдасы атанған Ғабитханға оқуға береді. Ақылбай 4-5 жылдай 
молдадан оқу оқиды. Одан әрі оқымайды. Ақылбай бір жасынан бастап, Нұрғаным 
қолында өскендіктен және Абайдың 16 жасында туған баласы Ырғызбайдың бір мырзасы 
сияқты көрінеді. Құнанбай өзімен тең жерден қыз айттырып, Ақылбайды үйлендіреді. 
«Өзімен тең жер» деген сөзімізді түсіндіре кетейік. «Біржан-Сара» айтысында Сараның 
аузынан айтылған: 
… Құдайдан қорыққан Арғын осал демес, 
Қарадан хан боп шыққан Қисық ерді, – 
деген сөз бар. Қисық Тезекұлы Найман ішінде Мұрын руының басшы адамы. 1844 жылы 
құрылған Көкпекті (Семей облысы) округінен аға сұлтан болып сайланған. Сондықтан 
Қисықты: «Қара қазақтан шығып, хан болған» деп дәріптейді. 
Найман руының шежіресін өлеңмен жазған Қырықмылтық Сүлеймен би, Қисық 
шежіресін былай таратады: 
… Көшімбайдың баласы Тезек дейді, 
Тезек ұлы Қисық хан найман білген. 


Жұмақан, Қасен, Әлсейіт, Нұрпейістер – 
Төртеуі хан баласы үлгі көрген. 
Құнанбай өзі сияқты қарадан шығып «хан» болған, яғни аға сұлтан болған, өзімен теңдес 
Қисықтың Жұмақан деген баласының қызы Ізіқанға құда түсіп, Ақылбайды үйлендірген. 
Үйленген соң Ақылбайға енші бөліп беріп, Құнанбай бұл баласын да жеке бір ауыл етеді. 
Бұл кездердегі біраз жыл Ақылбай сияқты Құнанбайдың жаңа отау көтерген мырзасының 
ауылы болып, сауық-сайранмен өтеді. Жасынан көрген тәрбиесі, ұшқан ұясы, Құнанбай 
аты Ақылбайды масаттандырады. Ақылбай жас күнінен талантты домбырашы, өлеңші де 
болады. Бірақ ол Құнанбай атағына, нағашыларының ата аруағына масаттанатын. Бұл 
кездердегі Ақылбай айтатын өлең сарыны: 
Нағашым ер Қазыбек әулие өткен, 
Фәниден уақыт жетіп о да кеткен. 
Сасқан жан жер шетінен бабам десе, 
Аруағы көз ашқанша келіп жеткен. 
деген сияқты болған. Ақылбайдың «Нағашым ер Қазыбек» дейтіні: Қаракесек, 
Қаздауысты Қазыбек би. Оның баласы Бекболат би, оның баласы Тіленші би, Тіленшінің 
баласы Алшымбай би. Алшымбайдың баласы Жүсіп. Жүсіптің қызы Ділдәға 1860 жылы 
Абай үйленген. Абайдың Ділдәдан туған тұңғыш баласы Ақылбай. Ақылбайдың 
«Нағашым ер Қазыбек»- дейтіні сол. Сөйтіп Ақылбай Абай маңына да жақын тартып 
жуыңқырамай, сирек қатынасып жүреді. Сонымен қатар Ақылбай соншама ақ көңіл, алды-
артын ойламайтын, аңқылдаған адам болатын. Бір іске көңіл аударып, бет қойып беріліп 
кетсе, аса қабілетті де болады. 
Ақылбайдың жас күнінен әкесі Абайдан аулақ өскенін, оның ақ көңіл аңқаулығын 
пайдаланып, Абай дұшпандары әке мен баланың арасына от жағып, зұлымдық айла жасап, 
екеуін мүлдем ажыратпақ та болған. 
Абай баласының осындай мінездеріне, жасынан көрген жағымсыз тәрбиесінен пайда 
болған әдеттеріне қатты кейіп «Ата-анаға көз қуаныш» деген (1890) өлеін жазады. 
Абайдың бұл өлеңі талпынбай жүрген талантты Ақылбайға үлкен ой салып, қатты 
толғантады. Бұл кезде Абай ауылы нағыз үлкен үлгілі мектепке айналған болатын 
Ақылбай жігіт ағасы болып қалған кезі де еді. 
Енді бұдан былайғы Ақылбай өмірі Абай алдында ақын аға, Ақыл аға атанып өтеді. 
Ақылбай аса щебер музыкант, домбыра, гармонь, скрипкаға жүйрік, мақтаулы өнерпаз 
болады. 
Құнанбайдың мырзасы атанып, «бұлғыннан ішік киіп» бұлғақтай өткізген мағынасыз 
өмірін Ақылбай қалжың – шыны аралас: 
Бұлғыннан ішік кидім кәмшат жаға, 
Сарп еттім дүниені білмей баға. 
Талай қыз «Ақылжан» деп тұрушы еді, 
Дейтұғын сұмдық шықты-ау: «Ақыл-аға»,- 
деп кейін өлең етеді. Бұл өлеңнің арнаулы әні де болған. 
Ақылбай – Абай төңірегіндегі әр жақты талантты шәкірттерінің бірі. Ақылбайдың 
ақындығымен бірге ән шығаратын композиторлық өнері де болған. 


«Ақылбай сауықшыл әнші, скрипкашы болатын… Домбыраға қазақтың ескі күйлері: 
«Азамат қожа», «Бұлаң жігіт», «Бес төре», «Асыр қалша» деген күйлерді тартады. 
Скрипкаға Абайдың әнші атанған Мұқадан үйренген бірнеше түрлі орыс күйлерін 
тартады. Дойбы ойынынан Ақылбайды ұтатын адам бола қойған жоқ», – дейді 
Ақылбайдың замандасы Рақымжан Мамырқазов. 
Өз ойынан шығарған біз білетін екі әні бар. Біріншісі, «Ішік кидім бұлғыннан кәмшат 
жаға». Екіншісі, мынандай өлеңмен айтылады: 
Матай да алыс бірталай жер деген соң, 
Бір ән тауып Әлекем бер деген соң. 
Он минутта ойыма осы ә түсті, 
Қапаш-құпаш көңілді сермеген соң. 
Бұл кейінгі әнді Матай еліне, Абайдың бір баласы, Ақылбайдың інісі Тураштың қайнына 
күйеу жолдас болып барарында әнші Әлмағанбет: «Ақыл аға, бір жаңа ән тауып берші», – 
дегенде қолма-қол айтып берген әні екен. 
Ақылбайдың жастық, махаббат тақырыбын жазған көптеген өлеңдері болады. 1895 жылы 
Әбдірахим өліміне жазған жоқтау өлеңі болған. 1904 жылы інісі Мағауия қайтыс болғанда 
жазған жоқтауы сақталған. 
Ақылбайдың ақындық атын тарихта қалдырған оның поэмалары. Ақылбайда бізге мәлім 
ондай поэмалар үшеу. Олар: «Дағыстан», («Кәрі Жүсіп»), «Зұлыс», «Жаррах батыр». 
«Жаррах батыр» поэмасы бізге жетпеген. «Зұлыс» поэмасының басқы бір-екі бөлімі ғана 
сақталған. Бұл поэманың үзіндісі 1924 жылы «Сана» журналының 2-3 санында басылған. 
«Дағыстанның» («Кәрі Жүсіптің») үзіндісі 1918 жылы «Абай» журналының 5 санында 
жарияланған. 
Ақылбай жас кезінде төрт-бес жыл Құнанбай аулының молдасынан ескіше оқып хат 
танығаннан басқа, ұзап оқымаған. Абайдың үлгі-өнегесімен Ақылбай заманының саналы 
азаматы, әдебиетке шын берілген ақын болады. Абайдың әдебиет, өнер-білім жайындағы, 
адамгершілік, мәдениет жайындағы өсиеті Ақылбайдың дүниеге көзін ашады. Әсіресе, 
орыс мәдениетінен өнеге алуы, орыс әдебиетінен үлгі алып өсуі, ақындық талантына кең 
жол ашады. Ақылбайдың Абай өсиетін тыңдап қана емес, өз бетімен орыс ақындарын 
оқуға, терең түсініп ұғуға қолы жетеді. Пушкин мен Лермонтов Ақылбайдың сүйікті ұлы 
ақындары болады. осындай ұлы ақындарды оқып, өнеге алған Ақылбай – қазақ 
әдебиетінде тұңғыш Кавказды жырлаған ақын. 
4. Абайдың ақын шәкірттері ұстаздарының өнегелі дәстүрін меңгере отырып, «үйрену, 
үлгі алу, тәжірибе жинақтау кезеңдерінен өтіп алып барып», өзіндік ізденістер жасауға 
талпынған. Және олар бұл талаптарының нәтижесінде сәтті авторлық табыстарға қол 
жеткізген. Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әсет, Уәйіс ақындар өз поэмалары 
арқылы қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы озық үрдістердің қалыптасып дамуына ықпал 
еткен. Әрине, Абайдың бұл ізбасарларының қай-қайсының да болмасын поэмаларының 
мазмұны мен пішінінде стильдік жақындықтың, идеялық-көркемдік нәрінде өзара 
байланыстың бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Сөйте тұра аталған ақындардың 
әрқайсысының өзіндік дара шығармашылық қалпы бар. Абай шәкірттерінің арасында 
ұстаз салған сара жолды әрі қарай дамыта түскен Ақылбай болды. «Дағыстанның» әуелгі 
бастамасынан – ақ тосын әрекетке тап боламыз. Кавказ тауын, оның табиғатын жыр 
жолдарына арқау қыла отырып, өзі жырламақ жердің бар шындығын алға тосады. Қарт 
Кавказ бен оның айналасындағы табиғат қандай тәкаппар болса, ол жердің адамдарының 


да көңілі биік, кеудесі өр. Ешбіреуі басынан сөз асырмайтын, қит етсе қолы қанжарына 
жабысатын өркөкірек. 
Ақырып айдаһардай жүз толғанып, 
Тауды бұзып, тас жарған долы Терек. 
Поэманың басында долы табиғатты суреттегеннен-ақ оқиғаның барысын сезе бастаймыз. 
Ақын сол арқылы оқырманын кезектегі қанды оқиғаға дайындай түседі. Табиғаттың суық 
түсінен сескенесің. Ақын бұл арада параллелизм әдісін қолданған. Ақылбай 
поэмаларының өзіндік даралығын танытатын осы суреттер. М.Мағауин: «Қазақ 
әдебиетінде адам тағдырына құрылған сюжетті шығармаға пейзажды алғаш енгізуші 
Ақылбай болды», - дейді. Көркем суреттерге Абай мен Шәкәрім өз поэмаларында 
соншалық көңіл бөлмеген. Шындығында пейзаж жасауда және бұл тұрғыда жаңа 
тіркестерді қолдануда Ақылбай қаламы құлашты.
 
Алғаш рет табиғаттың тылсым күшіне 
жан бітіре суреттеу Абай шығармашылығымен еніп қалыптасты десек, ұстаздың бұл 
жаңалығын, оны сюжетті шығармаға енгізген оның ақын шәкірттері еді. Кавказ бен Зұлыс 
тауының көрнекті көріністері арқылы өз поэмаларының сюжеттік желісін жетілдіріп 
отыру Ақылбай ақынның негізгі көркеми тәсілі болған. Және бұл оның қазақ әдебиетіне 
енгізген өзіндік жаңалығы, дара шығармашылық беті болды. Ақылбай пейзажында ұстазы 
Абай лирикасының сарыны жатыр. Тек мазмұндық желісі ғана емес, сөз саптауларына, 
қолданған тіркестеріне дейін ұқсастық тауып жататыны алдыңғы тараушада сөз болды. 
Поэмадан алынған төмендегі жолдардың осы ойымызды нақтылай түсетіні 
кәміл. Ақылбай «Зұлыс» поэмасында да өзінің суреткерлік сипатынан жазбайды. Әдемі 
суреттер жасайды: 
Зор Зұлыс, зодыр Зұлыс түсі суық, 
Басына жан бармаған мұның жуық. 
Алабас ақ бурадай бұрқыраған, 
Үскірік, қарлы бұлт басын жуып. 
Қ.Мұқамедханұлы ақын тіліндегі бұндай қолданыстарға «Зор Зұлыс, зодыр Зұлыс түсі 
суық» дегендегі эпитеттер табиғатты жанды бейнеде кейіптеу (олицетворение), «ала бас 
ақ бурадай бұрқыраған» деген көркем теңеулер, күрделі метафоралар, екпінді, әсерлі 
дыбыс үндестіктері, осы шумақтардың өн бойында кездесетін өлең өрнектері, ажарлы сөз 
айшықтары – нағыз ақындық образ», - деп өзіндік бағамын ұсынған. 
Сюжетті шығармаға табиғат көріністерін кестелей білуі Ақылбайдың бірінші ерекшелігі 
болса, шығарманың композициялық құрылысына өзгерістер енгізуі оның тағы бір 
шеберліктің тезінен өткендігін байқатады. 
Бұзылған Дағыстанның қу қаласы, 
Көрінді қарт Жүсіптің үй – ханасы. 
Жүсіп тұр қайғы басқан үй алдында, 
Дүниенің әсер бермей тамашасы. 
Бұлайша, оқиғаның соңынан бастап жырлау Ақылбай заманында қазақ әдебиетінде 
қалыптасып, қанат жая қоймаған көркем әдіс екендігі белгілі. Ақылбай құр еліктеуші, 
дәстүрден өнеге алушы ақын емес. Оның өзіндік ақындық беті айқын, көркем суреттер 
жасап, үлкен ой түйетін дарынды ақын. 
Сөзге шебер ақынның дәстүрлі эпитет, теңеу, бейнелі сөздерін былай қойғанда, «тәуекел 
дариясына салып қармақ», «қанды шапан үстіне қалды киіп», «бейнет ішіп, күн көрген 


қатер киіп», улы қанжар, улы жас, бұлбұл көңіл, ажал иісі тәрізді төл суреттері ақынның 
өзіндік бейнелі ойлау жүйесінің биіктінін танытады.
Ақылбай Абайұлы өзінің поэмалары арқылы ұстаздан алған тағылымын бойға сіңірген 
дарынды шәкірт екендігін мойындатады. 
Мағауия Абайдың Ділдә деген бәйбішесінен, әкесінің жиырма бес жасында туған. 
Ділдәдан төрт ұл, екі қыз болған. Мағауия (Мағаш) Абайдың кенже баласы. 
Мағауияны әкесі сегіз-тоғыз жасында мұсылманша оқуға береді. Ауылда, «кішкене 
молла» деп аталатын Мұхаметкәрімнен төрт-бес жыл оқыған соң, Абай оны қалаға 
апарып, Семейдегі орысша мектепке оқуға түсіреді. 
Оқуға аса қабілетті, зерек, талапты жас шәкірт Мағауия қалада екі-үш жыл оқыған соң, 
денсаулығы төмендеп, науқасқа шалдыға бастайды. Баласының науқасынан қауіптенген 
Абай сол кездегі Семей қаласындағы ең тәуір, тәжірибелі дәрігер деп танылған – Становқа 
қаратады. Мағауияның өкпе ауруына ұшырағанын анықтаған дәрігер, енді оның қалада 
тұрып оқуына болмайтынын айтады. Сонымен амалсыздан оқуын тоқтатып, Мағауия 
ауылына қайтады. Бұл – 1886-1887 жылдар еді. Содан бастап үнемі Абайдың өз қасында, 
әкесінің өз тәрбиесінде болады. 
Мағауия орыс мектебінен алған бастауыш білімін әкесінің өнегесімен өз бетімен 
дамытып, орыс тіліне жетік болады. Абай оқитын кітаптарды – орыстың ұлы ақын, 
жазушыларының, ғалымдарының еңбектерін Мағауия да зер салып, көп оқиды. 1889 
жылы Түмен қаласындағы реальное училищені бітірген соң, Петербургте оқып жүрген 
Әбдірахманның да Мағауияға көрсеткен көмегі көп еді. 
Осы жылдар Абайдың ақындық атағының да кең жайылып, Абай алдына талапты жастар 
топталып, Абай ауылы өз тұсында мәдениет ордасына айналған кез болатын. 
Мағауияның лирикалық өлеңдері, Абай айтқандай: «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін», 
«айналасы теп-тегіс жұмыр келген» нағыз көркем шығарма екенін көреміз. 
Ақынның алғашқы жазған шығармаларының бірі – «Ай жарық, жаздың түні ат терлетіп» 
деп басталатын өлеңі. Ақын бұл өлеңінде, екі жастың жазғы жайлауда, ай жарық бір түнде 
ел көзінен ұрланып, ауылдан аулақ бір сайда, бірін-бірі аңсап табысқан сәттегі көңіл-
күйін, сезім-сырын сипаттайды. 
Аз өмірінің ішінде Мағауияның басынан кешкен өмір кезеңдерінің ең қайғылы, ауыр 
кезеңі – ағасы Әбдірахман (Әбіш) қазасы болады. 1894 жылы Алматыда қатты 
науқастанып жатқан Әбіш тағдыры Абай ауылын қатты күйзелтеді. Әбіштің науқасын 
естігеннен бастап, оған арналып жолданған әке махаббатын жеткізетін, Абай жүрегін 
жарып шыққан сағыныш, тілек жыры туады. Абайдың барлық достары Әбішке туыстық, 
достық жүректен тілектестік ниеттерін білдіріп, терең сезімді өлең-хаттар жолдайды. 
Абай 1894 жылы, Мағауияны Әбіштің қасында бол деп, Алматыға жібереді. Мағауия 
Әбіштің қасында бес айдай болып, күтіп, сүйікті ағасын өз қолымен аттандырады. Осы 
ауыр сапар, қайғылы хал, бес ай бойы ағасының ақырғы демін күткен қаралы күндер, 
ауылдан аулақта жалғыз басқа түскен ауыртпалық – Мағауияны қатты тебірентеді. Осы 
ауыр халдің үстінде «Бір үміт, бір хауіптің» ортасында өткізген күндер, үзілген үміт 
ақынның: «Ыңқылдап жатыр екен жаңа барсам», «Дейтұғын сөзің қайта «Мағатайым», 
«Жалғыз міне отырмын әр нәрсе ойлап», «Бірге туған бауырлас» деген өлең-жырларын 
туғызды. 
Абай жыр еткен мол тақырып, терең мазмұн, биік идея Абайға дейінгі қазақ әдебиетіндегі 
өлең түрінің қалыбына сыймайды. Данышпан ақынның асыл жырға бөленген кең ақылы, 


терең ойлы ел жүрегіне еркін жететін сара жол қажет етті. Осындай зор талаптан барып, 
өлеңнің ондаған жаңа түрлері туады. 
Мазмұнына сай жаңа түр тапқан Абай өлеңдері халық тіліне онан сайын жеңіл, жүрегіне 
онан сайын жылы тиетін болады. Бұл жаңа түрлер Абай лирикасының терең мазмұнға 
ұштасып, ақынның өлеңдерін ерекше әсерлі етіп, көріктендіреді. 
2. Мағауия ақынның қазақ әдебиеті тарихында атын қалдырған еңбегі – оның поэмалары. 
«Әкесінің ақындық еңбегін аса қадірлеп, жақсы білген, ұғынған Мағауия өзі де Ақылбай, 
Көкбай сияқты ақындық еңбекке беріледі... Абайдың мәслихатымен және материал беруін 
пайдаланып, бірнеше поэма жазады. Ол жазған поэмалары: «Еңлік-Кебек», «Абылай» 
және «Медіғат-Қасым», – дейді Мұхтар Әуезов. Мағауияның ең көлемді, әрі көркем және 
оның ақындық ерекшелігін айқын танытатын «Медіғат-Қасым» поэмасы екенін, Мұхтар 
Әуезов ерекше атап айтқан болатын. 
Мағауияда Абайдың мәслиқаты бойынша, шығармасының тақырыбын, қазақ даласынан 
аулақ, алыстағы Африка елінің тұрмысынан алады. 
«Еңлік-Кебек» – Мағауияның ақындық қадамын жаңа бастаған шағында жазған алғашқы 
поэмасы. Мағауияның өз қолжазбасы сақталмаған. Поэманың бір ғана көшірме 
қолжазбасы, 1940 жылы, Мұхтар Әуезов өз архивін тәртіпке келтіріп, реттеп жатқан кезде, 
көп қағаздың ішінен табылады. Поэманы көшіріп жазған Дайырбай Қожанұлы. 
«Еңлік-Кебек» поэмасының уақиғасы XVIII ғасырдың аяғында (1780 жылдар) болған 
тарихи шындық. 
Еңлік пен Кебек рулық-феодалдық талас-тартыстың, ескі әдет-ғұрыптың құрбаны болған 
жазықсыз жастар еді. 
Еңлік пен Кебек оқиғасы халыққа қатты әсер еткен. Халық қиялы Еңлік пен Кебектен 
қалған баланы өлтірмей ер жеткізеді. Ол бала (Ермек) ер жетіп әкесі Кебек сияқты батыр 
болады. Әке-шешесінің кегін қуады. «Ермек» атты ел аузында сақталған дастан бар. 
Мағауия Абайдың келешегінен үміт күткен зерек балаларының бірі болған. Жас кезінде 
ауылда мұсылманша хат таныған оны Абай Семейдегі қалалық училищеге орысша оқуға 
берген. Содан кейінгі өмірі әке қасында өтіп, аяқ астынан науқасқа шалдығады. Абай 
Мағауияны өзіне серік санаған. Адамгершілігі мол әділ Мағауия Абайдан көмек сұрап 
келгендерді әкесіне жеткізбей, даулы істердің шешімін тауып отырған. 
Әке ықпалы мен ақындықтың халықтық маңызын түсінген Мағауия шағын өлеңдер 
шығарған. Сонымен қатар Абай ақылымен, оның берген материалдары негізінде «Еңлік-
Кебек», «Медғат-Қасым» атты поэмалар жазған. 
«Медғат-Қасым» - Мағауия поэмаларының ішіндегі көркемдік тұрғысынан биік шығарма. 
Оның оқиғасы қазақтың тұрмыс-салтымен байланыстырыла емес, Африка жерінде, Ніл 
өзені бойында өтеді. Шығарма желісі құл иеленушілер мен құлдардың арасындағы кек 
күресінен алынады. Шығармада Мұрат деген байдың баю мақсатымен Мысыр қаласынан 
Ніл өзені бойына көшіп келгені әңгімеленеді. Оның Медғат атты ұлы, Ғазиза атты қызы 
болады. Оларға қоса Мария атты асырап алған қызы қатысады. Поэмада жеке 
көріністердің өмір шындығына жанасымды суреттері бола тұрса да, шығарма негізінен 
романтизм үлгісінде жазылған. Оқиға желісі де, кейіпкерлерге тән іс-әрекет, сезім күйі де 
соған ыңғайластырылады. Кейіпкерлерді дағдыдан тыс жағдайларға тап еткен, әрекет пен 
мінез-құлықтағы төтенше қаһармандық ерлікке бастайтын түйін есебінде шығармада 
Медғат пен Қасым арасындағы кек және Ғазиза мен Сәлімнің махаббаты алынады. 


Оқиға жай дағдыдағы эпостық поэмалардың ізімен басталып, кейін басқаша дамиды. 
Олардың ішкі байланысы, шиеленісі, шарықтау шегі – бәрі күтпеген жерден кенет 
жалтарысқа ұшырап отырады. 
Адам образдарын жасау әдісі де осыған ыңғайласқан. Солардың ішінде романтикалық 
қаһарманды көз алдыңа елестете аларлық образ – Қасым. Оның істерінің қайсысын алсаң 
да ірі, басқалардан бөлек. 
Дейтұғын бір құлы бар Қасым атты, 
Қара сұрлау пішіні зәңгі затты. 
Отты қара көзі бар, ұзын бойлы, 
Тәкәппар, тәуекелшіл, бек қайратты, – деп жасаса, кейін оның қайсарлық мінезін де соған 
сай етіп суреттейді. Қасым кекті қатты ұстайды. Қасымның қарақшылық әрекеттерін сөз 
еткенде, Мағауия оны қанішер ретінде көрсетпейді. Бұл – Батыс пен орыс романтизмінің 
бас қаһармандары сияқты қайырымды қарақшының бейнесі. Жазықсыз жәбір көрген адам 
дұшпаннан кек алу үшін қарақшылық жолға түседі, намысын ерлікпен қорғауды мақсат 
етеді. Осыдан барып, Қасым зорлықшыл, үстем таптың бәріне қарсы адам болып 
суреттеледі. Ақын оны: 
Әсіресе байларға рақым етпес, 
Ағаш толы зәңгінің бәрі ниеттес. 
Сорлы болған жандарға тағы әдеті, 
Бір жақсылық қылады естен кетпес, – 
дейді. Қасымның Медғаттан кек алу үшін істеп жүрген іс-әрекеті арқылы өткен дәуірдегі 
құлдар мен қожалардың арасындағы тартыстың бір көрінісін суреттейді. 
Поэмада Ғазиза әкесі мен ағасының рақымсыздығына қарамай, сүйгеніне адал, өжет 
сезімнің иесі ретінде көрінсе, Сәлім де күштілерден жәбір көріп, өз ортасынан қуылып 
жүрген адамның бейнесін танытады. 
Мағауия Қасым кегі, Сәлім махаббаты арқылы өмірі қанауда өтіп жүрген, бірақ бойында 
үлкен қайраты бар, ар-намысы күшті еңбек адамдарының жоғын жоқтайды. Бай мен 
құлдың арасындағы бітіспес қайшылықты терең суреттейді. Шығармада романтика 
араласса да, кейіпкерлердің күрес, сезім әрекеттері шындықпен қабысып отырады. 
Поэма тіл көркемдігі жағынан да құнды. Жаңа теңеу, жаңа эпитеттер тәрізді сөз 
образдарының байлығына қоса қаһармандардың романтикалық мінездерін нақты бере 
білуде ақын едәуір шеберлік танытқан. Ақындық шеберлікті Мағауияның ұстазы Абайдан 
үйрендігі анық байқалады. 
Қорыта айтқанда, «Медғат-Қасым» поэмасы тақырыбы жағынан да, құрылысы жағынан 
да өз кезіндегі қазақ әдебиеті үшін тың жаңалық болды. Мағауия Абайұлы қазақ 
әдебиетіне романтикалық поэманың жаңа үлгісін әкеп қосты. 
Көкбай Жанатайұлы 1861 жылы, қазіргі Семей облысы, Абай ауданында туған. Он 
жасынан бастап, он бес жасына шейін Төлетай деген молдадан оқиды. Он бес жасында 
оқуды тастап, бозбалалық құрып, ойын-сауық, той-думан қуып кетеді. Ән-күйге, өлең-
жырға құштар, талантты жас Көкбай домбыра тартып, ән салып, өлең айтып, ауыл 
арасының ойын-сауығынан қалмайтын болады. 
Сөйтіп, Көкбай ән салып, өлең айтып жүреді де, он жеті жасында Семей қаласына оқуға 
кетеді. Оның орысша оқуға Семейге келуіне үлкен себеп болған Әріп еді. 


...Абай қалаға келген сайын Көкбай сияқты оқып жүрген жастарды жинап, қалай оқып 
жүргендерін сұрап, біліп, ақыл-кеңес берумен қатар, өздеріне де ән салғызып, өлең 
айтқызып, олардың өнер, талаптарын мадақтап, көңілді, мағыналы мәжіліс жасап 
отыратын болған. Ол жастардың кейбіреулерін оқуға түсірген де Абайдың өзі еді. 
Көкбайдың «Семейге Абай келсе, бізде думан» дейтіні де осы болатын. 
Оқуын аяқтап, елге қайтып келген соң, үнемі Абайдың жанында болады. Абай өзі жазған 
өлеңдерін бірнеше жыл бойы Көкбай атынан таратады. Көкбайдың аты Абай өлеңі 
арқылы 1889 жылы, тіпті, баспасөз жүзінде мәлім бола бастаған. 1889 жылы «Дала 
уалаяты» газетінде Абайдың «Жаз» атты белгілі өлеңі Көкбайдың атынан жарияланған. 
Өлеңнің басында былай деп түсінік берілген: «Семей уезі Шыңғыс елінің қазағы Ибраһим 
Құнанбай ауылының Бақанас өзенінде, Көпбейіт деген жерге қонып жатқандағы түрі. 
Кісіден үйреніп жаздым: Көкбай Жанатайұлы». 
Абайдың Көкбаймен достығы – Абайдай данышпан ақынның Көкбайдай талантты танып 
табысқан достық еді. Көкбайға ақындық өнерді ардақтауды үйреткен, «ақын» атын ешбір 
байлық, мансап, жалған атақ, жартымсыз қызыққа айырбастамауға үйретіп, танытқан 
Абай еді. Көкбайдың табиғи талантын тәрбиелеп, түзу жолға бағыттаған Абай болды. 
«...Қыс болсын, жаз болсын Абай ел араласа, қасында жүріп, ауылына келсе, үйінде бірге 
жатып, айырылыспайтын болдық. Абайдың қасында ай жүріп, ай жарым жүріп келіп, бір 
әредік толас болғанда ғана өз үйіме бір жұма, көп болса, он күнге рұхсат алып келіп, 
артынан қайта барамын», – дейді Көкбай. 
1880 жылдардан бастап 1904 жылға дейін Абай көрген өмір талқысына, күйініш-сүйініш 
сияқты Абай басынан кешкен түрлі халдерге жанашыр жақын, адал дос ретінде Көкбай да 
түгелдей ортақ болады. 
Сөйтіп, 1880 жылдан бастап Абай өлген күнге дейін екі достың тағдыры тығыз 
байланысты болған. 
Көкбайдың жөпелдемеде суырып салып айтып тастайтын ақпа ақындығын Абай қатты 
ұнатқан. Адамның жаман әдет, жағымсыз мінез-құлықтарын қолма-қол бетке басып, 
шенеп айтып тастауға Көкбайдың ұшқыр қиял, орынды тілін, ұғымды өткір сөзін Абай 
ерекше бағалаған. 
Абай басқа шәкірттеріне тақырып ұсынған ретімен Көкбайға да тарихи уақиғаларға 
байланысты тақырып берген. Ол тақырып Абылай ханның жайы болады. Абай Көкбайға 
бұл тақырыпты ұсынғанда, қазақ халқының сыртқы жауы жоңғарлармен күресін 
жырлауды тапсырған сияқты. Бір жағы Абай айтып берген тарихи деректерге, бір 
жағынан ел аузында аңызға айналып кеткен әңгімелерге сүйеніп Көкбай ұзақ шығарма 
жазып шығарды. Ол шығармасы – «Сабалақ». 
Бірақ бұл ұзақ әңгіме – жыр жинақ көркем шығарма болмай, Абылай бастап, оның 
тұқымдарын қуалай жырлай берген, бірден-бірге көшіп отыратын тарихи хроника болып 
шыққан. 
Көкбай бұл шығармасында Абылайды, оның тұқымдарын олардың үстемдігін дәріптеп, 
шектен шығарып асыра мадақтайтын ру басы – феодалдардың мақсатынан туған құмартпа 
идеяны халық мақсаты деп қате түсінген. Содан барып феодалдар тілегінен туған 
Абылайды, оның тұқымдарын дәріптейтін өлең-жырдың, аңыздардың шумағынан аса 
алмай қалған. 
Көкбайдың бұл шығармасы Ақылбай, Мағауиялардың поэмаларындай өзінің озық 
идеясымен, көркемдік қасиетімен танылмай қалады. 


Көкбай Абай дүниеден қайтқан соң, өз ауылына келіп орнығып медресе салғызып, қазақ 
балаларын оқытумен шұғылданады. Бұл кезде Көкбай көп еңбек сіңірген адам. Көрші 
елдерді, өз елін аралап, Абайдың халықты өнер-білімге шақырған өсиетін айтып, 
халықтың қадірлі ұлы, дана ақынның ол өсиетін орындау үшін медресе салдыру 
қажеттілігін түсіндіреді. Балаларға ақы алмай, сабақ беруді Көкбай өз міндетіне алады. 
Абайды сүйген халық Көкбайдың мәслихатын қарсы алады. Тобықты, Найман, Уақ, Керей 
елінің көмегімен Көкбай ауылында асты-үсті тақтайлы, сегіз бөлмелі үлкен медресе 
салынады. 
Жағрафиялық қоғамның Семейдегі бөлімі Абайдың қайтыс болғанына 20 жыл толуына 
арнап, 1924 жылы декабрьде жиылыс өткізеді. Абайды еске түсіру жиылысына арналып 
шығарылған Көкбай науқастығына қарамастан келіп, ұлы ақын, досы жайында халық 
алдында сөз сөйлейді. 
Содан қайтқан соң, ауру меңдете бастайды. Науқасы нашарлаған соң, ақын тағы да қалаға 
сапарға шығады. Бірақ қалаға жете алмай жолда Күшікбай деген жерде, Смағұл деген 
кісінің үйінде 1925 жылы 5 октябрьде (ескіше 22 сентябрь) қайтыс болады. Сүйегі өзінің 
қыстауы Мұқыр, Тақыр деген жерде. 
К.Жанатайұлы шығармашылығының көлемді бір саласы - қисса-дастандары, поэмалары. 
Көкбай - ұзақ оқиғалы үлкен шығармалар жазған эпик ақын. Оның эпикалық 
туындыларынан Абайдың ақындық дәстүрінің жалғастығы, Абай ықпалы айқын 
аңғарылады. Абай әңгімелі, оқиғалы жыр-дастандарға өрістеп бармаған. Есесіне талантты 
шәкірттері тудырған жыр-дастандар қазақ поэзиясындағы жаңа үлгідегі поэмалар шоғыры 
болды. К.Жанатайұлының қаламынан "Сабалақ" , "Қандыжап", "Құлынды даласы" атты 
жыр - дастандар, "Ғаділ патша", "һарун Рашид" қиссалары сияқты эпикалық сипаттағы 
шығармалар туды. Ақын көлемді шығармалары арқылы қазақтың өткен тарихына қалам 
тербейді. Есімдері тек қана құрметпен аталуға тиіс қазақтың ерлерін жырға қосады. Ал, 
қиссаларында қызықты оқиғалар арқылы оқырмандарын ертегі әлемге жетелеп, оқиға 
ішіне енгізе отырып, адамгершілік, имандылықты құлақтарына құяды. Өткен тарихты да 
білдіру, ұлтын сүюге шақырып, дін жолдарын, адамшылық қасиеттерді уағыздау - 
ақынның басты мақсаты. 
Оның көлемді туындыларының ішіндегі көрнектісі вЂ""Сабалақ" . Жыр қазақ халқының 
ел болып бірігуіне, халық болып қайраттануына елеулі және басты үлес қосқан, қазақ 
тарихындағы ірі тұлға Абылай ханның ерлік істеріне арналған.Басты қаһарман да- хан 
Абылай атанған жетім бала Әбілмансұр. Жырдың басында оның жетім қалып, Төле би 
аулына келген кездегі "Сабалақ" бейнесін ақын төмендегідей шеберлікпен суреттейді: 
Бір бала үсті-басы далба-дұлба, 
Күрсініп дем алады анда-санда. 
Жылтыр көз тікірейген, сұрғылт сары 
Жаратқан ерекше ғып алла тағала. 
Қой жүні, жыртық күпі, сеңсең тымақ, 
Көзіне шашы түсіп кеткен тым - ақ. 
Сұңқардың отырысы баласындай 
Нәсілі Төле биге кетті ұнап. 


Болашақта ел билер Абылайдың сыртқы кескін - келбеті де, қарапайым бейнесі де, тектік 
қасиеті де осында сыйдырылған. Халық арасында кең тараған Сабалақ мінездерін Көкбай 
өз жырында шебер пайдаланады. Ақын баланың аяқ- қолын төрт жаққа соза жатуы мен 
Төле би қалдырған малдың басын жалғыз жемей үлестіруі сияқты детальдар арқылы 
болашақта ел билейтін адамның белгілерін көрсетеді. Көкбай көлемді жырларында өзі 
жырлап отырған кезеңнің шынайы шындығын көрсетуге тырысады. Ол осы шығармасына 
халық арасында аңызға айналған элементтерді енгізе отырып, өзінің идеясын, ақындық 
нысанасын алып шығу барысында тарихи дәлдікті, нақты деректерді көркемдік деталь 
ретінде пайдаланып, шынайы оқиғалар жүйесінен ауытқымай оны тарихи жыр дәрежесіне 
жеткізген. Көкбайдың Абылай ерліктеріне арналған осы шығармасы сюжеттік, 
композициялық құрылысы жағынан аса күрделі болмаса да, Абылайдың ел билігіне 
жеткенге дейінгі өмір тарихын жан - жақты сомдап бере алған. Ақынның Абайдан естіген 
әңгімесі де Абылай өмірінің жас шағы еді. 
Кенесары мен Наурызбай, олардың төңірегіндегі батыр туыстары жөнінде жазылған 
шығармасы- "Төрт төре" атты тарихи дастан. "Сабалақ" жырының заңды жалғасы болып 
табылатын бұл шығарма Абылайдың бір топ ұрпақтарына арналған. "Бекташ нұсқасында 
Абылай туралы әңгіменің жалғасы түрінде берілген, ал басқа бір қолжазбаларда дербес 
жыр ретінде ұсынылған "Ер Наурызбайдан" Кенесары қозғалысы туралы, ол қозғалыстың 
себеп-салдары, тірек-күші, бағыт-бағдары, мақсат-мұраты туралы ешқандай дерек ала 
алмаймын", - деп М.Мағауин айтқандай, Көкбай жырында Кенесары бастаған көтеріліс 
кеңінен суреттелмейді. Жырдың негізгі бағыты қазақ жерінің, халқының бостандығы, 
еркіндігі үшін жанын салып жүрген ерлердің күресін, қысылған шақтағы амалсыз 
әрекеттерін көрсету болған. Ақынның елдің еркіндігіне осы мұнарадан қарағандығын 
оқиғалар жүйесінен аңғару қиын емес. Бірінен кейін бірі туындап отыратын оқиғалардың 
әлеуметтік астарына ақын аса мән берген. Соны негізгі нысана етіп алған. Қазақ жеріне 
жан-жағынан көз алартып қызыға қараған, басып алуды ойлаған үлкен державалар, 
шұрайлы жерлерін тартып алып, бекіністер сала бастаған отаршылдар, бір мұсылманбыз, 
қиянат жасамас дегенде алдап соққан сарт, түрікпендер әрекеттерінің, ойларының түпкі 
тамырына ақын терең үңілген. К.Жанатайұлы Абылай, Кенесары, Наурызбайларды 
қоршаған әлеуметтік орта, сол кездегі қоғамдық-саяси жағдай, солардың заманының 
шындығын шерте отырып, тарихи тақырыптың бүгінгілік мәнін, актуалдық маңызын 
басты назарға ұстаған. Көкбай Жанатайұлының Абылай хан, оның қайсар ұрпағы хақында 
жазған " Сабалақ" жырының заңды жалғасы - " Наурызбай-Фатима" дастаны. 
" Наурызбай-Фатима" - ғашықтық дастан. Сондықтан да онда махаббат, ерлік, ел 
арасындағы татулық басты орын алған. Фатиманың Науанға деген сүйіспеншілігі де осы 
идеяға бағынған. Жеке жыр ретінде тануға болатын " Наурызбай - Фатима" ғашықтық 
дастаны " Сабалақ" жырының көрнекті де, көлемді бөлігі. К.Жанатайұлы осы жырды: 
Сабалақ деген атпен өзін жырлап, 
Әулетін өлең қылдым Абылайдың. 
Шәкірті-Абай ақын, атым- Көкбай 
Еркесі ем Тобықтыда Жанатайдың,- деп аяқтайды. 
К.Жанатайұлының "Сабалақ" жырынан өзге де көлемді ауыз толтырып айтарлықтай 
мұралары бар екендігін жоғарыда келтірдік. Олардың бірі вЂ" "Құлынды даласы" атты 
дастан. Бірақ бұл поэма қазіргі таңға дейін табылмай келеді. Көкбай ақынның тағы да бір 
көлемді дастаны, өмірінің соңғы шағында жазған " Қандыжап" атты тарихи шығарма. 


Онда Абылай ел тыныштығын, азаттығын ойлап, халқының болашағы үшін уайымдаған, 
халқының адал перзенті ретінде суреттеледі. Өмірдегі шындықтан алыс кетпеген 
К.Жанатайұлы Абай айтқандай "қазақтың мақтан қылар ерлерінің бірі" Абылайды 
қолынан келгенше ірі тұлға ретінде бейнелеуге тырысқан. Оның басындағы кездесетін 
жекелеген кемшіліктерін де жасырмайды. Тарихи шындықты негізге алып, Абылайдың 
ерлік істерінің бір қырын баяндауды мақсат тұтады. 
Дастанның идеялық мазмұндағы бір құндылық - қаншама жылдарға созылған қазақ-
қалмақ соғысының Абылай хан арқасында бітім табуын, осы жолдағы қазақ хандары мен 
ерліктерін суреттеу. К. Жанатайұлының рухани нәр салған алтын бастауларының бірі-
шығыс әдебиеті. Оның шығыс мәдениетін тереңдеп оқып үйренуіне орасан зор ықпал 
еткен адамның бірі, өзінің ұстазы - Абай Құнанбайұлы. Шығыстық қисса-дастандардың, 
оқиғалы әңгімелердің көпшілігі Абай айтуы бойынша, сол ортада кеңірек таралып, мол 
өріс жаяды. 
Көкбай Жанатайұлы "Мың бір түн" ертегісінің негізінде екі қисса жазады. Оның 
алғашқысы "Ғаділ патша қиссасы" болса, екіншісі - "һарун Рашид қиссасың деп аталады. 
Екі қиссаны да С.Қарамендин ел ортасынан тауып, 1927 жылы хатқа түсірген. Олар архив 
қорларында сақталғанымен күні бүгінге дейін жарық көрген жоқ. Қиссаларды жазудағы 
ақынның басты нысанасы - адам баласын адамшылыққа, адалдыққа, шынайы махаббат 
пен алғырлыққа, тапқырлық пен әділеттілікке шақыру. Екі қиссаның да тәрбиелік маңызы 
аса жоғары. 
Әріп Тәңірбергенұлы (1856-1924) – ақын. Абайдың талантты шәкірттерінің бірі. 
Жастайынан мұсылманша мектеп, медреселерде оқыған. Семейдегі миссионерлік мектепті 
бітірген. Шығыс мәдениетінен хабары мол, араб, парсы, қытай, орыс тілдерін жетік 
білген. 1882-83 ж. Аякөз маңында, ал 1884-87 ж. Шәуешек қаласында (ҚХР) орыс 
консулының тілмәші. 15-16 жасынан айналасына ақындығымен таныла бастайды. 
Өлеңдерінде араб, парсы әдебиеттерінің ықпалы байқалады. Қыздың сұлулығын шектен 
тыс романтик бейнеде суреттегені үшін Әріп кезінде ұстазы Абайдың қатаң сынына 
ұшыраған. Бұл жас ақын үшін үлкен сабақ болды. Ол өзінің ақындық жолында Абайды 
үнемі ұстаз тұтып отырды. Дастандарында Абайдың өлең кестесіне ден қояды. Әріп 
әсіресе, Абай поэзиясының ағартушылық және сыншылдық бағыттарына жиі назар 
аударған. «Серікбай қажыға», «Байларға», «Қабдолла биге», «Тәрібек болысқа» т.б. 
өлеңдерінде Әріптің Абай үлгісіндегі сыншылдық қасиеті айқын көрінеді. Жастарда оқу-
білімге, еңбекке шақыру тақырыбына жазылған «Ғылым туралы», «Еңбек туралы», 
«Шәкірттеріме», «Шұғбанға» сияқты өлеңдерінде Абайдың ағартушылық идеялары 
жалғасын тапқан. «Қалың мал туралы» өлеңінде ақын әйел теңдігі мәселесін көтереді. 
Мұнда да әлеумет, теңсіздік, әр адамның бас еркі деген сияқты мәселелерге келгенде ұстаз 
ақынның ұлағатты ойларымен сабақтастық сезіледі. Абай үлгісі Әріп 
шығармашылығының бүкіл табиғатынан танылып жатады. «Абайдай болмасам да атақты 
ақын» деп, ақын салған дәстүрлі жолды өзіне бағдар тұтатынын айтады. Осы үлгіде туған 
Әріп еңбектерінің бірі – орыс ақыны А.С.Пушкиннен аударған «Евгений Онегин» 
романының үзінділері. Өзінен бұрын Абай аударғанын, Абай барған тақырыпқа қайталап 
қалам тартуы Әріптің ақындық қарымын, батылын аңғартады. Аудармада, тіпті оның 
жекелеген шумақтарында Абай өлеңінің кесте-бояулары байқалып тұрады. Әріп 
қаламынан лирик шығармаларымен қатар шығыстық оқиғалар желісімен жазылған 
«Зияда-Шамырат», «Қожа Ғафан», «Нұрғозарұн», «Таһір» сияқты бірқатар хисса-
дастандар туды. 
Әріп – Абай шәкірттерінің ішіндегі өткір тілді, терең ойлы, табиғи дарынды, білімді, 
мәдениетті ақындардың бірі. Ақын туралы осы айтылған пікіріміздің шындығын дәлелдеу 
үшін ең алдымен, оның өмір тарихын бұлжытпай, барынша дұрыс баяндауымыз керек. 


Әріп Тәңірбергенұлы 1856 жылы Семей облысы, қазіргі Жарма ауданында туған. Руы – 
найман, найман ішіндегі сыбан. Сыбанның бес баласының бірі – Жанкөбек. Жанкөбектен 
нар дауысты Нарынбай. Нарынбай он жетінші ғасырда Ташкенттің бегі болған. 
Нарынбайдан қу дауысты Құттыбай би, онан Байғара би, Байғараның бес баласының 
екеуін ғана айтамыз. Олар – атақты ақын әрі Ақтайлақ және Байсал онан әрі Әлі, Әліден 
Тәңірберген. Тәңірбергеннің баласы — Әріп. 
Ауызша мәліметтерге қарағанда, Әріп 11-12 жасынан бастап ауыл медресесінде оқып, 
одан кейін бастауыш мектебінде оқыған. Мұсылманша және орысша сауатын ашып алған 
соң, туысынан зерек, зейінді, сергек сезімді талапты жастың өнер-білімге құштарлығы 
күшейе түседі. Ол енді өз бетімен ізденіп, білімін толықтыруға барынша жігерімен 
беріліп, мұсылманша, орысша кітаптарды құныға оқумен болады. Одан арғы жылдардағы 
яғни жасы 20-дан асқан кезіндегі өмірі туралы архивтерде сақталған нақтылы тарихи 
деректі мағлұматтар бойынша баяндаймыз. 
Қазақстан мемлекеттік архив қорында: «Дело штатного смотрителя Семипалатинских 
училищ на 1878 год, на 626 листах» деп аталатын тарихтық мағлұмат сақталыпты. Осы 
мағлұматтың 186 бетінде «экзаменационный мест по арифметика для 3-го класса на 1877 
и 1878 учебный год» деген мәліметте оқушылардың тізімі және емтиханда алған бағалары 
көрсетілген. Үшінші кластағы оқушылардың саны – 24. Олардың 17-сі орыс, 7-еуі қазақ 
балалары. 
Әріптің ең алғаш Абайды көріп-біліп, ұлы ұстаз ретінде таныған уақыты, оның Семей 
училищесінде оқып жүрген жылдары болатын. 
Әріптің алғашқы ақындық қадамында жазғандары не болмаса қолма-қол суырып 
айтқандары әзіл-қалжың, айтыс, жастық, махаббат тақырыбындағы өлеңдері болып келеді. 
Араб, парсы тілдерін жетік білген соң Шығыс әдебиетін көп оқып, өз шығармаларында 
Шығыс әдебиетіне еліктейді. 
Әріптің 1890 жылдардан былайғы негізгі өлеңдерін нағыз сыншыл релаизм бағытында 
жазады. Өлеңдерінің идеялық мазмұны тереңдей түседі. Халықты қанаушыларды 
әшкерелеп жырласа, еңбек елін дәріптеп жырлайды. 
Әріп шығармашылығы қазақ халқының саяси қоғамдық өмірімен тығыз байланыста 
дамып, өсіп отырады. Ақынның саяси сана-сезімі өскен сайын, оның өлеңдерінің идеялық 
мазмұны да тереңдей түседі. 
Әріптің ақындық өмірі ерте басталғаны белгілі. Оның шығармаларының тақырыбы сан 
алуан. Ақынның шығармалары өзінің ой-өрісінің, өз басынан өткізген өмір белестеріндегі 
көзқарастарының көлемін айқын көрсетіп отырады. 
Дәріс №10 
Тақырыбы: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Мақыш Қалтайұлы, Шәді Жәңгірұлы 
шығармашылығы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет