Негізгі сұрақтар


Мәди лерді 1919 жылы қызылдар түрмеден босатады.  Басқалар сияқты  Мәди



Pdf көрінісі
бет12/30
Дата18.09.2024
өлшемі1,94 Mb.
#204557
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
Байланысты:
19-20

Мәди
лерді 1919 жылы қызылдар түрмеден босатады. 
Басқалар сияқты 
Мәди
де жаңа заман ісіне бел буа кіріседі. 
Оның: 
Қырықта бостаншылық шықтым тауға, 
Совдеппін, қимылдайтын басым сауда. 
Николай, Колчактардың заманы өтті, 
Болғанда тілім қышып, қалам найза, 
Сілтейік, кетпесін кек залым жауға, —деп жар салуы соның 
нақты дәлелі болса керек. 
Осыдан Үшқарадағы туған ауылында алаңсыз жаңа өмірмен араласып жүрген 
Мәди
сол 
тұста нақақ жаламен Қарқаралы түрмесіне қамалған досы, Алашорда жағында қызметте 
болған Мұстақым Молдыбаевқа жолықпақ болып, Қарқаралыға келеді. Мұнда ол ат басын 
реальное училищесінде сабақ беретін, бұрыннан көңілдері жараскан Кәмелдің үйіне 
тірейді. Оның, қасына ауылдан жақын туысы Мөшірап жәке бірер жігіт ере 
келеді, 
Мәди
ді қуана қарсы алған үй иесі Садырбектің Әмейі, Сатыбалдының РымСайы, 
Сәду, Бекен қари, ағайынды Әбіш пен Мұстапа молда дейтін адамдарды шақырып, бәрі 
көңілді бір мәжіліс құрады. Ертеңінде 
Мәди
Мұстақымға жолықпақ болып абақтыға 
барады. Бірақ, мұндағы бастықтар оны Мұстақымға жолықтырмайды. Бұған ызаланған от 
жүрек әнші түрме бастығымен байланысуға дейін барады. Осы қылығы үшін мылтығын 
шоштандатқан, шаш ал десе бас алуға дейін баратын тобырлар 
Мәди
ді дереу тұтқындап, 
ояздың кеңсесіне алып барады. 
Бәпиұлы
өздерінің үстінен жоғары жаққа арыз 
түсіргендіктен уездік атқару комитетінің төрағасы Мейде және басқалар да оған қырын 
қабақпен қарап жүрген-ді. 
Бұдан кейін оқиғаның немен тынғанын сол кезде Семейде шығып тұрған «Қазақ тілі» деп 
аталатын газетте басылған «
Мәди
дің өлімі» атты қайғылы қазанамадан оқып көрелік: 
«Осы жыл (бұл 1921 ж. Б.М.) 1-февральда 
Мәди Бәпиұлы
н күндіз сағат 12-де Қарқаралы 
қаласында 5-ші учаскенің районный начальнигі Жасанов атып өлтірді. 
Мәди
дің жасы 42-
де. Екі қатынынан да баласыз еді. Өлім былайша болды. Декабрь басында Едірей еліне 
продразвертканы (азық-түлік салығы) бөлгенде байлар Теміржанов, Малаев дейтін 
волпредседательді қолына қондырып алып, малды ауылдарға бөліп, кедейлерге аудара 
салды. Өткен замандарда стражник болып қан сорған, бүгінде коммунистің тонын 
айналдырып киіп, түрлі қиянаттар істеп жүрген Малаевтің істерін 
Мәди
қуа Қарқаралы 
барып, онда отырған үкімет адамдарының кейбіреулері қазақ өміріне қолайсыз, мына 
заманға ұғымсыз һәм түрлі қиянаттарын, һәм алған параларын айтып, губисполком, 
губкрайотделге арыз беріпті. 
Мәди
Қарқаралыдан сескеніп, енді Семейге кетемін деп 
жүргенде Қарқаралының әкімішілік бөлімі Едірей елінің жер құмар байлары Уранов, 
Теміржановтың доносымен оның жақсы көретін адамы Малдыбаевтардың малын заңсыз 
конфисковать етеді. Осы мал тұралы Қарқаралы барған Малдыбаевты жауып қояды. 
Осындай жұмыстар тақырыпты 
Бәпиұлы Мәди
Қарқаралыға келеді. Өзінің ондағы 
хакімдер үстінен жазған арызынан қорқып, біреудің қатыны арқылы ескі бастықпен 
танысады. Мойынға түлкі оралады. Бірақ шы-райлары келмейді. «Менің губисполкомға 


жазған арызымды осында бір орыс оқып отыр екен, өзім қауыптеніп шықтым» деп 
жолдастарына айтады. 
Мәди
«Колчак заманында Едірейдің ескі болысы Теміржанов мені 
үкіметке қарсы деп көрсетіп, неше айлар абақтыда жаттым, енді мына үкімет заманында 
Малаевті қырғи қылып соңыма салып, мынандай қорқынышты халде жүрмін» деп 
отырады екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет