Қысқаша мазмұны:
1. Ыбырай (Ибраһйм) (2.11.1841, қазіргі Қостанай обл. Қостанай ауд. – 30.7.1889,
Қостанай) -ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.
Ыбырайдың өз өкесі (Алтынсары) ерте кайтыс болғандықтан, ол атасы Балгожа бидің
тәрбиесінде өскен. Балғожа бк немересін 1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының осы
калада казақ балалары үшін ашқан жетіжылдық мектебіне оқуға береді. Ресей үкіметінің
көз-дегені осывдай мектептер арқылы жергілікті өкімш. орын-дарға казакгың өз ішінен
кызметкерлер әзірлеу еді. Мектеп оқушыдары отаршылдық саясат рухында тәрбиеленуге
тиісті болды. Бірак жасынан зерек А. бұл мектептің оқу жүйесі шеңберінде калмай, дүние
жүзі әдебиеті мен орыс әдебиеті классиктерінің шы-ғармаларын өздігінен оқып. нәр алды.
Мектепті бітіргеннен кейін, 1857 — 59 ж. аралығында Алтынсарин атасы Балғожа бидің
хатшысы болды. Кейін Орынбор обл. басқармасына кіші тілмаштык кызметіне ауысады.
1860 ж. Алтынсаринге обл. баскарма Орынбор бекінісінде (Торғайда) казак балалары үшін
бастауыш мектеп ашуды тапсырады, сонымен бірге оны осы мектепке орыс тілінің
мүғалімі етіп белгіледі. Осыдан былай Алтынсаринның ағартушылық – педагогикалық
қызметі басталады. Шалғай түпкірде мектеп ашу жүмысының қиыншылықтарына
қарамастан, ағартушылық идеяларымен қанағттанған Алтынсарин көздеген мақсатын
орындауға құлшына кірісті. Ауыл – ауыды аралап, халықка кәсіптік білімнің маңызы мен
мақсатын түсіндірді. Алтынсаринның талабы мен қадамын халық қуаттады. Халықтан
жиналған қаражатқа мектеп үйін салуды қолға алды. Мектеп 1864 ж. 8 қантарда ашыдды.
Осыған байланысты үлкен той болып, сол күні мектепке 14 бала жазылды. Мектеп
жанынан интернат ашылды. Алтынсарин дүние жүзі педагогикалық классиктерінің
гуманистік идеяларын басшылыққа алып, оларды қазақ даласында оку ағарту
практикасына еңгізген түңғыш педагог болды (1860 —79 ж. арасында ) Алтынсарин
мүғалімдік, ағартушьшық қызметінен қатар аратірлік басқа да қызметтер атқарды: 1868 –
74 ж. Орынбор генерал – губернаторының арнайы тапсыруы бойынша төрт рет Торғайдың
уездік судьясы, 1876 — 79 ж. А. Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі болды.
Институт – мектептер ашуды қолға алды. Кейін Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездеріне
бірден екі кластық орыс – қазақ мектептерін ашты, оларды бәрінде де кітапханалар
ұйымдастыруға зор жөн көрді. Осыдан кейін болыстық бастауыш мектептер ашу ісін
қолға алды. Бұл үшін ол “Болысть қазақ мектептері туралы зписка” жазды. Мұнда ол тек
қазақ даласының ғана емес Ресейдің жартылай көшпелі аймақтарының өмір тіршілігіне
бейім, жазда көшіп жүретін, қыста бір жерде орнықты отыратын мектептің жаңа түрін
ұсынып, халық ағар жүйесіне елеулі үлес қосты. Болыстың ұсынысы бойынша 1888 ж. 10
сәуірде Орскіде бастауыш мектер үшін қазақша тарынан оқытушылар дайарлайтын
мүғалімдер мектебі ашылды. Оған Торғай, Ырғыз қ-ларындағы орыс-кырғыз
учильищелерді жақсы бітірген жастар алынды. Алтынсарин қазақ жастары арасынан
экономикалық салаларына кажетті мамандар әзірлеу ісіне ерекше мән беріп, қолөнер,
ауыл шаруашылық училищелерін ашуға көп күш жұмсады. Торғайда коленер училищесін
ұйымдастырды. Қайтыс болар алдында Қостанайда ашылғалы отырған а.ш училещесіне
өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырды. Алтынсарин Ырғызда қазақ
қыздары үшін жанында интернаты бар мектеп аштырды. Мұның өзі қазак халқының
тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық
уездерінде кыздар училещелерін ұйымдастыруды өтінді. Алайда рұқсат ол қайтыс болған
соң, екі жыл өткеннен кейін. Торғайда (1891), Қостанайда (1893), Қарабұтакта (1895),
Актөбеде (1896) жанында интернаттары бар қыздар училещелері ашылды. Алтынсарин
орыс – казақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады.
2. Ыбырайдың хаттарында мектеп ашу, оқыту әдістері, оқытушыларға қамқорлық жасау
сияқты мәселелер үнемі кең көлемде сөз болады. Ұстазы болған Н.И.Ильминскийге
жазған хаттарында оған деген өзінің шексіз құрметі мен ілтипат сезімін білдірсе, өзіне
шәкірт есебінде болған А.А.Мазохинге жазған хаттарын ұдайы «Сүйікті досым!» деп
бастайды. Сонымен қатар олар да өз кезегінде Алтынсаринді құрмет тұтқан. Мысалы,
Н.И.Ильминский «Алтынсарин туралы естеліктер» деп аталатын кітабының алғы сөзінде:
«Мен Ыбырай Алтынсаринмен отыз жылға жуық, яғни 1859 жылдың қараша айының
басынан таныс едім. Мен оған шын ықыласыммен берілдім, әсіресе оның орыс біліміне
ерекше құмарлықпен ұмтылып, ол білімнің қазақтар үшін де керек екенін ешқашан есінен
шығармайтындығын айрықша бағалайтын едім», — деп жазғаны белгілі.
Ыбырай мұраларының ішінде кейінгі кезге дейін ескерусіз қалып, зерттелмей келе жатқан
еңбегі 1880–1882 жылдары «Оренбургский листок» газетінің бетінде жарық көрген бір топ
мақалалары. Ағартушының сөз болып отырған мақалалары қазақ халқының сол кездегі
ауыр халін кең қозғайды. Қазақ шаруаларының жер қысымын көріп, құнарлы жерден
айырылып жатқанын айтады. Бұны ол халықтың болашағына әсер ететін үлкен
бақытсыздық деп бағалайды. Отырықшылыққа айнала бастаған елге ең алдымен құнарлы
жер, қуатты мекен керек екенін ескертеді. Торғай өлкесіндегі халық тұрмысының ауырлай
түсуіне енді бір себеп табиғат қысымы болғанын да атап өтеді. Жазы қуаң, қысы қатты
жылдары мал баққан панасыз елдің жұтқа оңай ұшырап, қайыршылық өмірді бастарынан
жиі кешіп жатқанын үлкен жанашырлықпен жазады. Үкімет орындарының мұндай апатқа
ұшырап, ашаршылық көріп жатқан елге тез көмек көрсетуге тиісті екенін ескертіп, халық
атынан талаптар қояды.
Ыбырайдың сөз болып отырған мақалалары өзінің әлеуметтік мәні жағынан ғана жоғары
бағаланып қоймайды. Соған қоса, жазушының публицистік қабілетін таныта түсерлік
көркемдік дәрежесімен де бағаланады.
Қазақтың салт-дәстүрінің ескі-жаңасын елеп-екшеп беруде Ыбырай Алтынсаринді
этнограф- ғалым деп айтуға болады. Оған негіз болатын этнографиялық очерктері. Өз
жерін, халқын ерекше сүйген қайраткер халықтық салт-дәстүрлерге үлкен зейін қойып,
оларды жүйелеп, өңдеп отырған. Осындай көп жылғы зерттеушілік ізденістің нәтижесінде
аталған мәселені жан-жақты тұжырымдайтын.
«Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрінің
очеркін» және «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау
дәстүрлерінің очеркін» жариялаған. Бұл еңбектер кезінде Ресейдің ағартушы-
оқымыстылары тарапынан жоғары бағаға ие болған. Мысалы, 1868 жылы педагог-
ғалымның шығармалары баспасөз бетінде жарияланған соң, оған сын-пікір жазған
В.Плотников: «Қазақ халқының тарихы мен этнографиясының бай материалдарын
қамтыған, осы халықтың өмірінің тұрмыс ерекшеліктерін жан-жақты кең сипаттайтын бұл
мақала үлкен қызығушылық туғызып, адамды баурап алады», — деп жазған.
Ы.Алтынсариннің аталған «Очерктері» бүгінгі таңда да құқықтық көзқарас тұрғысынан
маңызын жойған жоқ. Өйткені тәуелсіз Қазақстан мемлекеті мен қоғамы жағдайында
халқымыздың ұмытылуға жақын салт-дәстүрлері мен рухани тұрмысын қайта жаңғыртуға
мүмкіндік алдық. Ағартушының көрсетілген туындылары этнографиялық тұрғыдан ғана
маңызды болып қойған жоқ. Сонымен қатар олар әдет-ғұрыптық құқық саласына
қосылған қомақты үлес болды.
Оқыту әдістерін жаңа бағытта кұрды, окуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын
арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп окуында, әсіресе, ана тілін
үйретуде К.Д. Ушинскийдің ойларына жүгінді. Қазақ балаларының таным – түсінігіне
лайықты оқу – әдістемелік құралдар жазды. Ол орыс – қазақ училещесінде Ушинскийдің
“Балалар дүниесін”, Л.Н. Толстойдың “Әліппе және оку құралын”, Д.И.Тихомировтың
“Грамматиканың қарапайым қурсын” оку құралы ретінде ұсынды. Алтынсаринның
пікірінше, мектептерге арналып жазылатын оку кітаптары өзінің идеялық мазмұны және
нақты материалдары жағынан ана тілінің және халық даналығының бай қазынасына
негізделуге тиіс болды. 1879 ж. оның “Қазақ хрестоматиясы” атты окулығы және
дидактик. оқу мәселесі жөнінде “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы”
жарық көрді. Бұл екі кітапта қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған
тұңғыш оқу құралдары болды. Алтынсарин өз мақалаларында жерді пайдалану,
қазақтардын отырықшылыққа көшуі, т.б. мәселелерді көтерді. Ресей империясының
қазақдаласын отарлау, казақ еңбекшілерінің шұрайлы жерлерін мемллекет қорына тартып
алу жөнінде заң жобасына 1880 ж. “Оренбургский листок” газетінде өз наразылығын
білдірді. Алтынсарин жаңа дөуірдегі қазак әдебиетінің қалыптасуына үлкен үлес қосты.
Ол қазақ жастарын, ең алдымен, оқу, өнер – білім, техникасын игеруге шақырады
(“Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ак табылар”).
Автор оқу – білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық
казғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ес-кертеді. Ал оқымаған
надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ – қараны айырмайтын көрсоқыр
екенін айтады (“Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап. Надандықтың белгісі — Еш
акылға жарымас”). Оку, білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мәселеге келгенде,
оның өмір ушін, болашақ үшін кажет екенін талдап көрсетеді (“Ата-енең қартайса, Тіреу
болар бұл оку. Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу”). Жастарды өнер – білім,
техникасын игеруге үндеу ақынның “Өнер-білім бар жүрттар” деген өлеңінде өз жалғасын
тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені
игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не деген секілді күрделі мөселелерді жастар
алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады
(“Адамды кұстай үшырды, Мал істейтін жүмысты, От пен суға тусірді. Отынсыз тамақ
пісірді, Сусыздан сусын ішірді”). Табиғат көріністерін жеке алып, нақты суреттеу
Алтынсариннің лирик. өлендерінен басталады. Ақын өзінің “Жаз”, “Өзен” атты
өлеңдерінде жыл мезгілдерін шеберлікпен сипаттайды. Мұнда ол Жаңа жыл басы —
Наурыздағы елдің жайлауға көшкен бір сәнді кезеңін алып, оны малдың төлдеуі, актың
кебеюімен, табиғат пен адамның өзара та-бысып астасқан ісімен қатар алып суреттейді.
Күн мен Жердін мейірім – шапағатын ата – ана кейпінде, ал кызыл – жасыл гүлдерді жас
балаға балап көрсетеді. Осы табиғат пен адам өмірін салыстыра, астастыра бейнелеу
Алтынсариннің қазақ поэзиясына әкелген жаңалығы болып табылады. Алтынсариннің төл
әңгімелері қысқа да нұсқа құрылып, мазмұны жағынан ұтымды келеді. Осыған орай оның
“Қыпшақ Сейіткүл”, “Киіз үй мен ағаш үй” тәрізді новеллаларын тілге тиек етуге болады.
Бүлармен үндес “Аурудан аяған күштірек”, “Асылшеп”, “Шеше мен бала”, “Бай мен
жарлы баласы”, “Таза бүлақ”, т.б. әңгімелері – әсерлі де көркем шығармалар. А.
Ушинский, Л. Толстой, И. Крылов, И. Паульсон шығармаларын казақ тіліне тәржімалап,
қазақ әдебиетінде керкем аударма жанрын қалыптастырды. Қазақстан Үкіметінің 1989 ж.
22 желтоқсандағы каулысымен Алтынсариннің туғанына 150 жыл толуына орай
мерейтойы еткізіліп, ұстаздың мүраларына арналған ғыл., тарихи, пед. еңбектер жарық
көрді. Арқалық ауданыда Алтынсарин мұражайы ашылды. Тобыл бойында Ыбырай
кыстауы жанында, мүрдесі қойылған жерде, Алтынсаринге күмбезді мазар орнатылды.
Қазақстанда Алтынсарин атында аудан, ауылдар, жоғары оқу орындары, шың, т.б. бар.
1.
Ыбырай Алтынсарин – «Қазақ хрестоматиясы» (1879 жыл) деп аталатын ана тіліміздегі
тұңғыш оқулықтың авторы. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның
алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде
тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс - қазақ мектептерінде
тәрбиеленіп
жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың
оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім...» - деп тұжырымдаған. 4 мәрте қайта
басылған. Кітап
Достарыңызбен бөлісу: |