Жастайынан әділетті ту еткен сері өзінің дүниеқоңыз қарау ағасы Қақабайдың қарына тап
болып, патша өкіметі тұсыңда қуғын-сүргіннен көз ашпай түрмеден-түрмеге түскенін
жоғарыда біршама сөз еттік. Ал ол қазан төңкерісі тендікке жеткізетін жақсылық
әкелгендей көріп, Кеңес өкіметін Қарқаралы өңірінде жүру ісіне белсене араласады. Бұл
жолда көзі ашық інісі Нығымет Нұрмақовты басшы санап, оның соңынан ереді. Сөйтіп,
Қарқаралыдағы елді басқара бастаған Совдепке мүше болып кіреді. Оның тапсырмасымен
ауылдық жерлерде бірсыпыра игілікті істердің жүзеге асырылуына мұрындық болады.
Бұдан кейін ақ гвардияшылар жасаған бүліншілік және елді жайлаған азамат соғысы
кезінде қайтадан тұтқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: