Негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет17/30
Дата18.09.2024
өлшемі1,94 Mb.
#204557
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
Байланысты:
19-20

Қысқаша мазмұны:
1. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармашылығы сан қырлы. Оның өлеңдері, әңгімелері, 
мақалалары ел жұртының тұрмыс тіршілігін, қоғам өмірін және тағы басқа алуан түрлі 
мәселелерді қамтиды. Мәшһүр- Жүсіптің ақындық мұрасының үлкен бір саласы - 
дастандары. Ақынның дастандары түгел дерлік дін тақырыбына арналған. Бұл жағынан 
алғанда олар шығыс классиктерінің шығармаларына ұқсайды. 
Ақын өзінің діни дастандары арқылы ғасырлар бойы қалыптасқан аңыздық баяндауды 
жазба профессионал әдебиетке тән көркемдік әдіс дәрежесіне көтерді және де бұрыннан 
бар образдардың көркемдік деңгейін жоғары сапаға жеткізді. 


 Дастандарда біріншіден, басқа елдер әдебиеті, фольклоры әсері танылса, 
екіншіден, халық өмірін бейнелейтін жаңа сюжеттер мен мотивтер өмірге келді, 
үшіншіден, бұрынғы тақырыптарды жаңаша суреттеуі - тағы сол сияқты бәрі ескерілгені 
жөн. Осы орайда басқа елден кірген сюжеттер мен мотивтердің ұлттық рухта 
жырланатынына көңіл бөлу керек. Қазіргі әдебиеттану, әдебиет тарихы ғалымдары 
талаптары тұрғысынан келіп, дастандарды мынадай түрлерге бөліп қарастыруды мақсат 
еттік: 
1) Ғашықтық дастандар; 
2) қаһармандық дастандар; 
3) хикаялық дастандар; 
4) ғажайып-фантастикалық дастандар; 
5) діни дастандар; 
6) тұрмыс-салт дастандары 
Ахмет Байтұрсынов қиссаны өлеңмен жазылған, не діндар әңгімелер деп екі түрге бөлген. 
1) Дінді қасиеттеу үшін мұсылман дінінің артықтығын, асылдығын халықтың құлағына 
сіңіріп, көңіліне қондыру мақсатымен шығарылған қиссалар, бұлар әсіресе басқа 
діндегілермен соғысқанда, қаһармандарды Алла қолдап, мұсылманның жеңгендерін, 
кәпірлер көзқарасына енгендігін сөйлеу үлгіледі. 
2) Шариғат бұйрықтарын орындап, не орындамаушы адамдардың өмірінен де мысал 
келтіріп, игі ниетті атқарушыға не болғанын, керісінше ақ жолға түспегенді бейнелеп, 
көпшілікке дінді насихаттау мақсатындағы қиссалар осы орайда өлеңшілікті, тіленшілікке 
айналдырып жіберген ақындар, жыршылар сияқты Алланы дәріптеуді пайда табу тағы сол 
сияқты жеңіл мақсатта бағындырған молдалар шығарған: зекет, ғұшыр, пітір, педие 
сияқты нәрселердің берілетін орнын дәл көрсетпей, соның өзін пайдакүнемдік мақсатта 
пайдасыз болғанын айтып, мұсылмандық үшін күрестің бір саласы деп есептеген жөн. 
2. Зерттеуші Б.Әбілқасымов бұл жанрдың туу дәуірі, негіздері, белгілері жайында кеңінен 
сөз қозғайды. Қисса (бұл арабша “әңгіме”, “тарих” деген мағынадағы сөз) деп, алғашқы 
кезде шығыс (араб-парсы) әдебиетіндегі сюжеттерге құрылған, оқиғалы поэтикалық 
шығармалар, кейін бұл термин баспа бетін көрген, өлеңмен жазылған дүниелердің бәріне 
телінген деп дұрыс көрсетеді.Демек, ғалымдардың пікірін қорытындылай келгенде, қисса 
жанрлары, ХІХ ғасырдың екінші жартысында туған көркем әдебиет жанры. Ол өлең 
жолымен жазылған әңгімелер дегенді білдіреді. Олардың өзге жанрлардан ерекшелігін 
Р.Сыздықова былай көрсетеді; біріншіден, сюжетті, оқиғалы көлемді шығарма болулары, 
екіншіден, тақырыбы мен сюжеті араб, парсы, түркі тілдеріне жарияланған үлгілерден 
алынғандықтары, үшіншіден, тілдерінде, әсіресе грамматикалық тұлға-тәсілдерінде 
шағатайлық, ескі қазақтың жазба дәстүр элементтерінің қатысуы болып табылады. 
Төртінші белгісі ретінде қисса жанрының жазба дүниелер екендігі деп өз тұжырымын 
ұсынады. Атақты шығыстанушы В.В.Радловтың кітап өлең, кітаби ақындар деген 
терминдерді өзі де байқамастан ғылыми айналымға түсіргені филология әлеміне жақсы 
таныс. Ол өз тұсындағы қазақ әдеби үлгілерін халықтың өзі екіге бөліп народные 
изречения (қара сөз) и книжные песни (кітап өлең) деп атайды. 
Яғни, өткен ғасырда қисса сөзі - “кітап өлеңдер” , жалпы “кітап болып басылған 
дүниелер” дегенді білдірген, бұл кезде аталған әдебиет жанры, мазмұны, идеологиясы, 
авторлы, авторсыз, тілі, пайда болған уақыты, адресаты жағынан ажыратылмаған. 
Сондықтан “Алпамыс”, “Қамбар батыр”, “Ер Тарғын” сияқты ежелгі батырлар жырлары 
да, “Қыз Жібек”, “Айман-Шолпан” тәрізді лиро-эпостар да, қазақтың профессионал 


ақындарының өлеңдері де, жыр-дастан болып келетін жаңа туындылар да – баршасы 
“Қиса-и” атымен басылды. 
Қисса атаулының әдебиет жанрын анықтағанда, араб, парсы, үнді және өзге түркі 
тілдеріндегі және оның ішінде “шағатай” тіліндегі жазба әдеби мұралардың сюжетіне 
құрылып, оқиғалы, көлемді дастан-жырлар түрінде келетінін алдымен ескеру керек. 
Қазақтың төл эпостары да оқиғалы, көлемді жырлар болып келеді, бірақ айырмасы бар: 
мәселен, соңғылары авторсыз, көбі ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таралып келе жатқан 
ескерткіштер болса, ал қиссалардың - жаңа құбылыс екеніне көңіл бөлеміз. Қисса – 
дастандардың өзін мазмұны мен мақсатына қарай екіге бөліп қараған жөн: олардың бір 
тобы-шығыстың классикалық әдебиеті үлгілерін қазақша жырлаған туындылар болып 
келеді. Олар: “Шахнаме”, “Жүсіп-Зылиқа”, “Мұңлық-Зарлық”, “Сейфүлмәлік”, 
“Бозжігіт”, “Шахмаран”, “Шәкір-Шәкірат” тағы басқа. Бұлардың тақырыбы азаматтық 
сипатта болады, сонымен бірге махаббат, адамгершілік жайы сөз болып отырады. 
Дастандардың екінші тобын ислам дінін уағыздап, оның сахабаларын дәріптейтін 
дастандар (“Салсал”, “Жұмжұма”, “Кербаланың шөлінде” және тағы басқа) құрайды. 
Осыларды ескере келіп, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев өз туындыларында діннің аса зор тәлім-
тәрбиелік мәнін, оның адамның моральдық, имандылық қассиеттерін қалыптастырудағы 
құдіретін шебер бейнелей білді. Шығармаларының мазмұны халықты ізгілікке, 
мұсылманшылыққа, парасаттылыққа шынайы сезімдерді қадірлеп қастерлеуге, өмір 
пәлсапасын саналы түрде терең ұғынуға үйретеді. Мәшһүр -Жүсіптің Мұхаммед 
пайғамбар жөнінде жазғандары да алдымен Алла жолын ақиқат, тек тән тазалығын ғана 
емес, жан тазалығының жарқын бейнесі ретінде көрсету орын алған. Сол себепті ақын 
патшалы Ресей билеушілерінің қазақ халқын дінінен, ділінен, тілінен, ұлттық болмыс-
бітіміне айыруға бағытталған қисапсыз қиянатын батыл айыптайды. 
3. Ғылым талаптарына сай дүниенің өзгеріп отыратынын және оның
 
үнемі қозғалыста 
болатынын, ғылым-білімнің дамуын қолдап отыратын дін ислам екендігі Мәшһүр-Жүсіп 
еңбектерінде жақсы көрініс тапқан. Ақын мұсылманшылдық негіздерін құрайтын 
шарттарды, құранның басты қағидаларын шариғат жолын ұстап, Пайғамбар өсиеттерінің 
бұлжытпай орындаудың алдымен тілді, сол арқылы ұлттық бітім, тілді саптауға 
болатынын қызмет ететін үнемі ескеріп отырған. Осы бағытта ұстанған ақындардың 
«діни-ағартушылар» деп аталып жүруі тегін емес. 
Бұл ағымның ең көрнекті тұлғалары Ақмолла Мұхамедиярұлы, Әбубәкір Кердері, Нұржан 
Наушабаев, Мақыш Қалтаев, Шәді Жәңгірұлы және тағы басқа ақындар болса, Мәшһүр-
Жүсіп Көпеевтің ақын ретінде қалыптасу, өрлеу жылдары жоғарыда айтылған 
ақындармен тұстас, өзектес келетінін ескеру керек. Бұған дейін әдетте әдебиет тарихында 
дастандар жанрын жіктегенде, “діни дастандар” деп ғана атап өтіп, әдеби-теориялық 
тұрғыдан талданып орын алып келгені белгілі. 
Әлем фольклорында діни тақырыптағы шығармалар ежелгі замандардан-ақ болған. Ежелгі 
аңыздар негізінде жазылған апокрифтер де діни әдебиеттің жанры ретінде қалыптасты. 
Түркі халықтары әдебиетіндегі діни тақырыпқа жазылған әйгілі туынды-Қисса-ұл 
Әнбие””. 
Дін тақырыбы - Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының негізгі арқауы. Оның қай шығармасын 
алсақ та мұсылман дініне деген құрмет, Аллаға деген махаббаты көрінеді. “Мен құдайды 
бір деп, бар деп, күшті деп білемін. Осы үшеуіне нанымым, сенімім күшті. Құдай қандай, 
өзі не нәрсе, оны білуге, оны тануға ақыл-ойым, зейін-пікірім жетпейді… 
Сонда да танымаймын деп тоқтап тұрып қалмаймын, жаратқан нәрселерінен, құдайлық 
пен қылған ісіне - барлығын, бірлігін, күштілігін танып тұрсам керек” деп 
қорытындылайды. Осы көзқарас Абаймен тоғысады. “Алла тағала өлшеусіз, біздің 


ақылымыз өлшеулі. Өлшеулі бірлән өлшеусізді білуге болмайды. Біз алла тағала “бір” 
дейміз, “бар” дейміз, ол “бір” демеклік те ғақылымызға ұғымның бір тиянағы үшін 
айтылған сөз” дейді. 
4. Ақынның діни – дастандарына мыналар жатады: “Ібіліс шайтан хикаясы”, “Әдһам 
диуана мен Ибраһим”, “Ақыреттің егіні”, “Миғраж”, “Пайғамбардың дүниеден өтуі”, 
“Жер мен көк”, “Шонтыбай қажы”. 
Бұл шығармаларда жаратушы тәңірдің құдіретті күшін дінге қатысты ой-тұжырымдарын 
философиялық тұрғыдан айқындайды. 
Ақынның «Шайтанның саудасы» мысал дастаны, «Өліп тірілген Шаһызада», 
«Садуақастың мырзалығы», «Әбушақыма», «Шаһарбан мен Хұсайын», «Яһуда, Патрос 
әңгімесі», «Ібіліс лағын шайтан хикаясы» аңыз дастандары эпикалық жанрға қосқан 
өлшеусіз еңбегін танытып, эпик ақындығына бірден-бір нақты дәлел болады. Зертгеуші 
ғалым Г.Жүсіпова ақын дастандарының құндылығы жөнінде: «Мәшһүр Жүсіп 
Көпейұлының мифтік аңыздарға негізделген бұл дастандар ХІХ ғасырдың соңғы ширегі 
мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті дамуында ерекше орын алатын шығармалар. 
Қазақ әдебиетіндегі дастан жанрының даму,есеюі тұрғысынан үңілсек, онда эпикалық 
образ сомдаудың өзіндік нақыштары бар екенін көреміз»,-деп пікір түйіндейді. 
«Өліп тірілген Шаһызада» аңыз дастаны адам жанының тазалығына дақ түсіріп, ішкі 
жан«сарайын бұзушы - қызғаныш пен күншілдіктің зиянын жеткізеді. Дастанның 
мазмұны мынадай: Наушеруан патшаның өнер, ғылымды игерген Шаһызада есімді 
жалғыз ұлы болады. 
Он алтыға толғанда бір хан қызын айттырады. Салтанатты тойда белгісіз біреу патша 
ұлының басын кесіп, өлтіреді. Хан уәзірлерін жинап, дұшпанын табуды бұйырады. Күніне 
ол кісінің басын кесіп, өлтіремін деп үкім шығарады. Алдиярхан атты ақылды уәзірі 
анығын білу ушін Араб еліндегі Хақ Расул Мұхаммед пайғамбарға баруды патшадан 
өтініп, халықтан әскер жинап, жансыз денені сандыққа салып Мәдинаға әкеледі. 
Пайғамбарымыз падиша баласын қызғаныштан патша ағасының баласы өлтіргенін 
дәлелдейді. Айғакқа көгершіндер мен қылыш куә болады. Алланың құдіретімен Шаһызада 
тіріліп, өз ағасының өлтіргенін хабар етеді. Патша Наушеруан Мәдинаға көшіп, жарық 
дүниеден озған шағына дейін Аллаға сиынып, әкесі өмірден өткен соң, Шаһызада 
патшалыққа ие болады. Ақын өз бауырын өлімге киған адам бейнесі арқылы күңшілдік 
пен қызғаныш адамның ниеті, пиғылын тарылтып, ізгілік жолынан тайдыратынын 
дәлелдеп, адамзатты бауырмалдыққа жетелейді. Дастан оқиғасы «Ашу сабырды бұзғаны 
сияқты, күңшілдік пен қызғаншақтықта иманды бұзады» деген Мұхаммед ғ.у.с. пайғамбар 
хадисімен үндеседі. 
Бұл дүниенің өтпелі, тұрлаусыз, баянсыздығы мен ол дүниенің мәңгілігін «Дүниеде өлі 
көп пе, тірі көп пе?» деген Алдиярхан сауалына жауап берген Пайғамбар сөзімен жеткізіп, 
ақын қамшының сабындай қысқа ғұмырда адам баласы адамгершілік, мейірім - шапағат, 
адалдықты ұмытпау мәселесін көтереді. 
Мақыш Қалтайұлы мұрасы жайында ой-пікір айту өткен ғасырдың елуінші жылдарынан 
басталады. Ақынның бұл кезеңдегі бірден-бір зерттеушісі - Бейсембай Кенжебаев. 
"Әдебиет және искусство" журналының 1950 жылғы он екінші санында ғалымның 
"Мақыш Қалтаев" атты көлемді мақаласы басылды. Мақыш шығармашылығы 
зерттелуінің алғашқы қадамы болып табылатын мақалада зерттеуші ақынның Қазан 
қаласы баспаханаларында басылып шыққан кітаптарын саралай сүзіп, әрқайсына жеке-
жеке тоқталып, қысқаша аңдатпа жасайды, жалпы шығармашылығына шолу жасап, 
өлеңдерінің тақырыптық-идеялық мәнін, мазмұнын ашып көрсетеді. 


Кейін, елуінші жылдардың соңына қарай, қоғамдағы "саяси жылымық" кезінде әдеби 
мұраға көзқарас өзгеріп, қараланғандар ақталып қайта зерттеле басталды.Осыған 
байланысты 1959 жылы Алматыда қазақ әдебиетінің өзекті мәселелеріне арналған 
ғылыми-теориялық конференция өтті.Конференцияда Б.Кенжебаев "ХХ ғасыр басындағы 
қазақ әдебиеті туралы" деп аталатын баяндама жасады. Онда ғасыр басындағы әдебиетте 
"кітаби" аталып жүрген ақындар жайында сөз болады (Бұл топта Мақыш Қалтайұлы да 
бар - Ә.Ә.): «Бұлардың феодалдық, діншілдік, буржуазиялық, либералдық ой-пікірлері көп 
ретте астасып жатады. Сонымен бірге бұларда демократиялық- ағартушылық ой-пікірлер 
де байқалып отырады»,-дейді. Әрине, бұл зерттеушінің өз заманының ығында, саяси 
тұрғыдан айтылған тұжырымы. 
Тұтастай алғанда, Б. Кенжебаев жоғарыда сөз болған мақаласынан бастап өмірінің соңына 
дейін Мақыш Қалтайұлына қатысты зерттеулерден қол үзген жоқ. Ғалымның докторлық 
диссертация қорғау барысында жазған "Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ 
жазушылары" (1958) атты монографиясында, "Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері" 
(1973), "Әдебиет белестері" (1986) сияқты күрделі зерттеулерінде Мақыш 
шығармашылығы, өлеңдерінің тақырыптық-идеялық ерекшеліктері жайында тың пікірлер 
білдіріп, оның өмірі, әдеби мұрасына қатысты құнды деректермен толықтырып отырды. 
Алпысыншы жылдары М.Қалтайұлы ақындығы жайында біраз сөз айтқан Ысқақ 
Дүйсенбаев қазақ әдебиеті тарихына қатысты зерттеулерінде Мақышты Мәшһүр 
Жүсіп, Нұржан Наушабаевтармен бірге пессимизм, мистицизмдерді ұран етіп, өмірден 
түңіліп күңіреніп өткен ақындар ретінде қарастырады. Әрине, бұл сол кездегі социалистік 
идеология жамылғысының астында жатып айтылған пікір екенін де ескеруіміз керек. Тек 
айтарымыз, мұндай сыңаржақты тұжырым ақын мұрасын зерттеуге зиянын тигізіп, ұзақ 
уақыт тежеу жасап келгені ақиқат. 
Мақыш мұрасына қатысты пікір білдірген алпысыншы жылдардағы зерттеулердің бірі - 
А.Нұрқатовтың "Абайдың ақындық дәстүрі" (1966) еңбегі. Абайдың әдеби мұрасын жан-
жақты талдап, оның өзінен кейінгі ақындардың шығармашылығына тигізген әсерін 
зерттеген ғалым М.Қалтайұлының ағартушылық бағыттағы өлеңдерін Абай өлеңдерімен 
салыстыра отырып мазмұн, идея жағынан бір-бірімен ұштасып, сабақтасып жатқанын 
дәлелдеп көрсетеді. 
Түйіндеп айтқанда, кеңестік дәуірдегі зерттеулерде Мақыш мұрасына қатысты жоғарыда 
айтылған ой-пікірлерден сол кездегі саяси идеологияның әсер-ықпалы анық көрініп 
тұрады. Зерттеушілер, көбінесе, Мақыш мұрасының "діни сарындағы" өлеңдерін тілге 
тиек етіп, оның діншілдігін бетке басып отырды, өлеңдерінің мазмұны, идеясы қандай 
деген сұрақтың төңірегінен шықпады. 
Мақыш Қалтайұлы мұрасының көркемдік ерекшелігі, дүниетанымдық, әлеуметтік 
көзқарастары, көркем туындыларының тілі, идеялық-эстетикалық бағытын бағдарлау 
мәселесі тәуелсіздікті алғаннан кейін, тоқсаныншы жылдардан бері қарай қолға алына 
бастады. 
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының әзірлеуімен жарық көрген «ХХ 
ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» (1994) атты ұжымдық зерттеуде әдебиетші ғалым 
Қ.Сыдиықов Мақыштың шығармашылығы жөнінде біраз мәселелерді көтереді. 
2. «Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым» (1998) деген еңбегінде ғалым 
У.Қалижанұлы діни-ағартушы ағым өкілдерімен бірге Мақыш Қалтайұлының да әдеби 
мұрасын жаңаша көзқарас үрдісінде пайымдайды. «Мақыш Қалтайұлының өлеңдері мен 
аудармаларында
 
ескіден келе жатқан ақыл-нақыл, мақал-мәтелдер баршылық. Кейде 
суретпен бейнелеп сөйлесе, көбінесе баяндау түріндегі оқиғалар тізбегі болып келеді. 
Алайда, қазір ұмытқан жер-су аттары, тарихи атаулар шығармашылығында кездесіп те 


қалады, бізге кешегімізді жақсы білу үшін ақынның шығармашылығы әлі де зерттеле түсу 
керек деп білеміз», - деген байламы Мақыш мұрасын түбегейлі тың зерттеуді қажет ететін 
зәрулігін аңғартады. 
Соңғы жылдардағы қомақты, тың зерттеулердің бірі Д.Қамзабекұлының «Алаш және 
әдебиет» (2002) еңбегінде Мақыш Қалтайұлының ағартушылық мұрат-мақсаты, бағыт-
бағдары, көзқарасы тың концепциялардың негізінде талданады. Мақыштың жәдидшілдік, 
милләтшілдік өлеңдерін саралай отырып, оның мұсылман ағартушылығындағы, жалпы 
қазақ ағартушылығындағы орнын ашып көрсетеді . 
М.Қалтайұлының әдеби мұрасын зерттеу ісі тілші ғалымдар тарапынан да назардан тыс 
қалмады. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап ақын өлеңдері 
лингвистикалық тұрғыдан зерттеле бастады. Соның ең алғашқысы және ең сүбелісі белгілі 
тілші ғалым Ә.Құрышжановтың «Кітаби тіл материалдарынан» деп аталатын еңбегі. 
Кейінгі жылдардағы лингвист ғалымдардың тіл проблемасы, соның ішінде әдеби тілге 
қатысты еңбектерінде де Мақыш мұрасы қазақ әдеби тілінің даму, қалыптасу тарихы 
аясында зерттеліп, өлеңдерінен мысалдар алынып, тілдік талдаулар жасалды [12,91-96]. 
Тұтастай алғанда, М.Қалтайұлының көркем туындылары өз кезеңінің шындығын 
суреттеумен қатар, жаңа қалыптасып келе жатқан әдеби тілдің дамуына да өз үлесін 
қосты. 
Мақыш Қалтайұлы мұрасы туралы сөз еткенде, тағы бір көңіл қойып, назар аударатын 
мәселе – күні бүгінге дейін екі ұшты пікірге ұрынып келе жатқан ақынның өзі көзі 
тірісінде жарық көрген кітаптарының хронологиялық жайы және аударма кітаптарына 
қатысты пікір қайшылықтары. 
М.Қалтайұлының әдеби мұрасына қатысты алғаш мағлұмат берген Б.Кенжебаев: «Мақыш 
өз жанынан алты кітап жазған, татар тілінен екі кітап аударған. Барлығы ірілі-уақты сегіз 
кітап бастарған»,- деп ақынның Қазан қаласында шыққан кітаптарын түстеп, аттарын атап 
санамалап береді де бұлардың хронологиялық басылып шығуы жағынан 1907-1913 
жылдар аралығында деп көрсетеді. 
Ә.Жиреншин қазақ кітаптарының тарихына қатысты зерттеуінде Мақыш Қалтайұлы 1904-
1913 жылдар аралығында жеті кітап жазған, 1904 жылы алғаш шыққан кітабы «Бар оқиға» 
дей отырып, енді бірде ақынның алғаш жарық көрген жинағы «Насихат қазақия» 1907 
жылы шықты [13,134] деген бір-біріне жанаспайтын әр түрлі деректер береді. 
Сонымен, 1907-1912 жылдар аралығында, Мақыш Қалтайұлы өзінің көзі тірісінде Қазан 
қаласының әр түрлі баспаханаларында үлкенді-кішілі алты кітабын бастырады. Олардың 
ішінде «Қалтайұлының қазақ ахуалынан бахыс еткен манзумасы» 1907 жылы татар 
тілінде, 1909 жылы қазақ тілінде «Өрнек» баспаханасынан, 1910 жылы «Домбровский» 
баспаханасынан басылып, барлығы үш мәрте жарияланады.1910 жылы «Университет» 
баспаханасынан «Біраз ғибрат сөз...» және «Қазақтың айнасы» кітаптары, 1911 жылы 
«Үміт» баспаханасынан «Насихат қазақия», 1912 жылы «Домбровский» мәтбуғасында 
«Тура жол» және «Бар уақиға» кітаптары басылып шығады. 
Оңтүстік Қазақстанның, Созақ өңіріндегі Құмкент ауылында туып, Өзбекстанның 
Қаратөбе деген жерінде дүние салған. Шешесі Мәуіті әнші, күйші, өлеңші болыпты.Шаян 
медресесінде оқып жүргенде Шығыс сюжетіндегі қисса-хикаяттармен танысып, өзі де 
оған еліктеп дастандар шығарады, айтыстарға қатысады. Майлықожа, Құлыншақ, Мәделі 
тәрізді ақындарды ұстаз тұтады. Ташкент, Бұхара медреселерінде оқып, білімін 
толықтырады. Шәкірт кезінде Фирдоуси, Жәми, Низами шығармаларымен, өзбектің, 
тәжіктің демократ ақындары Зауки, Фурқат, Дониш өлеңдерімен танысты. Орта Азияның 
қалаларын, қыстақтарын аралайды. Шәді Шығыстың көптеген ертегі-аңыздарын, 
жинақтарын нәзира түрінде жырлап, оларды Ташкент, Қазан, Орынбор баспаханаларынан 
кітап етіп шығарған. Олардың ішінде «Төрт дәруіш», «Хикаят Камарзаман», 


«Хатымтайдың хикаясы», «Хикаят Орқа-Күлше», «Хикаят халифа һарон-ар Рашид», т.б. 
қисса-дастандар да бар. «Тарихнама» атты дастаны қолжазба күйінде сақталған. Ақын А.С 
Пушкин поэмаларының сюжетін де еркін аударып жырлаған («Полтаваның соғысын 
Пушкиннің бәйіт қылғаны»).
Шәді Жәңгіров(1855, Сырдария губерния Қызылкөл мекені, Созақ ауданы – 12.11.1933, 
қазіргі Өзбекстан, Сырдария облысы Қаратөбе мекені) – қазақ ақыны. Төре әулетінен 
шыққан. Әкесі – Жәңгір (Жаһангер) момын мінезді, шаруаға икемді, ал анасы – Мәуті 
әнші, домбырашы кісі болған. Шәді сауатын ерте ашады. Шаян (1865 – 1867), Қарнақ 
(1868 – 1870), Бұхарадағы Көкелташ (1871 – 1876) медреселерінде оқып білім алды. Араб, 
парсы, түрік, шағатай тілдерін үйреніп, Шығыс шайырларының, философтарының, 
тарихшыларының еңбектерін түпнұсқадан оқып сусындады. Орта Азияның көптеген 
шаһарларын аралайды, өзбек, тәжік, қарақалпақ, түрікмен ақын-жырауларымен, әнші-
күйшілерімен танысады. 1877 жылы туған мекені Қызылкөлге оралады. 
2. Шәді – Шығыс классикалық әдебиетінің назиралық үлгісін жете меңгерген, гуманистік, 
ағартушылық бағытта дәстүрлі тақырыптарды жырлаған, мазмұн мен түрі жағынан, 
идеясы мен сюжеттік желісі тұрғысынан мүлдем жаңа, қолтума төл шығармалар жазған 
ақын. Ол ұлы орыс халқының ерлікке толы тарихынан реалистік поэма («Россия 
патшалығында Романов нәсілінен хұқмыранлық қылған патшалардың тарихтары һәм 
ақтабан шұбырыншылық заманнан бері қарай қазақ халқының ахуалы», Орынбор, 1910) 
жазды. Шәді бұл шығармасында Қазақстанның өз еркімен Ресейге қосылуының 
прогрессивтік мәнін нақтылы тарихи деректермен, білгірлікпен көрсеткен. Шәдінің әдеби 
мұрасы мол. Ол 30-ға жуық дастан және көптеген өлеңдер жазып, кітап етіп бастырып 
шығарған. Көлемді шығармаларынан қазірше табылғаны – 18 дастан. Олардың көбі 
Ташкент қаласындағы Ғ.Х. Ғарифжанов баспаханасынан әр кезде басылып шыққан: «Шәр 
дәруіш» («Төрт дәруіш», 1913, 1914), «Хикаят Қамарзаман» (1914), «Назым Сыяр Шәриф» 
(1913), «Хатымтайдың хикаясы» (1914), «Хикаят Халифа һарон-ар Рашид» (1914), 
«Хикаят Орқа-Күлше» (1917), «Қарунның жер жұтқан оқиғасы» (1917), т.б. «Тарихнама» 
атты тарихи дастаны қолжазба күйінде сақталған. Шәдінің сүбелі шығармасының бірі – 
«Шер дәруіш» («Төрт дәруіш»). Бұл дастан бір басылымында (1913) «Назым шәр дәруіш» 
деп те аталған. Шығарма сюжеті «жеті ықылым жер жүзінің бәрін кезген» төрт 
жиһангездің басынан кешкен оқиғалары арқылы өрбиді. Ақын дастанында адамның 
рухани мүмкіндігіне, күш-құдіретіне шексіз сенім білдіреді, адам бойындағы ең асыл 
қасиеттерді, ақыл-ойды, махаббатты, әділдікті, бауырмалдықты мадақтайды. Бұл дастан 
сюжеті бұрын да өзге түркі халықтары арасына қисса болып кең тараған. Шәді «Хикаят 
Халифа һарон-ар Рашид» дастанын да Шығыс аңыз әңгімелерінің сюжетін пайдалана 
отырып жазған. «Атымтай Жомарт хикаясы» деген атпен қазақ арасына тараған әңгіме 
сюжетіне құрылған «Хатымтайдың хикаясы» атты дастанда мазмұны жағынан өзара 
сабақтас төрт хикая бар. Ақын бұларда жұртты адамгершілікке, мейірімді, бауырмал 
болуға үндейді. Сараңдық пен дүниеқұмарлықты тәрк етеді. Ал «Хикаят Орқа-Күлше» 
атты лиро-эпикалық дастанында сүйіске екі жас арасындағы мөлдір махаббатты жырлады, 
шынайы достық, ізгі адамгершілікті мадақтады. Бұл дастан оқиғасы да ертеректе Шығыс 
халықтары арасында кең тараған әңгіме сюжетінен алынған. Шәдінің қиял-ғажайып 
ертегілері мен аңыз-әңгімелер негізінде жазған «Хикаят Қамарзаман» дастанында қиял-
ғажайып оқиғалар адамдардың өміріндегі әдеттегі реалдық істерімен, күнделікті тұрмыста 
кездесетін көріністерімен ұштасып, тығыз байланысып жатады. 
Шәді төре Жәңгірұлы 1852 жылы бұрынғы Сырдария губерниясы, Түркістан уезі, 
Жылыбұлақ болысында (қазіргі Созақ ауданы) дүниеге келген. Ақын тоғыз жасында ауыл 
молдасында, келер жылы Шаян медресесінен дәріс алған. Шаянда оқып жүріп Шәді араб 
әдебиеті үлгілерімен таныс болады. 1864 жылы Шымкенттік Абдулла Шариф деген 
кісіден дәріс алып араб, парсы тілдерін меңгерген. Жас бала 13 жасында-ақ «Мың бір 
түн», «Тотынама», «Шаһнама» секілді шығыс ертегілері мен дастандарынан хабардар 


болған. Шымкентте екі жылдай жүріп ұстазының қолындағы араб әдебиеті қазынасын өз 
бетінше толық игеріп шығады. 1865 жылы Шымкентті Черняев әскері басып кірген соң, 
Абдулла Шариф Ташкентке кетеді. 1866 жылы Шәді де ұстазының артынан Ташкентке 
барып, Орта Азия ақындары мен ғұламаларынан дәріс алады. Араб, шығыс әдебиетін 
зерттеп, игереді. Шәді 1870 жылы еліне қайтады. Жеті жылдан соң әкссі қайтыс болады. 
Осы уақыттан бастап бас аяғы 40-тан астам хикаялы дастан, жырлар жазды. Шәді де 
діндар қаламгер болған. Оның діни негізде жазылған «Сияр-шәріп», «Фех-қайдан», 
«Ахуал-қиямет», «Назым Ахмет Жами», «Назым Ибраһим Халиолла», «Хазіреті Мұса мен 
Перғауын», «Мұсаның таурат алғаны» т.б. дастандары бар. Ол Кеңес өкіметі орнағаннан 
кейін де діни мәтіндегі дастандарын жазуын тоқтатпады. Осы себепті 1931 жылы ауыл 
белсенділері Шәдіні молда деп айыптап, жер аудартты. 
Шәді бірқатар шығармаларын діни бағытта жазды. Өйткені ақын діни сауатты болумен 
қатар, шығыстың қисса-дастандарын жетік білген және діни көзқараста болды. Ол дінді 
өзіне идеал етіп ұстады. Ол дінді – ағартушылықтың, адамгершіліктің, тазалықтың қайнар 
көзі деп білді . 
Шәді Жәңгірұлының көп жыл ізденіп, жазған дастаны – «Назым сияр Шәриф» атты 
туындысы. Бұл шығармада Мұхаммедтің (ғ. с.) туғаннан өлгенге дейінгі барлық өмір 
жолы суреттелген. Ол кісі кіммен дос, кіммен күреңқабақ болды, кәпірлермен қалай 
күресті, мұсылмандарды қалай қолдады, қанша баласы болды, кімнің тәрбиесін көрді, 
қанша рет некеленді, әке-шешесі кім еді, туған-туысы бәрі-бәрі түп-түгел жырда көрініс 
табады . 
3. Ақынның Мұхаммед пайғамбар жайында қалам тербеуінің өзінде де көп мән бар. 
Біріншіден, пайғамбар өмір тарихының халық арасына тарауын көздесе, екіншіден, 
мұсылман ғалымдары арасындағы даулы мәселеге өзіндік көзқарасын білдіріп отырады. 
Дастанның басынан-ақ «Нұр» сипатына ерекше тоқталуы соны аңғартса керек. Өйткені 
орта ғасырлық ғұламалар Алланың алғаш жаратқан нәрсесі жайында дауласып, әр түрлі 
пікірлерді ұстанған болатын. Кейбірі алғаш жаратылған нәрсе пайғамбардың нұры десе, 
кейбірі қалам немесе ақыл екенін алға тартқан еді. 
Біз Мұхаммедтің (ғ.с.) қалай өмірге келгенін де «Назым сияр Шәрифтен» оқимыз: 
Ғабдолла Әмина атты әйел алды, 
Ибраһим тәртібімен некеленді. 
Әуелі кездескенде Ғабдолламен, 
Алты айда Ғабдоллаға ажал жетті, 
Пайғамбар тумай жатып өліп кетті. 
Алланың әмірімен Мұхаммедті, 
Құрсақта анасының жетім етті. 
Ақынның мәліметі бойынша, соңғы пайғамбар Мұхаммедтің (ғ.с.) тумай жатып жетім 
қалғанын білеміз, көптеген діни қолжазбаларда Алланың елшісін жетім өсті дейтін, ал 
қалай жетім қалғандығы жайында осы дастандай жан-жақты түсіндіріп айтқан емес . 
Шәді Жәңгірұлының «Назым сияр Шәриф» атты дастанында пайғамбарымыздың 
жиырма бес жасында қырық жастағы Хадиша атты жесір әйелге үйленгенін де жырлайды. 
Меғражға барып, Алланың көргенін де толғайды. Қаншама кәпірлерді ислам дініне 
кіргізіп күндіз-түні аянбай, Алла жолында қызмет еткенін, мүнафиықтарды (екі жүзді) 
ешқашан аямайтынын, күллі мұсылманды бір ел, әр қырынан жырлапты. 


 Шәдінің пайғамбар тарихына арнаған «Назым сияр Шәриф» дастанынан басқа, оның 
Ислам ғазауыттарын көрсететін «Хайбар» дастанын да жазған. Хайбар – жердің аты. 
Мәдинеден бірнеше шақырым жерде орналасқан. Бұл соғыстың Ислам тарихында алар 
орны ерекше. Себебі Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың мүшріктерді жеңіп, елдің сол қана-
тына шоғырланған жүгеттермен болған шешуші шайқасы Хайбарда өткен болатын. 
Адам ата жаратылғалы бері адамзат баласының қасы – Ібіліс. Оның көздегені адам 
баласын дұрыс жолдан тайдырып, жаманшылыққа бастау болып табылады. Әзәзіл 
Ібілістің бар айла-шарғысын ашып көрсететін ибн Жузидің «Талбису Иблис» («Ібілістің 
айлакерлігі») деген еңбегі діндарлар арасына осы еңбектің желісіне құрылған. Шығармада 
Барсиса деген діндардың хақ жолында жүріп, қалайша Ібілістің тұзағына түскені жайында 
айтылады. Шайыр осы шығармасы арқылы оқырманды өз нәпсісінің құлы болмауға 
шақырған . 
Шәді «Ахуал қиямет» деген дастанынан оның құран тәпсірін жетік меңгергенін көруге 
болады. Шығарманың екінші жартысын оқығанда адамның өлер алдындағы сәтінен 
бастап, қабір азабына дейінгі аралықты суреттеген шайырдың еңбегіне сүйсінбесе амалы 
жоқ. 
Шәді ақын өлімді айтуда адамдарды қорқытудан аулақ. Тірлікте істеген әрбір 
әрекеттің о дүниеге апарар сенің еншің екенін еске салады. Демек, адам баласы тіршілікте 
істеген қателіктері үшін тіршілікте Алладан кешірім сұрауы тиіс. Ақынның бұл көзқарасы 
түсінген кісіге имандылыққа шақырған жаны таза адамның жүрегінен шыққан өсиет сөз 
екенін аңғаруға болады. Кеңес заманында Шәді Жәңгірұлының туындысын «идеямызға 
жат» деп бүркемелеп, жасырын ұстап келгені анық, осы бір жайды Ә. Тәжібаев ашына 
толғайды: «Бұған дейін Шәді туралы сөз айтылмайды, өйткені көркем әдебиеттерді тану 
және оның ғылымын жасау, тарихын жазу ісіндегі солақайлықтар сонау бастан Шәді 
еңбектерін жат көрсетіп, әдебиет оқитын қауымнан жабық ұстады да, ақынның өмір 
тарихы да жаңа жұртшылыққа бейтаныс күйде қалды. Сондықтан бұлдыр бейнені анық 
көру, жаңа бір ақынды тыңнан ашу, онымен тілдесу, сырласу, оның мінез-құлқын, әдет-
салтын, дүниеге қауымға, сұлулыққа көзқарасын білу, қай жағынан алсақ та қажет екен.». 
Шәді Жәңгірұлы жазған әдеби жәдігерлер қазақ, өзбек, қарақалпақ, түрікмен 
халықтарына ортақ деп айтсақ артығы жоқ. Өйткені сол елдердің ауызша, жазбаша 
қазыналарын меңгеріп, пайдасына жарата білген, шайырлармен араласып, ақындық 
шеберлігін ұштаған адам. Түркі тілдес халықтарға ортақ саналатын іргелі тақырыптарды 
өзінше қайтадан жазып шығу өздігінен келмейтін жұмыс екені айқын. 
Соған қарағанда, Шәді тынымсыз ізденудің, еңбектің адамы болған, оны қасиетті 
туындыларынан тауып, танимыз, «Шығыс классикалық әдебиетінің назиралық үлгісін 
жете меңгерген, гуманистік ағартушылық бағытта дәстүрлі тақырыптарды жырлаған. 
Мазмұн мен түрі жағынан, идеясы мен сюжеттік желі тұрғысынан мүлдем жаңа, қолтума 
төл шығармалар жазған» (Қазақ совет энциклопедиясы. Алматы. 1978. 12т. 265-б). 
Сөз өнері мен қолөнер зергерлігін қатар алып жүріп даңқы шыққан Шәді ақын 
шығармаларының тигізген игі ықпалын оның еңбектерінен көруге болады. Көзінің 
тірісінде жетпіс бес табақтай еңбегі баспа жүзін көрген Шәді шын шабытқа дамыл 
бермеген қалам иесіне ұқсайды. Кітаби ақындардың ішінде шығыс сюжетін қуалап қана 
қоймай, орыс халқының тарихын терең бойлаңқырап зерттеген Шәді екен. «Әр сөзі 
құйылғандай қорғасыннан» деп шайырдың өзі айтпақшы, оғын айдалаға бытырата бермей, 
жинақтап, шымырлап, ой елегінен өткізіп барып көпке ұсынған көрінеді. Шәдінің шығыс 
әдебиетінің әуендерімен байланысына барлай қарағанда не болса соны бері тарта бермей 
қазақ ұғымына, санасына, ортасына, өнеріне жақыннан орнығып қалды- ау деген 
сюжеттерді суыртпақтай шығарып, салмақты дүниеге айналдыра білген. 


 Сонымен қорыта айтқанда, кезінде түрлі діни мектеп-медреселерде оқып, араб, парсы, 
шағатай тілдерін жетік меңгерген, сол арқылы араб поэзиясынан еркін сусындаған, Ислам 
тарихы мен араб әдебиетін терең білетін қазақтың ғұлама шайыры Шәді төре Жәңгірұлы 
қазақ көркем сөз өнерін мазмұн мен норма жағынан байыта түсуге өзіндік үлес қосты. Ол 
шығыс классикалық поэзиясына тән нәзирә дәстүрін жан-жақты меңгеріп, қазақ 
оқырманының талап-тілектеріне сәйксс келетін шығармалар жазды. Мұның өзі, қазақ 
әдебиетін мазмұн, тақырып, идея жағынан көріктеу құралдарымен байытуға үлкен әсерін 
тигізді. 
Дәріс №11 
Тақырыбы: Ақмолла Мұхамедиярұлы, Нұржан Наушабайұлы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет