Нейролингвистика


«Компьютерлік лингвистика»



бет2/2
Дата18.08.2020
өлшемі27,61 Kb.
#76286
1   2
Байланысты:
КОМП ЛИНГ

«Компьютерлік лингвистика» термині (computational linguistics), негізінен, тіл қызметін модельдеуге қатысты пайдаланылатын компьютерлік бағдарламалар мен тілдік деректерді өңдеу, сол үшін қажетті компьютерлік технологияны жинақтау және компьютердің араласуына қатысты басқа да тіл зерттеу жұмыстарымен байланысты қолданылады.

Компьютерлік лингвистиканың негізгі зерттеу мақсаты - компьютерлендірудін лингвистикалық мәселелерін шешу, яғни ЭЕМ-мен жұмыс істеуге арналған жасанды тілдер кұрылымын анықтау, ақпараттық банктерді құру, қалыптастыру. Мәтіндерді өңдеу үшін машинамен сөздіктерді, алгоритмдерді кұрастыру және әртүрлі тілдік үдерістерді модельдеу және басқа мәселелерді табиғи тілдің семантикалық заңдарын ескере отырып шешу.

Компьютерлік лингвистиканың бағыттары:

мәтіннің автоматты анализі;

• мәтіннің автоматты синтезі;

• автоматты сөздіктерді құру және қолдау;

• автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйелерін құру;

• машиналық аударма;

• тілді оқытудағы автоматты жүйелерді құру;

• анонимді мәтіндерді автоматты атрибуциялау;

• лингвистикалық деректер қорын құру;



• теориялық және қолданбалы лингвистиканың мәселелерін шешуге байланысты бағдарламалық құралдарды дайындау.

Компьютерлік лингвистикада тілдің күрделі құрылымына сәйкес тілдің жеке деңгейлерімен катар койылатын, тілдік хабарламалардың туындауы мен қабылдану үдерістері немесе тілге байланысты басқа да адамзаттық қызмет түрлеріне қатысты түрлі бағыттар қалыптасып, дамуда

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет