Нейрон және оның құрылымы



Дата06.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#80368
Байланысты:
f7a81852-8f57-4671-b9e5-712bc6f39541

Нейрон және оның құрылымы

Организмдегі ең күрделі құрылым жүйке жүйесі болып табылады. Ол өзара тор құра алатын ондаған миллиард жүйке торшаларынан құралған. (адамда жүйке торшаларының жалпы саны 50миллиардқа жетеді)

Демек, жүйке жүйесінің құрылымдық және функцио- налдық негізі- жүйке торшасы немесе нейрон.

Нейрон деп жүйке торшасы мен оның өсінділерінің жиынтығын айтады.

Нейрон деп жүйке торшасы мен оның өсінділерінің жиынтығын айтады.

Жүйке жасушалары-

  • Нейролеммадан (плазмолемма)
  • Нейроплазмадан (цитоплазма)
  • Ядро және жасуша денесінен (перикарион) таралатын өсінділерден құралған.
  • Жүйке жасушаларының нейроплазмасында базофильді түйіршіктер (хроматильді зат) және нейрофибриллалар болады.

Нейрондар құрылысы мен атқаратын қызметіне қарай

Нейрондар құрылысы мен атқаратын қызметіне қарай

3 түрлі болады:

  • Сезгіш (бұлар рецепторлар қызметін атқарып қозуды сезім мүшелерінен орталық жүйке жүйесіне жеткізеді)
  • Байланыстырғыш (қозуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға өткізеді)
  • Қозғалтқыш (қозуды орталық жүйке жүйесіне бұлшық еттер мен бездерге жеткізеді.)

Жүйке жасушаларының өсінділері қызметіне байланысты: дендрит және аксон(нейрит) болып 2ге бөлінеді.

Жүйке жасушаларының өсінділері қызметіне байланысты: дендрит және аксон(нейрит) болып 2ге бөлінеді.

Дендрит(қысқа өсінді) – қозуды сыртқы орта немесе организмнің ішкі орта әсерлерінен, басқа нейроциттерден қабылдап, жүйке толқындарын (импульстерін) нейроцит денесіне,

Аксон(ұзын өсінді)- жүйке толқынын нейроцит перикарионынан басқа нейроциттерге немесе орындаушы мүшелерге өткізеді.

Өсінділердің санына байланысты жүйке жасушалары:

Өсінділердің санына байланысты жүйке жасушалары:

  • бірөсінділі (униполярлы)
  • жалған бірөсінділі (псевдоуниполярлы)
  • екіөсінділі (биполярлы)
  • көпөсінділі(мультиполярлы) болып ажыратылады.
  • Униполярлы нейроциттержануарлар эмбрионында
  • Псевдоуниполярлы жүйке жасушалары – жұлын түйіндерінде
  • Биполярлы нейроциттер – көздің торлы қабығында, ішкі құлақта, иіс сезу мүшесінде
  • Мультиполярлы нейроциттер – мида, жұлында, көптеген сомалық, вегетативтік жүйке түйіндерінде орналасады.

Назарларыңызға РАХМЕТ!)



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет