Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы


-бап. Неке шартын жасасу, өзгерту және бұзу кезіндегі кредит берушілердің құқықтарына кепілдік



бет17/111
Дата13.03.2023
өлшемі233,66 Kb.
#172065
түріКодекс
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   111
Байланысты:
неке заң - 2020.kaz
Ф УЕ 103-08-2022 Білім алушылардың кәсіптік тәжірибе бойынша ЕСЕБІ каз (1), Шортанбай Қанайұлының шығармалары. «Бала зары», «Жер толғаулары». атты Қазақ әдебиеті пәнінен сабақ
45-бап. Неке шартын жасасу, өзгерту және бұзу кезіндегі кредит берушілердің құқықтарына кепілдік
Борышкер жұбайдың кредит берушiсi (кредит берушiлерi) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң нормаларына сәйкес, өзгерген мән-жайларға байланысты ерлi-зайыптылар арасында жасалған неке шартының талаптарын өзгертудi немесе оны бұзуды талап етуге құқылы.
3-БӨЛІМ. ОТБАСЫ
8-тарау. БАЛАНЫҢ ТУУ ТЕГІН АНЫҚТАУ
46-бап. Ата-аналардың және баланың құқықтары мен міндеттерінің туындауы үшін негіздер
1. Бала туғаннан кейін бірден тіркеледі және туылған кезінен бастап атын алуға және азаматтық алуға құқығы, сондай-ақ мүмкіндігіне қарай, өз ата-аналарын білуге құқығы және олардың қамқорлығына құқығы болады.
2. Ата-аналардың және баланың құқықтары мен міндеттері баланың Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен куәландырылған тегіне негізделеді.
3. Бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың құқықтары мен міндеттері асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешіміне негізделеді.
47-бап. Баланың туу тегін анықтау
1. Баланың анасы жағынан туу тегін (анасын) ананың баланы медициналық ұйымда туғанын растайтын құжаттардың негізінде тіркеуші орган анықтайды.
Бала медициналық ұйымнан тыс жерде туған жағдайда, оның туу тегін туу фактісін растайтын медициналық құжаттардың негізінде тіркеуші орган анықтайды, ал олар болмаған жағдайда, баланың туу тегінің фактісі сот тәртібімен анықталады.
2. Бір-бірімен некеде тұратын (ерлі-зайыпты) адамдардан туған баланың туу тегі ата-анасының некені (ерлі-зайыптылықты) қию туралы куәлігімен расталады.
Бала суррогат анадан туған жағдайда баланың туу тегі суррогат ана болу жөнінде жасалған шарт негізінде куәландырылады.
3. Егер өзгеше дәлелденбесе, бала неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған, ол жарамсыз деп танылған кезден бастап немесе бала анасының жұбайы қайтыс болған кезден бастап екi жүз сексен күн iшiнде туған жағдайда, анасының бұрынғы жұбайы баланың әкесi болып танылуы мүмкін.
4. Егер баланың анасы өзінің жұбайы не бұрынғы жұбайы баланың әкесі емес деп мәлімдесе, баланың әкесі баланың өз анасының және әкесінің не жұбайының, бұрынғы жұбайының бұл туралы жазбаша өтініші болған кезде, осы баптың 5-тармағында немесе осы Кодекстің 48-бабында көзделген қағидалар бойынша анықталады. Мұндай өтініш болмаған жағдайда бұл мәселе сот тәртібімен шешіледі.
Босанған әйелдің жұбайының немесе бұрынғы жұбайының басқа адамның әке болуын анықтауға келісімі ішкі істер органы берген, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілгені туралы немесе соттың оны хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп танығаны туралы заңды күшіне енген шешімі туралы растайтын құжат болған кезде міндетті емес.
5. Баланың анасымен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) адамның әке болуы баланың әкесi мен анасының тіркеуші органға бiрлесiп өтініш беруі арқылы анықталады. Анасы қайтыс болған, ол әрекетке қабiлетсiз деп танылған, анасының болған жерiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайларда немесе ол ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда - қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның келiсiмiмен баланың әкесiнiң өтініші бойынша, мұндай келiсiм болмаған кезде - сот шешiмi бойынша анықталады.
Егер анасының жұбайы болып табылмайтын еркектiң әке екендiгi анықталған болса, баланың анасы одан:
қалыпты босанған кезде – босануға дейін күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты күн ішінде;
қиын босанған немесе екі және одан көп бала туған кезде – босануға дейін күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс күн ішінде;
баланың анасы ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақта тұратын жағдайда, қалыпты босанған кезде – босануға дейін күнтізбелік тоқсан бір күн және босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс тоғыз күн iшiнде (қиын босанған немесе екі және одан көп бала туған жағдайда – күнтізбелік тоқсан үш күн iшiнде ) оны күтіп-бағу бойынша шығыстарға тиiстi ақша қаражатын сот тәртiбiмен талап етуге құқылы.
Ақша қаражатының мөлшерi және төлемдердің кезеңділігі тараптардың материалдық және отбасылық жағдайы мен назар аударарлық басқа да мүдделерiн негiзге ала отырып, ақша қаражаты төленетін кезге қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiшке еселенген арақатынаспен айқындалады.
6. Некені (ерлі-зайыптылықты) қию, бұзу туралы куәлікке немесе акт жазбасына, сондай-ақ бала асырап алу, әке болуды анықтау туралы өтінішке сәйкес баланың әкесі ретінде адам көрсетілген тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасынан баланың әкесі туралы мәліметтерді алып тастауды тіркеуші орган соттың тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасындағы баланың әкесі туралы мәліметтерді алып тастау туралы шешімі негізінде жүргізеді.
Өзге жағдайларда әкесі туралы мәліметтерді алып тастау бала туған кезде некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) анасының өтініші бойынша осы Кодекстің 183-бабына сәйкес жүргізіледі.
7. Он сегiз жасқа (кәмелетке) толған адамға қатысты әке болуды анықтауға - тек қана оның келiсiмiмен, ал егер ол әрекетке қабiлетсiз деп танылса, оның қорғаншысының немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның келiсiмiмен жол берiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет