Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы


-бап. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау нысандары



бет49/111
Дата13.03.2023
өлшемі233,66 Kb.
#172065
түріКодекс
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   111
Байланысты:
неке заң - 2020.kaz

116-бап. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау нысандары
1. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау оларды отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа, баланы қабылдайтын отбасына) беру арқылы жүзеге асырылады, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде — жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық типтегі ұйымдарға беру арқылы жүзеге асырылады.
2. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа) берілген балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес отбасы және балалар саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады.
Ескерту. 116-бап жаңа редакцияда - ҚР 19.05.2015 № 315-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


117-бап. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу
1. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтауды ата-ананың қамқорлығының болмауы туралы өздеріне белгілі болған барлық жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2. Жеке және заңды тұлғалар жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы олардың тұратын жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарды кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
3. Медициналық ұйымдардың лауазымды адамдары жаңа туған бала қалдырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органына бұл туралы хабарлауға міндетті.
4. Жергілікті атқарушы орган оның ата-аналары немесе оның туыстары жағынан қамқорлықтың болмау фактісі анықталған кезде, мәліметтер алынған күннен бастап үш күн ішінде баланың тұрмыс жағдайын зерттеп-қарап шығуға және баланы орналастыру туралы мәселе шешілгенге дейін оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.
5. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұратын жері бойынша олар туралы мәліметтер түскен күннен бастап бір ай ішінде баланы орналастыруды қамтамасыз етеді (Республикалық деректер банкінің бастапқы есебіне алу).
Баланы отбасына тәрбиеге беру мүмкін болмаған кезде Республикалық деректер банкінің өңірлік есебіне алу және кейіннен баланы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасына тәрбиелеуге орналастыруда жәрдем көрсету үшін бір ай өткен соң бала туралы мәліметтерді тиісті аумақтық-әкімшілік бірліктердің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органына жібереді.
6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының азаматтарына асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, баланы қабылдайтын отбасына, патронат тәрбиешілердің отбасына тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған кезде өзіне бала туралы мәліметтер түскен күннен бастап екі ай мерзім өткен соң жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Республикалық деректер банкінің орталықтандырылған есебіне қою үшін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына хабарлауға міндетті.
Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу тәртібін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.
Ескерту. 117-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет