Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы


-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеудің қағидалары мен тәртібі



бет78/111
Дата13.03.2023
өлшемі233,66 Kb.
#172065
түріКодекс
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   111
Байланысты:
неке заң - 2020.kaz

180-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеудің қағидалары мен тәртібі
1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеудің қағидалары, сондай-ақ некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың денсаулық жағдайы мен отбасылық жағдайы туралы бір-бірін өзара хабардар етуі, олардың болашақ ерлі-зайыптылар және ата-аналар ретіндегі құқықтары мен міндеттерін түсіндіру тәртібі осы Кодекске сәйкес белгіленеді.
2. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібін әділет органдары айқындайды.
181-бап. Акт кітаптары. Оларды сақтау тәртібі мен мерзімдері
1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалар негізінде берілетін куәліктердің нысандарын Қазақстан Республикасының әділет органдары бекітеді.
2. Акт кітаптары қатаң жүйелі түрде тігілген және нөмірленген, оны құрастырған тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрімен бекемделген бірдей жүз акт жазбасын қамтып, екі данада жасалады. Акт жазбаларының бірдейлігін тіркеуші органның лауазымды адамдары қамтамасыз етеді.
Акт кітаптарының бірінші даналары - азаматтық хал актісін бастапқы тіркеу орны бойынша ауданның (қаланың) тіркеуші органының мұрағатында, екінші данасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тіркеуші органының мұрағатында сақталады.
3. Акт кітаптарының бірінші және екінші даналарын бір үй-жайда (ғимаратта) сақтауға тыйым салынады.
4. Қазақстан Республикасының аумағында тіркеуші органдарда және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде тіркелген акт жазбаларының электрондық нұсқалары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған уәкілетті органда Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың орталық серверінде сақталады.
5. Бастапқы тіркеу орны бойынша акт кітаптары жетпіс бес жыл бойы сақталады, содан кейін тиісті мемлекеттік мұрағатқа беріледі.
6. Екінші даналардың акт кітаптары белгіленген мерзім өткеннен кейін жойылуға жатады.
Ескерту. 181-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет