Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы



бет79/111
Дата13.03.2023
өлшемі233,66 Kb.
#172065
түріКодекс
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   111
Байланысты:
неке заң - 2020.kaz

182-бап. Мемлекеттік баж
1. Азаматтық хал актілерінің тіркелгені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынады.
2. Тууды, қайтыс болуды тіркеу, әке болуды анықтауға, Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алуына байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбаларына өзгерістер, толықтырулар енгізу, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты қайтадан куәліктер беру Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынбай жүргізіледі.
Ескерту. 182-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


183-бап. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын өзгерту, толықтыру және түзету тәртібі
1. Тіркеу туралы бастапқы акт жазбалары, сондай-ақ жеткілікті негіздер болған кезде және мүдделі адамдардың арасында дау болмаған кезде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді тіркеуші орган жүргізеді. Мүдделі адамдардың арасында дау болған кезде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу мәселелері медиация тәртібімен немесе сот тәртібімен шешіледі.
2. Азаматтық хал актілерінде жазылған жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініштер өтініш берушінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға беріледі.
3. Шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өтініштері Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерi арқылы бастапқы жазбаның сақталған орны бойынша тіркеуші органға беріледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

4. Азаматтық хал актілерінде жазылған жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді жазба жасалған жер бойынша тіркеуші орган жүргізеді. Азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.


Ескерту. 183-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 17.11.2014 № 254-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет