Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы


-бап. Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш беру мерзімі және неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу мерзімі



бет91/111
Дата13.03.2023
өлшемі233,66 Kb.
#172065
түріКодекс
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   111
Байланысты:
неке заң - 2020.kaz

222-бап. Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш беру мерзімі және неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу мерзімі
1. Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш тіркеуші органға некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркегенге дейін бір ай бұрын беріледі.
2. Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң тіркеуші орган жүргізеді.
Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күні бітеді. Егер осы күн жұмыс күні болмаса, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу уақытын тіркеуші орган некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірген адамдардың келісімі бойынша тағайындайды. Мемлекеттік тiркеу уақыты сол үй-жайда қайтыс болуды және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тiркеген уақытпен сәйкес келмейтiндей есеппен тағайындалуға тиіс.
3. Егер неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш берген кезде некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың екеуінің бірдей тіркеуші органда болуы мүмкін болмаса немесе оған қатысуы тым қиын болса (бір-бірінен алыста тұруы, ауыр науқастануы, жүріп-тұру қиындығымен байланысты мүгедектігі, әскери қызмет өткеруі және басқалары), белгіленген нысан бойынша толтырылған және некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың екеуі бірдей қол қойған неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтінішті олардың біреуі бере алады.
Жоқ адамның қолтаңбасын тіркеуші органның бастығы куәландыруы және азаматтың тұрған жері бойынша тіркеуші органның, нотариустың немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес нотариаттық іс-әрекеттер жасауға құқық берілген өзге де лауазымды адамның мөрімен бекітілуі мүмкін, сондай-ақ мынадай тәртіппен:
1) әскери қызметшілерді – тиісті әскери бөлімнің командирі;
2) жүзу уақытында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туымен жүретін теңіз кемелерінде немесе ішкі жүзу кемелерінде болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын – осы кемелердің капитандары;
3) экспедицияларда болатын адамдарды – осы экспедициялардың бастықтары;
4) стационарлық медициналық ұйымдарда болатын адамдарды – осы ұйымдардың бас дәрігерлері;
5) қамауға алу және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындайтын мекемелерде отырған адамдарды – тиісті мекемелердің бастықтары;
6) жүріп-тұруы қиын мүгедектерді дәрігерлік-консультативтік комиссияның төрағасы куәландыруы мүмкін.
Ескерту. 222-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет