ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiнде бұдан әрі жинаған
мүлкi олардың бiрлескен ортақ меншiгiн құрайды.
6. Некесi (ерлі-зайыптылығы) бұзылған ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу
туралы ерлi-зайыптылардың талаптарына неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезден
бастап талап-арыз ескіруінің үш жылдық мерзiмi қолданылады.
Ескерту. 37-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2014
№ 254-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
38-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде үлестерді айқындау
1. Егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлi-зайыптылардың ортақ
мүлкiн бөлу және осы мүлiктегi үлестерiн айқындау кезiнде ерлi-зайыптылардың
әрқайсысының үлесi тең деп танылады.
2. Егер жұбайлардың бiреуi дәлелсiз себептермен табыс таппаса немесе
ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн екінші жұбайдың келісімінсіз отбасының
мүдделерiне нұқсан келтiрiп жұмсаса, сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiн
негiзге ала отырып және (немесе) ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мүдделерiн негiзге ала
отырып, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi олардың үлестерiнiң теңдiгi негiзiн
ескермеуге құқылы.
3. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде ерлi-зайыптылардың ортақ
борыштары олардың арасында өздерiне берiлген үлеске барабар түрде бөлiнедi.
Достарыңызбен бөлісу: