Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы


§3. Ерлі-зайыптылардың міндеттемелер бойынша жауапкершілігі



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата20.12.2021
өлшемі0,58 Mb.
#103661
түріКодекс
1   2   3   4
Байланысты:
k1100000518.02-01-2021.kaz


§3. Ерлі-зайыптылардың міндеттемелер бойынша жауапкершілігі
44-бап. Ерлі-зайыптылардың мүлкінен өндіріп алу
            1.  Ерлi-зайыптылардың  бiреуiнiң  мiндеттемелерi  бойынша  тек  сол  жұбайының 
мүлкi ғана өндiрiп алынады. Бұл мүлiк жеткiлiксiз болған кезде кредит берушi өндiрiп 
алу  үшiн  ерлi-зайыптылардың  ортақ  мүлкiн  бөлу  кезiнде  борышкер  жұбайға  тиесiлi 
болатын борышкер жұбайдың үлесiн бөліп беруді талап етуге құқылы.
      2. Егер сот ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мiндеттемелерi бойынша алынғандардың 
бәрi 
отбасының 
мұқтажына 
пайдаланылғанын 
анықтаса, 
өндiрiп 
алу 
ерлi-зайыптылардың  ортақ  мiндеттемелерi  бойынша,  сондай-ақ  ерлi-зайыптылардың 
бiреуiнiң мiндеттемелерi бойынша ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi өндіріп алынады. 
Бұл  мүлiк  жеткiлiксiз  болған  кезде  ерлi-зайыптылар  көрсетілген  мiндеттемелер 
бойынша өздерiнiң әрқайсысының мүлкiмен ортақ жауапкершілікте болады.
      Егер соттың үкiмiмен ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi ерлi-зайыптылардың бiреуi 
қылмыстық  жолмен  алған  қаражат  есебiнен  сатып  алынғаны  немесе  көбейтiлгенi 
анықталса, тиiсiнше ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi немесе оның бiр бөлiгi өндіріп 
алынады.
      3. Ерлi-зайыптылардың өздерінің кәмелетке толмаған баласы келтiрген зиян үшiн 
жауапкершiлiгi  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексімен  айқындалады. 
Ерлi-зайыптылардың  өздерінің  кәмелетке  толмаған  баласы  келтiрген  зиянды  өтеуi 
кезiнде осы баптың 2-тармағына сәйкес олардың мүлкiнен өндiрiп алыну жүргізіледі.
45-бап.  Неке  шартын  жасасу,  өзгерту  және  бұзу  кезіндегі  кредит  берушілердің 
құқықтарына кепілдік
      Борышкер жұбайдың кредит берушiсi (кредит берушiлерi) Қазақстан Республикасы 
Азаматтық  кодексiнiң  нормаларына  сәйкес,  өзгерген  мән-жайларға  байланысты 
ерлi-зайыптылар арасында жасалған неке шартының талаптарын өзгертудi немесе оны 
бұзуды талап етуге құқылы.
3-БӨЛІМ. ОТБАСЫ
8-тарау. БАЛАНЫҢ ТУУ ТЕГІН АНЫҚТАУ
46-бап.  Ата-аналардың  және  баланың  құқықтары  мен  міндеттерінің  туындауы  үшін 
негіздер


      1. Бала туғаннан кейін бірден тіркеледі және туылған кезінен бастап атын алуға 
және  азаматтық  алуға  құқығы,  сондай-ақ  мүмкіндігіне  қарай,  өз  ата-аналарын  білуге 
құқығы және олардың қамқорлығына құқығы болады.
            2.  Ата-аналардың  және  баланың  құқықтары  мен  міндеттері  баланың  Қазақстан 
Республикасының заңында белгіленген тәртіппен куәландырылған тегіне негізделеді.
            3.  Бала  асырап  алушылар  мен  асырап  алынған  балалардың  құқықтары  мен 
міндеттері асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешіміне негізделеді.
47-бап. Баланың туу тегін анықтау
      1. Баланың анасы жағынан туу тегін (анасын) ананың баланы медициналық ұйымда 
туғанын растайтын құжаттардың негізінде тіркеуші орган анықтайды.
      Бала медициналық ұйымнан тыс жерде туған жағдайда, оның туу тегін туу фактісін 
растайтын  медициналық  құжаттардың  негізінде  тіркеуші  орган  анықтайды,  ал  олар 
болмаған жағдайда, баланың туу тегінің фактісі сот тәртібімен анықталады.
      2. Бір-бірімен некеде тұратын (ерлі-зайыпты) адамдардан туған баланың туу тегі 
ата-анасының некені (ерлі-зайыптылықты) қию туралы куәлігімен расталады.
      Бала суррогат анадан туған жағдайда баланың туу тегі суррогат ана болу жөнінде 
жасалған шарт негізінде куәландырылады.
      3. Егер өзгеше дәлелденбесе, бала неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған, ол жарамсыз 
деп  танылған  кезден  бастап  немесе  бала  анасының  жұбайы  қайтыс  болған  кезден 
бастап екi жүз сексен күн iшiнде туған жағдайда, анасының бұрынғы жұбайы баланың 
әкесi болып танылуы мүмкін.
      4. Егер баланың анасы өзінің жұбайы не бұрынғы жұбайы баланың әкесі емес деп 
мәлімдесе, баланың әкесі баланың өз анасының және әкесінің не жұбайының, бұрынғы 
жұбайының  бұл  туралы  жазбаша  өтініші  болған  кезде,  осы  баптың  5-тармағында 
немесе осы Кодекстің 
 көзделген қағидалар бойынша анықталады. Мұндай 
48-бабында
өтініш болмаған жағдайда бұл мәселе сот тәртібімен шешіледі.
            Босанған  әйелдің  жұбайының  немесе  бұрынғы  жұбайының  басқа  адамның  әке 
болуын  анықтауға  келісімі  ішкі  істер  органы  берген,  жедел-іздестіру  іс-шаралары 
жүргізілгені  туралы  немесе  соттың  оны  хабар-ошарсыз  кеткен  немесе  әрекетке 
қабілетсіз деп танығаны туралы заңды күшіне енген шешімі туралы растайтын құжат 
болған кезде міндетті емес.
      5. Баланың анасымен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) адамның әке болуы 
баланың  әкесi  мен  анасының  тіркеуші  органға  бiрлесiп  өтініш  беруі  арқылы 
анықталады.  Анасы  қайтыс  болған,  ол  әрекетке  қабiлетсiз  деп  танылған,  анасының 
болған жерiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайларда немесе ол ата-ана құқықтарынан 
айырылған  жағдайда  -  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды 
жүзеге  асыратын  органның  келiсiмiмен  баланың  әкесiнiң  өтініші  бойынша,  мұндай 
келiсiм болмаған кезде - сот шешiмi бойынша анықталады.


      Егер анасының жұбайы болып табылмайтын еркектiң әке екендiгi анықталған болса
, баланың анасы одан:
      қалыпты босанған кезде – босануға дейін күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан 
кейін күнтізбелік елу алты күн ішінде;
            қиын  босанған  немесе  екі  және  одан  көп  бала  туған  кезде  –  босануға  дейін 
күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс күн ішінде;
      баланың анасы ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақта тұратын жағдайда, 
қалыпты босанған кезде – босануға дейін күнтізбелік тоқсан бір күн және босанғаннан 
кейін  күнтізбелік  жетпіс  тоғыз  күн  iшiнде  (қиын  босанған  немесе  екі  және  одан  көп 
бала  туған  жағдайда  –  күнтізбелік  тоқсан  үш  күн  iшiнде  )  оны  күтіп-бағу  бойынша 
шығыстарға тиiстi ақша қаражатын сот тәртiбiмен талап етуге құқылы.
            Ақша  қаражатының  мөлшерi  және  төлемдердің  кезеңділігі  тараптардың 
материалдық  және  отбасылық  жағдайы  мен  назар  аударарлық  басқа  да  мүдделерiн 
негiзге ала отырып, ақша қаражаты төленетін кезге қолданыста болатын айлық есептiк 
көрсеткiшке еселенген арақатынаспен айқындалады.
      6. Некені (ерлі-зайыптылықты) қию, бұзу туралы куәлікке немесе акт жазбасына, 
сондай-ақ бала асырап алу, әке болуды анықтау туралы өтінішке сәйкес баланың әкесі 
ретінде  адам  көрсетілген  тууды  мемлекеттік  тіркеу  туралы  акт  жазбасынан  баланың 
әкесі  туралы  мәліметтерді  алып  тастауды  тіркеуші  орган  соттың  тууды  мемлекеттік 
тіркеу  туралы  акт  жазбасындағы  баланың  әкесі  туралы  мәліметтерді  алып  тастау 
туралы шешімі негізінде жүргізеді.
      Өзге жағдайларда әкесі туралы мәліметтерді алып тастау бала туған кезде некеде 
тұрмаған  (ерлі-зайыпты  болмаған)  анасының  өтініші  бойынша  осы  Кодекстің  183-
 сәйкес жүргізіледі.
бабына
      7. Он сегiз жасқа (кәмелетке) толған адамға қатысты әке болуды анықтауға - тек 
қана  оның  келiсiмiмен,  ал  егер  ол  әрекетке  қабiлетсiз  деп  танылса,  оның 
қорғаншысының немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды 
жүзеге асыратын органның келiсiмiмен жол берiледi.
      Ескерту. 47-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 01.04.2019 
 (алғашқы ресми 
№ 240-VI
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
25.11.2019 
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 
№ 272-VI
өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
48-бап. Әке болуды сот тәртібімен анықтау
            Бiр-бiрiмен  некеде  тұрмайтын  (ерлі-зайыпты  емес)  ата-аналардан  бала  туған 
жағдайда  және  ата-аналарының  бiрлескен  өтініші  немесе  баланың  әкесiнiң  өтініші 
болмаған кезде баланың нақты адамнан туу тегi (әкесі) ата-аналарының бiреуiнiң, бала 
қорғаншысының  немесе  қамқоршысының  өтініші  бойынша  немесе  баланы  асырап 


отырған  адамның  өтініші  бойынша,  сондай-ақ  бала  кәмелетке  толған  соң  оның  өз 
өтініші бойынша сот тәртiбiмен анықталады. Бұл ретте сот баланың нақты адамнан туу 
тегiн дәйекті түрде растайтын айғақтарды назарға алады.
49-бап. Соттың әке болуды тану фактісін анықтауы
      Өзiн баланың әкесiмiн деп мойындаған, бiрақ баланың анасымен некеде тұрмаған (
ерлі-зайыпты  емес)  адам  қайтыс  болған  жағдайда  оның  әке  екенiн  тану  фактiсi 
Қазақстан  Республикасының  азаматтық  іс  жүргізу  кодексіне  сәйкес  сот  тәртiбiмен 
анықталуы мүмкiн.
      Әке болуды анықтау туралы, сондай-ақ әке болу фактісін және әке болуды тану 
фактісін анықтау туралы шешім шығарған сот осы шешім заңды күшіне енген күнінен 
бастап  үш  жұмыс  күні  ішінде  оны  тіркеуші  органға  электрондық  түрде  жіберуге 
міндетті.
      Ескерту. 49-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
№ 272-VI
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
50-бап.  Баланың  ата-аналары  (ата-анасы)  туралы  туу  туралы  актілер  жазбалары 
кітабына жазу
      Баланың ата-аналары (ата-анасы) туралы туу туралы актілер жазбалары кітабына 
жазу осы Кодексте көзделген тәртіппен жүргізіледі.
51-бап. Әке (ана) болуды даулау
            1.  Туу  туралы  актілер  жазбалары  кiтабына  ата-аналардың  жазуы  баланың  әкесi 
немесе анасы ретiнде жазылған адамның, iс жүзiнде баланың әкесi немесе анасы болып 
табылатын адамның, бала кәмелетке толған соң оның өзiнiң, баланың қорғаншысының 
немесе қамқоршысының, сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған ата-ана қорғаншысының 
талап етуi бойынша тек қана сот тәртiбiмен даулануы мүмкiн.
      2. Баланың әкесінің өтініші бойынша немесе әке болудың күшін жою туралы сот 
шешіміне  сәйкес  әке  мен  ананың  бірлескен  өтініші  негiзiнде  баланың  әкесi  болып 
жазылған  адамның  талабы,  егер  жазу  кезiнде  бұл  адамға  өзінің  іс  жүзінде  баланың 
әкесi емес екендiгi белгілі болса, қанағаттандырылмауға тиіс.
            Егер  баланың  тууы  туралы  акті  жазбасында  баланың  анасының  жұбайы  немесе 
бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып көрсетілсе, сот туу туралы актілер жазбасынан 
баланың  әкесі  туралы  мәліметтерді  алып  тастау  туралы  мәселені  шешкенге  дейін 
тіркеуші  орган  әке  болуды  анықтау  туралы  өзгерістер  енгізуден  жазбаша  түрде  бас 
тартуға тиіс.
            3.  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгiленген  тәртiппен  қосалқы 
репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдануға жазбаша түрде келiсiм берген 
адамдардың әке (ана) болуды даулау кезiнде осы мән-жайларға сiлтеме жасауға құқығы
жоқ.


      Басқа әйелге эмбрионды ауыстырып салуға келiсiм берген адамдардың, сондай-ақ 
суррогат  ананың  ана  және  әке  болуды  даулау  кезiнде  осы  мән-жайларға  сiлтеме 
жасауға құқығы жоқ.
      Ескерту. 51-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
№ 272-VI
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
52-бап.  Бір-бірімен  некеде  тұрмайтын  (ерлі-зайыпты  емес)адамдардан  туған  баланың 
құқықтары мен міндеттері
            Осы  Кодекстің 
-
  көзделген  тәртiппен  әке  болуы  анықталған 
47 49-баптарында
жағдайда, баланың бiр-бiрiмен некеде тұратын (ерлі-зайыпты) адамдардан туған бала 
сияқты,  ата-аналары  мен  олардың  туыстарына  қатысты  сондай  құқықтары  мен 
мiндеттерi болады.
53-бап. Жеке өмірге қолсұқпаушылық, жеке және отбасылық құпия
      1. Жеке өмір, жеке және отбасылық құпия заңның қорғауында болады.
            2.  Азаматтық  хал  актілерін  мемлекеттік  тіркеуді  жүзеге  асыратын  лауазымды 
адамдар, сондай-ақ жеке өмір туралы өзгеше түрде хабардар болған басқа да адамдар 
жеке және отбасылық құпияны сақтауға міндетті.
            3.  Азаматтардың  жеке  және  отбасылық  өмірі  туралы  мәліметтерді  жария  ету 
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      4. Тіркеуші органдардың қызметкерлері бала асырап алушының келісімінсіз бала 
асырап алу туралы қандай да бір мәліметтерді хабарлауға және бала асырап алушылар 
асырап  алынған  баланың  ата-анасы  болып  табылмайтындығы  туралы  ақпарат 
қамтылатын құжаттарды беруге құқылы емес.
      Асырап алынған бала туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың сұрау салулары 
бойынша  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген  құзыреті  шегінде 
ұсынылады.
      Ескерту. 53-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
 Заңымен (алғашқы 
№ 272-VI
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9-тарау. СУРРОГАТ АНА БОЛУ ЖӘНЕ ҚОСАЛҚЫ РЕПРОДУКТИВТІК
ӘДІСТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
54-бап. Суррогат ана болу шарты
      1. Суррогат ана болу шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының 
талаптары сақтала отырып, жазбаша нысанда жасалады және міндетті түрде нотариатта
куәландыруға жатады.
            2.  Суррогат  ана  болу  шартының  жасалуы  қосалқы  репродуктивтік  әдістер  мен 
технологияларды  қолдану  нәтижесінде  туған  балаға  ерлі-зайыптылардың  (тапсырыс 
берушілердің) ата-аналық құқықтары және міндеттерінің болуын әдейі көздейді.


      3. Суррогат ана болу шартымен бір мезгілде ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер)
тиісті  қызметтер  көрсететін,  қосалқы  репродуктивтік  әдістер  мен  технологияларды 
қолданатын медициналық ұйыммен шарт жасасады.
55-бап. Суррогат ана болу шартының мазмұны
      Суррогат ана болу шартында:
      1) ерлі-зайыптылардың (тапсырыс берушілердің) және суррогат ананың деректері;
      2) суррогат ананың күтіміне арналған материалдық шығыстарды төлеу тәртібі және 
шарттары;
      3) тараптардың шарт талаптары орындалмаған кездегі құқықтары, міндеттері және 
жауапкершілігі;
      4) 57-баптың 
 көзделген өтемақының мөлшері және оны төлеу тәртібі;
1-тармағында
      5) өзге де, оның ішінде төтенше оқиға жағдайлары қамтылуға тиіс.
56-бап. Суррогат анаға қойылатын талаптар
      1. Суррогат ана болуға тілек білдірген әйел жиырмадан отыз беске дейінгі жаста, 
медициналық ұйымның қорытындысымен расталған, қанағаттанарлық тән денсаулығы,
психикалық және репродуктивтік денсаулығы, сондай-ақ өзінің дені сау баласы болуға 
тиіс.
            2.  Егер  суррогат  ана  тіркелген  некеде  тұрған  (ерлі-зайыпты  болған)  жағдайда, 
суррогат  ана  болу  шартын  жасасу  кезінде  жұбайының  нотариат  тәртібімен 
куәландырылуға тиіс жазбаша келісімі ұсынылуы қажет.
      3. Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық 
ұйым  балалы  болуға  тілек  білдірген  адамдардың  өздерінің  не  донор  банктің 
биоматериалдарының  сол  үшін  пайдаланылғаны  туралы  толық  әрі  жеткілікті 
ақпаратпен оларды қолдану туралы қорытынды шығаруға міндетті.
      Қорытындының бір данасы нотариатта куәландырылған суррогат ана болу шартына
қоса беріледі және мәміленің жасалған жері бойынша сақталады.
57-бап. Суррогат ана болу шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері
      1. Суррогат ана болу шартын жасасу кезінде ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер
):
            1)  суррогат  ананың  медициналық  зерттеп-қараудан  өтуімен  байланысты 
материалдық шығыстарды көтеруге;
      2) қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолданылуына байланысты 
материалдық шығыстарды көтеруге;
      3) қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық 
ұйымға  тән  саулығы,  психикалық  денсаулығы  туралы  медициналық  қорытындыны, 
сондай-ақ медициналық-генетикалық зерттеп-қараудың нәтижелерін ұсынуға;
      4) суррогат ананың жүктілігі, босануы кезеңінде және босанғаннан кейін елу алты 
күн  ішінде  медициналық  қызмет  көрсету  бойынша  шығыстарды  төлеуге,  ал 


жүктілікпен және босанумен байланысты асқыну болған жағдайда, жетпіс күн ішінде 
шығыстарды төлеуге міндетті.
      2. Суррогат ана болу шартын жасасу кезінде суррогат ана 
 талаптарына 
56-баптың
сәйкес:
            1)  тапсырыс  берушілерге  өзінің  тән  саулығы,  психикалық  және  репродуктивтік 
денсаулығы туралы медициналық қорытындыны ұсынуға;
      2) дәрігердің үнемі бақылауында болуға және оның ұсынымдары мен тағайындаған 
емдерін қатаң сақтауға;
            3)  өзімен  шарт  жасасқан  адамдарды  суррогат  ана  болу  шартында  ескерілген 
кезеңділігімен жүктіліктің барысы туралы хабардар етуге;
            4)  туған  баланы  өзімен  суррогат  ана  болу  шартын  жасасқан  адамдарға  беруге 
міндетті.
      3. Суррогат ана баланы өзге адамдарға беруге құқылы емес.
            4.  Суррогат  ананың  тұрақты  жұмысы  болған  кезде  еңбек  қызметін  жалғастыру 
мәселесі суррогат ана болу шарты тараптарының өзара келісімі бойынша шешіледі.
      5. Суррогат ана репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолданылғаннан кейін 
суррогат  ана  болу  шартында  көзделген  жүктілік  үшін  жауаптылықта  болады  және 
табиғи жүкті болу мүмкіндігін болғызбауға міндетті.
            6.  Көп  құрсақ  көтеріп  жүкті  болу  туралы  мәселе  суррогат  ана  болу  шарты 
тараптарының өзара келісімі бойынша шешіледі.
58-бап. Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану
            1.  Тіркелген  некеде  тұрған  (ерлі-зайыпты  болған),  сондай-ақ  кәмелетке  толған, 
некеде  тұрмаған  (ерлі-зайыпты  болмаған)  және  медициналық  ұйымның 
қорытындысымен  расталған,  қанағаттанарлық  тән  саулығы,  психикалық  және 
репродуктивтік  денсаулығы  бар  әйелдерге  қатысты  қосалқы  репродуктивтік  әдістер 
мен технологияларды қолдануға жол беріледі.
            2.  Донордың  шәуетін  қоса  алғанда,  қосалқы  репродуктивтік  әдістер  мен 
технологияларды  қолдану  нәтижесінде  өзі  баланы  көтеретін  және  туатын  әйел 
генетикалық ана болып табылады.
      3. Бала қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану нәтижесінде 
туған жағдайда, бұл баланың ата-аналары туралы мәліметтер осы 
 белгіленген
Кодексте
тәртіппен жазылады.
59-бап.  Суррогат  ана  болу  шартының  немесе  қосалқы  репродуктивтік  әдістер  мен 
технологияларды қолданудың құқықтық салдары
            1.  Ерлі-зайыптылар  (тапсырыс  берушілер)  суррогат  ана  болу  шарты  негізінде 
қосалқы  репродуктивтік  әдістер  мен  технологияларды  қолдану  нәтижесінде  туған 
баланың ата-аналары болып танылады.


      Мұндай әдістер мен технологияларды қолдану нәтижесінде не суррогат ана болу 
шартына сәйкес екі және одан да көп бала туған жағдайда ерлі-зайыптылар (тапсырыс 
берушілер) әрбір туған бала үшін тең жауаптылықта болады.
      2. Суррогат ана болу шартын жасасқан жұбай (тапсырыс беруші) бала туғаннан 
кейін туу туралы медициналық куәлікте оның анасы болып жазылады.
            3.  Ерлі-зайыптылардың  (тапсырыс  берушілердің)  баладан  бас  тартуы  оның 
туылғаны тіркеуші органда тіркелгеннен кейін белгіленген тәртіппен ресімделеді.
      Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолдануға өз келісімін берген 
не суррогат анамен шарт жасасқан ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) баладан бас 
тартқан  жағдайда,  суррогат  анадан  материалдық  шығыстарды  өтеуді  талап  етуге 
құқылы емес.
      Суррогат анамен шарт жасасқан ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) баладан 
бас  тартқан  жағдайда,  ана  болу  құқығы  өз  қалауы  бойынша  суррогат  анада  қалатын 
болады, ал ол бас тартқан жағдайда, бала мемлекет қамқорлығына беріледі.
            Ерлі-зайыптылар  (тапсырыс  берушілер)  баладан  бас  тартқан  кезде  және  баланы 
суррогат  ана  қабылдап  алған  кезде  бұл  адамдар  суррогат  анаға  шартта  белгіленген 
мөлшерде және тәртіппен өтемақы төлеуге міндетті.
            4.  Ерлі-зайыптылар  (тапсырыс  берушілер)  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзған 
жағдайда,  суррогат  ана  болу  шарты  бойынша  туған  бала  үшін  жауапкершілік 
ерлі-зайыптылардың екеуіне де жүктеледі.
      5. Ерлі-зайыптылардың (тапсырыс берушілердің) біреуі қайтыс болған жағдайда 
суррогат  ана  болу  шарты  бойынша  туған  бала  үшін  жауапкершілік  олардың  көзі 
тірісіне жүктеледі.
            6.  Ерлі-зайыптылардың  (тапсырыс  берушілердің)  екеуі  де  қайтыс  болған  және 
олардың жақын туыстары туған баланы асырап алудан бас тартқан жағдайда, бұл бала 
суррогат  ананың  тілегі  бойынша  -  оған,  ал  ол  бас  тартқан  жағдайда,  мемлекет 
қамқорлығына берілуі мүмкін.
            Қорғаншылық  нысанында  баланың  суррогат  анаға  не  мемлекеттік  ұйымдарға 
берілуі  оның  суррогат  ана  болу  шарты  бойынша  ерлі-зайыптылардың  (тапсырыс 
берушілердің) мұрагері ретіндегі құқықтарын тоқтатпайды.
      7. Суррогат ана болу шарты жасалғаннан кейін шартта көрсетілген мерзім ішінде 
қосалқы  репродуктивтік  әдістер  мен  технологиялардың  пайдаланылмауы  шарттың 
жарамсыздығына әкеп соғады.
      8. Суррогат ана болу шарты жасалғаннан кейін суррогат ана табиғи түрде жүкті 
болған  жағдайда  шарт  бұзылады,  ол  суррогат  ана  болу  шартына  сәйкес  тапсырыс 
берушілер жұмсаған барлық шығыстарды төлейді.
10-тарау. БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ


60-бап. Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы
            Өзiнiң  мүдделерiне  қайшы  келетiн  жағдайларды  қоспағанда,  әрбiр  баланың 
отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-аналарын бiлуге құқығы, 
олардың қамқорлығында болуға құқығы, олармен бiрге тұруға құқығы бар.
            Баланың  өз  ата-анасының  тәрбиесіне,  өз  мүдделерiнің  қамтамасыз  етiлуіне, 
жан-жақты өсiп-жетiлуiне, өзінің адами қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне құқығы бар.
            Ата-аналары  болмаған  кезде,  олар  ата-ана  құқықтарынан  айрылған  не  олар 
шектелген кезде және ата-ана қамқоршылығынан айрылған басқа да жағдайларда осы 
Кодекстің 

  және 
  белгiленген  тәртiппен  қорғаншылық  немесе 
13 15
18-тарауларында
қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  орган  баланың  отбасында 
тәрбиелену құқығын қамтамасыз етедi.
61-бап. Баланың ата-аналарымен және басқа да туыстарымен араласу құқығы
            1.  Баланың  ата-анасының  екеуiмен  де,  аталарымен,  әжелерiмен,  аға-iнiлерiмен, 
апа-сiңлiлерiмен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен араласуға құқығы бар.
Ата-аналары некесiнiң (ерлі-зайыптылығының) бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы 
немесе ата-аналарының бөлек тұруы баланың құқығына әсер етпеуге тиiс.
            Ата-аналары  бөлек  тұрған  жағдайда  баланың  олардың  әрқайсысымен  араласуға 
құқығы бар. Сондай-ақ, ата-аналары әртүрлi мемлекеттерде тұрған жағдайда, баланың 
олармен араласуға құқығы бар.
            2.  Өмірлік  қиын  жағдайға  ұшыраған  баланың  Қазақстан  Республикасының 
заңнамасында белгiленген тәртiппен өзiнiң ата-аналарымен және басқа да туыстарымен
араласуға құқығы бар.
62-бап. Баланың өз пікірін білдіру құқығы
      Бала отбасында өз мүдделерiн қозғайтын кез келген мәселенi шешу кезiнде өзiнiң 
пiкiрiн  бiлдiруге,  сондай-ақ  кез  келген  сот  немесе  әкiмшiлiк  iсін  қарау  барысында 
тыңдалуға  құқылы.  Бұл  өз  мүдделерiне  қайшы  келетiн  жағдайларды  қоспағанда,  он 
жасқа  толған  баланың  пiкiрi  міндетті  түрде  ескерiлуге  тиіс.  Осы  Кодексте  көзделген 
жағдайларда,  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге 
асыратын  органдар  немесе  сот  он  жасқа  толған  баланың  және  заңды  өкілдердің 
қатысуымен өзі берген келiсiмiмен ғана шешiм қабылдай алады.
      Баланың пікірі ата-аналарының немесе баланың тұратын жері бойынша басқа да 
заңды  өкілдердің  қатысуымен  қабылданған,  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық 
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның шешімімен ресімделеді.
63-бап. Баланың атын, әкесінің атын және тегін алуға құқығы
      1. Баланың атын, әкесiнiң атын және тегiн алуға құқығы бар.
      2. Баланың атын өзара келісім бойынша ата-аналары немесе баланың басқа да заңды
өкілдері  береді.  Әкесінің  аты  ата-аналарының  немесе  баланың  басқа  да  заңды 
өкілдерінің  тілегі  бойынша  оның  әкесі  болып  көрсетілген  адамның  аты  бойынша 
беріледі.


      Бөлек не дефис арқылы жазылған жағдайда қосарланған ат беруге рұқсат етіледі, 
бірақ ол екі аттан аспауға тиіс.
            Әкесінің  қосарланған  аты  болған  жағдайда,  әкесінің  қосарланған  аты  бойынша, 
олардың біреуі бойынша не әкесінің екі аты бірге жазылып балаға әкесінің атын беруге 
жол беріледі.
      Әкесі атын өзгерткен кезде - оның кәмелетке толмаған баласының, ал кәмелетке 
толған бала бұл туралы өтініш берген кезде, оның әкесінің аты өзгереді.
      3. Баланың тегi ата-аналарының тегiмен айқындалады. Ата-аналарының тегi әртүрлi
болған кезде ата-аналарының келiсiмi бойынша балаға әкесiнiң немесе анасының тегi 
берiледi.
      Ата-аналарының қалауы бойынша баланың тегi ұлттық дәстүрлер ескерiле отырып, 
әкесi сияқты, анасы тарапынан да әкесінің немесе атасының аты берілуі мүмкін.
      4. Ата-аналар арасында баланың атына және (немесе) тегiне қатысты туындаған 
келiспеушiлiктер сот тәртiбiмен шешiледi.
            5.  Егер  әкесі  анықталмаса,  баланың  аты  анасының  көрсетуі  бойынша  беріледі, 
әкесінің аты баланың әкесі ретінде жазылған адамның аты бойынша, тегі – анасының 
тегі  бойынша  немесе  ұлттық  дәстүрлер  ескеріліп,  баланың  атасының  аты  бойынша 
беріледі.
            6.  Егер  баланың  ата-аналарының  екеуі  де  белгісіз  болса,  баланың  тегін,  атын, 
әкесінің  атын  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге 
асыратын  орган,  медициналық  немесе  баланың  тұрған  жері  бойынша  оның  құқығын 
қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын басқа да ұйымдар береді.
      Ескерту. 63-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
№ 272-VI
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
64-бап. Баланың атын және (немесе) тегін өзгерту
      1. Ата-аналарының екеуi де тегiн өзгерткен кезде кәмелетке толмаған балалардың 
тегi өзгередi.
            Бала  он  алты  жасқа  толғанға  дейiн  ата-аналарының  бiрлескен  өтiнiшi  бойынша 
тіркеуші орган баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, баланың атын, сондай-ақ оған 
берiлген тектi ата-анасының екіншісінің тегiне өзгертуге рұқсат береді.
      2. Неке (ерлі-зайыптылық) тоқтатылған немесе неке (ерлі-зайыптылық) жарамсыз 
деп танылған жағдайда бала өзiне туған кезде берiлген тегін сақтайды.
            3.  Егер  ата-аналары  некенің  (ерлі-зайыптылықтың)  бұзылуын  тіркеуші  органда 
ресімдеместен  бөлек  тұрса  не  балаға  қатысты  әке  болу  анықталса  және  бала  өзімен 
бiрге  тұратын  ата-анасы  оған  өзiнiң  тегiн  бергiсi  келсе,  тіркеуші  орган  бұл  мәселенi 
баланың  мүдделерiне  қарай  және  нотариатта  ресімделген  басқа  ата-ананың  пiкiрiн 
ескере  отырып  шешедi.  Ата-ананың  тұратын  жерiн  анықтау  мүмкiн  болмаған,  ол 


ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген, әрекетке қабiлетсiз деп танылған 
кезде, сондай-ақ ата-ана баланы күтіп-бағудан және тәрбиелеуден дәлелсіз себептермен
жалтарған жағдайларда, ата-ананың пiкiрiн ескеру мiндеттi емес.
            4.  Егер  ата-аналары  некенің  (ерлі-зайыптылықтың)  бұзылуын  тіркеуші  органда 
ресімдей  отырып,  бөлек  тұрса  және  бала  өзімен  бірге  тұратын  ата-анасы  оған  өзінің 
тегін  бергісі  келсе,  тіркеуші  орган  бұл  мәселені  ата-аналарының  екіншісінің  пікірін 
ескерместен, баланың мүдделеріне орай шешеді.
      5. Егер бала бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) адамдардан туса 
және әкесi заңды тәртiппен анықталмаса, тіркеуші орган баланың мүдделерiн негiзге 
ала  отырып,  оның  тегiн  анасының  осындай  өтiнiш  жасаған  кезде  болған  тегiне 
өзгертуге рұқсат етеді.
      6. Он жасқа толған баланың аты және (немесе) тегi заңды өкілдердің қатысуымен 
алынған оның келiсiмiмен ғана өзгертіледі.
      Ескерту. 64-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
№ 272-VI
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
65-бап. Баланың ұлты
      1. Баланың ұлты оның ата-аналарының ұлтымен айқындалады.
            2.  Егер  ата-аналарының  ұлты  әртүрлi  болса,  ұлты  балаға  жеке  куәлiк  немесе 
паспорт  берiлген  кезде  оның  қалауы  бойынша  әкесiнiң  немесе  шешесiнiң  қай  ұлтқа 
жататынына сәйкес айқындалады.
            3.  Одан  әрi  баланың  ұлты  оның  өтiнiшi  бойынша  тек  қана  ата-аналарының 
екіншісінің ұлтына өзгертiлуi мүмкiн.
66-бап. Баланың мүліктік құқықтары
            1.  Баланың  өзi  ата-аналарынан  және  отбасының  басқа  да  мүшелерiнен  осы 
Кодекстің 
  белгіленген  тәртіппен  және  мөлшерде  күтіп-бағу  қаражатын 
5-бөлімінде
алуға құқығы бар.
      2. Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарының 
басшыларын қоспағанда, балаға алимент, жәрдемақы ретінде тиесілі сомалар баланың 
ата-аналарының  немесе  басқа  заңды  өкілдерінің  билік  етуіне  түседі  және  олар  осы 
сомаларды баланы күтіп-бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсайды.
            2-1.  Балаларды  күтіп-бағуға  арналған  алименттерді  нысаналы  пайдалану  және 
оларға  өндіріп  алуды  қолдану  мүмкіндігін  болғызбау  үшін  алименттерді  алушының 
немесе оның өкілінің талабы бойынша Қазақстан Республикасының банк заңнамасында
белгіленген тәртіппен алименттерді есепке жатқызу үшін банктік шот ашылады.
            3.  Баланың  өзі  алған  табыстарға,  өзi  сыйға  немесе  мұрагерлiк  тәртiппен  алған 
мүлiкке, сондай-ақ оның өз қаражатына алынған басқа да кез келген мүлiкке меншiк 
құқығы бар.
            Өз  еңбегiнен  табыс  алатын  бала,  егер  ол  ата-аналарымен  бiрге  тұрса,  отбасын 
күтіп-бағу жөнiндегi шығыстарға қатысуға құқылы.


            Баланың  өзiне  меншiк  құқығымен  тиесiлi  мүлiкке  билiк  ету  құқығы  Қазақстан 
Республикасының Азаматтық кодексiмен айқындалады.
      Ата-аналар баланың мүлкiн басқару жөнiндегi құқықтылықты жүзеге асыру кезiнде 
оларға осы Кодекстің 
 белгiленген қағидалар қолданылады.
128-бабында
            4.  Бірге  тұратын  бала  мен  ата-аналар  бір-бірінің  мүлкін  өзара  келісім  бойынша 
иеленіп, пайдалана алады.
            5.  Ата-аналар  мен  баланың  ортақ  меншiк  құқығы  туындаған  жағдайда  олардың 
ортақ  мүлiктi  иелену,  пайдалану  және  оған  билiк  ету  құқығы  Қазақстан 
Республикасының Азаматтық кодексімен айқындалады.
      Ескерту. 66-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 
№ 217-VI
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
67-бап. Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау құқығы
      1. Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерiнің қорғалуына құқығы бар.
      Баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды ата-аналары немесе баланың 
басқа  да  заңды  өкілдері,  ал  Қазақстан  Республикасының  заңнамалық  актілерінде 
көзделген жағдайларда қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды 
жүзеге  асыратын  орган,  прокурор  және  сот,  сондай-ақ  ішкі  істер  органдары  және  өз 
құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
      Кәмелетке толғанға дейiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әрекетке 
толық  қабiлеттi  деп  танылған  кәмелетке  толмаған  баланың  өз  құқықтары  мен 
мiндеттерiн, оның iшiнде қорғалу құқығын өз бетiнше жүзеге асыруға құқығы бар.
      2. Баланың ата-аналар және басқа да заңды өкілдер тарапынан жасалатын қиянаттан
қорғалуға құқығы бар.
      Баланың құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған кезде, оның iшiнде ата-аналар 
немесе басқа да заңды өкілдер баланы күтіп-бағу, тәрбиелеу, оған бiлiм беру жөнiндегi 
мiндеттерiн  орындамаған  кезде  немесе  тиiсінше  орындамаған  кезде  не  ата-ана  (
қорғаншылық,  қамқоршылық)  құқықтарын  терiс  пайдаланған  кезде  бала  - 
қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға
,  ал  он  төрт  жасқа  толғанда  сотқа  өз  құқықтарын  қорғау  үшiн  өз  бетiнше  жүгінуге 
құқылы.
      3. Баланың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төнгендiгi туралы, оның құқықтары 
мен  заңды  мүдделерiнiң  бұзылғандығы  туралы  өздеріне  белгiлi  болған  мемлекеттік 
органдар  мен  ұйымдардың  лауазымды  адамдары  және  өзге  де  азаматтар  бұл  туралы 
баланың нақты тұратын жерi бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі 
функцияларды  жүзеге  асыратын  органға  хабарлауға  мiндеттi.  Мұндай  мәлiметтер 
алынған  кезде  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге 
асыратын  орган  баланың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерiн  қорғау  жөнiнде  қажеттi 
шаралар қолдануға мiндеттi.


11-тарау. АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
68-бап. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігі
            1.  Ата-аналардың  өз  балаларына  қатысты  тең  құқықтары  және  тең  мiндеттерi  (
ата-ана құқықтары) болады.
      2. Осы тарауда көзделген ата-ана құқықтары балалары он сегiз жасқа (кәмелетке) 
толғанда, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалары некеге отырған (ерлі-зайыпты болған
) кезде тоқтатылады.
69-бап. Кәмелетке толмаған ата-аналардың құқықтары
      1. Кәмелетке толмаған ата-аналардың баламен бiрге тұруға және оның тәрбиесіне 
қатысуға құқығы бар.
            2.  Некеде  тұрмаған  (ерлі-зайыпты  болмаған),  кәмелетке  толмаған  ата-аналар 
өздерінде бала туған жағдайда және өздерінің ана және (немесе) әке болуы анықталған 
кезде олар он алты жасқа толған соң ата-ана құқықтарын өз бетiнше жүзеге асыруға 
құқылы.  Кәмелетке  толмаған  ата-аналар  он  алты  жасқа  толғанға  дейiн  қорғаншылық 
немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  орган  балаға 
қорғаншы  тағайындайды,  ол  баланың  кәмелетке  толмаған  ата-аналарымен  бiрге  оны 
тәрбиелеуді  жүзеге  асырады.  Баланың  қорғаншысы  мен  кәмелетке  толмаған 
ата-аналары арасында туындаған келiспеушiлiктерді кәмелетке толмаған баланың және 
ата-аналарының  мүдделері  мен  құқықтарын  ескере  отырып,  қорғаншылық  немесе 
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган шешеді.
            3.  Кәмелетке  толмаған  ата-аналардың  жалпы  негiздерде  өздерiнiң  әке  және  ана 
болуын  тануға  және  оған  дау  айтуға  құқығы  бар,  сондай-ақ  өздері  он  төрт  жасқа 
толғаннан  кейiн  сот  тәртiбiмен  өз  балаларына  қатысты  әке  болуды  анықтауды  талап 
етуге құқығы бар.
70-бап.  Ата-аналардың  баланы  тәрбиелеу  және  оған  білім  беру  жөніндегі  құқықтары 
мен міндеттері
      1. Ата-аналар өз баласының денсаулығына қамқорлық жасауға мiндеттi.
      2. Ата-аналардың өз баласын тәрбиелеуге құқығы бар және осыған міндетті.
      Ата-аналардың барлық өзге адамдар алдында баласын тәрбиелеуге басым құқығы 
бар.
      Бала тәрбиелеушi ата-аналар оның дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан 
және  рухани  дамуына  қажеттi  өмiр  сүру  жағдайларын  қамтамасыз  ету  үшін 
жауаптылықта болады.
      3. Ата-аналар баласының міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
      Ата-аналардың бала жалпы орта білім алғанға дейін оның пікірін ескере отырып, 
білім беру ұйымын және баланың оқу нысанын таңдауға құқығы бар.
            4.  Баланың  тәрбиесі  мен  білім  алуына  қатысты  барлық  мәселелерді  баланың 
мүдделерін  негізге  алып  және  оның  пікірін  ескере  отырып,  өзара  келісу  арқылы 


ата-аналар  шешеді.  Ата-аналардың  арасында  келіспеушіліктер  болған  кезде,  бұл 
келіспеушіліктерді  шешу  үшін  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі 
функцияларды жүзеге асыратын органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
71-бап.  Ата-аналардың  баланың  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғау  жөніндегі 
құқықтары мен міндеттері
            1.  Ата-аналар  өз  баласының  заңды  өкiлдерi  болып  табылады  және  арнайы 
өкiлеттiктерсiз кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның iшiнде соттарда 
оның құқықтары мен мүдделерiн қорғайды.
            2.  Егер  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге 
асыратын  орган  ата-аналар  мен  баланың  мүдделерi  арасында  қайшылықтар  барын 
анықтаса, ата-аналар өз баласының мүдделерiн бiлдiруге құқылы емес. Ата-аналар мен 
баланың  арасында  келiспеушiлiктер  болған  жағдайда,  қорғаншылық  немесе 
қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  орган  баланың  құқықтары 
мен мүдделерiн қорғау үшiн өкiл тағайындауға мiндеттi.
      Егер ата-аналар балаға қатысты ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген 
жағдайда, баланың мүдделерін білдіруге құқылы емес.
71-1-бап. Көпбалалы отбасыларға арналған жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер
      Көпбалалы отбасыларға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес 
жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер беріледі.
      Ескерту. 11-тарау 71-1-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2018 
№ 165-VІ
 (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңымен.
72-бап. Ата-ана құқықтарын баланың мүддесінде жүзеге асыру
      Ата-ана құқықтары баланың мүдделеріне қайшы жүзеге асырылмауға тиіс. Баланың
мүдделерін  қамтамасыз  ету  оның  ата-аналары  жасайтын  негізгі  қамқорлықтың 
нысанасы болып табылады.
            Ата-ана  құқықтарын  жүзеге  асыру  кезінде  ата-аналар  баланың  дене  бітімі  мен 
психикалық  денсаулығына,  оның  адамгершілік  жағынан  дамуына  зиян  келтіруге 
құқылы  емес.  Баланы  тәрбиелеу  тәсілдері  адамның  қадір-қасиетін  кемсітетін 
немқұрайлылықты,  қатыгездікті,  дөрекілікті,  баланы  қорлауды  немесе  қанауды 
болғызбауға тиіс.
73-бап. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыруы
      1. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен араласуға, оның тәрбиесі мен 
баланың бiлiм алуы мәселелерiн және бала үшін басқа да маңызды мәселелерді шешуге
қатысуға құқығы бар.
      Егер мұндай араласу баланың тән саулығы мен психикалық денсаулығына, оның 
адамгершiлiк жағынан дамуына зиян келтiрмесе, баласы өзімен бiрге тұратын ата-ана 
баланың екiншi ата-анасымен араласуына кедергi жасамауға тиiс.


            2.  Ата-аналары  бөлек  тұратын  кезде  баланың  тұрғылықты  жерi  мен  заңды 
мекенжайы ата-аналарының келiсімiмен белгіленеді.
      Келiсiм болмаған кезде ата-аналардың арасындағы дау баланың мүдделерiн негiзге 
алып  және  оның  пiкiрiн  ескере  отырып,  ата-аналардың  талап  етуі  бойынша 
қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
органның  қатысуымен  медиация  тәртібімен  шешіледі  немесе  оны  сот  шешедi.  Бұл 
ретте  сот  баланың  ата-аналардың  әрқайсысына,  аға-iнiлерiне  және  апа-сiңлiлерiне  (
қарындастарына) үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де 
жеке  қасиеттерiн,  ата-аналардың  әрқайсысы  мен  баланың  арасындағы 
қарым-қатынастарды, баланың дамуы және тәрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн
(ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмысының режимін, ата-аналардың материалдық және 
отбасылық жағдайын және басқа да осындай жағдайларды) ескередi.
      3. Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру 
тәртiбi туралы жазбаша нысанда келiсiм жасасуға құқылы.
      Егер ата-аналар келiсiмге келе алмаса – дауды қорғаншылық немесе қамқоршылық 
жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  орган,  ал  оның  шешімімен  келіспеген 
жағдайда  –  дау  осы  органның  және  баланың  ата-аналарының  қатысуымен  медиация 
тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешедi.
            4.  Ата-ана  құқықтарын  жүзеге  асыру  тәртібі  туралы  сот  шешiмi  орындалмаған 
жағдайда,  кiнәлi  ата-ана  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  көзделген 
жауаптылықта болады.
            Сот  шешiмi  қасақана  орындалмаған  кезде  баласынан  бөлек  тұратын  ата-ананың 
талап етуi бойынша сот баланың мүдделерiн негiзге алып және баланың пiкiрiн ескере 
отырып, баланы оған беру туралы шешiм шығара алады.
      5. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың білім беру ұйымдарынан, медициналық 
және басқа да ұйымдардан өз баласы туралы ақпарат алуға құқығы бар.
      Ата-ана тарапынан баланың өмiрi мен денсаулығына қатер болған жағдайда ғана 
ақпарат беруден бас тартылуы мүмкiн. Ақпарат беруден бас тартуға сот тәртiбiмен дау 
айтылуы мүмкiн.
      Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2014 
№ 254-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
74-бап. Ата-аналардың баланы басқа адамдардан талап ету құқығы
            1.  Ата-аналар  баланы  заңның  немесе  сот  шешiмiнің  негiзiнсiз  өз  қолында  ұстап 
отырған  кез  келген  адамнан  оны  қайтаруды  талап  етуге  құқылы.  Дау  туындаған 
жағдайда ата-аналар өз құқықтарын қорғау үшiн сотқа жүгінуге құқылы.
            Бұл  талаптарды  қарау  кезiнде  сот,  егер  баланы  ата-аналарына  беру  баланың 
мүдделерiне сай келмейдi деген қорытындыға келсе, баланың пiкiрiн ескере отырып, 
ата-аналардың талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.


      2. Егер сот ата-аналары да, бала қолында отырған адамның да оның тиісті түрде 
тәрбиесін және дамуын қамтамасыз етуге жағдайы келмейтінін анықтаса, сот баланы 
қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
органның қамқорлығына бередi.
12-тарау. АТА-АНА ҚҰҚЫҚТАРЫНАН АЙЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕКТЕУ
75-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру
      1. Егер ата-аналар:
      1) ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарса, оның iшiнде алимент төлеуден 
қасақана жалтарса;
      2) өз баласын перзентханадан (оның бөлімшесінен), жетім балалар, ата-анасының 
қамқорлығынсыз  қалған  балалар  ұйымдарынан  және  өзге  де  ұйымдардан  алудан 
дәлелсіз себептермен бас тартса;
      3) өздерiнiң ата-ана құқықтарын теріс пайдаланса;
      4) балаға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде оған күш қолданса немесе психикасына 
зорлық жасаса, оның жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасаса;
      5) құмар ойындарға, бәс тігуге, спирттік ішімдіктерге немесе есірткі, психотроптық 
заттарға және (немесе) сол тектестерге салынса, олар ата-ана құқықтарынан айрылады.
            2.  Ата-аналар  өз  баласының,  жұбайының  не  отбасының  басқа  да  мүшелерінің 
өмiрiне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 
кезде ата-ана құқықтарынан айырылады.
      Ескерту. 75-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 
№ 227-V
 (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі); 02.07.2020 
№ 356-VI
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен 
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
76-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру тәртібі
      1. Ата-ана құқықтарынан айыру сот тәртiбiмен жүргiзiледi.
      Ата-ана құқықтарынан айыру туралы iстер ата-аналардың бiреуiнiң немесе баланың
басқа  да  заңды  өкілдерінің,  кәмелетке  толмаған  балалардың  құқықтарын  қорғау 
жөнiндегi мiндеттер жүктелген органдардың немесе ұйымдардың өтініштері, сондай-ақ
прокурордың талабы бойынша қаралады.
            2.  Ата-ана  құқықтарынан  айыру  туралы  iстер  прокурордың  және  қорғаншылық 
немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  органның 
қатысуымен қаралады.
      3. Ата-ана құқықтарынан айыру туралы iстi қарау кезiнде сот ата-ана құқықтарынан
айырылған ата-аналардан алимент өндiрiп алу туралы мәселенi шешедi.
      4. Егер сот ата-ана құқықтарынан айыру туралы iстi қарау кезiнде ата-аналардың 
iс-әрекетiнен  қылмыстық  жазаланатын  әрекет  белгілерін  байқаса,  ол  мұны  жеке 
қаулымен прокурордың назарына жеткiзуге мiндеттi.


            5.  Ата-ана  құқықтарынан  айыру  туралы  сот  шешiмi  заңды  күшiне  енген  күннен 
бастап үш күн iшiнде сот бұл шешiмнiң үзінді көшiрмесiн баланың тууын мемлекеттiк 
тiркеу  орыны  бойынша  тіркеуші  органға  және  баланың  тұратын  жері  бойынша 
қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға
жіберуге мiндеттi.
77-бап. Ата-ана құқықтарынан айырудың салдары
            1.  Ата-ана  құқықтарынан  айыру  баламен  туыстық  фактiсiне  негiзделген  барлық 
құқықтардан,  оның  iшiнде  одан  күтіп-бағу  қаражатын  алу,  сондай-ақ  балалары  бар 
азаматтар  үшiн  белгiленген  жеңiлдiктер  мен  мемлекеттiк  жәрдемақыны  алу 
құқықтарынан айрылуға әкеп соғады.
            2.  Ата-ана  құқықтарынан  айыру  ата-аналарды  өз  баласын  күтіп-бағу  мiндетiнен 
босатпайды, бұл міндет оны асырап алуға байланысты тоқтатылады.
            3.  Бала  мен  ата-ана  құқықтарынан  айырылған  ата-ананың  одан  әрi  бiрге  тұруы 
туралы мәселе сот тәртiбiмен шешiледi.
      4. Ата-анасы ата-ана құқықтарынан айырылған бала тұрғын жайға меншiк құқығын 
немесе  тұрғын  жайды  пайдалану  құқығын,  сондай-ақ  ата-аналарымен  және  басқа  да 
туыстарымен  туыстық  фактiсiне  негiзделген  мүлiктiк  құқықтарын,  оның  iшiнде  мұра 
алу құқығын сақтайды.
      5. Баланы басқа ата-анаға беру мүмкiн болмаған кезде немесе ата-аналарының екеуi 
де  ата-ана  құқықтарынан  айырылған  жағдайда,  бала  қорғаншылық  немесе 
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қамқоршылығына 
берiледi.
            6.  Егер  бұл  балаға  теріс  әсер  етпесе,  ата-ана  құқықтарынан  айырылған 
ата-аналардың  өтініші  бойынша  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі 
функцияларды жүзеге асыратын орган баламен жолығуға рұқсат етеді.
            7.  Ата-аналары  ата-ана  құқықтарынан  айырылған  жағдайда  бала  асырап  алуға 
соттың ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру туралы шешімі заңды күшіне енген 
күннен бастап алты ай өткен соң жол берiледi.
            Ата-аналарының  біреуі  ата-ана  құқықтарынан  айырылған  баланы  асырап  алуға 
екінші ата-анасының келісімімен жол беріледі.
78-бап. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру
      1. Егер ата-аналар мiнез-құлқын, тұрмыс салтын және бала тәрбиесіне көзқарасын 
өзгерткен болса, сот олардың ата-ана құқықтарын қалпына келтiруi мүмкiн.
            2.  Ата-ана  құқықтарын  қалпына  келтiру  ата-ана  құқықтарынан  айырылған 
ата-ананың  өтініші  бойынша  сот  тәртiбiмен  жүзеге  асырылады.  Ата-ана  құқықтарын 
қалпына  келтiру  туралы  iстер  ата-ананың,  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық 
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен қаралады.


      3. Егер ата-ана құқықтарын қалпына келтiру баланың мүдделерiне қайшы болса, сот
баланың  пiкiрiн  ескере  отырып,  ата-аналардың  ата-ана  құқықтарын  қалпына  келтiру 
туралы талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
      Он жасқа толған балаға қатысты ата-ана құқықтары оның келiсiмiмен ғана қалпына 
келтiрілуі мүмкiн.
      Егер бала асырап алынса және асырап алудың күшi жойылмаса, ата-ана құқықтарын
қалпына келтiруге жол берiлмейдi.
      Ескерту. 78-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 
№ 91-VI
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
79-бап. Ата-ана құқықтарын шектеу
            1.  Сот  баланың  мүддесiн  ескере  отырып,  баланы  ата-аналардан  оларды  ата-ана 
құқықтарынан  айырмай  алу  жолымен  ата-ана  құқықтарын  шектеу  туралы  шешiм 
шығаруы мүмкін.
            Ата-аналары  немесе  олардың  біреуі  ата-ана  құқықтарынан  айырылған  немесе 
шектелген  баланы  баланың  тұрғылықты  жері  бойынша  қорғаншылық  немесе 
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган орналастырады.
      2. Егер баланың ата-аналарымен қалуы:
      1) ата-аналарға байланысты емес мән-жайлар (психикасының бұзылуы немесе өзге 
де созылмалы ауруы, ауыр мән-жайларға душар болуы) бойынша;
      2) ата-аналардың мінез-құлқының салдарынан, бірақ бұл ретте ата-аналарды ата-ана
құқықтарынан  айыру  үшін  жеткілікті  негіздер  анықталмай,  ол  үшін  қауіпті  болса, 
ата-ана құқықтарын шектеуге жол беріледі.
      Егер ата-аналар өз мінез-құлқын өзгертпесе, қорғаншылық немесе қамқоршылық 
жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  орган  ата-ана  құқықтарын  шектеу  туралы 
сот шешімі шыққаннан кейін алты ай өткен соң оларды ата-ана құқықтарынан айыру 
туралы талап-арыз беруге міндетті.
            3.  Ата-ана  құқықтарын  шектеу  туралы  талапты  баланың  жақын  туыстары  және 
баланың  құқықтарын  қорғау  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  ұйымдар, 
сондай-ақ прокурор береді.
      4. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы iстер қорғаншылық немесе қамқоршылық 
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің міндетті түрде қатысуымен 
қаралады.
      5. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы iстер қаралған кезде сот ата-аналардан балаға
алимент өндiрiп алу туралы мәселенi шешуге құқылы.
      Ескерту. 79-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 
№ 91-VI
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
80-бап. Ата-ана құқықтарын шектеудің салдары
            1.  Сот  ата-ана  құқықтарын  шектеген  ата-аналар  баланы  жеке  өзi  тәрбиелеу 
құқығынан  айрылады,  ал  осы  Кодекстің  79-бабы  2-тармағының 
 
2)  тармақшасында


көзделген  жағдайларда,  балалары  бар  азаматтар  үшiн  белгiленген  жеңiлдiктер  мен 
мемлекеттiк жәрдемақы алу құқығынан да айрылады.
            2.  Ата-ана  құқықтарын  шектеу  ата-аналарды  баланы  күтіп-бағу  жөнiндегi 
мiндеттерден босатпайды.
      3. Өзiне қатысты ата-аналарының ата-ана құқықтары шектелген бала тұрғын жайға 
меншiк  құқығын  немесе  тұрғын  жайды  пайдалану  құқығын  сақтайды,  сондай-ақ 
ата-аналарымен  және  басқа  да  туыстарымен  туыстық  фактiсiне  негiзделген  мүлiктiк 
құқықтарын, оның iшiнде мұра алу құқығын сақтайды.
            4.  Ата-аналарының  екеуiнiң  де  ата-ана  құқықтары  шектелген  жағдайда  бала 
қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
органның қамқорлығына берiледi.
      5. Егер бұл балаға теріс әсер етпесе, сот ата-ана құқықтарын шектеген ата-аналарға 
баламен  қатынасуға  рұқсат  етеді.  Қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі 
функцияларды жүзеге асыратын органның не қорғаншысының немесе қамқоршысының
,  баланың  патронат  тәрбиешiлерiнiң  немесе  бала  тұрып  жатқан  ұйым  әкiмшiлiгiнiң 
келiсiмiмен ата-аналардың баламен қатынасуына жол берiледi.
81-бап. Ата-ана құқықтарын шектеу салдарының күшін жою
            1.  Егер  ата-аналардың  ата-ана  құқықтары  шектелген  негiздер  жойылса,  сот 
ата-аналардың талабы бойынша баланы ата-аналарына қайтарып беру туралы және осы
Кодекстің 
  көзделген  шектеулер  салдарының  күшiн  жою  туралы  шешiм 
80-бабында
шығарады.
      2. Егер баланы ата-аналарына қайтарып беру оның мүдделерiне қайшы келсе, сот 
баланың пiкiрiн ескере отырып, талапты қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
82-бап.  Баланың  өміріне  немесе  оның  денсаулығына  тікелей  қатер  төнген  жағдайда 
баланы айырып алу
            1.  Баланың  өмiрiне  немесе  оның  денсаулығына  тiкелей  қатер  төнген  кезде 
қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган 
баланы  ата-аналардан  немесе  оны  қамқоршылыққа  алған  басқа  да  адамдардан  дереу 
айырып алуға құқылы.
            Қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
орган  сот  шешімі  қабылданғанға  дейін  республикалық  маңызы  бар  қалалардың, 
астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының 
актісі негізінде баланы дереу айырып алады.
            2.  Баланы  айырып  алу  кезінде  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі 
функцияларды  жүзеге  асыратын  орган  кешіктірмей  прокурорға  хабарлауға,  баланы 
уақытша  орналастыруды  қамтамасыз  етуге  және  республикалық  маңызы  бар 
қалалардың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы


органы  баланы  айырып  алу  туралы  актiні  шығарғаннан  кейiн  жетi  күн  iшiнде 
ата-аналарды  ата-ана  құқықтарынан  айыру  немесе  оларды  шектеу  туралы  сотқа 
талап-арызбен жүгінуге мiндеттi.
83-бап. Баланы айырып алуға байланысты істер бойынша сот шешімдерін орындау
      1. Баланы ата-аналарынан айырып алуға және оны басқа адамға (адамдарға) беруге 
байланысты  сот  шешiмдері  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі 
функцияларды  жүзеге  асыратын  орган  өкiлiнiң  және  бала  берілетін  адамның  (
адамдардың)  мiндеттi  түрде  қатысуымен,  ал  қажет  болған  жағдайларда  iшкi  iстер 
органдары өкiлiнiң қатысуымен мәжбүрлі түрде орындалатын болады.
      2. Баланы оның мүдделерiне нұқсан келтiрмей ата-аналарынан айырып алу және 
оны басқа адамға (адамдарға) беру туралы сот шешімін орындау мүмкiн болмаған кезде
,  бала  соттың  ұйғарымы  бойынша  баланың  құқықтарын  қорғау  жөніндегі 
функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда уақытша орналастырылуы мүмкiн.
13-тарау. БАЛА АСЫРАП АЛУ
84-бап. Асырап алуға жол берілетін балалар
      1. Тууы осы Кодексте белгіленген тәртіппен тіркелген және толық тән саулығы, 
психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуын қамтамасыз ету мүмкіндіктері
ескеріле отырып, кәмелетке толмаған балаларға қатысты тек қана солардың мүддесінде
асырап алуға жол беріледі.
            Бұл  ретте  баланың  жас  мөлшері,  естиярлық  дәрежесі  және  өзін  асырап  алуға 
келісімі ескеріледі.
      2. Жалғыз ата-анасы немесе екеуі де:
      1) қайтыс болған;
      2) баладан бас тартқан;
      3) ата-ана құқықтарынан айрылған және олар қалпына келтірілмеген;
      4) туыстарына, асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен 
некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдарға баланы асырап алуға келісім берген;
      5) сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз, хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе 
қайтыс болған деп жарияланған;
      6) белгісіз болған жағдайда, балалар асырап алуға жатады.
            3.  Осы  баптың  2-тармағының  1)  —  3),  5)  және  6)  тармақшаларында  аталған, 
Республикалық деректер банкінде есепте тұрған балалар азаматтығы мен тұрғылықты 
жеріне  қарамастан,  балалардың  туыстарына,  Қазақстан  Республикасының  аумағында 
тұрақты 
тұратын 
Қазақстан 
Республикасының 
азаматтарына 
Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен асырап алуға берілуі мүмкін.
            4.  Қазақстан  Республикасының  азаматтары  болып  табылатын,  Республикалық 
деректер  банкінде  орталықтандырылған  есепте  тұрған  балалар  Қазақстан 


Республикасынан  тыс  жерде  тұрақты  тұратын  Қазақстан  Республикасының 
азаматтарына асырап алуға берілуі мүмкін.
      Баланы туыстары, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде 
тұратын  Қазақстан  Республикасының  азаматтары  асырап  алмаған  жағдайларда  ғана 
Қазақстан  Республикасының  азаматтары  болып  табылатын,  Республикалық  деректер 
банкінде  орталықтандырылған  есепте  тұрған  балалар  шетелдіктерге  асырап  алуға 
берілуі мүмкін.
      Шетелдіктердің бала асырап алуы туралы істерді қараған кезде сот азаматтығы мен 
тұрғылықты  жеріне  қарамастан  баланың  туыстарының  не  Қазақстан  Республикасы 
азаматтарының  осы  баланы  бірінші  кезекте  асырап  алу  құқығын  Қазақстан 
Республикасының  балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы  уәкілетті  органының 
іске асырғанын анықтауға міндетті.
            5.  Шетелдіктердің  бала  асырап  алуына  балалардың  құқықтары  мен  мүдделерін 
қорғау саласында Қазақстан Республикасымен тең мәнді халықаралық міндеттемелері 
бар елдердің азаматтарына ғана рұқсат етіледі.
            6.  Қазақстан  Республикасының  азаматтары  болып  табылатын  балаларды  асырап 
алуға беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
            7.  Осы  баптың  2-тармағының  1)  —  3),  5)  және  6)  тармақшаларында  аталған 
балаларды  асырап  алуға  беру  туралы  рұқсатты  қорғаншылық  және  қамқоршылық 
жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  орган  комиссия  қорытындысы  негізінде 
береді.
      8. Комиссияның қызмет тәртібі мен құрамын Қазақстан Республикасының балалар 
құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.
      Ескерту. 84-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 
N 239-V
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 
09.04.2016 
№ 501-V
 (қолданысқа енгізілу тәртібін 
2-баптан
 қараңыз) Заңдарымен.
85-бап. Балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдардың құқықтары мен міндеттері
            1.  Қазақстан  Республикасының  аумағында  тұрақты  тұратын,  балаларды  асырап 
алуға  тілек  білдірген  Қазақстан  Республикасының  азаматтары  баланың  тұратын 
жеріндегі  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге 
асыратын органға бала асырап алуға тілек білдіргені туралы өтініш беруге, сондай-ақ 
жиынтық  кірісінің  мөлшері,  отбасылық  жағдайы,  денсаулық  жағдайы, 
сотталмағандығы  туралы  анықтамалар,  психологиялық  даярлықтан  өткені  туралы 
сертификат ұсынуға және баланы жеке өзі таңдауға, онымен кемiнде екі апта тiкелей 
қарым-қатынас жасауға міндетті.
            Қазақстан  Республикасының  аумағында  тұрақты  тұратын,  жетім  балаларды, 
ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  өз  отбасына  тәрбиелеуге 
қабылдауға  тілек  білдірген  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  осы  Кодекске 
сәйкес өтеусіз негізде психологиялық даярлық алуға құқығы бар.


            2.  Қазақстан  Республикасының  аумағында  тұрақты  тұратын,  жетім-балаларды, 
ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  бір  жасқа  дейінгі  балаларды  асырап  алуға 
тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алудың рәсімдері 
аяқталғанға дейін балаларды қорғаншылыққа немесе патронатқа алуға құқығы бар.
            3.  Бала  асырап  алуға  үміткер  Қазақстан  Республикасының  шегінен  тыс  жерде 
тұрақты  тұратын  Қазақстан  Республикасының  азаматтары,  шетелдіктер  Қазақстан 
Республикасының  балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы  уәкілетті  органына 
баланы  асырап  алуға  тілек  білдіргені  туралы  жазбаша  өтініш,  сондай-ақ  арнайы 
уәкілетті  шетелдік  мемлекеттік  органдар  және  бала  асырап  алу  жөніндегі  ұйымдар 
беретін,  табыстары,  отбасы  жағдайы,  денсаулық  жағдайы,  оның  ішінде  психикалық, 
мінез-құлықтық,  оның  ішінде  психикаға  белсенді  әсер  ететін  заттарды  тұтынуға 
байланысты  бұзылушылықтарының  (ауруларының)  жоқ  екендігі  туралы, 
сотталмағандығы  туралы,  ықтимал  ата-аналардың  жеке  басының  адамгершілік 
қасиеттері  туралы  анықтамалар  береді.  Қазақстан  Республикасының  балалардың 
құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына құжаттарды табыс еткеннен кейін 
және  асырап  алушы  баланы  асырап  алуға  келіскен  жағдайда  асырап  алушы  баламен 
кемiнде төрт апта тiкелей қатынаста болуға тиіс.
      Ескерту. 85-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 25.11.2019 
 (алғашқы ресми 
№ 272-VI
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
27.12.2019 
№ 292-VІ
 (01.07.2020 бастап 
 енгізіледі); 07.07.2020 
қолданысқа
№ 361-VI
 (
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі) Заңдарымен.
86-бап. Бала асырап алушының құқықтары мен міндеттері
            1.  Бала  асырап  алушы  баланы  тәрбиелеуге,  оның  денсаулығына,  дене  бітімі, 
психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қамқорлық жасауға міндетті.
      2. Бала асырап алушы баланың пікірін және қорғаншылық немесе қамқоршылық 
жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  органның  ұсынымдарын  ескере  отырып, 
баланы  тәрбиелеу  тәсілдерін  өз  бетінше  айқындауға  құқылы  және  осы  Кодексте 
көзделген талаптарды сақтауға міндетті.
            Республика  аумағында  тұрақты  тұратын,  Қазақстан  Республикасының  азаматы 
болып табылатын бала асырап алушының жетім баланы және (немесе) ата-анасының 
қамқорлығынсыз  қалған  баланы  асырап  алуға  байланысты  біржолғы  ақшалай  төлем 
алуға құқығы бар.
      Бала асырап алудың күші жойылған жағдайда бала асырап алушы жетім баланы 
және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты 
төленген біржолғы ақшалай төлемді бюджетке қайтаруға міндетті.
      Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап 
алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару тәртібін және оның 
мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.


      3. Бала асырап алушы баланың пікірін ескере отырып, ол міндетті жалпы орта білім 
алғанға дейін білім беру ұйымын және баланың оқу нысанын таңдауға құқығы бар.
            4.  Қазақстан  Республикасының  аумағында  тұрақты  тұратын,  Қазақстан 
Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар бала он сегіз 
жасқа  толғанға  дейін  жылына  кемінде  бір  рет  бала  асырап  алу  туралы  сот  шешімі 
шыққан  жер  бойынша  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды 
жүзеге асыратын органға асырап алынған баланың тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайы және 
денсаулық жағдайы туралы есептер ұсынуға міндетті.
            Қазақстан  Республикасының  шегінен  тыс  жерде  тұрақты  тұратын,  Қазақстан 
Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар және шетелдік 
бала  асырап  алушылар  Қазақстан  Республикасының  балалардың  құқықтарын  қорғау 
саласындағы  уәкілетті  органға  бала  асырап  алу  туралы  сот  шешімі  заңды  күшіне 
енгеннен  кейін  бала  он  сегіз  жасқа  толғанға  дейін  алғашқы  үш  жылда  әрбір  алты  ай 
сайын,  кейінгі  жылдары  -  жылына  кемінде  бір  рет  асырап  алынған  баланың  тұрмыс, 
оқу, тәрбие жағдайы және денсаулық жағдайы туралы есептер ұсынуға міндетті.
            Жекелеген  жағдайларда,  есептерді  ұсыну  кезеңділігі  бала  асырап  алушылардың 
отбасында  қалыптасқан  нақты  ахуалға  байланысты  Қазақстан  Республикасының 
балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы  уәкілетті  органының  шешімі  бойынша 
белгіленеді.
            Қазақстан  Республикасының  шегінен  тыс  жерде  тұрақты  тұратын,  Қазақстан 
Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар және шетелдік 
бала  асырап  алушылар  есептерді  бала  асырап  алушы  және  бала  тұрып  жатқан  елде 
орналасқан Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы ұсынады.
            Қазақстан  Республикасының  шегінен  тыс  жерде  тұрақты  тұратын,  Қазақстан 
Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар және шетелдік 
бала  асырап  алушылар  осы  тармақта  көзделген  тәртіппен  есептер  ұсынбаған  немесе 
уақытылы  ұсынбаған  жағдайда  Қазақстан  Республикасында  бала  асырап  алу  кезінде 
олардың  мүдделерін  білдірген  бала  асырап  алу  жөніндегі  агенттіктің  қызметі  осы 
Кодекстің  112-бабы  8-тармағының 
  көзделген  негіздер  бойынша 
6)  тармақшасында
мерзімінен бұрын тоқтатылуға жатады.
            Асырап  алынған  баланың  өмір  сүру,  оқу,  тәрбие  жағдайлары  туралы  және 
денсаулық жағдайы туралы есепті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін, нысанын Қазақстан 
Республикасының  балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы  уәкілетті  органы 
бекітеді.
      Ескерту. 86-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.03.2014 
№ 180-V
 (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 
№ 501-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
87-бап. Бала асырап алу тәртібі


            1.  Бала  асырап  алуды  бала  асырап  алуға  тілек  білдірген  адамдардың  (адамның) 
өтініші  бойынша  сот  жүргізеді.  Бала  асырап  алу  туралы  істерді  сот  Қазақстан 
Республикасының  Азаматтық  іс  жүргізу  кодексінде  көзделген  ерекше  іс  жүргізу 
тәртібімен жүргізеді.
            Сот  балаларды  асырап  алу  туралы  істерді  бала  асырап  алушылардың  өздерінің, 
қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган 
өкілінің, сондай-ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен қарайды.
      2. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында 
шетелдік  болып  табылатын  баланы  асырап  алған  кезде  баланың  заңды  өкілінің  және 
бала азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының келісімін, сондай-ақ 
бұл  аталған  мемлекеттің  заңнамасына  сәйкес  қажет  болса,  асырап  алуға  баланың 
келісімін алуы қажет.
      3. Бала асырап алушы азаматы болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы
Қазақстан  Республикасының  азаматы  болып  табылатын  және  Қазақстан 
Республикасының  шегінен  тыс  жерде  тұратын  баланы  асырап  алуды  жүргізуі  оның 
тұратын  жері  бойынша  жергілікті  атқарушы  органнан  немесе  Қазақстан 
Республикасының  аумағынан  тыс  жерге  кеткенге  дейін  оның  ата-аналарынан  асырап 
алуға  алдын  ала  рұқсат  алған  жағдайда  Қазақстан  Республикасында  жарамды  деп 
танылады.
            4.  Қазақстан  Республикасының  азаматтарымен  некеде  тұратын  шетелдіктердің 
Қазақстан  Республикасының  азаматы  болып  табылатын  баланы  Қазақстан 
Республикасының аумағында асырап алуы осы Кодексте шетелдіктер үшін белгіленген 
тәртіппен жүргізіледі.
      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 
№ 501-V
 Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
88-бап. Бала асырап алушылардың құқықтары мен міндеттерінің басталу кезі
      Бала асырап алушының және асырап алынған баланың құқықтары мен міндеттері 
бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап туындайды.
      Баланы асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш 
жұмыс  күні  ішінде  сот  осы  шешімнің  үзінді  көшірмесін  бала  асырап  алу  туралы  сот 
шешімі  шығарылған  жер  бойынша  тіркеуші  органға  және  шешім  шығарылған  жер 
бойынша  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге 
асыратын органға жіберуге міндетті.
      Ескерту. 88-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 
 Заңымен (01.01.2016 
№ 378-V
бастап қолданысқа енгізіледі).
89-бап. Асырап алуға жататын балаларды және балаларды асырап алуға тілек білдірген 
адамдарды есепке алу
      1. Асырап алуға жататын балаларды есепке алу осы Кодекстің 117-бабының 5 және 
6-тармақтарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.


            2.  Қазақстан  Республикасының  азаматтары  болып  табылатын  жетім  балаларды, 
ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  асырап  алуға  тілек  білдірген 
адамдарды есепке алуды Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау 
саласындағы  уәкiлеттi  органы  белгiлеген  тәртiппен  қорғаншылық  немесе 
қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдар жүргiзедi.
      3. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап 
алуға  тілек  білдірген,  Қазақстан  Республикасының  азаматтары  болып  табылатын, 
Қазақстан  Республикасынан  тыс  жерде  тұрақты  тұратын  адамдарды,  шетелдiктердi 
есепке  алуды  Қазақстан  Республикасының  Сыртқы  істер  министрлігі  айқындайтын 
тәртiппен Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi жүргiзедi.
      Ескерту. 89-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 
N 239-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс
енгізілді - ҚР 09.04.2016 
№ 501-V
 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
90-бап. Бірнеше бала асырап алу
            1.  Бiр  адамның  ағалы-iнiлi  және  апалы-сiңлiлi  (қарындасы)  болып  табылатын 
немесе бір-бірімен өзара туыстық қатынасы жоқ бiрнеше баланы асырап алуы мүмкін.
      Өзара туыстық қатынасы жоқ асырап алынған балалардың арасында ағалы-iнiлiлер 
мен апалы-сiңлiлiлердің (қарындасының) арасындағы сияқты құқықтар мен мiндеттер 
туындайды.
            2.  Асырап  алу  балалардың  мүдделерiне  сай  келетiн  және  балалар  өздерінің 
туыстығы  туралы  білмеген,  бірге  тұрмаған  және  бірге  тәрбиеленбеген  жағдайларды 
қоспағанда,  бір  отбасында  тәрбиеленген  ағалы-iнiлілер  мен  апалы-сiңлiлілердi  (
қарындастарды) әртүрлi адамдардың асырап алуына жол берiлмейдi.
91-бап. Бала асырап алушы болуға құқығы бар адамдар
            1.  Бала  асырап  алушы  адамның  отбасында  баланың  қалыпты  дене  бітімі, 
психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуы, тәрбиеленуi және бiлiм алуы 
үшiн жағдайлар болған кезде бала асырап алуға рұқсат етiледi.
      2. Мыналарды:
      1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдарды;
            2)  сот  біреуін  әрекетке  қабiлетсiз  немесе  әрекет  қабiлеті  шектеулі  деп  таныған 
ерлi-зайыптыларды;
            3)  сот  ата-ана  құқықтарынан  айырған  немесе  сот  ата-ана  құқықтарын  шектеген 
адамдарды;
      4) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген мiндеттердi тиiсiнше 
орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдарды
;
            5)  егер  сот  олардың  кінәсінен  бала  асырап  алудың  күшiн  жойса,  бұрынғы  бала 
асырап алушыларды;


      6) денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын 
адамдарды  қоспағанда.  Адамның  бала  асырап  алуы,  оны  қорғаншылыққа  немесе 
қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулар болған кезде, 
олардың тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiлейдi;
      7) тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды;
      8) дәстүрлi емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдарды;
            9)  асырап  алған  кезде  қасақана  қылмыс  жасағаны  үшін  жойылмаған  немесе 
алынбаған  сотталғандығы  бар  адамдарды,  сондай-ақ  осы  тармақтың  14) 
тармақшасында аталған адамдарды;
      10) азаматтығы жоқ адамдарды;
            11)  анасының  қайтыс  болуына  немесе  оның  ата-ана  құқықтарынан  айырылуына 
байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, 
тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдарды;
            12)  асырап  алған  кезде  асырап  алынған  баланы  Қазақстан  Республикасының 
заңнамасында  белгіленген  ең  төмен  күнкөріс  деңгейімен  қамтамасыз  ететін  табысы 
жоқ адамдарды;
            13)  наркологиялық  немесе  психоневрологиялық  диспансерлерде  есепте  тұратын 
адамдарды;
            14)  адам  өлтіру,  денсаулыққа  қасақана  зиян  келтіру,  халық  денсаулығына  және 
имандылыққа,  жыныстық  тиіспеушілікке  қарсы  қылмыстық  құқық  бұзушылықтары, 
экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар 
немесе  болған,  қылмыстық  қудалауға  ұшырап  отырған  немесе  ұшыраған  адамдарды  (
өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік 
кодексінің 
 бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған 
35-бабы
адамдарды қоспағанда);
            15)  Қазақстан  Республикасының  аумағында  тұрақты  тұратын,  осы  баптың  4-
тармағында  белгіленген  тәртіппен  психологиялық  даярлықтан  өтпеген  Қазақстан 
Республикасының  азаматтарын  (баланың  жақын  туыстарын  қоспағанда)  қоспағанда, 
кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкін.
      3. Бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты болмаған) адамдар сол бiр баланы 
бiрлесiп асырап ала алмайды.
            4.  Қазақстан  Республикасының  аумағында  тұрақты  тұратын,  жетім  балаларды, 
ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  өз  отбасына  тәрбиелеуге 
қабылдауға  тілек  білдірген  Қазақстан  Республикасының  азаматтарын  психологиялық 
даярлауды  жетім  балаларды,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды 
Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету 
жөніндегі  ұйымдар,  сондай-ақ  жетім  балаларға,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз 
қалған  балаларға  арналған  білім  беру  ұйымдары  көрсетілген  ұйымдардың  қаражаты 
есебінен жүзеге асырады.


            Қазақстан  Республикасының  аумағында  тұрақты  тұратын,  жетім  балаларды, 
ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  өз  отбасына  тәрбиелеуге 
қабылдауға  тілек  білдірген  Қазақстан  Республикасының  азаматтарын  психологиялық 
даярлау бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды, оларды психологиялық 
даярлау  жөніндегі  қызметті  ұйымдастыру  тәртібін  және  осындай  даярлықтан  өткені 
туралы сертификаттың нысанын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын 
қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді.
      Ескерту. 91-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 
N 239-V
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 
09.04.2016 
№ 501-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 
№ 292-VІ
 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-
 қараңыз) Заңдарымен.
баптан
92-бап. Бала асырап алушы мен асырап алынушы бала арасындағы жас айырмасы
      1. Бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмасы кем дегенде он 
алты  жас  болуға  тиіс.  Сот  дәлелді  деп  таныған  себептер  бойынша  жас  айырмасы 
қысқартылуы мүмкін.
            2.  Өгей  әкесi  (өгей  шешесi)  бала  асырап  алған  кезде,  осы  баптың  1-тармағында 
белгiленген жас айырмасының болуы талап етiлмейдi.
      Ескерту. 92-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 
№ 501-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
93-бап. Бала асырап алуға заңды өкілдердің келісімі
      1. Егер ата-ана құқықтарынан айрылмаған болса, баланы асырап алу үшін оның 
ата-аналарының келісімі қажет.
      Кәмелетке толмаған, жасы он алтыға толмаған ата-аналардың баласын асырап алған
кезде, сондай-ақ заңды өкілдерінің келісімі қажет.
      Кәмелетке толмаған ата-аналардың заңды өкілдері болмаған кезде немесе кәмелетке
толмаған  ата-аналар  баланы  туған  кезде  медициналық  ұйымда  қалдырған  және  үш 
айдан  аса  оның  тағдырына  ешкім  қарайласпаған  жағдайда,  -  қорғаншылық  немесе 
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның келісімі қажет.
      2. Бала асырап алуға ата-аналардың келiсiмi нотариалды куәландырылған немесе 
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұратын ұйымның басшысы не бала асырап
алған жердегі немесе ата-аналар тұратын жердегi қорғаншылық немесе қамқоршылық 
жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  орган  растаған  өтініште  көрсетiлуге  тиiс, 
сондай-ақ бала асырап алу iсiн жүргiзу кезiнде сотта тiкелей бiлдiрiлуi мүмкiн.
      Бала асырап алу туралы сот шешiмi шығарылғанға дейiн ата-аналар бала асырап 
алуға өздерi берген келiсiмiнiң күшiн жоюға құқылы.
            3.  Ата-аналары  туыстарына,  асырап  алынатын  баланың  (балалардың)  анасымен 
немесе әкесімен некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдарға баланы асырап алуға 
келісім  бере  алады.  Қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды 


жүзеге  асыратын  органдар  сотқа  асырап  алудың  баланың  мүдделеріне  сәйкестігі 
туралы  қорытынды  береді.  Баланы  өгей  әкесі  (өгей  шешесі)  асырап  алған  немесе 
баланы  ата-аналарының  келісімі  бойынша  туыстары  асырап  алған  жағдайда,  асырап 
алудың баланың мүдделеріне сәйкестігі туралы қорытынды талап етілмейді.
            4.  Қорғаншылықтағы  немесе  қамқоршылықтағы  балаларды  асырап  алу  үшiн 
олардың  қорғаншыларының  немесе  қамқоршыларының  жазбаша  нысандағы  келiсiмi 
қажет.
      5. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт бойынша тәрбиеленiп жатқан
балаларды  асырап  алу  үшiн  патронат  тәрбиешiлерiнiң  жазбаша  нысандағы  келiсiмi 
қажет.
            6.  Жетім  балаларды,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  және  білім  беру 
ұйымдарындағы, медициналық және басқа да ұйымдардағы балаларды асырап алу үшін
осы ұйымдар басшыларының жазбаша нысандағы келісімі қажет.
      7. Осы баптың 1, 4, 5 және 6-тармақтарында аталған адамдардың келісімінсіз, сот 
баланың мүддесінде оны асырап алу туралы шешім шығаруға құқылы.
      Ата-анасының екеуі не некеде (ерлі-зайыптылы) тұрмаған анасы бас тарту туралы 
өтінішті  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген  тәртіппен 
ресімдеместен,  медициналық  ұйымда  туған  баладан  бас  тартқан  жағдайда,  сондай-ақ 
үш  жастан  аспаған  тастанды  (ата-анасы  бас  тартқан)  бала  табылған  кезде,  ол 
қалдырылғаннан немесе табылғаннан кейін үш ай өткен соң сот баланың мүддесінде 
Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алуы туралы істі қарауға құқылы.
      Ескерту. 93-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 
№ 501-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
94-бап. Баланы ата-аналарының келісімінсіз асырап алу
      Егер ата-аналар:
      1) белгiсiз болған немесе сот оларды қайтыс болған деп жариялаған, хабар-ошарсыз
кеткен деп таныған;
      2) сот оларды әрекетке қабiлетсiз деп таныған;
      3) сот оларды ата-ана құқықтарынан айырған;
      4) баламен бiрге тұрмаған және сот дәлелсiз деп таныған себептер бойынша алты 
айдан  астам  уақыт  бойы  оны  тәрбиелеу  мен  күтіп-бағудан  жалтарған  жағдайларда, 
олардың баланы асырап алуға келісімі талап етілмейді.
            Некеде  тұрмаған  (ерлі-зайыпты  болмаған)  ананың  Қазақстан  Республикасының 
заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген, медициналық ұйымдағы баладан бас 
тарту  туралы  жазбаша  өтініші  болған  кезде  сот  ата-аналардың  баланы  асырап  алуға 
келісімін растайтын басқа да құжаттарды талап етуге құқылы емес.
95-бап. Баланың асырап алуға келісімі
      Он жасқа толған баланы асырап алу үшін оның келісімі қажет.


            Баланың  асырап  алуға  келісімін  ата-аналарының  не  баланың  басқа  да  заңды 
өкілдерінің, прокурордың қатысуымен сот анықтайды.
96-бап. Ерлі-зайыптылардың біреуінің бала асырап алуға келісімі
            1.  Егер  баланы  ерлi-зайыптылардың  екеуi  асырап  алмаса,  ерлi-зайыптылардың 
бiреуi баланы асырап алған кезде бала асырап алуға екінші жұбайдың жазбаша келiсiмi 
талап етiледi.
            2.  Егер  ерлi-зайыптылар  іс  жүзінде  отбасылық  қатынастарды  тоқтатқан  болса 
немесе бiр жылдан астам уақыт бөлек тұрып жатса, бала асырап алуға екiншi жұбайдың
келiсiмi талап етiлмейдi.
97-бап. Асырап алынған баланың аты, әкесінің аты және тегі
      1. Асырап алынған баланың өз аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және тегi сақталуы
мүмкін.
            2.  Егер  бұл  баланың  мүдделерiне  қайшы  келмесе,  асырап  алынған  балаға  бала 
асырап  алушының  өтiнiшi  бойынша  бала  асырап  алушының  тегi,  сондай-ақ  ол 
көрсеткен  аты  берiледi.  Егер  бала  асырап  алушы  ер  адам  болса,  асырап  алынған 
баланың әкесiнiң аты - асырап алушының аты бойынша, ал баланы некеде тұрмаған (
ерлі-зайыпты  болмаған)  әйел  асырап  алған  кезде,  ол  асырап  алынған  баланың  әкесi 
ретiнде  көрсеткен  адамның  аты  бойынша  осы  Кодекстің 
  сәйкес 
192-бабына
айқындалады.
      Егер бала асырап алушы ерлi-зайыптылардың тектерi әртүрлi болса, бала асырап 
алушы  ерлi-зайыптылардың  келiсiмi  бойынша,  асырап  алынған  балаға  олардың 
бiреуiнiң тегi берiледi.
            3.  Баланы  некеде  тұрмайтын  (ерлі-зайыпты  болмаған)  адам  асырап  алған  кезде, 
оның өтiнiшi бойынша асырап алынған баланың әкесiнiң (анасының) аты, әкесiнiң аты 
және тегi бала асырап алушының көрсетуі бойынша тууды мемлекеттік тіркеу туралы 
акт жазбасына жазылады. Бала асырап алушының тілегі бойынша әкесі (анасы) туралы 
мәліметтер көрсетілмеуі мүмкін.
      Бала асырап алушының өтініші бойынша әкесінің (анасының) көрсетілген тегі бала 
асырап алушының тегі бойынша беріледі.
      4. Бала асырап алу құпиясын талап ететін жағдайларды қоспағанда, он жасқа толған
асырап алынған баланың аты, әкесiнiң аты және тегi оның келiсiмiмен ғана өзгертiлуi 
мүмкiн.
      5. Асырап алынған баланың атының, әкесiнiң аты мен тегiнің өзгеруі туралы оны 
асырап алу туралы сот шешiмiнде көрсетiледi.
      6. Тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу 
соттың  бала  асырап  алу  туралы  заңды  күшіне  енген  шешімі  және  баланың  заңды 
өкілдерінің өтініші негізінде кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.
      Тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына бала және бала асырап алушылар 
туралы мәліметтер сот шешімінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес енгізіледі.


      Ескерту. 97-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
 Заңымен (алғашқы 
№ 272-VI
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
97-1-бап. Шетелдіктердің бала асырап алуы
            1.  Қазақстан  Республикасының  азаматы  болып  табылатын  баланы  Қазақстан 
Республикасының аумағында шетелдіктердің асырап алуы, оның ішінде мұндай бала 
асырап  алудың  күшін  жою  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес 
жүргізіледі.
            2.  Шетелдіктер  асырап  алған,  Қазақстан  Республикасының  азаматтары  болып 
табылатын  балаларды  бақылауды  Қазақстан  Республикасының  шетелдегі  мекемелері 
және  Қазақстан  Республикасының  балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы 
уәкілетті органы жүзеге асырады.
      Ескерту. 13-тарау 97-1-баппен толықтырылды - ҚР 25.11.2019 
№ 272-VI
 Заңымен (
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі).
98-бап. Асырап алынған баланың туған күнi, айы, жылы мен туған жерінің өзгертілуі
      1. Бала асырап алу құпиясын қамтамасыз ету үшiн бала асырап алушының өтiнiшi 
бойынша  асырап  алынған  баланың  туған  күнi,  айы,  жылы  алты  айдан  аспайтын 
мерзімге, сондай-ақ оның туған жерi өзгертiлуi мүмкiн.
      Үш жасқа дейiнгi баланы асырап алған кезде ғана асырап алынған баланың туған 
күнiн, айын, жылын өзгертуге жол берiледi.
      Асырап алынған баланың туған жерін өзгерту Қазақстан Республикасы аумағының 
шегінде ғана жүргізіледі және баланың жасына қарамастан асырап алушының қалауы 
бойынша жол беріледі.
      2. Асырап алынған баланың туған күнiнің, айының, жылының және (немесе) туған 
жерiнiң өзгеруі туралы оны асырап алу туралы сот шешiмiнде көрсетiледi.
            Асырап  алынған  баланың  дербес  деректері  өзгерген  кезде,  Жеке  сәйкестендіру 
нөмірлерінің ұлттық тізілімінен жеке сәйкестендіру нөмірін шартты түрде алып тастай 
отырып, тууды мемлекеттік тіркеу туралы жаңа акт жазбасын тіркеу жүргізіледі.
            3.  Соттың  бала  асырап  алу  туралы  шешімі  негізінде  тууды  мемлекеттік  тіркеу 
туралы  акт  жазбасына  өзгерістер,  толықтырулар  енгізу  тууды  мемлекеттік  тіркеу 
туралы  акт  жазбасы  тіркелгеннен  кейін  немесе  тууды  мемлекеттік  тіркеу  туралы 
жоғалған акт жазбасы қалпына келтірілгеннен кейін жүргізіледі.
      Ескерту. 98-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
 Заңымен (алғашқы 
№ 272-VI
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
99-бап. Бала асырап алушыларды асырауға алынған баланың ата-аналары ретінде жазу
      1. Бала асырап алушылардың өтiнiшi бойынша сот туу туралы актілер жазбалары 
кiтабына оларды өздері асырап алған баланың ата-аналары ретiнде жазу туралы шешiм 
қабылдайды.


      2. Мұндай жазбаның қажеттiлiгi соттың бала асырап алу туралы шешiмiнде міндетті
түрде көрсетiледi.
100-бап. Бала асырап алудың құқықтық салдары
      1. Асырап алынған бала және оның ұрпағы - бала асырап алушылар мен олардың 
туыстарына қатысы бойынша, ал бала асырап алушылар мен олардың туыстары асырап
алынған бала мен оның ұрпағына қатысы бойынша жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк 
құқықтары мен мiндеттерінде шыққан тегi бойынша туыстарына теңестiрiледi.
      2. Асырап алынған бала жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтарынан айрылады 
және өзiнiң туған ата-аналарына қатысты мiндеттерден босатылады.
      3. Баланы бiр адам асырап алған кезде, егер бала асырап алушы ер адам болса - 
анасының тiлегi бойынша немесе, егер бала асырап алушы әйел болса - әкесiнiң тiлегi 
бойынша  жеке  мүлiктiк  емес  және  мүлiктiк  құқықтар  мен  мiндеттердiң  сақталуы 
мүмкiн.
      4. Бала асырап алушы асырап алынған баланың меншiгiндегi мүлiктiң сақталуы 
үшiн жауаптылықта болады. Бала асырап алудан бас тартылған жағдайда, осы мүлiктi 
қайтару жөнiндегi мiндет те бала асырап алушыға жүктеледi.
            5.  Асырап  алынған  баланың  ата-аналардың  бiреуiмен  немесе  қайтыс  болған 
ата-анасының туыстарымен қарым-қатынастарының сақталуы туралы бала асырап алу 
туралы сот шешiмiнде көрсетiледi.
      6. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген бала асырап алудың құқықтық 
салдары,  осы  баланың  туу  туралы  актілер  жазбалары  кітабында  бала  асырап 
алушылардың ата-анасы ретiнде жазылуына қарамастан туындайды.
101-бап. Асырап алынған баланың жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге 
құқығының сақталуы
      Өзі асырап алынған кезге қарай ата-аналарының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы 
қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтарына, 
асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларға және басқа да әлеуметтік
төлемдерге құқығы бар бала осы құқықты асырап алынған кезде де сақтайды.
      Ескерту. 101-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 
N 106-V
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
102-бап. Бала асырап алу құпиясы
      1. Бала асырап алу құпиясы заңмен қорғалады.
      2. Ата-аналары, туыстары, баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды 
жүзеге  асырған  ұйымдардың  және  (немесе)  бала  асырап  алуды  мемлекеттiк  тiркеудi 
жүзеге  асырған  мемлекеттiк  органдардың  лауазымды  адамдары,  бала  асырап  алу 
туралы шешiм шығарған судьялар, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз 
қалған  балаларды  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  отбасыларына 


орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ бала 
асырап алу туралы өзгедей түрде хабардар болған басқа да адамдар бала асырап алу 
құпиясын сақтауға мiндеттi.
      Ескерту. 102-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 
№ 292-VІ
 (қолданысқа енгізілу 
тәртібін 
 қараңыз) Заңымен.
2-баптан
103-бап. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану
      1. Бала асырап алу:
      1) бала асырап алу туралы сот шешiмі жалған құжаттар негiзiнде қабылданған;
      2) осы Кодекстің 
 аталған адамдардың келісімінсіз бала асырап алынған;
93-бабында
      3) некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) адам басқа жұбайының жазбаша келiсiмiнсiз
бала асырап алған;
            4)  осы  Кодекстің  91-бабының 
  көзделген  ережелер  бұзылған 
2-тармағында
жағдайларда жарамсыз деп танылады.
      2. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану сот тәртiбiмен жүргiзiледi.
            3.  Бала  асырап  алуды  жарамсыз  деп  тану  туралы  iстi  асырап  алушылардың, 
прокурордың  және  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды 
жүзеге асыратын орган өкілінің міндетті түрде қатысуымен сот қарайды.
104-бап. Бала асырап алуды жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдар
            Асырап  алынған  баланың  ата-аналары,  бала  асырап  алушының  жұбайы,  бала 
асырап  алуға  байланысты  құқықтары  бұзылған  адамдар,  прокурор,  қорғаншылық 
немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  орган  бала  асырап 
алуды жарамсыз деп тану туралы талап қоюға құқылы.
105-бап. Бала асырап алуды жарамсыз деп танудың салдары
            1.  Бала  асырап  алу  туралы  сот  шешiмi  шыққан  кезден  бастап  бала  асырап  алу 
жарамсыз деп танылады.
      2. Бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда, егер бұл баланың мүдделерi 
үшін  қажет  болса,  асырап  алынған  баланың  және  бала  асырап  алушылардың,  бала 
асырап алушылардың туыстарының өзара құқықтары мен мiндеттерi тоқтатылады және
бала мен оның ата-аналарының (оның туыстарының) өзара құқықтары мен мiндеттерi 
қалпына келтiрiледi.
      3. Егер олар асырап алу кезінде өзгерсе, ата-аналардың талап етуi бойынша балаға 
бұрынғы  аты,  әкесiнiң  аты  (егер  бар  болса)  және  тегi  берiледi,  сол  сияқты  бұрынғы 
туған күні, айы, жылы мен туған жері қалпына келтіріледі.
      4. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы сот шешiмi заңды күшiне енген 
күннен бастап сот үш күн iшiнде осы шешiмнiң үзінді көшірмесін тууды мемлекеттiк 
тiркеу  орны  бойынша  тіркеуші  органға  және  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық 
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға жiберуге мiндеттi.
      Ескерту. 105-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
№ 272-VI
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


106-бап. Бала асырап алудың күшін жою негіздері
      1. Егер бала асырап алушы:
      1) өзіне жүктелген ата-аналар міндеттерін атқарудан жалтарған;
      2) ата-ана құқықтарын теріс пайдаланған;
      3) асырап алынған балаға қатігездік көрсеткен;
      4) асырап алынған балаға күш қолданған немесе психикалық зорлық жасаған;
      5) асырап алынған баланың жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасаған;
            6)  психикаға  белсенді  әсер  ететін  заттарды  тұтынуға  байланысты  психикалық, 
мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адам деп танылған;
            7)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  және  Қазақстан  Республикасы 
қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда белгіленген бала құқықтарын 
бұзған жағдайда бала асырап алудың күші жойылады.
      2. Сот баланың мүдделерін негізге алып және оның пікірін ескере отырып, басқа 
негіздер бойынша да баланы асырап алудың күшін жоюға құқылы.
      Ескерту. 106-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 
№ 361-VI
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
107-бап. Бала асырап алудың күшін жою
      1. Бала асырап алудың күшiн жою сот тәртiбiмен жүргiзiледi.
            2.  Бала  асырап  алудың  күшiн  жою  туралы  iс  бала  асырап  алушылардың, 
қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
органның, сондай-ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен қаралады.
      3. Бала асырап алудың күшiн жою туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен 
бастап бала асырап алу тоқтатылады.
      Бала асырап алудың күшiн жою туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен 
бастап үш күн iшiнде сот осы шешiмнiң үзінді көшірмесін тууды мемлекеттiк тiркеу 
орны  бойынша  тіркеуші  органға  және  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі 
функцияларды жүзеге асыратын органдарға жiберуге мiндеттi.
      Ескерту. 107-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
№ 272-VI
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
107-1-бап. Баланы қайта асырап алу
      Сот бала асырап алу туралы шешімнің күшін жойғаннан кейін ғана баланы қайта 
асырап алу мүмкін болады.
      Ескерту. 13-тарау 107-1-баппен толықтырылды - ҚР 25.11.2019 
 Заңымен (
№ 272-VI
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі).
108-бап. Бала асырап алудың күшін жоюды талап етуге құқығы бар адамдар
            Баланың  ата-аналарының,  бала  асырап  алушылардың,  бала  асырап  алушының 
жұбайының,  он  төрт  жасқа  толған  асырап  алынған  баланың,  қорғаншылық  немесе 
қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  органның,  сондай-ақ 


прокурордың  баланың  мүддесінде  бала  асырап  алудың  күшiн  жоюды  талап  етуге 
құқығы бар.
109-бап. Бала асырап алудың күшін жоюдың салдары
      1. Сот бала асырап алудың күшiн жойған кезде, егер бұл баланың мүдделерi үшін 
қажет  болса,  асырап  алынған  баланың  және  бала  асырап  алушылардың,  бала  асырап 
алушылардың туыстарының өзара құқықтары мен мiндеттерi тоқтатылады және бала 
мен  оның  ата-аналарының  (оның  туыстарының)  өзара  құқықтары  мен  мiндеттерi 
қалпына келтiрiледi.
            2.  Бала  асырап  алудың  күшi  жойылған  кезде  бала  сот  шешiмi  бойынша 
ата-аналарына берiледi. Ата-аналары болмаған кезде, сондай-ақ баланы ата-аналарына 
беру  оның  мүдделерiне  қайшы  келсе,  бала  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық 
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қамқоршылығына берiледi.
      3. Сот сондай-ақ баланың асырап алынуына байланысты оған берiлген аты, әкесiнiң
аты (егер бар болса) және тегi сақталды ма, сондай-ақ бала асырап алу кезінде өзгерген 
туған күні, айы, жылы мен туған жері қалпына келтірілді ме деген мәселені шешеді.
            Он  жасқа  толған  баланың  аты,  әкесiнiң  аты  немесе  тегi  оның  келiсiмiмен  ғана 
өзгертілуі мүмкiн.
            4.  Сот  баланың  мүдделерiн  негiзге  ала  отырып,  осы  Кодекстің 
  және 
139
141-
 белгiленген мөлшерде бұрынғы бала асырап алушыны баланы күтіп-бағуға
баптарында
арналған қаражатты төлеуге мiндеттеуге құқылы.
110-бап. Асырап алынған бала кәмелетке толған соң бала асырап алудың күшін жоюға 
жол бермеу
      Бала асырап алудың күшiн жоюға бала асырап алушы мен асырап алынған баланың,
сондай-ақ  егер  ата-ана  құқықтарынан  айырылмаған  не  олар  шектелмеген  немесе  сот 
әрекетке  қабiлетсiз  деп  танымаған  асырап  алынған  баланың  ата-аналары  тiрi  болса, 
олардың  өзара  келiсiмi  болған  жағдайларды  қоспағанда,  егер  бала  асырап  алудың 
күшiн жою туралы талап қойылған кезде асырап алынған бала кәмелетке толса, бала 
асырап алудың күшiн жоюға жол берiлмейдi.
14-тарау. Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерге және жетім балаларды, 
ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы 
азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі 
ұйымдарға аккредиттеу жүргізу
            Ескерту.  14-тараудың  тақырыбы  жаңа  редакцияда  -  ҚР  27.12.2019 
  (
№  292-VІ
қолданысқа енгізілу тәртібін 
 қараңыз) Заңымен.
2-баптан
111-бап. Жалпы ережелер
      1. Құрылтайшылары агенттік орналасқан мемлекеттің азаматтары болып табылатын
,  аккредиттеу  туралы  өтініш  берген  кезде  өз  мемлекетінің  аумағында  аталған  салада 


филиалдар  немесе  өкілдіктер  құру  жолымен  өз  қызметін  кемінде  он  жыл  жүзеге 
асыратын бала асырап алу жөніндегі агенттіктер (бұдан әрі – агенттіктер), сондай-ақ 
құрылтайшылары  Қазақстан  Республикасының  азаматтары  болып  табылатын, 
аккредиттеу  туралы  өтініш  берген  кезде  жетім  балалардың,  ата-аналарының 
қамқорлығынсыз  қалған  балалардың  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғау  жөніндегі 
қызметті  кемінде  бес  жыл  жүзеге  асыратын  коммерциялық  емес  ұйымдар 
аккредиттеуге жатады.
            2.  Аккредиттеу  агенттіктің  филиалы  және  (немесе)  өкілдігі  есептік  тіркелгенге 
дейін жүргізіледі.
            3.  Қазақстан  Республикасының  балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы 
уәкілетті  органының,  жергілікті  атқарушы  органдардың,  жетім  балаларға, 
ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға  арналған  ұйымдардың 
жұмыскерлері,  олардың  жұбайларын  (зайыптарын)  және  жақын  туыстарын  қоса 
алғанда,  сондай-ақ  адам  өлтіргені,  денсаулыққа  қасақана  зиян  келтіргені,  халық 
денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық 
бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін
сотталғандығы  бар  немесе  болған,  қылмыстық  қудалауға  ұшырап  отырған  немесе 
ұшыраған  адамдар  (өздеріне  қатысты  қылмыстық  қудалау  Қазақстан  Республикасы 
Қылмыстық-процестік  кодексінің 
  бірінші  бөлігінің  1)  және  2)  тармақтары 
35-бабы
негізінде  тоқтатылған  адамдарды  қоспағанда)  агенттік  филиалының  және  (немесе) 
өкілдігінің  қызметкерлері,  сондай-ақ  жетім  балаларды,  ата-аналарының 
қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының 
отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның қызметкерлері бола 
алмайды.
      4. Агенттіктерді және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 
балаларды  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  отбасыларына  орналастыруға 
жәрдем  көрсету  жөніндегі  ұйымдарды  аккредиттеу  қағидаларын  Қазақстан 
Республикасының  балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы  уәкілетті  органы 
бекітеді.
      5. Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген агенттіктердің жалпы 
саны жиырмадан аспауға тиіс.
      Ескерту. 111-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 
 (алғашқы ресми 
№ 239-V
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 
09.04.2016 
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 
№ 501-V
өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 
№ 292-VІ
 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-
 қараңыз) Заңдарымен.
баптан
112-бап. Агенттіктерді аккредиттеуді жүргізу тәртібі


            1.  Агенттіктерді  аккредиттеу,  соның  ішінде  аккредиттеуден  бас  тарту  туралы 
мәселені  Қазақстан  Республикасының  балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы 
уәкілетті органы қарайды.
            2.  Агенттіктің  сенім  білдірген  адамы  Қазақстан  Республикасының  аумағында 
балаларды асырап алу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру үшін мынадай құжаттарды:
      1) құрылтай құжаттарының нотариатта куәландырылған көшірмелерін;
            2)  оның  тиісті  салада  қызметті  жүзеге  асыруға  өкілеттігін  растайтын,  агенттік 
орналасқан мемлекеттің құзыретті органы берген құжаттың көшірмесін;
      3) агенттіктің өкілеттігін растайтын құжатты берген немесе агенттіктің Қазақстан 
Республикасының  аумағында  тиісті  қызметті  жүзеге  асыру  мүмкіндігі  туралы 
қызметіне  бақылауды  жүзеге  асыратын  мемлекеттің  құзыретті  органының  ұсыным 
хатын;
      4) бала асырап алуға үміткерлерге агенттік ұсынатын, көрсетілетін қызметтердің 
тізбесін;
            5)  асырап  алынған  балалардың  тұрмыс  жағдайлары  мен  тәрбиесіне  бақылауды 
жүзеге асыру және белгіленген тәртіппен тиісті есептер және ақпарат беру жөніндегі 
міндеттемені;
            6)  бала  асырап  алушылардың  өздері  тұратын  мемлекетке  келген  соң  асырап 
алынған  баланың  Қазақстан  Республикасының  консулдық  мекемесінде  есепке 
қойылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесін;
            7)  агенттіктің  сенім  білдірген  адамға  берген  нотариатта  куәландырылған 
сенімхатты;
      8) агенттік орналасқан мемлекеттің аумағында немесе Қазақстан Республикасының 
аумағында  агенттіктің  қызметі  тоқтатылған  жағдайда,  белгіленген  тәртіппен  асырап 
алынған  балалардың  өмір  сүру  және  тәрбиелену  жағдайлары  туралы  есептер  мен 
ақпаратты  беріп  отыратын  органды  немесе  ұйымды  тағайындау  туралы  агенттік 
орналасқан мемлекеттің құзыретті органының міндеттемесін;
            9)  агенттік  орналасқан  мемлекеттің  құзыретті  органының  баланың  қайтыс  болу, 
оған  қатыгездік  көрсету,  оның  ішінде  балаға  физикалық  немесе  психикалық 
зорлық-зомбылық жасау, сондай-ақ баланың жыныстық тиіспеушілігіне қастық жасау 
фактісі  анықталған  кезден  бастап  жиырма  төрт  сағат  ішінде  Қазақстан 
Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына хабар 
беру туралы міндеттемесін;
            10)  агенттік  орналасқан  мемлекеттің  құзыретті  органының  агенттіктің  құрылтай 
құжаттарындағы өзгерістер туралы Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын 
қорғау  саласындағы  уәкілетті  органын  хабардар  ету  туралы  міндеттемесін  қоса  бере 
отырып, өтініш беруге міндетті.
            Осы  тармақтың  1)  -  4)  тармақшаларында  санамаланған  құжаттар  олар  берілген 
күннен  бастап  алты  ай  бойы  жарамды  болады.  Қазақстан  Республикасының 


балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы қажет болған жағдайда 
осы құжаттардың түпнұсқа даналарын қосымша сұратуға құқылы.
            Барлық  ұсынылған  құжаттар  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  және 
Қазақстан  Республикасы  қатысушысы  болып  табылатын  халықаралық  шарттарда 
көзделген тәртіппен заңдастырылуға тиіс.
      3. Агенттікті аккредиттеу туралы шешімді Қазақстан Республикасының балалардың
құқықтарын  қорғау  саласындағы  уәкілетті  органы  өз  құзыреті  шегінде  аккредиттеу 
мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар беретін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер 
министрлігімен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен, денсаулық сақтау 
саласындағы уәкілетті органмен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен және 
халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып қабылдайды
.
            4.  Аккредиттеуден  бас  тартқан  жағдайда,  оны  негіздей  отырып,  Қазақстан 
Республикасының  балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы  уәкілетті  органы 
аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді ол қабылданған 
күннен бастап он жұмыс күні ішінде шығарады.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.06.2020 
 Заңымен (01.07.2021 
№ 351-VI
бастап 
 енгізіледі).
қолданысқа
            5.  Сенім  білдірілген  адамның  аккредиттеу  туралы  өтініші  Қазақстан 
Республикасының  жеке  және  заңды  тұлғалардың  өтініштерін  қарау  тәртібі  туралы 
заңнамасында көзделген мерзімдерде қаралады.
      6. Агенттікті аккредиттеу туралы шешім жоғалған кезде, өкіл тиісті өтініш берілген 
күннен  бастап  он  жұмыс  күні  ішінде  Қазақстан  Республикасының  балалардың 
құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органында оның телнұсқасын алуы мүмкін.
      7. Агенттік бір жыл мерзімге аккредиттеледі. Аккредиттеу туралы шешім иеліктен 
шығарылмайды және басқа адамдарға беруге жатпайды.
      8. Агенттікті аккредиттеуден, оның қызмет мерзімін ұзартудан және (немесе) оның 
қызметін мерзімінен бұрын тоқтатудан бас тарту негіздері:
      1) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 
талаптарға сәйкес болмауы;
      2) өз қызметі туралы дәйексіз мәліметтер ұсынуы;
      3) агенттіктің немесе оның филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің қызметі 
туралы  шет  мемлекеттің  құзыретті  органдарынан,  сондай-ақ  Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік органдарынан келіп түскен келеңсіз ақпараттың болуы;
            4)  агенттіктің  орналасқан  жері,  қолайсыз  әлеуметтік-экономикалық,  саяси, 
экологиялық ахуал, мемлекетте әскери іс-қимылдардың жүзеге асырылуы;
            5)  агенттіктің  филиалы  және  (немесе)  өкілдігі  қызметкерлерінің  Қазақстан 
Республикасының заңнамасын бұзуы;


            6)  агенттіктің  асырап  алынған  балалардың  тұрмыс  жағдайлары  мен  тәрбиесін 
бақылау  және  белгіленген  тәртіппен  тиісті  есептер  және  ақпарат  беру  жөніндегі  өз 
міндеттемелерін бұзуы;
            7)  агенттіктің  асырап  алынған  баланың  белгіленген  тәртіппен  Қазақстан 
Республикасының консулдық мекемесінде есепке қойылуын бақылауды жүзеге асыру 
жөніндегі өз міндеттемелерін бұзуы;
      8) агенттіктің өз мемлекеті аумағында қызметінің тоқтатылуы;
            9)  Қазақстан  Республикасының  аумағында  аккредиттелген  агенттіктердің 
белгіленген санынан асыру болып табылады.
      9. Өз қызметін аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді алған агенттік алты ай 
өткен  соң  Қазақстан  Республикасының  балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы 
уәкілетті органына қайтадан жүгінуге құқылы.
      Ескерту. 112-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 
 Заңымен (алғашқы 
№ 501-V
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
112-1-бап.  Жетім  балаларды,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды 
Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету 
жөніндегі ұйымдарға аккредиттеу жүргізу тәртібі
      1. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан 
Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі 
ұйымды  аккредиттеу,  оның  ішінде  аккредиттеуден  бас  тарту  туралы  мәселені 
Қазақстан  Республикасының  балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы  уәкілетті 
органы қарайды.
      2. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан 
Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі 
ұйым  агенттіктерді  және  жетім  балаларды,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған 
балаларды  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  отбасыларына  орналастыруға 
жәрдем  көрсету  жөніндегі  ұйымдарды  аккредиттеу  қағидаларында  айқындалған 
құжаттарды қоса бере отырып, өтініш береді.
      3. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан 
Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі 
ұйымды аккредиттеу туралы шешімді немесе аккредиттеуден бас тартылған жағдайда 
оны негіздей отырып, аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді қабылданған күнінен 
бастап  он  жұмыс  күні  ішінде  Қазақстан  Республикасының  балалардың  құқықтарын 
қорғау саласындағы уәкілетті органы береді.
      4. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан 
Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі 
ұйымдар  ұзарту  құқығымен  бір  жыл  мерзімге  аккредиттеледі.  Аккредиттеу  туралы 
шешім  иеліктен  шығарылмайтын  болып  табылады  және  басқа  тұлғаларға  берілуге 
жатпайды.


            5.  Қазақстан  Республикасының  балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы 
уәкілетті органы жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды 
Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету 
жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы шешімнің қолданысын:
      1) осы Кодекстің нормалары сақталмаған;
            2)  Қазақстан  Республикасының  балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы 
уәкілетті органына және (немесе) өзге де мемлекеттік органдарға келіп түскен, жетім 
балаларды,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  Қазақстан 
Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі 
ұйымның қызметіне негізді шағымдар болған жағдайда тоқтата тұрады.
      6. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан 
Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі 
ұйымды аккредиттеуден, аккредиттеу мерзімін ұзартудан бас тартуға, аккредиттеуден 
айыруға (оны кері қайтарып алуға):
      1) ұсынылған құжаттардың агенттіктерді және жетім балаларды, ата-аналарының 
қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының 
отбасыларына  орналастыруға  жәрдем  көрсету  жөніндегі  ұйымдарды  аккредиттеу 
қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
      2) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан 
Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі 
ұйымның өз қызметі туралы анық емес мәліметтер ұсынуы;
      3) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан 
Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі 
ұйымның  жетім  балалардың,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалардың 
құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуы;
            4)  аккредиттеу  туралы  шешімнің  қолданысын  тоқтата  тұруға  алып  келген 
бұзушылықтардың бір ай ішінде жойылмауы;
      5) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан 
Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі 
ұйым қызметінің тоқтатылуы негіз болып табылады.
            7.  Жетім  балалардың,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалардың 
құқықтары  мен  мүдделерін  қорғау  жөніндегі  қызметті  жүзеге  асыратын, 
аккредиттеуден бас тарту туралы шешім алған коммерциялық емес ұйым алты ай өткен
соң  Қазақстан  Республикасының  балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы 
уәкілетті органына қайтадан өтініш жасауға құқылы.
      Ескерту. 14-тарау 112-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.12.2019 
№ 292-VІ
 (
қолданысқа енгізілу тәртібін 
 қараңыз) Заңымен.
2-баптан
113-бап.  Агенттіктер  филиалдарының  және  (немесе)өкілдіктерінің  қызметін  ұзарту, 
тоқтата тұру және (немесе) тоқтату


            1.  Агенттікті  аккредиттеу  мерзімін  ұзарту  үшін  ол  аккредиттеу  мерзімі  өткенге 
дейін  күнтізбелік  отыз  күннен  кешіктірмей  Қазақстан  Республикасының  балалардың 
құқықтарын  қорғау  саласындағы  уәкілетті  органына  мерзімді  ұзарту  туралы  өтініш 
береді.
            Агенттікті  аккредиттеу  мерзімін  ұзарту  туралы  өтінішті  Қазақстан 
Республикасының  балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы  уәкілетті  органы 
өтінішті  қабылдаған  күннен  бастап  он  жұмыс  күні  ішінде  қарайды.  Агенттікті 
аккредиттеу  мерзімін  ұзарту  туралы  (ұзартудан  бас  тарту  туралы)  дәлелді  шешімді 
Қазақстан  Республикасының  балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы  уәкілетті 
органы қабылдап, агенттіктің филиалына және (немесе) өкілдігіне шешім қабылданған 
күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.
      2. Егер олар агенттікті алғашқы аккредиттеуден кейін бір жыл ішінде Қазақстан 
Республикасының  заңнамасында  белгіленген  барлық  талаптарды  сақтаған  болса,  осы 
баптың  1-тармағында  көзделген  мерзім  өткен  соң  аккредиттеу  мерзімі  өздігінен 
ұзартылады.
            3.  Қазақстан  Республикасының  балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы 
уәкілетті органы:
      1) осы Кодекстің нормалары сақталмаған;
            2)  Қазақстан  Республикасының  балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы 
уәкілетті органына және (немесе) өзге де мемлекеттік органдарға агенттік филиалының 
және (немесе) өкілдігінің қызметіне негізделіп шағымдар жасалған жағдайда, агенттікті
аккредиттеу туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұрады.
      Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті
органы  Агенттік  филиалының  және  (немесе)  өкілдігінің  қызметін  тоқтату  туралы 
шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларға хабарлайды.
            4.  Агенттікті  аккредиттеу  туралы  шешімнің  қолданылуын  тоқтата  тұруға  әкеп 
соққан  бұзушылықтар  бір  ай  ішінде  жойылған  кезде  Қазақстан  Республикасының 
балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы  уәкілетті  органы  оны  қайтадан 
қолданысқа енгізеді.
      5. Агенттіктің филиалдары және (немесе) өкілдіктері мынадай жағдайларда:
            1)  балаларды  асырап  алу  жөніндегі  қызметін  агенттіктің  құрылтай  құжаттарына 
сәйкес жүзеге асырмаса;
            2)  агенттікті  аккредиттеу  туралы  шешімнің  қолданылуын  тоқтата  тұруға  әкеп 
соққан бұзушылықтарды бір ай ішінде жоймаса;
      3) агенттіктің филиалы және (немесе) өкілдігі қызметін тоқтату туралы өтініш берсе
;
            4)  агенттікті  аккредиттеу  туралы  шешімнің  қолданылу  мерзімі  өтсе  және 
аккредиттеу мерзімін жаңа мерзімге ұзарту мүмкін болмаса, өз қызметін тоқтатады.


            6.  Агенттік  филиалдарының  және  (немесе)  өкілдіктерінің  қызметін  тоқтату 
мәселелері осы баптың 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар анықталған (туындаған) 
күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
      Агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметін тоқтату туралы дәлелді 
шешімді  Қазақстан  Республикасының  балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы 
уәкілетті органы қабылдайды және шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні 
ішінде оған жібереді.
      7. Агенттік филиалын және (немесе) өкілдігін аккредиттеу, олардың қызмет етуін 
тоқтата  тұру  және  тоқтату  туралы  шешімді  Қазақстан  Республикасының  баланың 
құқықтарын  қорғау  саласындағы  уәкілетті  органының  ресми  интернет-ресурсына 
шешімді  орналастыру  арқылы  Қазақстан  Республикасының  баланың  құқықтарын 
қорғау саласындағы уәкілетті органы таратады.
      Ескерту. 113-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 
№ 501-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
114-бап. Агенттік филиалының және (немесе)өкілдігінің құқықтары мен міндеттері
      1. Агенттіктің филиалы және (немесе) өкілдігі:
            1)  агенттік  орналасқан  мемлекеттің  азаматтарына  бала  асырап  алуда  жәрдем 
көрсетуге;
      2) асырап алынатын бала туралы белгіленген тәртіппен және көлемде ақпарат алуға;
            3)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген  тәртіппен  лауазымды 
адамдардың және мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне және шешімдеріне шағым 
жасауға;
            4)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасындағы,  бала  асырап  алу  тәртібіндегі 
өзгерістер туралы ақпарат және өздерінің тікелей қызметіне қатысты басқа да ақпарат 
алуға құқылы.
      2. Агенттіктердің филиалы және (немесе) өкілдігі белгіленген тәртіппен:
      1) аккредиттеу алынғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында заңды 
тұлғалардың филиалдарын және (немесе) өкілдіктерін есептік тіркеу үшін белгіленген 
тәртіппен есептік тіркеуден өтуге;
      2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті 
органына  филиалды  (өкілдікті)  есептік  тіркеу  (қайта  тіркеу)  туралы  анықтаманы 
ұсынуға;
      3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті 
органын  өз  қызметінің  басталғаны  туралы  бес  жұмыс  күнінен  кешіктірмей  хабардар 
етуге;
            4)  берілген  күнінен  бастап  алты  ай  ішінде  жарамды  болатын  (асырап  алуға 
кандидаттардың  құжаттарында  көрсетілген  мерзімдерді  қоспағанда)  асырап  алуға 


баланы  таңдау  үшін  асырап  алушыға  кандидаттардың  құжаттарын  Қазақстан 
Республикасының  баланың  құқықтарын  қорғау  саласындағы  уәкілетті  органына, 
сондай-ақ асырап алу үшін сотқа ұсынуға;
            5)  бала  асырап  алуға  үміткерлердің  өтініштері  негізінде  баланың  аты,  жасы, 
жынысы, денсаулық жағдайы туралы ақпарат алуға;
      6) бала асырап алуға үміткерлерді қабылдау мен орналастыруды және оларға бала 
асырап алуды ресімдеуде қажетті көмек ұйымдастыруға;
      7) бала асырап алу туралы істерді қарау кезінде сот отырыстарына қатысуға, бала 
асырап алу туралы сот шешімін алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен 
кету үшін баланың тууы, бала асырап алу туралы куәліктерді және баланың паспортын 
ресімдеуде бала асырап алушыларға жәрдем көрсетуге;
            8)  Қазақстан  Республикасының  аумағында  бала  асырап  алуға  үміткерлердің, 
сондай-ақ  бала  асырап  алушылардың  мүдделерін  білдіру  бойынша  Қазақстан 
Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асыруға 
міндетті.
            3.  Агенттіктердің  филиалдары  және  (немесе)  өкілдіктері  Қазақстан 
Республикасының  балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы  уәкілетті  органына 
аумағында  асырап  алынған  бала  тұратын  мемлекеттің  құзыретті  органы  дайындаған, 
бала  асырап  алушылардың  өздерінің  отбасындағы  балалардың  тұрмыс  жағдайы  мен 
тәрбиесі туралы есептер (бұдан әрі - есептер) ұсынуды ұйымдастырады.
      4. Бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін алғашқы үш 
жылда есеп әрбір алты ай сайын ұсынылады. Кейіннен есептер жыл сайын ұсынылады.
      5. Есептер тиісті шет мемлекеттің ресми тілінде ұсынылады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ұсынылатын 
есептер  белгіленген  тәртіппен  заңдастырылуға,  сондай-ақ  қазақ  немесе  орыс  тіліне 
аударылуға  тиіс.  Бұл  ретте,  аударманың  мәтіні  не  аудармашының  қолтаңбасы  бала 
асырап  алушылардың  тұрғылықты  жері  бойынша  Қазақстан  Республикасының 
шетелдегі  мекемелерінде  куәландырылады  не  оны  Қазақстан  Республикасының 
аумағындағы нотариус куәландырады.
            6.  Асырап  алынған  балаларды  консулдық  есепке  қою  туралы  есептер  мен 
ақпараттың  есепке  алынуы  Қазақстан  Республикасының  балалардың  құқықтарын 
қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
      Ескерту. 114-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.24 
N 60-V
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013
N 102-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 
№ 501-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


114-1-бап.  Жетім  балаларды,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды 
Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету 
жөніндегі ұйымның құқықтары мен міндеттері
      1. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан 
Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі 
ұйым:
            1)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген  тәртіппен,  Қазақстан 
Республикасының  балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы  уәкілетті  органы 
айқындаған көлемде жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар 
туралы ақпаратты олардың заңды өкілдерінің келісуімен алуға;
            2)  Қазақстан  Республикасының  аумағында  тұрақты  тұратын,  жетім  балаларды, 
ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге (асырап 
алуға,  қорғаншылыққа  немесе  қамқоршылыққа,  патронатқа,  қабылдаушы  отбасыға) 
қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын іріктеуді жүзеге 
асыруға;
      3) жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 
барлық типтегі (білім беру, медициналық және басқа да) ұйымдар тәрбиеленушілерін 
отбасыға  орналастыруға  жәрдем  көрсету  үшін  олардың  ата-ана  қамқорлығынан 
айырылуының нақты мән-жайларын айқындауға;
            4)  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  көзделген  өзге  құқықтарды  жүзеге 
асыруға құқылы.
      2. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан 
Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі 
ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) бала асырап алу құпиясын сақтауға;
            2)  Қазақстан  Республикасының  аумағында  тұрақты  тұратын,  жетім  балаларды, 
ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  өз  отбасына  тәрбиелеуге 
қабылдауға  тілек  білдірген  Қазақстан  Республикасының  азаматтарын  писхологиялық 
даярлауды  жетім  балаларды,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды 
Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету 
жөніндегі ұйымның қаражаты есебінен жүзеге асыруға;
            3)  Қазақстан  Республикасының  аумағында  тұрақты  тұратын,  жетім  балаларды, 
ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  өз  отбасына  тәрбиелеуге 
қабылдауға  тілек  білдірген  және  қабылдаған  азаматтарға  құқықтық  көмек  көрсетуге, 
психологиялық және психологиялық-педагогикалық консультация беруге;
      4) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан 
Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі 
ұйым отбасыға тәрбиелеуге орналастырған баланың қайтыс болу, оған қатыгездікпен 
қарау,  оның  ішінде  балаға  физикалық  немесе  психологиялық  зорлық-зомбылықты 


жасау,  сондай-ақ  баланың  жыныстық  тиіспеушілігіне  қол  сұғу  фактісі  анықталған 
кезден  бастап  жиырма  төрт  сағат  ішінде  Қазақстан  Республикасының  балалардың 
құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына және Қазақстан Республикасының 
құқық қорғау органдарына хабарлауға;
            5)  Қазақстан  Республикасының  балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы 
уәкілетті органына өзінің қызметі туралы тоқсан сайынғы есепті ұсынуға;
            6)  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  көзделген  өзге  міндеттерді  сақтауға 
міндетті.
      Ескерту. 14-тарау 114-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.12.2019 
№ 292-VІ
 (
қолданысқа енгізілу тәртібін 
 қараңыз) Заңымен.
2-баптан
4-БӨЛІМ. Қорғаншылық немесе қамқоршылық, Республикалық деректер
банкі, баланы қабылдайтын және бала қонақтайтын отбасылар
      Ескерту. 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 09.04.2016 
 Заңымен (
№ 501-V
алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң  қолданысқа 
енгізіледі).
15-тарау. ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫ, АТА-АНАЛАРЫНЫҢ 
ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ
ҚАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ОРНАЛАСТЫРУ
115-бап.  Жетім  балалардың,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалардың 
құқықтары мен мүдделерін қорғау
            1.  Жетім  балалардың,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалардың 
құқықтары  мен  мүдделерін  қорғау  Қазақстан  Республикасының  балалардың 
құқықтарын  қорғау  саласындағы  уәкілетті  органына  және  өз  өкілеттіктері  шегінде 
басқа  да  мемлекеттік  органдарға,  сондай-ақ  осы  балалардың  заңды  өкілдеріне 
жүктеледі.
            2.  Ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалудың  нақты  мән-жайларын  негiзге  ала 
отырып, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке 
алу жөніндегі қызметті ұйымдастыру, балаларды орналастырудың нысандарын таңдау, 
сондай-ақ  оларды  күтіп-бағу,  тәрбиелеу  және  оқыту  жағдайларын  одан  әрi  бақылау 
жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.
      3. Мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегіндегі қызметін қоспағанда, жеке және 
заңды  тұлғалардың  жетім  балаларды,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған 
балаларды іріктеу, орналастыру, беру жөнiндегi қызметі бойынша делдалдық және кез 
келген өзге де қызметке тыйым салынады.


            Қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
органдардың  және  жетім  балаларды,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған 
балаларды  анықтау  және  орналастыру  бойынша  өздеріне  жүктелген  міндеттерді, 
балалардың  құқықтарын  қорғау  жөніндегі  функцияларды  орындайтын  басқа  да 
ұйымдардың қызметі, сондай-ақ агенттіктердің және жетім балаларды, ата-аналарының
қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының 
отбасыларына  орналастыруға  жәрдем  көрсету  жөніндегі  ұйымдардың  осы  Кодексте 
көзделген қызметі бала асырап алу жөніндегі делдалдық қызмет болып табылмайды.
            Осы  бапта  аталған  жеке  және  заңды  тұлғалар  өз  қызметінде  коммерциялық 
мақсаттарды көздей алмайды.
      Ескерту. 115-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 
№ 292-VІ
 (қолданысқа енгізілу 
тәртібін 
 қараңыз) Заңымен.
2-баптан
116-бап.  Жетім  балалардың,  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалардың 
құқықтары мен мүдделерін қорғау нысандары
            1.  Жетім  балалардың,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалардың 
құқықтары  мен  мүдделерін  қорғау  оларды  отбасына  тәрбиелеуге  (асырап  алуға, 
қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа, баланы қабылдайтын отбасына) 
беру  арқылы  жүзеге  асырылады,  ал  мұндай  мүмкіндік  болмаған  кезде  —  жетім 
балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық типтегі 
ұйымдарға беру арқылы жүзеге асырылады.
      2. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге 
(асырап  алуға,  қорғаншылыққа  немесе  қамқоршылыққа,  патронатқа)  берілген 
балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету "Ең төмен әлеуметтік
стандарттар  және  олардың  кепілдіктері  туралы"  Қазақстан  Республикасының  Заңына 
сәйкес  отбасы  және  балалар  саласындағы  ең  төмен  әлеуметтік  стандарт  болып 
табылады.
      Ескерту. 116-бап жаңа редакцияда - ҚР 19.05.2015 
№ 315-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 
№ 501-V
 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған 
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
117-бап.  Жетім  балаларды,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды 
анықтау және есепке алу
            1.  Жетім  балаларды,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды 
анықтауды  ата-ананың  қамқорлығының  болмауы  туралы  өздеріне  белгілі  болған 
барлық жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
            2.  Жеке  және  заңды  тұлғалар  жетім  балалар,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз 
қалған  балалар  туралы  олардың  тұратын  жері  бойынша  қорғаншылық  немесе 
қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  органдарды  кешіктірмей 
хабардар етуге міндетті.


      3. Медициналық ұйымдардың лауазымды адамдары жаңа туған бала қалдырылған 
күннен  бастап  үш  жұмыс  күні  ішінде  тиісті  әкімшілік-аумақтық  бөліністің 
қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
органына бұл туралы хабарлауға міндетті.
      4. Жергілікті атқарушы орган оның ата-аналары немесе оның туыстары жағынан 
қамқорлықтың болмау фактісі анықталған кезде, мәліметтер алынған күннен бастап үш
күн ішінде баланың тұрмыс жағдайын зерттеп-қарап шығуға және баланы орналастыру 
туралы  мәселе  шешілгенге  дейін  оның  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғауды 
қамтамасыз етуге міндетті.
      5. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар 
қалалардың,  астананың  жергілікті  атқарушы  органы  жетім  балалардың, 
ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалардың  тұратын  жері  бойынша  олар 
туралы  мәліметтер  түскен  күннен  бастап  бір  ай  ішінде  баланы  орналастыруды 
қамтамасыз етеді (Республикалық деректер банкінің бастапқы есебіне алу).
      Баланы отбасына тәрбиеге беру мүмкін болмаған кезде Республикалық деректер 
банкінің  өңірлік  есебіне  алу  және  кейіннен  баланы  Қазақстан  Республикасының 
аумағында  тұрақты  тұратын  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  отбасына 
тәрбиелеуге  орналастыруда  жәрдем  көрсету  үшін  бір  ай  өткен  соң  бала  туралы 
мәліметтерді  тиісті  аумақтық-әкімшілік  бірліктердің  қорғаншылық  немесе 
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органына жібереді.
            6.  Облыстардың,  республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың  жергілікті 
атқарушы  органдары  жетім  балаларды,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған 
балаларды  Қазақстан  Республикасының  азаматтарына  асырап  алуға,  қорғаншылыққа 
немесе  қамқоршылыққа,  баланы  қабылдайтын  отбасына,  патронат  тәрбиешілердің 
отбасына тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған кезде өзіне бала туралы мәліметтер түскен
күннен  бастап  екі  ай  мерзім  өткен  соң  жетім  балаларды,  ата-аналарының 
қамқорлығынсыз 
қалған 
балаларды 
Республикалық 
деректер 
банкінің 
орталықтандырылған  есебіне  қою  үшін  Қазақстан  Республикасының  балалардың 
құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына хабарлауға міндетті.
      Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке 
алуды  ұйымдастыру  және  олар  туралы  ақпаратқа  қол  жеткізу  тәртібін  Қазақстан 
Республикасының  балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы  уәкілетті  органы 
айқындайды.
      Ескерту. 117-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 
N 239-V
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 
09.04.2016 
№ 501-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
118-бап.  Жетім  балаларды,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды 
орналастыру


      1. Асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа отбасына тәрбиелеуге 
немесе баланы қабылдайтын немесе қонақтайтын отбасына беру туралы шарт бойынша
патронаттық  тәрбиелеуге  берілген,  ал  мұндай  мүмкіндік  болмаған  кезде  —  барлық 
типтегі ұйымдарға (білім беру, медициналық және басқалар) берілген жетім балаларды,
ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  орналастырған  кезде  баланың 
мүддесінде  оның  ұлты,  белгілі  бір  дінді  және  мәдениетті  ұстанатыны,  ана  тілі, 
тәрбиелеу мен оқытуда сабақтастықты қамтамасыз ету мүмкіндігі ескерілуі мүмкін.
            2.  Жетім  балалар,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар,  отбасы 
тәрбиесіне 
немесе 
осы 
баптың 
1-тармағында 
көрсетілген 
ұйымдарға 
орналастырылғанға  дейін  балаларға  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  міндеттерін 
атқару  баланың  тұрған  жері  бойынша  уақытша  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық 
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға жүктеледі.
      Ескерту. 118-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 
№ 501-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
15-1-тарау. Республикалық деректер банкі
      Ескерту. 4-бөлім 15-1-тараумен толықтырылды - ҚР 09.04.2016 
 Заңымен (
№ 501-V
01.01.2017 бастап 
 енгізіледі).
қолданысқа
118-1-бап.  Республикалық  деректер  банкін  қалыптастыруға  және  пайдалануға 
қойылатын талаптар
            1.  Жетім  балалардың,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалардың 
орналасқан  жері  бойынша  аудандардың,  облыстық  маңызы  бар  қалалардың, 
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы 
органдарының  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге 
асыратын  органдары  және  Қазақстан  Республикасының  баланың  құқықтарын  қорғау 
саласындағы уәкілетті органы республикалық деректер банкін қалыптастырады.
            2.  Республикалық  деректер  банкінде  қамтылатын  мәліметтер  мемлекеттік 
электрондық ақпараттық ресурстар болып табылады.
            Аудандардың,  облыстық  маңызы  бар  қалалардың,  облыстардың,  республикалық 
маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қорғаншылық 
немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  органдары  және 
Қазақстан  Республикасының  балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы  уәкілетті 
органы  мемлекеттік  электрондық  ақпараттық  ресурстарды  қорғау  жөнінде  шаралар 
қабылдауға міндетті.
      Ескерту. 118-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 
№ 292-VІ
 (қолданысқа 
енгізілу тәртібін 
 қараңыз) Заңымен.
2-баптан
118-2-бап. Республикалық деректер банкін қалыптастыру


      1. Республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану тәртібін Қазақстан
Республикасының  баланың  құқықтарын  қорғау  саласындағы  уәкілетті  органы 
айқындайды.
            2.  Республикалық  деректер  банкін  қалыптастыру  үшін  ата-аналарының 
қамқорлығынсыз  қалған  балалар  туралы  мәліметтерді  міндетті  тәртіппен  ұсынатын, 
қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
органдар осындай мәліметтерді пайдалануға өз құқықтарын жоғалтпайды.
            Ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар  туралы  мәліметтерді  ұсыну 
қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
органдарды  мұндай  балаларды  Қазақстан  Республикасының  аумағында  тұрақты 
тұратын  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  отбасыларына  тәрбиелеуге 
орналастыру немесе орналастыруды ұйымдастыру жөніндегі міндеттен босатпайды.
            3.  Жетім  балаларды,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  өз 
отбасына  тәрбиелеуге  қабылдауға  тілек  білдірген  адам  жетім  балалардың, 
ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалардың  орналасқан  жері  бойынша 
аудандардың,  облыстық  маңызы  бар  қалалардың,  облыстардың,  республикалық 
маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қорғаншылық 
немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарына немесе 
кейіннен тіркеу үшін Республикалық деректер банкіне өзі туралы мәлімет береді.
      Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына 
тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адам мұны олардың тұратын жеріне қарамастан
,  кез  келген  облыстың,  республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың  аумағында 
жүзеге асыруға құқылы.
118-3-бап.  Жетім  балалар,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар  туралы 
құпия ақпаратқа қол жеткізу
            1.  Балаларды  өз  отбасына  тәрбиелеуге  қабылдауға  тілек  білдірген  адамдардың 
жетім  балалар,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар  туралы  құпия 
ақпаратқа  қол  жеткізуі  олар  Республикалық  деректер  банкінде  тіркелген  және 
Республикалық  деректер  банкінің  мәліметтерін  жария  етпеу  туралы  міндеттемелерді 
қабылдаған жағдайда жүзеге асырылады.
      2. Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы құпия 
ақпаратты  жетім  балалардың,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалардың 
тұратын  жері  бойынша  аудандардың,  облыстық  маңызы  бар  қалалардың, 
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының
қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы 
және  Қазақстан  Республикасының  балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы 
уәкілетті  органы  жетім  балалар,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар 
туралы туынды ақпаратты жасау үшін пайдалана алады.


      Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы туынды 
ақпаратты коммерциялық мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.
      Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы туынды 
ақпаратқа  Республикалық  деректер  банкінде  қамтылған,  жынысы  жөніндегі,  жасы, 
денсаулық жағдайы, мінезінің ерекшеліктері, ата-ана қамқорлығының болмау себептері
, аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының), кәмелетке толған туыстарының 
бар-жоғы,  сондай-ақ  отбасыларға  тәрбиелеуге  орналастырудың  ықтимал  нысандары 
туралы ақпарат және балалардың фотосуреттері жатқызылады.
118-4-бап.  Жетім  балалар,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар  және 
балаларды  өз  отбасына  тәрбиелеуге  қабылдауға  тілек  білдірген  адамдар  туралы 
мәліметтерді Республикалық деректер банкінде есепке алуды тоқтату
            1.  Ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  бала  туралы  мәліметтерді 
Республикалық деректер банкінде есепке алуды тоқтатуға:
            ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  баланы  отбасына  тәрбиелеуге 
орналастыру;
            ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  баланы  оның  ата-аналарына  немесе 
ата-анасына қайтару;
      ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланың кәмелетке толуы немесе мұндай 
баланың өзі кәмелетке толғанға дейін толық әрекетке қабілеттілікке ие болуы;
      ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланың қайтыс болуы;
            баланың  сот  тәртібімен  хабар-ошарсыз  кеткен  деп  танылуы,  қайтыс  болған  деп 
жариялануы негіздер болып табылады.
            2.  Баланы  өз  отбасына  тәрбиелеуге  қабылдауға  тілек  білдірген  адам  туралы 
мәліметтерді Республикалық деректер банкінде есепке алуды тоқтатуға:
      адамның баланы өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауы;
      баланы өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамның ол туралы 
мәліметтерді Республикалық деректер банкінде есепке алуды тоқтату туралы жазбаша 
нысандағы өтініші;
            адамға  баланы  өз  отбасына  тәрбиелеуге  қабылдау  мүмкіндігін  берген 
мән-жайлардың өзгеруі;
      баланы өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамның қайтыс болуы 
негіздер болып табылады.
118-5-бап.  Республикалық  деректер  банкіне  жетім  балалар,  ата-аналарының 
қамқорлығынсыз  қалған  балалар  туралы  мәліметтерді  ұсыну  тәртібі  мен  мерзімдерін 
бұзғаны және оларды жария еткені үшін жауаптылық
      Республикалық деректер банкіне жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз 
қалған  балалар  туралы  мәліметтерді  ұсыну  тәртібі  мен  мерзімдерін  бұзғаны  және 
оларды  жария  еткені  үшін  кінәлі  адамдар  Қазақстан  Республикасының  заңдарына 
сәйкес жауаптылықта болады.


16-тарау. ҚОРҒАНШЫЛЫҚТЫ НЕМЕСЕ ҚАМҚОРШЫЛЫҚТЫ БЕЛГІЛЕУ 
ТӘРТІБІ
119-бап. Қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленетін адамдар
      1. Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағу, 
тәрбиелеу  және  оқыту  мақсатында,  сондай-ақ  олардың  мүлiктiк  және  жеке  мүлiктiк 
емес  құқықтары  мен  мүдделерiн  қорғау  үшiн  оларға  қорғаншылық  немесе 
қамқоршылық белгiленедi.
      2. Сондай-ақ, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі кәмелетке толған 
адамдардың мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн 
қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi.
      3. Бұл мән-жайлар балалардың мүдделеріне сай келетін жағдайларды қоспағанда, 
бір  отбасында  тәрбиеленген  бірге  туған  ағалы-інілер  мен  апалы-сіңлілерді  әртүрлі 
адамдардың қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алуына жол берілмейді.
120-бап. Мемлекеттің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функциялары
            1.  Мемлекет  кәмелетке  толмағандарға  және  әрекетке  қабілетсіз  немесе  әрекетке 
қабілеті  шектеулі  кәмелетке  толған  адамдарға  қатысты  қорғаншылық  немесе 
қамқоршылық  жөніндегі  өз  функцияларын  жергілікті  атқарушы  органдар  арқылы 
жүзеге асырады.
            2.  Мемлекеттік  органдардың  және  ұйымдардың  кәмелетке  толмағандарға 
қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  қызметін  үйлестіруді  және  өзара 
іс-қимылын  ұйымдастыруды  Қазақстан  Республикасының  балалардың  құқықтарын 
қорғау саласындағы уәкілетті органы жүзеге асырады.
            3.  Мемлекеттің  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функциялары 
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 120-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013 
N 102-V
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
121-бап. Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу
      1. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын 
органдар қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамның тұрғылықты жерi 
бойынша не қамқорлыққа жататын мүліктің орналасқан жері бойынша қорғаншылық 
немесе  қамқоршылық  белгiлейдi.  Жекелеген  жағдайларда  қорғаншылық  немесе 
қамқоршылық  қорғаншының  немесе  қамқоршының  тұрғылықты  жерi  бойынша 
белгiленуi мүмкiн.
            2.  Адамды  әрекетке  қабiлетсiз  немесе  әрекет  қабiлетi  шектеулі  деп  тану  туралы 
шешiм заңды күшiне енген кезден бастап үш күн iшiнде сот оған қорғаншылық немесе 


қамқоршылық  белгiлеу  үшiн  бұл  туралы  сол  адамның  тұрғылықты  жерi  бойынша 
қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға
хабарлауға мiндеттi.
            3.  Адамға  қорғаншылықты  немесе  қамқоршылықты  немесе  мүлікке 
қорғаншылықты  белгiлеу  қажеттiгi  туралы  тиiстi  органдарға  белгiлi  болған  кезден 
бастап жиырма жұмыс күні iшiнде қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.06.2020 
 Заңымен (01.07.2021 
№ 351-VI
бастап 
 енгізіледі).
қолданысқа
            4.  Қорғаншы  немесе  қамқоршы  тағайындауға  мүдделi  адамдар  сот  тәртiбiмен 
шағым жасауы мүмкiн.
      Ескерту. 121-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
 Заңымен (алғашқы 
№ 272-VI
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
122-бап. Қорғаншылар немесе қамқоршылар
      1. Мыналарды:
      1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдарды;
            2)  сот  ата-ана  құқықтарынан  айырған  немесе  сот  ата-ана  құқықтарын  шектеген 
адамдарды;
            3)  өзiне  Қазақстан  Республикасының  заңында  жүктелген  мiндеттердi  тиiсiнше 
орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдарды
;
      4) егер сот олардың кiнәсi бойынша бала асырап алудың күшiн жойса, бұрынғы 
бала асырап алушыларды;
            5)  денсаулық  жағдайына  байланысты  қорғаншы  немесе  қамқоршы  мiндеттерін 
жүзеге асыра алмайтын адамдарды;
      6) тұрақты тұратын жері жоқ адамдарды;
      7) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу кезінде қасақана қылмыс жасағаны 
үшін  жойылмаған  немесе  алынбаған  сотталғандығы  бар  адамдарды,  сондай-ақ  осы 
тармақтың 12) тармақшасында аталған адамдарды;
      8) азаматтығы жоқ адамдарды;
            9)  анасының  қайтыс  болуына  немесе  оның  ата-ана  құқығынан  айырылуына 
байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, 
тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмайтын еркек жынысты адамдарды;
            10)  қорғаншылықты  немесе  қамқоршылықты  белгілеу  кезінде  қамқорлыққа 
алынушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс 
деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;
            11)  наркологиялық  немесе  психоневрологиялық  диспансерлерде  есепте  тұратын 
адамдарды;


            12)  адам  өлтіру,  денсаулыққа  қасақана  зиян  келтіру,  халық  денсаулығына  және 
имандылыққа,  жыныстық  тиіспеушілікке  қарсы  қылмыстық  құқық  бұзушылықтары, 
экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар 
немесе  болған,  қылмыстық  қудалауға  ұшырап  отырған  немесе  ұшыраған  адамдарды  (
өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік 
кодексінің 
 бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған 
35-бабы
адамдарды қоспағанда);
            13)  Қазақстан  Республикасының  аумағында  тұрақты  тұратын,  осы  Кодекстің  91-
  4-тармағында  белгіленген  тәртіппен  психологиялық  даярлықтан  өтпеген 
бабының
Қазақстан  Республикасының  азаматтарын  (баланың  жақын  туыстарын  қоспағанда) 
қоспағанда,  кәмелетке  толған  адамдар  ғана  қорғаншылар  немесе  қамқоршылар  бола 
алады.
      2. Қорғаншы немесе қамқоршы тек қана оның келiсiмiмен тағайындалуы мүмкiн. 
Егер бұл қамқорлыққа алынушының мүдделерiне қайшы келмесе, жұбайы, ата-аналары
, туыстары немесе қамқорлыққа алынушыға жақын басқа да адамдар қорғаншы немесе 
қамқоршы болып тағайындалуда басым құқыққа ие болады.
      Егер қамқорлыққа алынушылардың мүдделерiнiң арасында қайшылықтар болмаса, 
бiрнеше адам үшін бiр қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауға жол берiледi.
            3.  Әрекетке  қабiлеттi  және  ата-ана  құқықтарынан  айрылмаған,  бiрақ  олардың 
тәрбиесін  жүзеге  асыра  алмайтын  ата-аналардың  кәмелетке  толмаған  балаларына 
қорғаншы  немесе  қамқоршы  тағайындау  кезінде,  қорғаншылар  немесе  қамқоршылар 
ата-аналардың тiлегi ескерiле отырып тағайындалады.
            Балаға  қорғаншы  немесе  қамқоршы  тағайындау  кезiнде  қорғаншының  немесе 
қамқоршының адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерi, оның қорғаншылық немесе 
қамқоршылық  мiндеттерiн  орындауға  қабiлетi,  қорғаншы  немесе  қамқоршы  мен 
баланың  арасындағы  қатынастар,  қорғаншының  немесе  қамқоршының  отбасы 
мүшелерiнiң  балаға  көзқарасы,  сондай-ақ,  егер  бұл  мүмкiн  болса,  баланың  өз  тiлегi 
ескерiледi.
            Егер  кәмелетке  толмаған  балаға  қорғаншы  немесе  қамқоршы  болып 
тағайындалатын  адам  некеде  тұрса  (ерлі-зайыпты  болса),  оның  жұбайының  келiсiмi 
талап етiледi.
            4.  Қорғаншылыққа  немесе  қамқоршылыққа  мұқтаж  және  тиiстi  білім  беру, 
медициналық ұйымдардағы, халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарындағы адамдардың 
қорғаншылары немесе қамқоршылары осы ұйымдардың әкiмшiлiктері болып табылады
.
            Қорғаншының  немесе  қамқоршының  мұндай  ұйымға  баланы  уақытша 
орналастыруы қорғаншының немесе қамқоршының осы балаға қатысты құқықтары мен
мiндеттерiн тоқтатпайды.


      5. Қорғаншылар немесе қамқоршылар кез келген адамдарға қатысты, оның iшiнде 
сотта өкiлеттiктерін арнайы растамастан, өз қамқорлығына алынғандардың құқықтары 
мен мүдделерiн қорғайды.
      Ескерту. 122-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 
№ 501-V
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
27.12.2019 
№ 292-VІ
 (01.07.2020 бастап 
 енгізіледі) Заңдарымен.
қолданысқа
17-тарау. ҚОРҒАНШЫЛАРДЫҢ НЕМЕСЕ ҚАМҚОРШЫЛАРДЫҢ ЖӘНЕ
ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
123-бап. Қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы адамдардың құқықтары
            Осы  Кодекстің 
-
  және 
  көзделген  құқықтармен  қатар, 
60 62
67-баптарында
қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы адамдардың сондай-ақ:
      1) өздерінің адамдық қадыр-қасиеттерінің құрметтелуіне;
      2) қорғаншы немесе қамқоршы тарапынан қамқорлық жасалуына;
      3) осы Кодекстің 126-бабының 
 көзделген жағдайларды қоспағанда, 
4-тармағында
онымен бірге тұруға;
      4) өздеріне тиесілі алиментке, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге;
      5) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын сақтауға;
      6) қорғаншы немесе қамқоршы тарапынан жасалатын қиянаттан қорғалуға;
      7) қорғаншының немесе қамқоршының отбасында тәрбиеленуге;
            8)  өздеріне  күтіп-бағу,  тәрбиелеу,  білім  алу  және  жан-жақты  даму  үшін 
жағдайлардың қамтамасыз етілуіне;
            9)  тұрғын  үйі  болмаған  жағдайда  оны  Қазақстан  Республикасының  тұрғын  үй 
заңнамасына сәйкес алуға құқықтары бар.
124-бап. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және білім беру, 
медициналық ұйымдардағы және басқа да ұйымдардағы балалардың құқықтары
      1. Осы Кодекстің 
-
 және 
 көзделген құқықтармен қатар, жетім 
60 62
67-баптарында
балалардың,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  және  білім  беру,  медициналық 
ұйымдардағы және басқа да ұйымдардағы балалардың сондай-ақ:
            1)  күтіп-бағуға,  тәрбиеленуге,  білім  алуға,  жан-жақты  дамуға,  өздерінің 
адамгершілік қадыр-қасиеттерінің құрметтелуіне, өз мүдделерінің қамтамасыз етілуіне;
      2) өздеріне тиесілі алиментке, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге;
      3) тұрғын үйге меншік құқығын немесе оны пайдалану құқығын сақтауға, ал тұрғын
үйі  болмаған  жағдайда,  оны  Қазақстан  Республикасының  тұрғын  үй  заңнамасына 
сәйкес алуға;
            4)  жергілікті  атқарушы  органдар  жүзеге  асыратын  жұмысқа  орналасуда  жәрдем 
көрсетілуіне құқықтары бар.


            2.  Осы  ұйымдар  түлектерінің  құқықтарын  қорғау  қорғаншылық  немесе 
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға жүктеледі.
125-бап. Қорғаншылардың немесе қамқоршылардың өз міндеттерін атқаруы
            1.  Қорғаншылар  заң  жүзiнде  қамқорлыққа  алынушылардың  өкiлдерi  болып 
табылады және олардың атынан және олардың мүддесінде барлық қажеттi мәмiлелердi 
жасайды.
      2. Қамқоршылар өздерiнiң қамқоршылығындағы адамдардың өз бетiнше жасауға 
құқығы  жоқ  мәмiлелердi  жасауға  келiсiм  бередi,  қамқорлыққа  алынушыларға  өз 
құқықтарын жүзеге асыруына және мiндеттерiн атқаруына жәрдем көрсетедi, сондай-ақ
оларды үшiншi тұлғалардың тарапынан жасалатын қиянаттардан қорғайды.
      Қорғаншы немесе қамқоршы қамқорлыққа алынушыларды өз есебiнен күтіп-бағуға 
мiндеттi емес. Қамқорлыққа алынушыны күтіп-бағу қамқорлыққа алынушының алатын
жалақысы,  алиментi  және  басқа  да  әлеуметтiк  төлемдерi  есебiнен,  сондай-ақ  оған 
тиесiлi мүлiктің есебiнен жүзеге асырылады.
            Қамқорлыққа  алынушыны  күтіп-бағуға  жеткiлiктi  қаражат  болмаған  кезде, 
қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
органдар оны күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындайды.
            Қорғаншыларға  немесе  қамқоршыларға  жетім  баланы  (жетім  балаларды)  және 
ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы 
тағайындау  тәртібін  және  төлеу  мөлшерін  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі 
айқындайды.
            3.  Қорғаншылар  немесе  қамқоршылар  өздерiнiң  қамқорлығына  алынғандарды 
күтіп-бағу,  олардың  күтімі  мен  емделуiн  қамтамасыз  ету,  олардың  құқықтары  мен 
мүдделерiн  қорғау  жөнінде  қамқорлық  жасауға  мiндеттi.  Көрсетілген  мiндеттер  сот 
әрекет  қабiлетi  шектеулі  деп  таныған  кәмелетке  толған  адамдардың  және  әрекетке 
толық  қабілетті  деп  жарияланған  кәмелетке  толмағандардың  қамқоршыларына 
жүктелмейдi.
            4.  Егер  адам  әрекетке  қабілетсіз  немесе  әрекет  қабілеті  шектеулі  деп  танылған 
негіздер  жойылса,  қорғаншы  немесе  қамқоршы  қамқорлыққа  алынушыны  әрекетке 
қабілетті деп тану туралы сотқа өтініш беруге міндетті.
126-бап. Баланың қорғаншысының немесе қамқоршысының құқықтары мен міндеттері
            1.  Баланың  қорғаншысы  немесе  қамқоршысы  қорғаншылықтағы  немесе 
қамқоршылықтағы баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, дене бітімі, психикалық, 
адамгершiлiк және рухани жағынан дамуына қамқорлық жасауға мiндеттi.
      Көрсетілген міндеттер сот тәртібімен әрекет қабілеті шектелген кәмелетке толған 
адамдардың қамқоршыларына жүктелмейді.
            Қорғаншы  немесе  қамқоршы  баланың  пiкiрi  мен  қорғаншылық  немесе 
қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  органның  ұсынымдарын 
ескере  отырып,  сондай-ақ  осы  Кодекстің 
  көзделген  талаптар  сақталған 
72-бабында


жағдайда,  қорғаншылықтағы  немесе  қамқоршылықтағы  баланы  тәрбиелеудiң 
тәсілдерін өз бетінше айқындауға құқылы.
      Қорғаншы немесе қамқоршы баланың пiкiрiн ескере отырып, баланың бiлiм алу 
ұйымын  және  оқу  нысанын  таңдауға  құқығы  бар  және  баланың  міндетті  орта  бiлiм 
алуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
            2.  Қорғаншы  немесе  қамқоршы  қорғаншылықтағы  немесе  қамқоршылықтағы 
баланы өздерiнде заңды негiздерсiз ұстап отырған кез келген адамдардан, оның iшiнде 
баланың жақын туыстарынан қайтарып алуды сот арқылы талап етуге құқылы.
      3. Мұндай араласу баланың мүдделерiне сай келмейтін жағдайларды қоспағанда, 
қорғаншы  немесе  қамқоршы  баланың  өз  ата-аналарымен  және  басқа  да  жақын 
туыстарымен араласуына кедергі келтіруге құқылы емес.
      4. Қамқорлыққа алынушылар білім беру ұйымында немесе медициналық ұйымда 
тәрбиеленуде  немесе  емделуде  болған  жағдайларды  қоспағанда,  кәмелетке 
толмағандардың  қорғаншылары  немесе  қамқоршылары  өздерiнің  қамқорлығына 
алғандармен  бiрге  тұруға  мiндеттi.  Бұл  қамқорлыққа  алынушының  тәрбиесiне  және 
оның  құқықтары  мен  мүдделерiн  қорғауға  қолайсыздық  туғызбайтын  болса, 
қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
органның рұқсатымен қамқоршының он алты жасқа толған қамқорлыққа алынушыдан 
бөлек тұруына жол берiледi.
      Қорғаншылар немесе қамқоршылар қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі 
функцияларды  жүзеге  асыратын  органдарға  тұрғылықты  жерiнiң  өзгергенi  туралы 
хабарлауға мiндеттi.
            5.  Қорғаншы  кемiнде  алты  айда  бiр  рет  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық 
жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  органға  қамқорлыққа  алынушының 
денсаулық  жағдайы  туралы  және  оны  тәрбиелеу  жөнiндегi,  сондай-ақ  оның  мүлкiн 
басқару жөнiндегi жұмыс туралы есептер беруге мiндеттi.
127-бап. Әрекетке қабілетті азаматтарды қамқоршылыққа алу
            1.  Денсаулық  жағдайына  байланысты  өз  құқығын  жүзеге  асыра  алмайтын  және 
қорғай  алмайтын  және  мiндеттерiн  орындай  алмайтын  әрекетке  қабiлеттi  кәмелетке 
толған адамның өтiнiшi бойынша оған қамқоршылық белгiленуi мүмкiн.
      2. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын 
орган  әрекетке  қабiлеттi  кәмелетке  толған  адамның  келiсiмiмен  ғана  оған  қамқоршы 
тағайындауы мүмкiн.
      3. Әрекетке қабiлеттi кәмелетке толған қамқорлыққа алынушыға тиесiлi мүлiкке 
билiк  етудi  қамқоршы  қамқорлыққа  алынушымен  жасалған  тапсырма  шарты  немесе 
мүлiктi сенiмгерлікпен басқару негiзiнде жүзеге асырады.
            Қамқоршы  қамқорлыққа  алынушыны  күтіп-бағуға  және  оның  тұрмыстық 
қажеттерiн  қанағаттандыруға  бағытталған  тұрмыстық  және  өзге  де  мәмiлелердi 
жасасуды қамқорлыққа алынушының келiсiмiмен жүзеге асырады.


            4.  Әрекетке  қабiлеттi  кәмелетке  толған  адамның  талап  етуі  бойынша  оны 
қамқоршылыққа алу тоқтатылуы мүмкiн.
            Қамқоршылыққа  алынған  адамның  қамқоршысы  осы  Кодекстің 
 
129-бабында
көзделген жағдайларда өзiне жүктелген мiндеттердi орындаудан босатылады.
128-бап. Қамқорлыққа алынушының мүлкіне билік ету
            1.  Қамқорлыққа  алынушының  өз  бетінше  билiк  етуге  құқығы  бар  табыстарын 
қоспағанда,  қамқорлыққа  алынған  адамның  табыстарын,  оның  iшiнде  қамқорлыққа 
алынушының мүлкiн басқарудан түскен оған тиесілі табыстарды тек қана қамқорлыққа 
алынушының  мүддесінде  және  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі 
функцияларды  жүзеге  асыратын  органның  алдын  ала  рұқсатымен  қорғаншы  немесе 
қамқоршы жұмсайды.
            Қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
органның  алдын  ала  рұқсатынсыз,  қорғаншы  немесе  қамқоршы  қамқорлыққа 
алынушының табысы ретiнде оған тиесiлi, қамқорлыққа алынушыны күтіп-бағу үшiн 
қажеттi сома есебiнен ең төмен күнкөріс шегінде шығыстар шығаруға құқылы.
            Жетім  балалар,  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар  ұйымдарының 
басшылары  тәрбиеленушілердің  алименттен,  жәрдемақылардан  түскен  қаражаттарын 
және басқа да әлеуметтік төлемдерін банк шоттарынан алуға құқығы жоқ.
      2. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын 
органның  алдын  ала  рұқсатынсыз  қорғаншы  қамқорлыққа  алынушының  мүлкін 
иеліктен шығару, оның ішінде айырбастау немесе сыйға тарту жөніндегі мәмілелерді 
жасасуға  немесе  оның  атынан  кепілгерлік,  осы  мүлікті  жалға  (жалдауға),  өтеусіз 
пайдалануға  беру  немесе  кепілге  салу  шартын,  қамқорлыққа  алынушының  заң 
бойынша  және  өсиет  бойынша  мұрагерлікпен  тиесілі  құқықтарынан  бас  тартуына, 
оның мүлкін бөлуге немесе одан үлесті бөліп алуға әкеп соғатын мәмілелерді жасасуға,
сондай-ақ  қамқорлыққа  алынушының  мүлкін  азайтуға  әкеп  соғатын  кез  келген 
мәмілелерді  жасасуға,  ал  қамқоршы  оларды  жасасуға  келісім  беруге  құқылы  емес. 
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган 
көрсетілген  мәмiлелердің  нәтижесiнде  қорғаншы  алған  қаражаттың  қалай  жұмсалуға 
тиiс екенiн айқындайды.
            Қамқорлыққа  алынушының  мүлкiн  басқару  тәртiбi  Қазақстан  Республикасының 
заңнамасында айқындалады.
      3. Мүлiктi қамқорлыққа алынушыға сый ретiнде немесе өтеусіз пайдалануға берудi 
қоспағанда,  қорғаншының  немесе  қамқоршының,  олардың  жұбайлары  мен  жақын 
туыстарының  қамқорлыққа  алынушымен  мәмiлелер  жасасуға,  сондай-ақ  мәмiлелер 
жасасу  немесе  қамқорлыққа  алынушы  мен  қорғаншы  немесе  қамқоршының  жұбайы 
және  олардың  жақын  туыстары  арасында  сот  iстерiн  жүргiзу  кезінде  қамқорлыққа 
алынушының атынан өкiлдiк етуге құқылы емес.


            Қамқорлыққа  алынушының  қорғаншыға  немесе  қамқоршыға,  оның  жұбайына 
немесе  туыстарына  осы  адам  қорғаншы  немесе  қамқоршы  болып  тағайындалғанға 
дейін  туындаған  борыштары  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі 
функцияларды жүзеге асыратын органның рұқсатымен төленедi.
129-бап.  Қорғаншыларды  немесе  қамқоршыларды  өз  міндеттерін  атқарудан  босату 
және шеттету
            1.  Кәмелетке  толмаған  қамқорлыққа  алынушы  оның  ата-аналарына  немесе  оны 
асырап  алушыларға  қайтарылған  жағдайларда,  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық 
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган қорғаншыны немесе қамқоршыны өз 
мiндеттерiн атқарудан босатады.
            Қамқорлыққа  алынушы  тиісті  білім  беру  ұйымына,  медициналық  және 
медициналық-әлеуметтік  ұйымға  немесе  басқа  да  арнайы  ұйымға  орналастырылған 
кезде, егер бұл қамқорлыққа алынушының мүдделерiне қайшы келмесе, қорғаншылық 
немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  орган  бұрын 
тағайындалған қорғаншыны немесе қамқоршыны өз мiндеттерiн атқарудан босатады.
            2.  Қорғаншы  немесе  қамқоршы  дәлелдi  себептер  болған  кезде  (науқастануы, 
мүлiктiк жағдайының өзгеруi, қамқорлыққа алынушымен өзара түсiнiстіктің болмауы 
және  басқалары)  өз  өтiнiшi  бойынша  немесе  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық 
жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  органның  бастамасы  бойынша  өз 
мiндеттерiн атқарудан босатылады.
      3. Қорғаншының немесе қамқоршының өз міндеттерін тиісінше атқармауына, оның 
ішінде  қорғаншылықты  немесе  қамқоршылықты  жеке  басының  мақсаттарына 
пайдалануына  не  қамқорлыққа  алынушыны  қадағалаусыз  және  қажетті  көмексіз 
қалдыруына тыйым салынады.
            Осы  тармақтың  бірінші  бөлігінде  көзделген  жағдайларда,  қорғаншылық  немесе 
қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  орган  қорғаншыны  немесе 
қамқоршыны  осы  міндеттерді  атқарудан  шеттетуге  және  қажетті  шаралар  қолдануға 
міндетті.
130-бап. Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты тоқтату
            1.  Қамқорлыққа  алынушыны  әрекетке  қабiлеттi  деп  тану  немесе  қорғаншының 
немесе қамқоршының не қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды 
жүзеге асыратын органның өтініші бойынша оның әрекет қабiлетi шектелуiнiң күшiн 
жою  туралы  сот  шешiм  шығарған  жағдайларда  кәмелетке  толған  адамдарға 
қорғаншылық немесе қамқоршылық тоқтатылады.
            2.  Қамқорлыққа  алынған  жас  бала  он  төрт  жасқа  толған  соң  оған  қорғаншылық 
тоқтатылады,  ал  қорғаншылық  мiндетiн  жүзеге  асырған  адам  бұл  туралы  қосымша 
шешiмсiз кәмелетке толмаған баланың қамқоршысы болады.


      3. Қамқорлыққа алынушы он сегiз жасқа толған соң, сондай-ақ ол некеге отырған (
ерлі-зайыпты  болған)  кезде  кәмелетке  толмаған  балаға  қамқоршылық  ерекше 
рұқсатсыз-ақ тоқтатылады.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      131-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.06.2020 
 Заңымен (01.07.2021 
№ 351-VI
бастап 
 енгізіледі).
қолданысқа
131-бап. Қорғаншылардың немесе қамқоршылардың іс-әрекеттеріне шағым жасау
            Қамқорлыққа  алынушының  мүддесінде  оның  тұрғылықты  жері  бойынша 
қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органда
не  сотта  қорғаншылардың  немесе  қамқоршылардың  іс-әрекеттеріне  шағым  жасалуы 
мүмкін.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      132-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.06.2020 
 Заңымен (01.07.2021 
№ 351-VI
бастап 
 енгізіледі).
қолданысқа
132-бап.  Қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге 
асыратын органның шешімдеріне шағым жасау
      Мүдделі тұлғалар барлық мәселелер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық 
жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  органдардың  шешімдеріне  сот  тәртібімен 
шағым жасауы мүмкін.
17-1-тарау. Баланы қабылдайтын отбасы
      Ескерту. 4-бөлім 17-1-тараумен толықтырылды - ҚР 09.04.2016 
 501-V Заңымен (

01.01.2017 бастап 
 енгізіледі).
қолданысқа
132-1-бап. Баланы қабылдайтын отбасы
            1.  Баланы  қабылдайтын  ата-аналардың,  жетім  балалардың,  ата-аналарының 
қамқорлығынсыз  қалған  балалардың  тұратын  жері  бойынша  қорғаншылық  немесе 
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган мен білім беру ұйымы 
арасында  жасалған  жетім  балаларды,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған 
балаларды  баланы  қабылдайтын  отбасына  беру  туралы  шарт  жетім  балаларды, 
ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  баланы  қабылдайтын  отбасына 
беруге негіз болып табылады.
      Аға-інілер мен апа-сіңлілерді (қарындастарды) қоспағанда, баланы қабылдайтын 
отбасы тәрбиелеуге кемінде төрт және оннан аспайтын жетім баланы, ата-аналарының 
қамқорлығынсыз қалған баланы қабылдай алады.
            2.  Баланы  қабылдайтын  отбасылар  туралы  ережені  Қазақстан  Республикасының 
балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді.
132-2-бап.  Жетім  балаларды,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды 
баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарт


      1. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы 
қабылдайтын  отбасына  беру  туралы  шартта  жетім  балаларды,  ата-аналарының 
қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  күтіп-бағу,  тәрбиелеу  және  оларға  білім  беру 
жағдайлары,  баланы  қабылдайтын  ата-аналардың  құқықтары  мен  міндеттері, 
қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган 
мен жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар болған білім беру 
ұйымының баланы қабылдайтын ата-аналарға қатысты міндеттері, сондай-ақ осындай 
шартты тоқтатудың негіздері мен салдарлары көзделуге тиіс.
            Жетім  балалар,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар  баланы 
қабылдайтын ата-аналарға көрсетілген шартта көзделген мерзімге тәрбиелеуге беріледі.
            Баланы  қабылдайтын  отбасына  берілген  әрбір  жетім  балаға,  ата-аналарының 
қамқорлығынсыз қалған балаға жеке шарт жасалады.
            Жетім  балаларды,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  баланы 
қабылдайтын  отбасына  беру  туралы  шарттың  мерзімі  аяқталған  жағдайда,  оның 
отбасында болу мерзімін ұзарту жаңа шарттың негізінде жүргізіледі.
            2.  Баланы  қабылдайтын  ата-аналарға  еңбекақы  және  ақшалай  төлемдер  төлеу 
тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
      3. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы 
қабылдайтын ата-аналарға беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу:
      1) дәлелді себептер (ауруы, отбасылық немесе материалдық жағдайының өзгеруі, 
баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы жанжалды қатынастар және 
басқалар) болған кезде баланы қабылдайтын ата-аналардың бастамасы бойынша;
      2) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағу,
тәрбиелеу  және  оларға  білім  беру  үшін  қолайсыз  жағдайлар  туындаған  кезде 
қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
органның  немесе  жетім  балалар,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар 
болған білім беру ұйымының бастамасы бойынша;
            3)  бала  ата-аналарына  қайтарылған,  туыстарына  берілген  немесе  бала  асырап 
алынған жағдайларда мүмкін болады.
132-3-бап. Баланы қабылдайтын ата-аналар
            1.  Баланы  қабылдайтын  ата-аналар  тәрбиелеуге  қабылданған  жетім  балаларға, 
ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға  қатысты  қорғаншылар  мен 
қамқоршылар  сияқты  дәл  сондай  құқықтар  мен  міндеттерді  иеленеді.  Оларға  осы 
Кодекстің 122-бабының 
 көзделген талаптар қойылады.
1-тармағында
      2. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағу
,  тәрбиелеу  және  оларға  білім  беру  үшін  қолайлы  жағдайлар  жасау  үшін  баланы 
қабылдайтын ата-аналардың меншік құқығында әр адамға кемiнде он бес шаршы метр 
мөлшерінде жеке тұрғынжайы немесе пайдалану құқығымен тұрғынжайы болуға тиіс.


      3. Баланы қабылдайтын ата-аналар алты айда бір реттен сиретпей жетім балалар, 
ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар болған білім беру ұйымдарына жетім 
балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың денсаулық жағдайы 
туралы  және  оларды  тәрбилеу  жөніндегі  жұмыс  туралы  есептерді,  қорғаншылық 
немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  органдарға  жетім 
балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуға бөлінген 
қаражатты жұмсау туралы, сондай-ақ олардың мүлкін басқару жөніндегі есепті ұсынуға
міндетті.
132-4-бап.  Баланы  қабылдайтын  отбасына  берілетін  жетім  балалар,  ата-аналарының 
қамқорлығынсыз қалған балалар
      1. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы 
қабылдайтын  отбасына  беру  туралы  шарт  бойынша  беру  үшін  оларды  алдын  ала 
таңдауды  жетім  балалар,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар  болатын 
білім  беру  ұйымымен  және  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі 
функцияларды  жүзеге  асыратын  органмен  келісу  бойынша  жетім  балаларды, 
ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  өз  отбасына  тәрбиелеуге 
қабылдауға тілек білдірген адамдар жүзеге асырады.
      Балалардың мүдделеріне сай келетін және балалар өзінің туыстық қатынасы туралы
білмейтін,  бірге  тұрмаған  және  бірге  тәрбиеленбеген  жағдайларды  қоспағанда, 
аға-інілер мен апа-сіңлілерді (қарындастарды) ажыратуға жол берілмейді.
      2. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы 
қабылдайтын ата-аналарға беру олардың пікірлері ескеріле отырып жүзеге асырылады. 
Он  жасқа  толған  жетім  балалар,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар 
өздерінің келісімдерімен ғана берілуі мүмкін.
            3.  Жетім  балаларды,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  беру 
кезінде баланы қабылдайтын ата-аналардың имандылық және өзге де жеке қасиеттері, 
баланы  қабылдайтын  ата-аналардың  міндеттерін  орындауға  олардың  қабілеттілігі, 
баланы қабылдайтын ата-аналар мен жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз 
қалған балалар арасындағы қарым-қатынастар ескеріледі.
            4.  Баланы  қабылдайтын  ата-аналарға  берілген  жетім  балалар,  ата-аналарының 
қамқорлығынсыз қалған балалар өздеріне тиесілі алименттерге, бірыңғай жинақтаушы 
зейнетақы  қорынан  және  ерікті  жинақтаушы  зейнетақы  қорларынан  төленетін 
ата-аналарының  зейнетақы  төлемдеріне,  жәрдемақыларға  және  басқа  да  әлеуметтік 
төлемдерге  құқығын,  сондай-ақ  тұрғынжайға  меншік  құқығын  немесе  тұрғынжайды 
пайдалану  құқығын  сақтайды.  Тұрғынжай  болмаған  кезде  баланы  қабылдайтын 
ата-аналарға  берілген  жетім  балалардың,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған 
балалардың  Қазақстан  Республикасының  тұрғын  үй  заңнамасына  сәйкес  оларға 
тұрғынжай берілуіне құқығы бар.


            Жетім  балаларға,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға  тиесілі 
ақшалай  қаражатты  және  басқа  да  мүлікті  сақтау  жетім  балаларды,  ата-аналарының 
қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  баланы  қабылдайтын  ата-аналарға  беру  туралы 
шарттың қолданылу уақытында баланы қабылдайтын ата-аналарға жүктеледі.
            Баланы  қабылдайтын  ата-аналарға  берілген  жетім  балалар,  ата-аналарының 
қамқорлығынсыз  қалған  балалар  осы  Кодекстің 


  және 
 
60 61 62
67-баптарында
көзделген құқықтарды да иеленеді.
132-5-бап.  Баланы  қабылдайтын  ата-аналарға  берілген  жетім  балаларды, 
ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру
            Баланы  қабылдайтын  ата-аналарға  берілген  жетім  балаларды,  ата-аналарының 
қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  күтіп-бағуды  қаржыландыру  Қазақстан 
Республикасының  балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы  уәкілетті  органы 
белгілеген тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады.
18-тарау. ПАТРОНАТ
133-бап. Патронат
      1. Патронат нысанындағы қорғаншылық немесе қамқоршылық кәмелетке толмаған 
жетім  балаларға,  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған,  оның  ішінде  білім  беру 
ұйымдарындағы, медициналық немесе басқа да ұйымдардағы балаларға белгіленеді.
            2.  Баланы  тәрбиелеуге  алуға  тілек  білдірген  адам  мен  қорғаншылық  немесе 
қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  орган  арасында  жасалған 
баланы  патронаттық  тәрбиелеуге  беру  туралы  шарт  патронаттың  туындауына  негіз 
болып табылады.
            3.  Патронаттық  тәрбие  туралы  ережені  Қазақстан  Республикасының  балалар 
құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді.
      Ескерту. 133-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 
N 239-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
134-бап. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт
      1. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт баланы күтіп-бағу, тәрбиелеу
және  білім  беру  жағдайларын,  патронат  тәрбиешілердің  құқықтары  мен  міндеттерін, 
патронат  тәрбиешілерге  қатысты  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі 
функцияларды  жүзеге  асыратын  органның  міндеттерін,  сондай-ақ  мұндай  шарттың 
тоқтатылу негіздері мен салдарларын көздеуге тиіс.
            Бала  патронат  тәрбиешіге  көрсетілген  шартта  көзделген  мерзімге  тәрбиелеуге 
беріледі.
      Патронаттық тәрбиелеуге берілген әрбір балаға жеке шарт жасалады.
      Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың мерзімі аяқталған жағдайда,
оның отбасында болу мерзімін ұзарту жаңа шарттың негізінде жүргізіледі.


      2. Патронат тәрбиешілердің еңбегіне ақы және оларға ақшалай төлем төлеу тәртібі 
мен мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
      3. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт:
      1) дәлелді себептері (науқастануы, отбасылық немесе материалдық жағдайының 
өзгеруі,  баламен  өзара  түсіністіктің  болмауы,  балалар  арасындағы  жанжалдар  және 
басқалар) болған кезде патронат тәрбиешілердің бастамасы бойынша;
            2)  баланы  күтіп-бағу,  тәрбиелеу  және  білім  беру  үшін  қолайсыз  жағдайлар 
туындаған кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге 
асыратын органның бастамасы бойынша;
      3) бала ата-анасына қайтарылған, туыстарына берілген немесе бала асырап алынған 
жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
135-бап. Патронат тәрбиешілер
      1. Патронат тәрбиешілердің тәрбиелеуге қабылдап алынған балаға қатысы бойынша
қорғаншылар мен қамқоршылар сияқты құқықтары мен міндеттері болады. Оларға осы 
Кодекстің 
 көзделген талаптар қойылады.
122-бабында
      2. Патронат тәрбиешілерді іріктеуді қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі 
функцияларды  жүзеге  асыратын  органдар  Қазақстан  Республикасының  балалардың 
құқықтарын  қорғау  саласындағы  уәкілетті  орган  бекіткен  патронат  тәрбиешілерге 
қойылатын талаптар туралы қағидаларға сәйкес жүргізеді.
136-бап. Патронат белгіленетін бала
            1.  Баланы  патронаттық  тәрбиелеуге  беру  туралы  шарт  бойынша  беру  үшін  оны 
алдын  ала  таңдауды  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды 
жүзеге  асыратын  органмен  және  баланы  күтіп-бағатын  ұйым  әкімшілігінің  келісімі 
бойынша баланы отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдар жүзеге асырады.
            Ағалы-інілерді,  апалы-сіңлілерді  ажыратуға,  бұл  балалардың  мүдделеріне  сай 
келетін және балалар өздерінің туыстығы туралы білмеген, бірге тұрмаған және бірге 
тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді.
            2.  Баланы  патронат  тәрбиешілерге  беру  оның  пікірі  ескеріле  отырып,  жүзеге 
асырылады. Он жасқа толған бала оның келісімімен ғана берілуі мүмкін.
            3.  Патронат  тәрбиешілерге  берілген  бала  өзіне  тиесілі  алименттерге,  бірыңғай 
жинақтаушы  зейнетақы  қорынан  және  ерікті  жинақтаушы  зейнетақы  қорларынан 
төленетін  ата-аналарының  зейнетақы  төлемдеріне,  жәрдемақыларға  және  басқа  да 
әлеуметтік  төлемдерге  құқығын,  сондай-ақ  тұрғын  жайға  меншік  құқығын  немесе 
тұрғын  жайды  пайдалану  құқығын  сақтайды.  Патронат  тәрбиешілерге  берілген 
баланың  тұрғын  жайы  болмаған  кезде  Қазақстан  Республикасының  тұрғын  үй 
заңнамасына сәйкес оған тұрғын жай берілуіне құқығы бар.
      Тәрбиеленушіге тиесілі ақшалай қаражатты және басқа да мүлікті сақтау баланы 
патронаттық  тәрбиелеуге  беру  туралы  шарттың  қолданылу  уақытына  патронат 
тәрбиешіге жүктеледі.


      Патронат тәрбиешілерге берілген бала осы Кодекстің 
-
 және 
 
60 62
67-баптарында
көзделген құқықтарға да ие болады.
      Ескерту. 136-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 
N 106-V
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
137-бап. Патронат тәрбиешілерге берілген баланы күтіп-бағу
            1.  Патронат  тәрбиешілерге  берілген  әрбір  баланы  күтіп-бағуға  Қазақстан 
Республикасының  Үкіметі  белгілеген  тәртіппен  және  мөлшерде  ай  сайын  ақшалай 
қаражат төленеді.
      2. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын 
орган патронат тәрбиешілерге қажетті көмек көрсетуге, баланың өмірі мен тәрбиесіне 
қалыпты  жағдай  жасауға  жәрдемдесуге  міндетті,  сондай-ақ  патронат  тәрбиешілерге 
жүктелген  баланы  күтіп-бағу,  тәрбиелеу  және  білім  беру  жөніндегі  міндеттердің 
орындалуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
18-1-тарау. Бала қонақтайтын отбасы
      Ескерту. 4-бөлім 18-1-тараумен толықтырылды - ҚР 09.04.2016 
 Заңымен (
№ 501-V
алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң  қолданысқа 
енгізіледі).
137-1-бап. Бала қонақтайтын отбасы
      Баланы қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдар және бала тұрып
жатқан ұйым, баланың тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық 
жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  орган  арасында  жасалған,  баланы 
қонақтайтын отбасына беру туралы шарт баланы қонақтайтын отбасына беруге негіз 
болып табылады.
      Бала қонақтайтын отбасы бірнеше жетім баланы, ата-аналарының қамқорлығынсыз 
қалған баланы қабылдай алады.
            2.  Бала  қонақтайтын  отбасы  туралы  ережені  Қазақстан  Республикасының 
балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді.
137-2-бап. Баланы қонақтайтын отбасына беру туралы шарт
            1.  Баланы  қонақтайтын  отбасына  беру  туралы  шартта  баланы  күтіп-бағу  және 
тәрбиелеу  шарттары,  баланы  қонақтайтын  отбасына  қабылдаған  адамдардың 
құқықтары  мен  міндеттері,  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі 
функцияларды  жүзеге  асыратын  органның,  бала  тұрып  жатқан  ұйымның  міндеттері, 
сондай-ақ мұндай шартты тоқтату негіздері мен салдарлары көзделуге тиіс.
      Бала қонақтайтын отбасына көрсетілген шартта көзделген мерзімге беріледі.
      Бала қонақтайтын отбасына берілген әрбір балаға бөлек шарт жасалады.
      2. Қонақта тәрбиелеу кезінде баланы күтіп-бағуға арналған ақшалай төлем және 
баланы қонақтайтын отбасына қабылдаған адамның еңбегіне ақы төлеу жүргізілмейді.


      3. Баланы қонақтайтын отбасына беру туралы шарт:
      1) дәлелді себептері (науқасы, отбасылық немесе материалдық жағдайының өзгеруі,
баламен  өзара  түсіністіктің  болмауы,  балалар  арасында  жанжалдар  және  басқалар) 
болған  кезде  бала  қонақтайтын  отбасына  баланы  қабылдаған  адамдардың  бастамасы 
бойынша;
            2)  баланы  күтіп-бағу  мен  тәрбиелеу  үшін  қолайсыз  жағдайлар  туындаған  кезде 
қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
органның, бала тұрып жатқан ұйымның бастамасы бойынша;
            3)  бала  қорғаншылыққа  немесе  қамқоршылыққа,  асырап  алған  отбасына, 
патронатқа  берілген  немесе  баланы  асырап  алған  жағдайларда  мерзімінен  бұрын 
бұзылуы мүмкін.
137-3-бап. Бала қонақтайтын отбасына баланы қабылдаған адам
            1.  Бала  қонақтайтын  отбасына  баланы  қабылдайтын  адамға  баланы  беру  ол 
Республикалық деректер банкінде тіркелген жағдайда жүзеге асырылады.
      2. Бала қонақтайтын отбасына баланы қабылдаған адам оның заңды өкілі болып 
табылмайды және ол:
            1)  баланы  Қазақстан  Республикасының  аумағынан  тыс  жерге  әкетуді  жүзеге 
асыруға;
            2)  баланы  медициналық  көмек  көрсету  үшін  медициналық  ұйымға  орналастыру 
немесе  ішкі  істер  органдарына  жеткізу  жағдайларынан  басқа,  баланы  үшінші 
тұлғалардың (жеке және (немесе) заңды тұлғалардың) қадағалауына қалдыруға;
      3) бала қонақтайтын отбасына баланы беру туралы шарттың өзге де талаптарын 
бұзуға құқылы емес.
      3. Бала қонақтайтын отбасына баланы қабылдаған адам:
            1)  бала  отбасында  уақытша  болған  кезеңде  оның  өмірі  мен  денсаулығы  үшін 
жауапты болуға;
            2)  бала  қонақтайтын  отбасына  беру  туралы  шарт  мерзімі  өткен  соң  бала  тұрып 
жатқан ұйымға баланы дереу қайтаруға;
            3)  баланың  өміріне  және  (немесе)  денсаулығына  қауіп  төндіретін  жағдайдың 
туындағаны,  баланың  науқастанғаны,  оның  жарақат  алғаны,  оның  медициналық 
ұйымға немесе ішкі істер органдарына орналастырылғаны туралы жиырма төрт сағат 
ішінде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын 
органдарға немесе бала тұрып жатқан ұйымға хабарлауға;
      4) Бала қонақтайтын отбасы туралы ереженің өзге де шарттарын сақтауға міндетті.
137-4-бап. Бала қонақтайтын отбасына берілетін бала
      1. Шарт бойынша бала қонақтайтын отбасына баланы беру үшін баланы алдын ала 
таңдауды  бала  тұрып  жатқан  білім  беру  ұйымымен  және  қорғаншылық  немесе 
қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  органмен  келісу  бойынша 
бала қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген адам жүзеге асырады.


      Балалардың мүддесіне сай келетін және балалар өзінің туыстық қатынасы туралы 
білмейтін,  бірге  тұрмаған  және  бірге  тәрбиеленбеген  жағдайларды  қоспағанда, 
аға-iнiлер мен апа-сiңлілердi (қарындастарды) ажыратуға жол берілмейді.
      2. Бала қонақтайтын отбасына баланы қабылдауға тілек білдірген адамға баланы 
беру  оның  пікірі  ескеріле  отырып  жүзеге  асырылады.  Он  жасқа  толған  бала  оның 
келісімімен ғана берілуі мүмкін.
5-БӨЛІМ. ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ АЛИМЕНТТІК ҚАТЫНАСТАРЫ
19-тарау. АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ АЛИМЕНТТІК 
МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
138-бап. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағу жөніндегі міндеттері
            1.  Ата-аналар  өздерінің  кәмелетке  толмаған  балаларын  күтіп-бағуға  міндетті. 
Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағудың тәртібі мен нысанын ата-аналар дербес 
айқындайды.
            Ата-аналар  өздерінің  кәмелетке  толмаған  балаларын,  сондай-ақ  жалпы  орта, 
техникалық  және  кәсiптiк,  орта  бiлiмнен  кейiнгi  бiлiм  беру  жүйесінде,  күндізгі  оқу 
нысаны  бойынша  жоғары  бiлiм  беру  жүйесiнде  оқитын  кәмелетке  толған  балаларын 
күтіп-бағу туралы келісім (алимент төлеу туралы келісім) жасасуға құқылы.
      2. Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларына, сондай-ақ жалпы орта,
техникалық  және  кәсiптiк,  орта  бiлiмнен  кейiнгi  бiлiм  беру  жүйесінде,  күндізгі  оқу 
нысаны  бойынша  жоғары  бiлiм  беру  жүйесiнде  оқитын  жиырма  бір  жасқа  дейінгі 
кәмелетке  толған  балаларына  күтіп-бағу  қаражатын  ерікті  түрде  бермеген  жағдайда, 
бұл қаражат олардан сот тәртібімен өндіріп алынады.
            3.  Ата-аналардың  алимент  төлеу  туралы  келісімі  болмаған  кезде,  кәмелетке 
толмаған  балаларға  күтіп-бағу  қаражаты  берілмеген  кезде  және  сотқа  талап-арыз 
берілмеген кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге 
асыратын  орган  кәмелетке  толмаған  балаларға  олардың  ата-аналарынан  алимент 
өндіріп алу туралы талап-арыз беруге құқылы.
139-бап. Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға сот тәртібімен өндіріп алынатын 
алименттің мөлшері
      1. Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға 
олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға - ата-анасы
табысының және (немесе) өзге де кірісінің - төрттен бір бөлігін; екі балаға - үштен бір 
бөлігін; үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады.
            2.  Бұл  үлестердің  мөлшерін  сот  тараптардың  материалдық  немесе  отбасылық 
жағдайларын  және  назар  аударарлық  өзге  де  мән-жайларды  ескере  отырып,  кемітуі 
немесе көбейтуі мүмкін.


140-бап. Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) 
өзге де кірістің түрлері
      Ата-ананың алатын және алимент ұсталатын жалақысы және (немесе) өзге де кірісі 
түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді.
      Ескерту. 140-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 
N 239-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
141-бап. Тұрақты ақша сомасында балаларға алимент өндіріп алу
      1. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеу туралы келісімі 
болмаған  кезде  және  ата-ананың  табысына  және  (немесе)  өзге  де  кірісіне  үлестік 
қатынаста  алимент  өндіріп  алу  мүмкін  болмаған,  қиындық  тудырған  немесе 
тараптардың бірінің мүдделерін елеулі түрде бұзатын жағдайларда, сот тұрақты ақша 
сомасында немесе бір мезгілде үлеспен және тұрақты ақша сомасында ай сайын өндіріп
алынатын алимент мөлшерін айқындауға құқылы.
      Мұндай жағдайларға тұрақты емес, өзгермелі табысы және (немесе) өзге де кірісі 
бар не, егер ата-ана табысын және (немесе) өзге де кірісін толығымен немесе ішінара 
заттай алатын ата-аналардан алимент өндіріп алу жатады.
            2.  Күндізгі  оқу  нысаны  бойынша  жалпы  орта,  техникалық  және  кәсіптік,  орта 
білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары білім беру жүйесінде оқитын жиырма 
бір  жасқа  дейінгі  балаларға  күтіп-бағу  қаражатын  өндіріп  алу  алимент  төлеу  туралы 
келісім болмаған кезде сот тәртібімен тұрақты ақша сомасында жүргізіледі.
            3.  Тұрақты  ақша  сомасының  мөлшерін  сот  тараптардың  материалдық  және 
отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мән-жайларды ескере отырып, 
баланың  бұрынғы  қамтамасыз  етілу  деңгейін  мүмкіндігінше  сақтайтын  көлемдегі 
айлық есептік көрсеткіш мөлшерін негізге алып айқындайды.
      4. Егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса, алименттің 
мөлшері оның біреуінен аз қамтылған екіншісінің пайдасына осы баптың 3-тармағына 
сәйкес  ай  сайын  өндіріп  алынатын  және  сот  айқындайтын  тұрақты  ақша  сомасында 
белгіленеді.
142-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға алимент өндіріп алу және 
оны пайдалану
      Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға алимент осы Кодекстің 
-
138 141
  сәйкес  өндіріп  алынады  және  балалардың  қорғаншысына  немесе 
-баптарына
қамқоршысына немесе олардың патронат тәрбиешілеріне төленеді.
      Қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронат тәрбиешіге берілген балаларға 
арналған  алимент  төлемдерінің  сомасы  екінші  деңгейдегі  банктерде  ашылған  осы 
балалардың депозиттік шоттарына аударылады.
143-бап. Еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың алимент алуға құқығы
            1.  Еңбекке  жарамды  ата-аналар  өздерінің  көмекке  мұқтаж,  еңбекке  жарамсыз 
кәмелетке толған балаларын күтіп-бағуға міндетті.


            2.  Алимент  төлеу  туралы  келісім  болмаған  кезде  еңбекке  жарамсыз  кәмелетке 
толған балаларға алимент мөлшерін сот алимент төлеу кезіндегі қолданылып жүрген 
айлық  есептік  көрсеткіштің  еселенген  қатынасында,  тараптардың  материалдық  және 
отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, 
айқындайды.
144-бап.  Ата-аналардың  балаларды  күтіп-бағуға  арналған  қосымша  шығыстарға 
қатысуы
      1. Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде және ерекше жағдайлар (кәмелетке
толмаған  балалардың  немесе  көмекке  мұқтаж,  еңбекке  жарамсыз  кәмелетке  толған 
балалардың  ауыр  науқастануы,  мертігуі,  оларға  бөгде  адамның  бағып-күтуіне  ақы 
төлеу  қажеттігі  және  басқа  да  мән-жайлар)  болған  кезде  сот  осы  мән-жайлардан 
туындаған қосымша шығыстарды көтеруге қатысуға ата-аналардың әрқайсысын тартуы
мүмкін.
      2. Егер ата-аналардың қосымша шығыстарды көтеруге қатыстырылу тәртібі және 
осы  шығыстардың  мөлшері  екіжақты  келісім  бойынша  айқындалмаса,  онда  сот 
ата-аналардың,  басқа  да  балалардың  материалдық  және  отбасылық  жағдайлары  мен 
тараптардың  назар  аударарлық  мүдделерін  негізге  ала  отырып,  ай  сайын  төленуге 
тиісті  алиментті  төлеу  кезіндегі  айлық  есептік  көрсеткіштің  еселенген  қатынасында 
белгілейді.
            3.  Сот  ата-аналарды  нақты  шеккен  қосымша  шығыстарды  өтеуге  де,  балаларды 
күтіп-бағуға  болашақта  жасалуға  тиіс  қосымша  шығыстарды  өтеуге  де  қатысуын 
міндеттеуге құқылы.
145-бап. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарын күтіп-бағу жөніндегі міндеттері
      1. Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке 
жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті.
            2.  Алимент  төлеу  туралы  келісім  болмаған  кезде  көмекке  мұқтаж,  еңбекке 
жарамсыз  ата-аналарға  алимент  олардың  еңбекке  жарамды  кәмелетке  толған 
балаларынан сот тәртібімен өндіріп алынады.
            3.  Балалардың  әрқайсысынан  өндіріп  алынатын  алименттің  мөлшерін  сот 
ата-аналары  мен  балаларының  материалдық  және  отбасылық  жағдайлары  мен 
тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеу 
кезіндегі айлық есептік көрсеткіштің еселенген қатынасында белгілейді.
      4. Алимент мөлшерін айқындау кезінде сот балалардың бәріне, олардың біреуіне 
немесе бірнешеуіне талап қойылғанына қарамастан, осы ата-ананың еңбекке жарамды 
кәмелетке толған балаларының бәрін ескеруге құқылы.
            5.  Егер  сот  ата-аналардың  осы  балаларына  қатысты  ата-аналық  міндеттерін 
орындаудан бұрын жалтарғанын анықтаса, балалар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке 
жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағу жөніндегі міндеттерінен босатылуы мүмкін.


            Балалары  ата-ана  құқықтарынан  айырылған  ата-аналарына  алимент  төлеуден 
босатылады.
      6. Кәмелетке толған, асырап алынған балалардың асырап алушыларды күтіп-бағу 
жөніндегі  міндеттері  балалардың  ата-аналары  алдындағы  міндеттері  сияқты 
айқындалады.
146-бап. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарына жасалған қосымша шығыстарға 
қатысуы
            1.  Кәмелетке  толған  балалар  еңбекке  жарамсыз  ата-аналарына  қамқорлық 
жасамаған кезде және ерекше мән-жайлар (ата-анасының ауыр науқастануы, мертігуі, 
оны  бөгде  адамның  бағып-күткені  үшін  ақы  төлеу  қажеттігі,  оны 
медициналық-әлеуметтік  мекемеге  орналастыру  және  басқалары)  болған  кезде  сот 
кәмелетке  толған  балаларын  осы  мән-жайлардан  туындаған  қосымша  шығыстарды 
көтеруге тартуы мүмкін.
            2.  Кәмелетке  толған  балалардың  әрқайсысының  қосымша  шығыстарды  көтеру 
тәртібі мен осы шығыстардың мөлшерін сот осы Кодекстің 145-бабының  ,   және 
3 4
5-
  белгіленген  талаптар  сақталған  кезде  ата-аналар  мен  балаларының 
тармақтарында
материалдық  және  отбасылық  жағдайларын  және  тараптардың  басқа  да  назар 
аударарлық мүдделерін ескере отырып айқындайды.
            3.  Қосымша  шығыстарды  көтеру  тәртібі  мен  осы  шығыстардың  мөлшері 
тараптардың келісімімен айқындалуы мүмкін, мұндай келісім болмаған жағдайда дау 
сот тәртібімен шешіледі.
20-тарау. ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ ЖӘНЕ БҰРЫНҒЫ 
ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ
АЛИМЕНТТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
147-бап. Ерлі-зайыптылардың бірін-бірі күтіп-бағу жөніндегі міндеттері
      1. Ерлі-зайыптылар бірін-бірі материалдық жағынан қолдауға міндетті.
            2.  Мұндай  қолдаудан  бас  тартқан  және  ерлі-зайыптылардың  арасында  алимент 
төлеу туралы келісім болмаған жағдайда, алимент төлеуге қажетті қаражаты бар екінші
жұбайдан:
      1) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының;
            2)  жүктілігі  кезеңінде  және  ортақ  баласы  туған  күннен  бастап  үш  жыл  бойы 
зайыбының;
      3) ортақ мүгедек баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып 
отырған,  сондай-ақ  он  сегіз  жасқа  толған  соң  ортақ  мүгедек  балаға  I-II  топтағы 
мүгедектік  белгіленген  жағдайда  көмекке  мұқтаж  жұбайының  алимент  төлеуді  сот 
тәртібімен талап етуге құқығы бар.


148-бап. Бұрынғы жұбайдың неке (ерлі-зайыптылық)бұзылғаннан кейін алимент алуға 
құқығы
      1. Алимент төлеуге қажетті қаражаты бар бұрынғы жұбайынан алимент төлеуді сот 
тәртібімен талап етуге:
            1)  жүктілігі  кезеңінде  және  ортақ  баласы  үш  жасқа  толғанға  дейін  бұрынғы 
зайыбының;
      2) ортақ мүгедек баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып 
отырған,  сондай-ақ  он  сегіз  жасқа  толған  соң  ортақ  мүгедек  балаға  I-II  топтағы 
мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының;
            3)  неке  (ерлі-зайыптылық)  бұзылғанға  дейін  еңбекке  жарамсыз  болып  қалған 
көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз бұрынғы жұбайының құқығы бар.
            2.  Алименттің  мөлшері  және  оны  неке  (ерлі-зайыптылық)  бұзылғаннан  кейін 
бұрынғы жұбайына беру тәртібі бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасындағы келісіммен 
айқындалуы не сот айқындауы мүмкін.
149-бап.  Ерлі-зайыптылардан  және  бұрынғы  ерлі-зайыптылардан  сот  тәртібімен 
өндіріп алынатын алименттің мөлшері
            Ерлі-зайыптылардың  (бұрынғы  ерлі-зайыптылардың)  арасында  алимент  төлеу 
туралы келісім болмаған кезде, жұбайдан (бұрынғы жұбайдан) сот тәртібімен өндіріп 
алынатын  алименттің  мөлшерін  ерлі-зайыптылардың  (бұрынғы  ерлі-зайыптылардың) 
материалдық  және  отбасылық  жағдайларын  және  тараптардың  басқа  да  назар 
аударарлық  мүдделерін  негізге  ала  отырып,  алимент  төлеу  кезіндегі  қолданылып 
жүрген айлық есептік көрсеткіштің еселенген қатынасында сот айқындайды.
150-бап. Жұбайды екінші жұбайды күтіп-бағу жөніндегі міндеттен босату немесе бұл 
міндеттің мерзімін шектеу
      1. Сот жұбайдың көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз екінші жұбайды күтіп-бағу 
міндетінен  босатуы  немесе  некеде  тұрған  (ерлі-зайыпты  болған)  кезеңде  де,  неке 
бұзылғаннан кейін де бұл міндетті белгілі бір мерзімге:
      1) егер көмекке мұқтаж жұбайының еңбекке қабілетсіздігі құмар ойындарға, бәс 
тігуге, спирттік ішімдіктерге, есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге салынуы 
салдарынан немесе оның қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасауы салдарынан 
басталған;
      2) ерлі-зайыптылар некеде (ерлі-зайыптылықта) ұзақ тұрмаған (бес жылға дейін);
      3) алимент төлеуді талап ететін жұбай отбасында лайықсыз мінез-құлық көрсеткен 
жағдайларда шектеуі мүмкін.
      2. Бұрынғы жұбайын күтіп-бағу жөніндегі міндет мынадай жағдайларда:
      1) күтіп-бағуға құқығы бар жұбай жаңа некеге отырса (ерлі-зайыпты болса);
            2)  осы  Кодекстің 
  көзделген  мән-жайлар  жойылса,  сот  шешімімен 
148-бабында
тоқтатылады.


      Ескерту. 150-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 
№ 227-V
 (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі); 02.07.2020 
№ 356-VI
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен 
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
21-тарау. ОТБАСЫНЫҢ БАСҚА МҮШЕЛЕРІНІҢ АЛИМЕНТТІК 
МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
151-бап.  Еңбекке  жарамды  ағалары  мен  апаларының  өздерінің  кәмелетке  толмаған 
туған інілері (қарындастары)мен сіңлілерін күтіп-бағу жөніндегі міндеттері
            Кәмелетке  толмаған  көмекке  мұқтаж  інілері  (қарындастары)  мен  сіңлілерінің  өз 
ата-аналарынан  күтіп-бағу  қаражатын  алуға  мүмкіндігі  болмаған  жағдайда,  өздерінің 
алимент төлеуге қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған бірге туған 
ағалары мен апаларынан сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар.
152-бап. Атасы мен әжесінің немерелерін күтіп-бағу жөніндегі міндеттері
      Өздерінің еңбекке жарамды ата-аналарынан, бірге туған кәмелетке толған еңбекке 
жарамды  ағалары  мен  апаларынан  күтіп-бағу  қаражатын  алуға  мүмкіндік  болмаған 
жағдайда, кәмелетке толмаған көмекке мұқтаж немерелердің өздерінің алимент төлеуге
қажетті қаражаты бар әжесі мен атасынан сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар.
153-бап. Немерелердің атасы мен әжесін күтіп-бағу міндеті
            Өздерінің  кәмелетке  толған  еңбекке  жарамды  балаларынан  немесе  жұбайынан  (
бұрынғы  жұбайынан)  күтіп-бағу  қаражатын  алу  мүмкін  болмаған  жағдайда,  көмекке 
мұқтаж,  еңбекке  жарамсыз  атасы  мен  әжесі  өздерінің  алимент  төлеуге  қажетті 
қаражаты  бар  еңбекке  жарамды  кәмелетке  толған  немерелерінен  сот  тәртібімен 
алимент талап етуге құқылы.
154-бап.  Тәрбиеленушілердің  өздерін  іс  жүзінде  тәрбиелеген  адамдарды  күтіп-бағу 
міндеті
      1. Кәмелетке толмаған балаларды іс жүзінде тәрбиелеген және күтіп-баққан еңбекке
жарамсыз мұқтаж адамдардың, егер олар өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды 
балаларынан  немесе  немерелерінен  не  жұбайларынан  (бұрынғы  жұбайларынан) 
күтіп-бағу  қаражатын  ала  алмаса,  өздерінің  кәмелетке  толған  еңбекке  жарамды 
тәрбиеленушілерінен сот тәртібімен күтіп-бағу қаражатын беруді талап етуге құқығы 
бар.
      2. Егер іс жүзінде тәрбиелеген адамдар тәрбиеленушілерді бес жылдан аз уақыт 
күтіп-бақса  және  тәрбиелесе,  сондай-ақ  өздерінің  тәрбиеленушілерін  тиісті  түрде 
күтіп-бақпаса  және  тәрбиелемесе,  сот  тәрбиеленушілерді  осы  адамдарды  күтіп-бағу 
жөніндегі міндеттен босатуға құқылы.
            3.  Осы  баптың  1-тармағында  көзделген  міндеттер  қорғаншылықтағы  немесе 
қамқоршылықтағы не патронаттағы адамдарға жүктелмейді.


155-бап.  Өгей  ұлдар  мен  өгей  қыздардың  өгей  әкесін  және  өгей  шешесін  күтіп-бағу 
жөніндегі міндеттері
      1. Өздерінің өгей ұлдарын немесе өгей қыздарын тәрбиелеген және күтіп-баққан, 
көмекке  мұқтаж,  еңбекке  жарамсыз  өгей  әке  мен  өгей  шеше,  егер  олар  өздерінің 
кәмелетке  толған  еңбекке  жарамды  балаларынан  немесе  немерелерінен  не 
жұбайларынан  (бұрынғы  жұбайларынан)  күтіп-бағу  қаражатын  ала  алмаса,  осыған 
қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған өгей ұлдарынан немесе өгей 
қыздарынан сот тәртібімен күтіп-бағу қаражатын беруді талап етуге құқылы.
      2. Егер өгей әке мен өгей шеше өгей балалары мен өгей қыздарын бес жылдан аз 
уақыт  тәрбиелесе  және  күтіп-бақса,  сондай-ақ  олар  өздерінің  тәрбиелеу  немесе 
күтіп-бағу  жөніндегі  міндеттерін  тиісті  түрде  атқармаса,  сот  өгей  ұлдар  мен  өгей 
қыздарды өгей әкесін немесе өгей шешесін күтіп-бағу міндеттерінен босатуға құқылы.
156-бап. Отбасының басқа мүшелерінен сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің 
мөлшері
      1. Осы Кодекстің 
-
 аталған адамдарға алименттің мөлшері мен 
151 155-баптарында
оны төлеу тәртібі тараптардың келісімімен айқындалуы мүмкін.
      2. Тараптардың келісімі болмаған кезде сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің
мөлшерін сот әрбір жеке жағдайда алимент төлеуші мен алушының материалдық және 
отбасылық жағдайлары мен тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерін негізге 
ала  отырып,  алимент  төлеген  кезде  қолданылып  жүрген  айлық  есептік  көрсеткіштің 
еселенген қатынасында белгілейді.
            3.  Егер  отбасының  алимент  талап  етуші  мүшесін  бір  мезгілде  бірнеше  адам 
күтіп-бағуға міндетті болса, сот олардың материалдық және отбасылық жағдайларына 
қарай  олардың  әрқайсысының  алимент  төлеу  жөніндегі  міндетін  орындауға  қатысу 
мөлшерін  айқындайды.  Алимент  мөлшерін  айқындау  кезінде  сот  алимент  төлеуге 
міндетті  адамдардың  бәріне,  олардың  біреуіне  немесе  бірнешеуіне  талап-арыз 
берілгеніне қарамастан, сол адамдардың бәрін ескеруге құқылы.
22-тарау. АЛИМЕНТ ТӨЛЕУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
157-бап. Алимент төлеу туралы келісім жасау
      Алимент төлеу (алименттің мөлшері, оны төлеудің шарттары мен тәртібі) туралы 
келісім  алиментті  төлеуге  міндетті  адам  мен  оны  алушының  арасында,  ал  алиментті 
төлеуге міндетті адам және (немесе) алимент алушы әрекетке қабілетсіз болған кезде, 
осы адамдардың заңды өкілдерінің арасында жасалады.
158-бап. Алимент төлеу туралы келісімнің нысаны
            Алимент  төлеу  туралы  келісім  жазбаша  нысанда  жасалады  және  ол  нотариатта 
куәландырылуға тиіс.


      Алимент төлеу туралы келісімнің заңда белгіленген нысанын сақтамау Қазақстан 
Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларында көзделген салдарларға әкеп соғады.
159-бап. Алимент төлеу туралы келісімді жасау, орындау, өзгерту, бұзу және жарамсыз
деп тану тәртібі
            1.  Алимент  төлеу  туралы  келісімді  жасауға,  орындауға,  өзгертуге,  бұзуға  және 
жарамсыз 
деп 
тануға 
Қазақстан 
Республикасы 
Азаматтық 
кодексінің 
азаматтық-құқықтық  мәмілелерді  жасауды,  орындауды,  өзгертуді,  бұзуды  және 
жарамсыз деп тануды реттейтін нормалары қолданылады.
      2. Алимент төлеу туралы келісімді орындаудан біржақты бас тартуға немесе оның 
шарттарын біржақты өзгертуге тыйым салынады.
      3. Тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайлары елеулі түрде өзгеріске 
ұшыраған  жағдайда  және  алимент  төлеу  туралы  келісімді  өзгерту  немесе  бұзу 
жөніндегі  келісімге  қол  жетпеген  кезде,  мүдделі  тарап  осы  келісімді  өзгерту  туралы 
немесе  бұзу  туралы  сотқа  талап-арызбен  жүгінуге  құқылы.  Алимент  төлеу  туралы 
келісімді  өзгерту  немесе  бұзу  туралы  мәселені  шешу  кезінде  сот  тараптардың  назар 
аударарлық кез келген мүддесін ескеруге құқылы.
160-бап.  Алимент  алушының  мүддесін  бұзатын  алимент  төлеу  туралы  келісімді 
жарамсыз деп тану
      Егер алимент төлеу туралы келісімде көзделген кәмелетке толмаған баланы немесе 
кәмелетке  толған  әрекетке  қабілетсіз  отбасы  мүшесін  күтіп-бағу  шарттары  олардың 
мүдделерін  елеулі  түрде  бұзатын  болса,  атап  айтқанда,  осы  Кодекстің  161-бабы  2-
  талаптары  сақталмаған  жағдайда,  мұндай  келісім  кәмелетке  толмаған 
тармағының
баланың немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз отбасы мүшесінің заңды өкілінің, 
сондай-ақ  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге 
асыратын органның немесе прокурордың талап етуі бойынша сот тәртібімен жарамсыз 
деп танылуы мүмкін.
161-бап. Алимент төлеу туралы келісім бойынша төленетін алименттің мөлшері
      1. Алимент төлеу туралы келісім бойынша төленетін алименттің мөлшерін тараптар
осы келісімде айқындайды.
            2.  Кәмелетке  толмаған  балаларға  алимент  төлеу  туралы  келісім  бойынша 
белгіленетін алименттің мөлшері олардың сот тәртібімен алимент өндіріп алған кездегі 
алуы мүмкін алименттің мөлшерінен төмен болмауға тиіс.
162-бап.  Алимент  төлеу  туралы  келісім  бойынша  алимент  төлеудің  тәсілдері  мен 
тәртібі
      1. Алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеудің тәсілдері мен тәртібі 
осы келісімде айқындалады.
      2. Алимент оны төлеуге міндетті адамның табысына және (немесе) өзге де кірісіне 
үлеспен кезең-кезеңмен төленіп тұратын тұрақты ақша сомасымен; біржолғы төленетін


тұрақты  ақша  сомасымен;  мүлік  беру  жолымен,  сондай-ақ  келісімде  қол  жеткізілген 
өзге де тәсілдермен төленуі мүмкін.
      Алимент төлеу туралы келісімде алимент төлеудің әртүрлі тәсілдерін ұштастыру 
көзделуі мүмкін.
23-тарау. АЛИМЕНТТІ СОТ ТӘРТІБІМЕН ТӨЛЕТТІРУ ЖӘНЕ ӨНДІРІП АЛУ
ТӘРТІБІ
163-бап. Алиментті сот шешімі бойынша өндіріп алу
      Осы Кодекстің 
-
 аталған отбасы мүшелері алимент төлеу туралы
143 155-баптарында
келісім болмаған кезде алимент өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.
164-бап. Алимент алу үшін өтініш беру мерзімдері
            1.  Алимент  алуға  құқығы  бар  адам,  егер  бұрын  алимент  төлеу  туралы  келісім 
бойынша  алимент  төленбеген  болса,  алимент  алу  құқығы  туындаған  кезден  бастап 
өткен мерзімге қарамастан, сотқа алимент өндіріп алу туралы өтініш жасауға құқылы.
      2. Алимент сотқа өтініш жасалған кезден бастап тағайындалады.
            Егер  сотқа  өтініш  беруден  бұрын  күтіп-бағуға  қаражат  алу  шаралары 
қолданылғанын,  бірақ  алиментті  төлеуге  міндетті  адамның  оны  төлеуден  жалтаруы 
салдарынан алимент алынбағанын сот анықтаған болса, сотқа өтініш жасалған кезден 
бастап үш жыл мерзім шегінде өткен кезеңге алимент өндіріп алынуы мүмкін.
165-бап. Ұйымның лауазымды адамының алиментті ұстап қалу міндеті
      Алимент төлеуге міндетті адамның жұмыс орны бойынша ұйымның лауазымды 
адамы нотариатта куәландырылған алимент төлеу туралы келісімнің негізінде немесе 
атқару  құжатының  негізінде  төленген  күнінен  бастап  алуға  жататын  оның 
жалақысынан  және  өзге  де  кірісінен  алимент  алатын  адамның  пайдасына  ай  сайын 
алимент ұстап қалуға және оны алимент төлеуге міндетті адамның есебінен жалақының
және өзге де кірістің төленген күнінен бастап үш күн мерзімнен кешіктірмей төлеуге 
немесе аударуға міндетті.
            Төлеушіден  ұсталған,  бірақ  алушыға  уақтылы  аударылмаған  алиментті  төлеуді 
кешіктіргені үшін жауапкершілік ұйымның лауазымды адамына жүктеледі.
      Ескерту. 165-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 26.06.2020 
№ 349-VI
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
166-бап. Алимент төлеу туралы келісімнің негізінде алиментті ұстап қалу
      Нотариатта куәландырылған алимент төлеу туралы келісімнің негізінде алиментті 
ұстап  қалу,  егер  осындай  келісімнің  және  атқару  құжаттарының  негізінде  ұстап 
қалудың  жалпы  сомасы  алимент  төлеуге  міндетті  адам  жалақысының  және  өзге  де 
кірісінің елу пайызынан аспайтын болса, жүргізіледі.
167-бап. Алимент төлеуге міндетті адамның жұмыс орнын немесе тұрғылықты жерін 
ауыстырғаны туралы хабарлау міндеті


      1. Сот шешімі немесе нотариатта куәландырылған алимент төлеу туралы келісім 
негізінде алиментті ұстап қалатын ұйымның лауазымды адамы алиментті өндіріп алу 
туралы  шешімнің  орындалатын  жері  бойынша  сот  орындаушысына  және  алимент 
алушы  адамға  алиментті  төлеуге  міндетті  адамның  жұмыстан  босағаны  туралы, 
сондай-ақ,  егер  бұл  өзіне  белгілі  болса,  оның  жаңа  жұмыс  орны  немесе  тұрғылықты 
жері туралы үш күн мерзімде хабарлауға міндетті.
      2. Алимент төлеуге міндетті адам сот орындаушысы белгілеген мерзімде осы сот 
орындаушысына  және  сондай-ақ  алимент  алушы  адамға  жұмыс  орнының  немесе 
тұрғылықты  жерінің  өзгергені  туралы,  ал  кәмелетке  толмаған  балаларға  алимент 
төлеген кезде қосымша табысының немесе өзге де кірісінің болуы туралы хабарлауға 
және хабарлағаны туралы растама алуға тиіс.
168-бап. Алимент төлеуге міндетті адамның мүлкінен өндіріп алу
      1. Алимент төлеу туралы келісіммен немесе сот шешімімен белгіленген мөлшерде 
алиментті  өндіріп  алу,  сондай-ақ  алимент  бойынша  берешекті  өндіріп  алу  алимент 
төлеуге міндетті адамның табысынан және өзге де кірісінен жүргізіледі, табысы және 
өзге де кірісі жеткіліксіз болған кезде алимент сол алимент төлеуге міндетті адамның 
банктердегі  шотындағы  және  банк  операцияларының  жекелеген  түрлерін  жүзеге 
асыратын  өзге  де  ұйымдардағы  ақшалай  қаражатынан  ұсталады.  Бұл  қаражат 
жеткіліксіз  болған  кезде  ол  алимент  төлеуге  міндетті  адамның  заң  бойынша  өндіріп 
алуға болатын кез келген мүлкінен өндіріп алынады.
      2. Алимент төлеуге міндетті адамның шотындағы ақшалай қаражатынан және оның 
өзге  де  мүлкінен  алимент  өндіріп  алу  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында 
көзделген тәртіппен жүргізіледі.
169-бап. Алимент бойынша берешек мөлшерін белгілеу
      1. Алимент төлеу туралы келісімнің негізінде немесе атқару құжатының негізінде 
өткен кезең үшін алимент өндіріп алу атқару құжаты не нотариатта куәландырылған 
алимент  төлеу  туралы  келісім  табыс  етілгенге  дейінгі  үш  жыл  мерзім  шегінде 
жүргізіледі.
      Алимент төлемдерiн жалақыдан немесе өзге де кірістерден қатарынан үш ай бойы 
өндiрiп  алу  мүмкiн  болмаған  кезде  борышкердiң  Қазақстан  Республикасының 
заңнамасына  сәйкес  өндiрiп  алуға  болмайтын  мүлкінен  басқа  мүлкiнен  өндiрiп 
алынады.
            2.  Атқару  құжатының  негізінде  немесе  нотариатта  куәландырылған  келісімнің 
негізінде  алимент  ұстап  қалу  алиментті  төлеуге  міндетті  адамның  іздестірілуіне 
байланысты  жүргізілмеген  жағдайларда,  осы  баптың  1-тармағында  белгіленген 
мерзімге  қарамастан  және  күтіп-бағуға  алимент  тағайындалған  адамның  кәмелетке 
толғанына қарамастан, алимент бүкіл кезең үшін өндіріп алынады.
            3.  Осы  Кодекстің 
  сәйкес  кәмелетке  толмаған  балаларға  төленетін 
139-бабына
алимент  бойынша  берешектің  мөлшерін  алимент  төлеуге  міндетті  адамның  алимент 


өндіріп  алынбаған  кезеңдегі  жалақысы  мен  өзге  де  кірісін  негізге  ала  отырып,  сот 
орындаушысы  айқындайды.  Егер  алимент  төлеуге  міндетті  адам  осы  кезеңде  жұмыс 
істемеген  болса  немесе  оның  жалақысы  мен  өзге  де  кірісін  растайтын  құжаттар 
ұсынылмаса,  ай  сайынғы  төлемдер  және  (немесе)  алимент  бойынша  берешек  сол 
берешекті  өндіріп  алу  кезіндегі  Қазақстан  Республикасындағы  орташа  айлық 
жалақының мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
      Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдар үшін, егер 
борышкер осы кезеңде жұмыс істемеген болса, алимент бойынша берешек бір айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалады.
      Мүгедек болып табылатын борышкерлер үшін ай сайынғы төлем немесе алимент 
бойынша берешек – олардың ай сайынғы жалақысынан және өзге де кірісінен, ал егер 
олар  жұмыс  істемейтін  жағдайда  бюджет  қаражатынан  және  (немесе)  Мемлекеттік 
әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін ай сайынғы жәрдемақылардан және (немесе)
әлеуметтік төлемдерден айқындалады.
      4. Сот орындаушысының алимент бойынша берешекті айқындауымен келіспеген 
кезде кез келген тарап Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен 
сот орындаушысының іс-әрекетіне шағым жасай алады.
            5.  Баланың  алимент  төлеуден  жалтарып  жүрген  ата-анасын  іздестіру  кезеңінде 
төленген,  балаға  Қазақстан  Республикасының  балалы  отбасыларға  берілетін 
мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасында белгіленген ай сайынғы жәрдемақы 
сомалары  төленген  сомалардың  он  пайызын  бюджет  кірісіне  есептеу  арқылы  сол 
ата-аналардан өндіріп алынады.
      Ескерту. 169-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 
№ 164-V
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
26.06.2020 
№ 349-VI
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
170-бап. Алимент бойынша берешекті төлеуден босату
            1.  Алимент  бойынша  берешекті  төлеуден  босату  немесе  тараптардың  келісімі 
бойынша алимент төлеген кезде осы берешекті азайту, кәмелетке толмаған балаларға 
алимент  төлейтін  жағдайларды  қоспағанда,  тараптардың  өзара  келісімі  бойынша 
жүргізілуі мүмкін.
      2. Алимент төлеуге міндетті адамның талап-арызы бойынша сот, егер алимент осы 
адамның  науқастануына  байланысты  немесе  басқа  да  дәлелді  себептер  бойынша 
төленбегенін  және  оның  материалдық  және  отбасылық  жағдайы  алимент  бойынша 
пайда болған берешекті өтеуге мүмкіндік бермейтінін анықтаса, оны алимент бойынша 
берешекті төлеуден толық немесе ішінара босатуға құқылы.
171-бап. Алиментті уақтылы төлемеу
      1. Алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеуге міндетті адамның және 
(немесе)  сот  шешімі  бойынша  алимент  төлеуге  міндетті  адамның  кінәсінен  берешек 


пайда  болған  кезде  кінәлі  адам  алимент  алушыға  кешіктірген  әрбір  күні  үшін 
төленбеген  алимент  сомасының  оннан  бір  пайызы  мөлшерінде  тұрақсыздық 
айыппұлын төлейді.
      2. Алимент алушы алименттің уақтылы төленбеуіне кінәлі адамнан алиментті төлеу 
жөніндегі міндетін орындауды кешіктіруден келтірілген бүкіл залалының тұрақсыздық 
айыппұлымен жабылмаған бөлігін де өндіріп алуға құқылы.
172-бап. Алиментті есепке жатқызуға және кері өндіріп алуға жол бермеу
      1. Алиментті басқа қарсы талаптармен есепке жатқызуға болмайды.
      2. Төленген алимент сомасын:
      1) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген;
            2)  алимент  алушы  тарапынан  алдап,  қорқытып  немесе  күш  қолданып  жасалған 
алиментті  төлеу  жөніндегі  келісім  жарамсыз  деп  танылған  жағдайларды  қоспағанда, 
кері талап етуге болмайды.
            3.  Егер  осы  баптың  2-тармағының  2)  тармақшасында  тізбеленген  іс-әрекеттерді 
кәмелетке  толмаған  баланың  немесе  кәмелетке  толған  әрекетке  қабілетсіз  алимент 
алушының  өкілі  жасаса,  алимент  кері  өндіріп  алынбайды,  ал  төленген  алименттің 
сомасы алимент төлеуге міндетті адамның талап-арызы бойынша кінәлі өкілден өндіріп
алынады.
173-бап. Алиментті индекстеу
            Сот  шешімі  бойынша  тұрақты  ақша  сомасында  өндіріп  алынатын  алименттің 
индекстелуін  алиментті  ұстап  қалатын  орын  бойынша  ұйымның  әкімшілігі  айлық 
есептік көрсеткіштің мөлшеріне барабар түрде жүргізеді.
174-бап.  Алимент  төлеуге  міндетті  адам  Қазақстаннан  тыс  жерлерге  уақытша  кеткен 
немесе тұрақты тұруға кеткен жағдайда алимент төлеу
            1.  Алимент  төлеуге  міндетті  адам  Қазақстаннан  тыс  жерлерге  уақытша  кеткен 
немесе тұрақты тұруға кеткен жағдайда, ол заң бойынша күтіп-бағуға қаражат беруге 
міндетті отбасы мүшелерімен осы Кодекстің 
-
 сәйкес алимент төлеу 
157 162-баптарына
туралы келісім жасасуға құқылы.
      2. Келісімге қол жеткізілмеген кезде мүдделі адам алименттің мөлшерін тұрақты 
ақша сомасында белгілеу туралы немесе алиментті біржолғы төлеу туралы не белгілі 
бір  мүлікті  алимент  есебіне  беру  туралы  немесе  алиментті  өзге  де  тәсілмен  төлеу 
туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.
            3.  Алиментті  төлегенін  растайтын  құжаттары  болмаған  жағдайда  борышкерге 
Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсат берілмейді.
175-бап.  Сот  бұрын  белгілеген  алимент  мөлшерін  өзгерту  және  алимент  төлеуден 
босату
            1.  Егер  алимент  төлеу  туралы  келісім  болмаған  кезде  алимент  мөлшері  сот 
тәртібімен белгіленгеннен кейін тараптардың бірінің материалдық немесе отбасылық 
жағдайы  өзгерсе,  сот  кез  келген  тараптың  талап  етуі  бойынша  белгіленген  алимент 


мөлшерін  өзгертуге  немесе  алимент  төлеуге  міндетті  адамды  оны  төлеуден  босатуға 
құқылы.  Алимент  мөлшері  өзгертілген  немесе  оны  төлеуден  босатылған  кезде  сот 
тараптардың назар аударарлық өзге де мүддесін ескеруге құқылы.
      2. Егер кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамның алименттер төлеуге міндетті 
адамға  қатысты  қасақана  қылмыстық  құқық  бұзушылық  жасағаны  анықталса  немесе 
кәмелетке толған әрекетке қабілетті адам отбасында лайықсыз мінез-құлық көрсеткен 
жағдайда, сот оған алименттер өндіріп беруден бас тартуға құқылы.
      Ескерту. 175-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 
№ 227-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
176-бап. Алимент төлеу жөніндегі міндеттерді тоқтату
      1. Алимент төлеу туралы келісімде белгіленген алимент төлеу жөніндегі міндет осы
келісімнің  қолданылу  мерзімі  аяқталғанда  немесе  осы  келісімде  көзделген  негіздер 
бойынша, сондай-ақ тараптардың бірі қайтыс болғанда тоқтатылады.
      2. Сот тәртібімен өндіріп алынатын алиментті төлеу:
      1) бала кәмелетке толғанда немесе кәмелетке толмаған балалар кәмелетке толғанға 
дейін толық әрекетке қабілетті болған жағдайда немесе алимент төлеу туралы келісімде
көрсетілген жасқа толғанда;
      2) күтіп-бағу үшін алимент өндіріп алынған бала асырап алынғанда;
            3)  сот  алимент  алушының  еңбекке  жарамдылығы  қалпына  келтірілген  немесе 
көмекке мұқтаждығы тоқтатылған деп танығанда;
      4) еңбекке жарамсыз, бұрынғы жұбайының көмегіне мұқтаж болып келген алимент 
алушы жаңа некеге отырғанда (ерлі-зайыпты болғанда);
            5)  алимент  алушы  адам  немесе  алимент  төлеуге  міндетті  адам  қайтыс  болғанда 
тоқтатылады.
ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
6-БӨЛІМ. АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІ
24-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
177-бап. Мемлекеттік тіркеуге жататын азаматтық хал актілері
      Туу, қайтыс болу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу (
соттың  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзу  туралы  шешімі  бойынша  некені  (
ерлі-зайыптылықты)  бұзуды  қоспағанда),  атын,  әкесінің  атын  және  тегін  ауыстыру 
тіркеуші  органдарда  осы  Кодексте  белгіленген  мерзімдерде  міндетті  мемлекеттік 
тіркеуге жатады.
            Бала  асырап  алу  және  әке  болуды  анықтау  оқиғалары  мен  фактілері  тиісті 
өзгерістер,  толықтырулар  енгізу  арқылы  тууды  мемлекеттік  тіркеу  туралы  акт 


жазбасында  көрсетіледі.  Соттың  шешімі  бойынша  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзу 
неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасында оған некені (ерлі-зайыптылықты)
бұзу туралы белгі қою арқылы көрсетіледі.
            Қазақстан  Республикасының  неке-отбасы  заңнамасында  көзделген  жағдайларды 
қоспағанда,  қайтыс  болған  адамдарға  қатысты  азаматтық  хал  актілерін  тіркеуге, 
қалпына  келтіруге,  сондай-ақ  азаматтық  хал  актілерін  мемлекеттік  тіркеу  туралы 
куәлікті қайта беруге тыйым салынады.
      Ескерту. 177-бап жаңа редакцияда - ҚР 25.11.2019 
№ 272-VI
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
178-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы бастапқы және қайтадан 
куәліктер беру
            1.  Азаматтық  хал  актілерін  мемлекеттік  тіркегеннен  кейін  өздеріне  қатысты  акт 
жазбасы  жасалған  адамдарға  құжатты  берген  тіркеуші  орган  бастығының 
қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрімен бекітілген, белгіленген үлгідегі азаматтық хал 
актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беріледі.
            Бастапқы  куәлік  жоғалған  немесе  пайдалануға  жарамсыз  болған  жағдайда 
мұрағаттық  акт  жазбасының  негізінде  азаматтық  хал  актісін  тіркеу  туралы  куәлік 
қайтадан беріледі.
      2. Өздеріне қатысты ата-ана құқықтарынан айрылған ата-аналарға, оны қалпына 
келтіргенге дейін баланың туу туралы куәлігі қайтадан берілмейді.
            Некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзған  ерлі-зайыптыларға  және  некесі  (
ерлі-зайыптылығы) жарамсыз деп танылған ерлі-зайыптыларға неке қию (ерлі-зайыпты
болу) туралы куәлік қайтадан берілмейді.
            3.  Азаматтық  хал  актілерін  мемлекеттік  тіркеу  туралы  куәліктер  қазақ  тілінде 
немесе орыс тілінде толтырылады.
      Азаматтар (ата-аналар, ерлі-зайыптылар, бала асырап алушылар) туралы мәліметтер
олардың жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады.
      4. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда азаматтық хал
актілерін  мемлекеттік  тіркеу  туралы  куәліктер  нотариатта  куәландырылған  сенімхат 
бойынша берілуі мүмкін.
179-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүргізетін органдар
      1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар жүргізеді.
            2.  Мұндай  бөлімдер  жоқ  жерлерде  ауыл,  кент,  ауылдық  округ  әкімі  өздерінің 
аумағында  тұратын  азаматтардың  азаматтық  хал  актілерін  тіркеуге  арналған 
құжаттарды қабылдауды және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу және оларды
осы  Кодексте  көзделген  мерзімдерде  Жеке  тұлғалар  туралы  мемлекеттік  дерекқорға 
мәліметтер  енгізу  үшін  ауданның  немесе  облыстық  маңызы  бар  қаланың  тіркеуші 
органына беруді, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер беру мен 
тапсыруды жүргізеді.


            3.  Ауыл,  кент,  ауылдық  округ  тұрғындарының  азаматтық  хал  актілерін  тіркеуді 
ұйымдастыру  тәртібін  ауданның  немесе  облыстық  маңызы  бар  қаланың  жергілікті 
атқарушы органдарының келісімі бойынша аумақтық әділет органдары айқындайды.
      4. Тіркеуші органдардың лауазымды адамдары өздеріне, өздерінің жұбайларына 
және жақын туыстарына қатысты азаматтық хал актілерін тіркеуді жүргізуге құқылы 
емес. Мұндай жағдайларда азаматтық хал актілерін тіркеуді тіркеуші органның басқа 
да лауазымды адамы немесе басқа тіркеуші орган жүргізеді.
      Ескерту. 179-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 
№ 121-V
 Конституциялық 
заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 
N 239-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн 
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
180-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеудің қағидалары мен тәртібі
            1.  Азаматтық  хал  актілерін  мемлекеттік  тіркеудің  қағидалары,  сондай-ақ  некеге 
отыратын  (ерлі-зайыпты  болатын)  адамдардың  денсаулық  жағдайы  мен  отбасылық 
жағдайы туралы бір-бірін өзара хабардар етуі, олардың болашақ ерлі-зайыптылар және 
ата-аналар ретіндегі құқықтары мен міндеттерін түсіндіру тәртібі осы Кодекске сәйкес 
белгіленеді.
            2.  Азаматтық  хал  актілерін  мемлекеттік  тіркеуді  ұйымдастыру,  азаматтық  хал 
актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібін әділет 
органдары айқындайды.
181-бап. Акт кітаптары. Оларды сақтау тәртібі мен мерзімдері
            1.  Азаматтық  хал  актілерін  мемлекеттік  тіркеу  актісі  кітаптарының  нысандарын 
және  осы  кітаптардағы  жазбалар  негізінде  берілетін  куәліктердің  нысандарын 
Қазақстан Республикасының әділет органдары бекітеді.
      2. Акт кітаптары қатаң жүйелі түрде тігілген және нөмірленген, оны құрастырған 
тіркеуші  орган  бастығының  қолтаңбасымен  және  елтаңбалы  мөрімен  бекемделген 
бірдей жүз акт жазбасын қамтып, екі данада жасалады. Акт жазбаларының бірдейлігін 
тіркеуші органның лауазымды адамдары қамтамасыз етеді.
      Акт кітаптарының бірінші даналары - азаматтық хал актісін бастапқы тіркеу орны 
бойынша  ауданның  (қаланың)  тіркеуші  органының  мұрағатында,  екінші  данасы 
облыстың,  республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың  тіркеуші  органының 
мұрағатында сақталады.
            3.  Акт  кітаптарының  бірінші  және  екінші  даналарын  бір  үй-жайда  (ғимаратта) 
сақтауға тыйым салынады.
            4.  Қазақстан  Республикасының  аумағында  тіркеуші  органдарда  және  Қазақстан 
Республикасының шетелдегі мекемелерінде тіркелген акт жазбаларының электрондық 
нұсқалары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған уәкілетті органда 
Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың орталық серверінде сақталады.


      5. Бастапқы тіркеу орны бойынша акт кітаптары жетпіс бес жыл бойы сақталады, 
содан кейін тиісті мемлекеттік мұрағатқа беріледі.
      6. Екінші даналардың акт кітаптары белгіленген мерзім өткеннен кейін жойылуға 
жатады.
      Ескерту. 181-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 
N 239-V
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 
25.11.2019 
№ 272-VI
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
182-бап. Мемлекеттік баж
      1. Азаматтық хал актілерінің тіркелгені үшін Қазақстан Республикасының салық 
заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынады.
      2. Тууды, қайтыс болуды тіркеу, әке болуды анықтауға, Қазақстан Республикасы 
азаматтарының бала асырап алуына байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт 
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар енгізу, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу
кезінде  жіберілген  қателерге  байланысты  қайтадан  куәліктер  беру  Қазақстан 
Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынбай жүргізіледі.
      Ескерту. 182-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
№ 272-VI
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
183-бап. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын өзгерту, толықтыру және түзету тәртібі
            1.  Тіркеу  туралы  бастапқы  акт  жазбалары,  сондай-ақ  жеткілікті  негіздер  болған 
кезде және мүдделі адамдардың арасында дау болмаған кезде азаматтық хал актілерінің
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді тіркеуші орган жүргізеді
.  Мүдделі  адамдардың  арасында  дау  болған  кезде  азаматтық  хал  актілерінің 
жазбаларына  өзгерістер,  толықтырулар  мен  түзетулер  енгізу  мәселелері  медиация 
тәртібімен немесе сот тәртібімен шешіледі.
      2. Азаматтық хал актілерінде жазылған жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен 
түзетулер  енгізу  туралы  өтініштер  өтініш  берушінің  қалауы  бойынша  Қазақстан 
Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға беріледі.
      3. Шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ 
азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген 
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өтініштері Қазақстан Республикасының 
шетелдегі мекемелерi арқылы бастапқы жазбаның сақталған орны бойынша тіркеуші 
органға беріледі.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.06.2020 
 Заңымен (01.07.2021 
№ 351-VI
бастап 
 енгізіледі).
қолданысқа
      4. Азаматтық хал актілерінде жазылған жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен 
түзетулер енгізуді жазба жасалған жер бойынша тіркеуші орган жүргізеді. Азаматтық 


хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы бас
тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
      Ескерту. 183-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 17.11.2014 
 (алғашқы ресми 
№ 254-V
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 
25.11.2019 
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 
№ 272-VI
өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
184-бап. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру
      1. Азаматтық хал актілерінің жоғалған жазбаларын қалпына келтіру туралы өтініш 
сол өтініш берушінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез 
келген  тіркеуші  органға,  ал  шетелде  тұрақты  тұратын  Қазақстан  Республикасы 
азаматтарының,  сондай-ақ  азаматтық  хал  актілерін  Қазақстан  Республикасының 
тіркеуші  органдарында  тіркеген  шетелдіктер  мен  азаматтығы  жоқ  адамдардың 
өтініштері  Қазақстан  Республикасының  шетелдегі  мекемелерi  арқылы  бастапқы 
жазбаның мемлекеттік тіркелген (жоғалған) орны бойынша тіркеуші органға беріледі.
            2.  Азаматтық  хал  актілері  жазбаларын  қалпына  келтіру  тиісті  жазбаның  бұрын 
болғанын  растайтын  құжаттар  болған  кезде  немесе  мемлекеттік  тіркеу  орны  мен 
уақыты  көрсетіле  отырып,  акт  жазбасын  қалпына  келтіру  туралы  сот  шешімінің 
негізінде жүргізіледі.
            3.  Тарихи  отанына  қайта  оралған  адамдарға  қатысты  туу  туралы  азаматтық  хал 
актілерінің  жазбаларын  қалпына  келтіру  жеткілікті  негіздер  болған  кезде  және  осы 
фактіні  құжаттық  растау  (акт  жазбасының  болмауы  (жоғалғаны)  туралы  анықтама 
немесе  хабарлама)  мүмкін  болған  кезде  немесе  ішкі  істер  органдарының  осы 
адамдардың  Қазақстан  Республикасына  заңды  түрде  келгені  туралы  растамасы  және 
олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын беру туралы өтініші болған кезде 
ғана жүргізіледі.
      4. Азаматтық хал актілері жазбаларының жоғалғанын сол жоғалған жазба жасалған 
жер  бойынша  азаматтық  хал  актілері  жазбасының  облыстық  (қалалық)  мұрағаты 
растауға тиіс.
      5. Тіркеуші органның жоғалған жазбаны қалпына келтіруі мүмкін болмаған кезде 
азаматтық  хал  актілерін  мемлекеттік  тіркеу  фактісі  Қазақстан  Республикасының 
Азаматтық  іс  жүргізу  кодексінде  белгіленген  қағидалар  бойынша  сот  тәртібімен 
белгіленеді.
            6.  Азаматтық  хал  актілері  жазбаларын  қалпына  келтіруді  мемлекеттік  тіркеуді 
өтініш берілген жер бойынша тіркеуші орган жүргізеді.
      Ескерту. 184-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
№ 272-VI
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
185-бап. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын жою
      1. Азаматтық хал актілерінің жазбасы:
      1) сот шешімінің негізінде;


      2) мүдделі адамдардың өтініші бойынша;
            3)  жойылуға  жататын  бастапқы,  қалпына  келтірілген  немесе  қайтадан  жазылған 
жазбаны тапқан тіркеуші органның бастамасы бойынша жойылуы мүмкін.
      2. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын жою туралы өтініш сотқа немесе өтініш 
берушінің  қалауы  бойынша  Қазақстан  Республикасының  аумағындағы  кез  келген 
тіркеуші органға, ал шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының
, азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген 
және  шетелде  тұрақты  тұратын  шетелдіктер  мен  азаматтығы  жоқ  адамдардың 
өтініштері  Қазақстан  Республикасының  шетелдегі  мекемелерi  арқылы  жойылуға 
жататын акт жазбасының сақталу орны бойынша тіркеуші органға беріледі.
      3. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын жою өтініш берушінің қалауы бойынша 
Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.
      Ескерту. 185-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
№ 272-VI
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
186-бап. Жеке адамдардың азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу тәртібін сақтау 
міндеті
      1. Жеке адамдар осы Кодексте белгіленген азаматтық хал актілерін мемлекеттік 
тіркеу тәртібін сақтауға міндетті.
            2.  Тіркеуші  органдарда  азаматтық  хал  актілерін  Қазақстан  Республикасының 
заңнамасында белгіленген мерзімде мемлекеттік тіркеу міндеті азаматтарға жүктеледі.
      3. Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) 
кедергі  келтіретін  мән-жайларды  жасыруға  немесе  жалған  мәліметтер  беруге  тыйым 
салынады.
            4.  Өкіл  арқылы  ерлі-зайыптылардың  бірлескен  өтініші  негізінде  неке  қиюды  (
ерлі-зайыпты болуды), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды, тегін, атын, әкесінің атын 
ауыстыруды  тіркеуге  және  баланың  ата-анасының  бірлескен  өтініші  негізінде  әке 
болуды  анықтау  кезінде  тууды  мемлекеттік  тіркеу  туралы  акт  жазбасына  өзгерістер, 
толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
      Ескерту. 186-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
№ 272-VI
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
25-тарау. БАЛАНЫҢ ТУУЫН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
187-бап. Баланың тууын тіркеу үшін негіз
      1. Баланың тууын тіркеу үшін туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін 
анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі негіз болып табылады.
            Медициналық  ұйымнан  тыс  жерде,  оның  ішінде  үйде  босанған  жағдайда,  туу 
туралы  медициналық  куәлікті  анасының  жеке  басын  куәландыратын  құжаттарына 


сәйкес босанғаннан кейін ол өтініш жасаған медициналық ұйымның қызметкері немесе 
босандырған және жеке медициналық практикамен айналысатын жеке адам ресімдейді.
            Тууды  мемлекеттік  тіркеу  кезінде  дәлелді  себеппен  ата-анасының  жеке  басын 
куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда, ата-анасы туралы мәліметтер неке қию 
(ерлі-зайыпты  болу)  туралы  куәлікке  не  неке  қию  (ерлі-зайыпты  болу)  туралы  акт 
жазбасына  сәйкес  толтырылады.  Бала  медициналық  ұйымда  туылған  және  анасының 
жеке  басын  куәландыратын  құжаттары  болмаған  жағдайларда,  туу  фактісін  тіркеу 
кезінде  ол  туралы  мәліметтер  анасының  өтініші  бойынша  және  туу  туралы 
медициналық куәлікке сәйкес толтырылады, оған анасы туралы мәліметтер өзінің сөзі 
бойынша жазылғаны туралы белгі қойылады. Азаматтық хал актілеріне ата-анасының 
атын,  әкесінің  атын  (егер  ол  жеке  басын  куәландыратын  құжатта  көрсетілсе),  тегін, 
ұлтын жазу осы Кодекстің 

 және 
 сәйкес жүргізіледі.
50 51
63-баптарына
      Баланы суррогат ана туған жағдайда туу туралы медициналық куәлік тіркеу үшін 
негіз болып табылады.
      2. Баланың туу туралы медициналық куәлігі баланың анасы туралы барлық қажетті 
мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), сондай-ақ баланың туған күнін, 
айын,  жылын  және  жынысын,  құжаттың  берілген  күнін  қамтуға  тиіс.  Куәлік 
медициналық ұйымның лауазымды адамының қолтаңбасымен және мөрімен расталуға 
тиіс.
            3.  Кәмелетке  толмаған  ата-аналардың  бала  тууын,  сондай-ақ  суррогат  ана  туған 
баланы мемлекеттік тіркеу жалпы тәртіппен жүргізіледі.
            4.  Осы  баптың  1-тармағында  көрсетілген  тууды  мемлекеттік  тіркеу  үшін  негіз 
болмаған  кезде  баланың  тууын  мемлекеттік  тіркеу  осы  әйелдің  баланы  туу  фактісін 
анықтау туралы сот шешімінің негізінде жүргізіледі.
      Ескерту. 187-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
 Заңымен (алғашқы 
№ 272-VI
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
188-бап. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу орны
      1. Баланың тууын мемлекеттiк тiркеу ата-анасының не олардың бiреуiнiң қалауы 
бойынша  Қазақстан  Республикасының  аумағындағы  кез  келген  тiркеушi  органда 
жүргiзіледi.
      Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды қабылдауды тіркеуші орган, 
сондай-ақ  "Азаматтарға  арналған  үкімет"  мемлекеттік  корпорациясы  жүзеге  асырады 
не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
            2.  Егер  ата-анасы  бір-бірімен  некеде  тұрмаса  (ерлі-зайыпты  болмаса),  баланың 
тууын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiшпен бір мезгілде әке болуды анықтау туралы 
өтiнiш берiледi.
            3.  Тууды  мемлекеттік  тіркеу  туралы  акт  жазбасында  баланың  туылған  жері  деп 
баланың  тууын  мемлекеттік  тіркеу  кезінде  қабылданған  Қазақстан  Республикасы 


әкімшілік-аумақтық  бірлігінің  атауына  сәйкес  баланың  нақты  туылған  жерінің  атауы 
көрсетіледі.
      Экспедицияларда және шалғай жерлерде, сондай-ақ анасы теңіз, өзен, әуе кемесінде
немесе  пойызда  болған  кезде  туылған  баланың  туылған  жері  деп  баланың  тууын 
мемлекеттік тіркеу жүргізілетін әкімшілік-аумақтық бірлік көрсетіледі.
      Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде туылған баланың туылған жері деп 
баланың нақты туылған жерінің атауы көрсетіледі.
            4.  Қазақстан  Республикасының  шегінен  тыс  жерде  туылған  баланың  тууын 
мемлекеттік  тіркеу  Қазақстан  Республикасының  шетелдегі  мекемелерінде  не 
ата-анасының немесе олардың біреуінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының 
аумағындағы кез келген тіркеуші органда шетелдік тіркеуші органдарда тіркелгеніне 
қарамастан, мынадай құжаттардың бірін:
      1) туу туралы куәліктің түпнұсқасын;
      2) туу туралы акт жазбасының көшірмесін;
      3) туу туралы медициналық куәліктің түпнұсқасын көрсеткен кезде осы Кодексте 
белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар болмаған кезде, соттың туу 
фактісін анықтау туралы шешімінің көшірмесі көрсетіледі.
      Ескерту. 188-бап жаңа редакцияда - ҚР 25.11.2019 
 Заңымен (алғашқы 
№ 272-VI
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
189-бап. Баланың тууы туралы өтініш беру мерзімдері
            Баланың  тууы  туралы  өтінішті  оның  ата-аналары  не  басқа  да  мүдделі  адамдар 
тіркеуші органдарға ол туған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс
, ал бала өлі туған жағдайда, босанған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей 
медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы өтінішті береді.
      Бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған жағдайда баланың тууы туралы 
өтінішті оның ата-аналары не басқа да мүдделі адамдар Қазақстан Республикасының 
шетелдегі мекемелеріне оның туған күнінен бастап екі айдан кешіктірмей беруге тиіс.
      Ескерту. 189-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 09.04.2016 
№ 501-V
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
25.11.2019 
№ 272-VI
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
190-бап. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
      1. Баланың тууын мемлекеттік тiркеу туралы өтінішті ата-анасы немесе олардың 
бiреуi, ал олар қайтыс болған, науқастанған немесе өзге де себептермен өтініш жасау 
мүмкiн болмаған жағдайда – мүдделi адамдар немесе бала туған кезде анасы жатқан 
медициналық  ұйымның  әкiмшiлiгi  бередi.  Баланың  тууын  мемлекеттік  тіркеу  туралы 
өтінішке,  егер  ата-анасы  немесе  олардың  біреуі  шетелдік  не  азаматтығы  жоқ  адам 
болса,  шетелдіктің  немесе  азаматтығы  жоқ  адамның  жеке  басын  куәландыратын 


құжаттың,  егер  неке  Қазақстан  Республикасының  шегінен  тыс  жерде  қиылса  (
ерлі-зайыпты  болса),  неке  қию  (ерлі-зайыпты  болу)  туралы  куәліктің  көшірмесі  қоса 
беріледі.
      Егер баланың тууын мемлекеттік тіркеуге ата-анасы емес, басқа адамдар өтініш 
жасаса,  онда  осы  адамдар  өтініш  берушінің  жеке  басын  куәландыратын  құжатты, 
сондай-ақ баланың тууын тіркеуге оның өкілеттігін растайтын құжатты ұсынуы тиіс.
            Екі  немесе  одан  да  көп  баланы  мемлекеттік  тіркеу  кезінде  өтініш  әрқайсысына 
қатысты бөлек беріледі.
      Баланың тууын мемлекеттік тіркеу "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 
Қазақстан  Республикасының  Заңына  сәйкес  өтініш  берушінің  таңдауы  бойынша 
проактивті  көрсетілетін  қызмет  арқылы  жүзеге  асырылған  кезде  баланың  тууын 
мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті ұсыну талап етілмейді.
            Басқа  мемлекеттің  аумағында  тұрақты  тұратын  шетелдік,  азаматтығы  жоқ  адам 
жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетумен қатар, олардың мәтінінің нотариат 
куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасын ұсынады.
            Шетелдіктің,  азаматтығы  жоқ  адамның  жеке  басын  куәландыратын  құжаттары 
мәтіні  аудармасының  дұрыстығы  шетелдік  азаматы  болып  табылатын  мемлекеттің 
немесе азаматтығы жоқ адам тұрақты тұратын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде 
немесе  консулдық  мекемесінде  не  сыртқы  саяси  ведомствосында  куәландырылуы 
мүмкін.
      2. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына не "электрондық 
үкіметтің"  веб-порталы  арқылы  өтініш  жасаған  кезде  баланың  тууын  мемлекеттік 
тіркеу туралы өтініш мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді 
нормативтік құқықтық актіге сәйкес беріледі.
      Ескерту. 190-бап жаңа редакцияда - ҚР 2013.01.08 
 (2013.01.01 бастап 
№ 64-V
қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 17.11.2015 
 (
№ 408-V
01.03.2016 бастап 
 енгізіледі); 25.11.2019 
 (алғашқы ресми 
қолданысқа
№ 272-VI
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңдарымен.
191-бап.  Әкесі  қайтыс  болғаннан  кейін  немесе  неке  (ерлі-зайыптылық)  бұзылғаннан 
кейін  не  неке  жарамсыз  деп  танылғаннан  кейін  туған  баланың  тууын  мемлекеттік 
тіркеу
            Некеде  тұрған  (ерлі-зайыпты  болған)  кезде  бойға  біткен  және  әкесі  қайтыс 
болғаннан  кейін  немесе  неке  (ерлі-зайыптылық)  бұзылғаннан  кейін  не  неке  (
ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп танылғаннан кейін туған баланың тууын мемлекеттік 
тіркеу,  егер  әкесі  қайтыс  болған  немесе  неке  (ерлі-зайыптылық)  бұзылған  не  ол 
жарамсыз  деп  танылған  күннен  бастап  екі  жүз  сексен  күннен  аспаса,  жалпы  негізде 
жүргізіледі.


192-бап.  Баланың  туу  туралы  акт  жазбасына  ата-аналары  туралы  мәліметтерді  енгізу 
тәртібі
            1.  Бір-бірімен  некеде  тұрған  (ерлі-зайыпты  болған)  әкесі  мен  анасы  туу  туралы 
жазбалар  кітабына  олардың  кез  келгенінің  өтініші  бойынша  баланың  ата-аналары 
болып жазылады. Мұндай жазбаға неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік негіз 
болып табылады.
      2. Некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) және қосалқы репродуктивтік әдістер мен 
технологияларды  қолдануға  өз  келісімін  жазбаша  нысанда  берген  адамдар,  осы 
әдістерді  қолдану  нәтижесінде  өздерінде  бала  туылған  жағдайда  туу  туралы  актілер 
жазбасының кітабына оның ата-аналары болып жазылады.
      Суррогат ана болу шартына сәйкес бала туылған жағдайда, ерлі-зайыптылар туу 
туралы актілер жазбасының кітабына оның ата-аналары болып жазылады.
      3. Бала тууды тіркеу кезінде, егер ата-аналарының арасында неке (ерлі-зайыптылық
)  бұзылған,  оны  сот  жарамсыз  деп  таныған  немесе  жұбайы  қайтыс  болған  жағдайда, 
бірақ  неке  (ерлі-зайыптылық)  бұзылған,  оны  жарамсыз  деп  таныған  немесе  жұбайы 
қайтыс болған кезден бастап екі жүз сексен күннен аспаса, анасы туралы мәлімет осы 
Кодекстің 
  көрсетілген  құжаттардың  негізінде,  баланың  әкесі  туралы 
187-бабында
мәлімет неке қию немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің немесе акт
жазбасының, әкесінің қайтыс болуы туралы куәліктің немесе акт жазбасының негізінде 
енгізіледі.
      Егер бала неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған, оны жарамсыз деп таныған күннен 
бастап екі жүз сексен күн өткеннен кейін туса, бұрынғы жұбайы әке болуды анықтау 
негізінде ғана баланың әкесі болып жазылуы мүмкін.
      Босанған әйелдің жұбайы болып табылмайтын адам жазбаша мойындаған жағдайда 
және оның күйеуінің жазбаша келісімі болған кезде тууды тіркеу кезінде баланың әкесі 
болып осы адам жазылады.
            Босанған  әйелдің  жұбайының  немесе  бұрынғы  жұбайының  басқа  адамның  әке 
болуын  анықтауға  келісімі  ішкі  істер  органы  берген,  жедел-іздестіру  іс-шаралары 
жүргізілгені  туралы  немесе  соттың  оны  хабар-ошарсыз  кеткен  немесе  әрекетке 
қабілетсіз деп танығаны туралы заңды күшіне енген шешімі туралы растайтын құжат 
болған кезде міндетті емес.
            4.  Егер  баланың  ата-анасы  бір-бірімен  некеде  тұрмаса  (ерлі-зайыпты  болмаса), 
анасы туралы мәлімет осы Кодекстің 
 көрсетілген құжаттардың негізінде 
187-бабында
енгізіледі.
      Мұндай жағдайда тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына әкесі туралы 
мәліметтер:
      1) егер әке болу баланың тууын мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде анықталатын 
болса, осы Кодекстің 192-1-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша;


            2)  егер  әкесі  анықталмаса,  некеде  тұрмаған  (ерлі-зайыпты  болмаған)  анасының 
өтініші бойынша енгізіледі.
      Тууды жазу кiтабында баланың әкесiнің тегі - анасының тегi бойынша, баланың аты
мен әкесiнiң аты оның көрсетуі бойынша жазылады. Енгізілген мәліметтер әке болуды 
анықтау туралы мәселені шешуге кедергі болып табылмайды.
            Баланың  әкесі  туралы  мәліметтер  анасының  тілегі  бойынша  туу  туралы  актілер 
жазбасына енгізілмеуі мүмкін;
      3) өзін баланың әкесімін деп мойындаған адамның өтініші бойынша, оған баланың 
анасының келісімі болған кезде енгізіледі.
            Анасы  туралы  мәліметтер  осы  Кодекстің 
  көрсетілген  құжаттардың 
187-бабында
негізінде енгізіледі, әкесі туралы мәліметтер осы адамның көрсетуі бойынша жазылады
.
      Бұдан әрі баланың анасы туу туралы акт жазбасына енгізілген баланың әкесі туралы
мәліметтермен келіспеген кезде түзетулер белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      Ескерту. 192-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
№ 272-VI
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
192-1-бап. Әке болуды анықтау кезінде баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт 
жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу
            1.  Әке  болуды  анықтау  кезінде  баланың  тууын  мемлекеттік  тіркеу  туралы  акт 
жазбасына өзгерістер, толықтырулар:
      1) ата-анасының әке болуды анықтау туралы бірлескен өтініші;
            2)  анасы  қайтыс  болған,  анасы  қайтыс  болды  деп  жарияланған,  анасы 
хабар-ошарсыз  кетті  деп  танылған,  анасы  әрекетке  қабілетсіз  деп  танылған,  анасы 
ата-ана  құқықтарынан  айырылған  не  оның  ата-ана  құқықтары  шектелген,  анасының 
тұрғылықты жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда әкесінің өтініші;
      3) соттың әке болуды анықтау, сондай-ақ әке болуды тану фактісін және әке болу 
фактісін анықтау туралы шешімі негізінде енгізіледі.
      2. Егер сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адам, сондай-ақ осы әрекетке қабілетсіз 
адамның  қорғаншысы  өтініш  беруші  болып  табылса,  баланың  тууын  мемлекеттік 
тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізуден бас тартылады.
      Ескерту. 25-тарау 192-1-баппен толықтырылды - ҚР 25.11.2019 
 Заңымен (
№ 272-VI
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі).
193-бап. Бала ата-анасының қай ұлтқа жататынын жазу тәртібі
            Егер  тууды  тіркеу  кезінде  өтініш  беруші  ата-анасының  қай  ұлтқа  жататынын 
көрсетуге  тілек  білдірсе,  онда  баланың  туу  туралы  акт  жазбасында  ата-анасының  - 
Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты Қазақстан Республикасы азаматтарының
жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген ұлтына сәйкес көрсетіледі.


      Шетелдік болып табылатын ата-ананың қай ұлтқа жататыны туралы мәлімет оның 
шетелдік паспортына сәйкес көрсетіледі.
      Шетелдіктің шетелдік паспортында ұлты туралы мәлімет болмаған кезде оның ұлты
өзі  азаматы  болып  табылатын  шет  мемлекеттің  құзыретті  органы  берген  құжатқа 
сәйкес айқындалуы мүмкін.
      Ескерту. 193-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2013.01.29 
N 74-V
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
194-бап. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде оған тегін, атын, әкесінің атын беру
тәртібі
            1.  Тууды  мемлекеттік  тіркеу  кезінде  баланың  тегі  ата-аналарының  тегімен 
айқындалады. Ата-аналарының тегі әртүрлі болған кезде балаға ата-анасының келісімі 
бойынша  әкесінің  немесе  анасының  тегі  беріледі.  Ата-аналарының  тілегі  бойынша 
баланың  тегі  ұлттық  дәстүрлер  ескеріле  отырып,  баланың  әкесінің  немесе  атасының 
атымен  жазылады.  Баланың  тегіне  қатысты  ата-аналарының  арасында  туындаған 
келіспеушіліктер сот тәртібімен шешіледі.
            2.  Азаматтардың  тілегі  бойынша  ұлты  қазақ  адамдардың  тегі  мен  әкесінің  атын 
жазуда қазақ тіліне тән емес: –ов, -ев, -ова, -ева, -ин, -н, -ины, -на, -овна, -евна, -ович, -
евич аффикстері алып тасталады, ал олардың орнына әкесінің атына: –ұлы, -қызы деген
сөздер қосылып бірге жазылады.
      Жеке адамның тегіне "тегі", "ұрпағы", "немересі", "шөбересі", "келіні" деген және 
басқа да сөздерді қосып жазуға жол берілмейді.
      3. Ұлты қазақ адамдардың әкесінің аты тегін ауыстырған кезде оның міндетті түрде 
бірінші болып тұруына, одан кейін атының жазылуына жол беріледі, ал әкесінің аты 
жазылмайды.
      4. Басқа ұлт адамдарының тілегі бойынша олардың тегін, атын және әкесінің атын 
жазу олардың ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес жүргізілуі мүмкін.
195-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған баланың тууын мемлекеттік 
тіркеу
      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған баланың тууын мемлекеттік тіркеу 
келген  елдің  аумағында  орналасқан  Қазақстан  Республикасының  шетелдегі 
мекемелерінде  не  басқа  елде  қызметін  қоса  атқаратын  Қазақстан  Республикасының 
шетелдегі мекемелерінде жүргізіледі.
196-бап. Тауып алынған, тастанды (бас тартылған) баланың тууын мемлекеттік тіркеу 
тәртібі
      1. Тауып алынған, тастанды (бас тартылған) баланың тууы ішкі істер органдарының
,  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
органның,  білім  беру  ұйымдары  әкімшілігінің  немесе  бала  орналастырылған 
медициналық  ұйымның  өтініші  бойынша  тауып  алынған,  бас  тартылған  немесе 
қалдырылған күннен бастап жеті тәуліктен кешіктірілмей тіркелуге тиіс.


            Өтінішке  бала  тауып  алынған  кездегі  уақыт,  орын  және  мән-жайлар  көрсетіле 
отырып,  ішкі  істер  органы  немесе  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі 
функцияларды  жүзеге  асыратын  орган  жасаған  хаттама  немесе  акт;  тауып  алынған 
баланың жасы мен жынысын растайтын медициналық ұйым берген құжат және басқа 
да бала туралы дербес мәліметтер қоса тіркеледі.
      2. Медициналық ұйымда баладан бас тартылған жағдайда, осы ұйымның әкімшілігі 
Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген  нысан  бойынша  анасының 
жазбаша өтінішін ресімдеу жөнінде шаралар қолданады.
      3. Баланы белгісіз ана қалдырып кеткен жағдайда медициналық ұйымның әкімшілігі
екі  куәгердің  қатысуымен  хаттама  жасайды.  Тууды  мемлекеттік  тіркеу  кезінде 
хаттамалар  тастанды  (ата-анасы  бас  тартқан)  баланы  тіркеу  туралы  медициналық 
ұйымның лауазымды адамының өтінішіне қоса беріледі.
197-бап. Өлі туған немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген баланы мемлекеттік 
тіркеу
            1.  Өлі  туған  баланы  және  өмірінің  алғашқы  аптасында  шетінеген  баланы 
мемлекеттік  тіркеу  тіркеуші  органда  бала  туған  немесе  шетінеген  кезден  бастап  бес 
тәуліктен кешіктірілмей жүргізіледі.
            2.  Баланың  өлі  тууы  медициналық  ұйым  немесе  жеке  дәрігерлік  практикамен 
айналысатын  дәрiгер  берген  перинатальдық  қайтыс  болуы  туралы  медициналық 
куәліктің негізінде тіркеледі.
      Өлі туған баланың туу туралы куәлігі берілмейді. Ата-анасының өтініші бойынша 
өлі туған баланы мемлекеттік тіркеу фактісін растайтын құжат беріледі.
            3.  Бала  өмірінің  алғашқы  аптасында  қайтыс  болған  жағдайда  оның  тууын 
мемлекеттік  тіркеу  -  туу  туралы  медициналық  анықтаманың  негізінде,  ал  қайтыс 
болған жағдайда перинатальдық қайтыс болуы туралы куәліктің негізінде жүргізіледі.
      Туу және қайтыс болу туралы жасалған актілер жазбаларының негізінде тек қайтыс 
болуы  туралы  куәлік  қана  беріледі.  Ата-анасының  өтініші  бойынша  баланың  тууын 
мемлекеттік тіркеу фактісін растайтын құжат беріледі.
      Одан әрі қайтыс болу туралы куәлік қана қайтадан беріледі.
      4. Тіркеуші органға баланың өлі тууы туралы немесе баланың тууы және өмірінің 
алғашқы аптасында қайтыс болғандығы туралы мәлімдеу міндеті:
      1) бала туылған немесе бала шетінеген медициналық ұйымның басшысына;
      2) дәрігері баланың өлі тууы, баланың өмірінің алғашқы аптасында қайтыс болуы 
фактісін анықтаған медициналық ұйымның басшысына;
      3) медициналық ұйымнан тыс жерде туған жағдайда жеке дәрігерлік практикамен 
айналысатын дәрiгерге жүктеледі.
198-бап. Бір жасқа толған және одан үлкен баланың тууын мемлекеттік тіркеу
            1.  Бір  жасқа  толған  және  одан  үлкен  баланың  тууын  мемлекеттік  тіркеу  осы 
Кодекстің 
  көрсетілген  тууды  мемлекеттік  тіркеу  үшін  негіздер  болған 
187-бабында


кезде ата-аналарының немесе өзге де мүдделі адамдардың жазбаша өтініші бойынша 
жүргізіледі.
      Бала кәмелетке толғаннан кейін тууын мемлекеттік тіркеу оның жазбаша өтініші 
бойынша жүргізіледі.
      2. Бір жасқа толған және одан асқан баланың тууын мемлекеттік тіркеуді тіркеуші 
органның қорытындысы негізінде ауданның, қаланың тіркеуші органы жүргізеді.
      Ескерту. 198-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 
N 239-V
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 
25.11.2019 
№ 272-VI
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
199-бап. Шетелдіктердің балаларының тууын мемлекеттік тіркеу
            Қазақстан  Республикасының  аумағында  тұрақты  немесе  уақытша  тұратын 
шетелдіктердің  балаларының  тууын  мемлекеттік  тіркеу  Қазақстанның  аумағында 
орналасқан  тиісті  шет  мемлекеттердің  дипломатиялық  өкілдіктерінде  немесе 
консулдық  мекемелерінде  не,  егер  Қазақстан  Республикасында  мұндай  жоқ  болса, 
қызметін қоса атқаратын шетелдегі мекемелерде жүргізіледі.
      Шетелдіктердің балаларының тууын мемлекеттік тіркеу ол жөнінде Жеке адамдар 
туралы  мемлекеттік  дерекқорға  мәліметтер  енгізілместен  және  балаға  жеке 
сәйкестендіру нөмірі берілместен, олардың тілегі бойынша өздерінің тұрақты немесе 
уақытша тұратын жеріндегі тіркеуші органдарда жүргізіледі.
200-бап. Баланың тууын салтанатты жағдайда мемлекеттік тіркеу
      Ата-аналардың тілегі бойынша тіркеуші орган баланың тууын салтанатты жағдайда 
мемлекеттік  тіркеуді  өз  үй-жайында  не  арнайы  осыған  арналған  мемлекеттік  неке 
сарайларында қамтамасыз етеді.
201-бап. Баланың туу туралы жазбалар кітабына енгізілетін мәліметтер
      Баланың туу туралы акт жазбасына мынадай деректер:
      1) баланың тууын мемлекеттік тіркеу күні;
      2) балаға берілген жеке сәйкестендіру нөмірі;
      3) баланың туу туралы акт жазбасының нөмірі;
      4) тегі, аты, қалауы бойынша - әкесінің аты, баланың жынысы, туған күні, айы, 
жылы, туған жері;
      5) туған балалардың саны (біреу, егіз немесе одан да көп бала);
      6) баланың тірі туғандығы туралы немесе баланың өлі туғандығы туралы белгі;
      7) баланың туу фактісін растайтын құжат туралы мәліметтер;
      8) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 
№ 272-VI
 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған 
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      9) ата-аналарының тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), туған күні, айы, жылы, 
жасы,  тұрақты  тұрғылықты  жері,  заңды  мекенжайы,  азаматтығы,  табыс  көзі  немесе 


жұмыс  орны,  білімі  және,  егер  жеке  басын  куәландыратын  құжаттарда  көрсетілген 
болса, олардың ұлты;
            10)  соның  негізінде  баланың  әкесі  туралы  мәліметтер  енгізілген  құжат  туралы 
мәліметтер;
      11) өтініш беруші туралы мәліметтер;
      12) берілген туу туралы куәліктің сериясы мен нөмірі енгізіледі.
      Ескерту. 201-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
№ 272-VI
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
202-бап. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру
      Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде белгіленген 
үлгідегі туу туралы куәлік беріледі.
      Туу туралы куәлік жаңа туған баланың ата-аналарына, басқа уәкілетті адамдарға 
немесе бала тұратын ұйымның өкілдеріне беріледі.
      Екі немесе одан да көп бала туған жағдайда туу туралы куәлік әрбір балаға беріледі.
203-бап. Баланың туу туралы куәлігі
      Баланың туу туралы куәлігі мынадай мәліметтерді:
      1) баланың тегін, атын, әкесінің атын (егер бар болса), туған күні, айы, жылы мен 
туған жерін;
      2) акт жазбасының жасалған күнін және нөмірін;
      3) жеке сәйкестендіру нөмірін;
      4) ата-аналарының тектерін, аттарын, әкелерінің аттарын (егер бар болса), егер жеке
басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген болса, ұлтын;
      5) ата-аналарының азаматтығын;
      6) мемлекеттік тіркеу орнын (тіркеуші органның атауын);
      7) туу туралы куәліктің берілген күнін;
      8) құжат берген тіркеуші органның атауын қамтиды.
      Ескерту. 203-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
 Заңымен (алғашқы 
№ 272-VI
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
26-тарау. ӘКЕ БОЛУДЫ АНЫҚТАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
            Ескерту.  26-тарау  алып  тасталды  -  ҚР  25.11.2019 
  Заңымен  (алғашқы 
№  272-VI
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
27-тарау. НЕКЕ ҚИЮДЫ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ БОЛУДЫ) МЕМЛЕКЕТТІК 
ТІРКЕУ
220-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үшін негіз


            Тіркеуші  органдар  неке  қиюды  (ерлі-зайыпты  болуды)  мемлекеттік  тіркеуді 
Қазақстан  Республикасының  Әділет  министрлігі  белгілеген  нысан  бойынша  некеге 
отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен жазбаша өтініштің негізінде жүргізеді.
221-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны
            Неке  қиюды  (ерлі-зайыпты  болуды)  мемлекеттік  тіркеу  некеге  отыратын  (
ерлі-зайыпты  болатын)  адамдардың  тілегі  бойынша  Қазақстан  Республикасының 
аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.
222-бап.  Некеге  отыру  (ерлі-зайыпты  болу)  туралы  өтініш  беру  мерзімі  және  неке 
қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу мерзімі
            1.  Некеге  отыру  (ерлі-зайыпты  болу)  туралы  өтініш  тіркеуші  органға  некені  (
ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркегенге дейін бір ай бұрын беріледі.
      2. Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді некеге отыру (ерлі-зайыпты 
болу) туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң тіркеуші
орган жүргізеді.
            Мерзімнің  өтуі  өтініш  берілгеннен  кейінгі  келесі  күннен  басталады  және  келесі 
айдың тиісті күні бітеді. Егер осы күн жұмыс күні болмаса, онда одан кейінгі жұмыс 
күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.
      Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу уақытын тіркеуші орган 
некеге  отыруға  (ерлі-зайыпты  болуға)  тілек  білдірген  адамдардың  келісімі  бойынша 
тағайындайды. Мемлекеттік тiркеу уақыты сол үй-жайда қайтыс болуды және некені (
ерлі-зайыптылықты)  бұзуды  мемлекеттік  тiркеген  уақытпен  сәйкес  келмейтiндей 
есеппен тағайындалуға тиіс.
      3. Егер неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш берген кезде некеге отыратын (
ерлі-зайыпты  болатын)  адамдардың  екеуінің  бірдей  тіркеуші  органда  болуы  мүмкін 
болмаса  немесе  оған  қатысуы  тым  қиын  болса  (бір-бірінен  алыста  тұруы,  ауыр 
науқастануы, жүріп-тұру қиындығымен байланысты мүгедектігі, әскери қызмет өткеруі
және  басқалары),  белгіленген  нысан  бойынша  толтырылған  және  некеге  отыратын  (
ерлі-зайыпты  болатын)  адамдардың  екеуі  бірдей  қол  қойған  неке  қию  (ерлі-зайыпты 
болу) туралы өтінішті олардың біреуі бере алады.
            Жоқ  адамның  қолтаңбасын  тіркеуші  органның  бастығы  куәландыруы  және 
азаматтың  тұрған  жері  бойынша  тіркеуші  органның,  нотариустың  немесе  Қазақстан 
Республикасының  заңнамалық  актілеріне  сәйкес  нотариаттық  іс-әрекеттер  жасауға 
құқық  берілген  өзге  де  лауазымды  адамның  мөрімен  бекітілуі  мүмкін,  сондай-ақ 
мынадай тәртіппен:
      1) әскери қызметшілерді – тиісті әскери бөлімнің командирі;
      2) жүзу уақытында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туымен жүретін теңіз 
кемелерінде  немесе  ішкі  жүзу  кемелерінде  болатын  Қазақстан  Республикасының 
азаматтарын – осы кемелердің капитандары;
      3) экспедицияларда болатын адамдарды – осы экспедициялардың бастықтары;


      4) стационарлық медициналық ұйымдарда болатын адамдарды – осы ұйымдардың 
бас дәрігерлері;
            5)  қамауға  алу  және  бас  бостандығынан  айыру  түріндегі  жазаны  орындайтын 
мекемелерде отырған адамдарды – тиісті мекемелердің бастықтары;
            6)  жүріп-тұруы  қиын  мүгедектерді  дәрігерлік-консультативтік  комиссияның 
төрағасы куәландыруы мүмкін.
      Ескерту. 222-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.12.2015 
№ 433-V
 (01.01.2016 бастап 
қолданысқа
 енгізіледі); 18.04.2017 
№ 58-VI
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
223-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу мерзімдерін қысқарту 
және ұзарту
            1.  Некеге  отыратын  (ерлі-зайыпты  болатын)  адамдардың  бірлескен  өтініші 
бойынша тиісті құжаттармен расталған (дәрігерлік-біліктілік комиссиясының жүктілік 
туралы  анықтамасы,  денсаулық  жағдайы  туралы  анықтама,  басқа  да  ерекше 
мән-жайларды  растайтын  анықтамалар)  дәлелді  себептер  (жүктілік,  баланың  тууы, 
тараптардың  бірінің  өміріне  тікелей  қатер  төнуі  және  басқа  да  ерекше  мән-жайлар) 
болған  кезде  тіркеуші  органның  бастығы  неке  қиюды  (ерлі-зайыпты  болуды) 
мемлекеттік  тіркеу  орны  бойынша  бiр  ай  өткенге  дейін  некенi  қиюға  (ерлі-зайыпты 
болуға) рұқсат етеді не бұл мерзiмдi ұзартады, бірақ ол бір айдан аспауға тиіс.
      Мерзiмдi қысқарту уақыты әрбiр жеке жағдайда нақты мән-жайларға байланысты 
айқындалады.
      2. Жекелеген жағдайларда неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеудi 
күту  мерзiмi  неке  қиюды  (ерлі-зайыпты  болуды)  мемлекеттік  тiркеуге  кедергi 
келтіретін  мән-жайлар  болған  кезде  ғана  тіркеуші  органның  бастамасы  бойынша 
ұзартылуы  мүмкiн.  Неке  қию  (ерлі-зайыпты  болу)  туралы  жазба  жасалғанға  дейiн 
лауазымды  адам  жазбаны  тоқтата  тұруға  және  өтініш  берушiден  бiр  айдан  асыруға 
болмайтын белгiленген мерзiмде тиiстi деректі айғақтар беруді талап етуге міндеттi.
            Тіркеуші  орган  мүдделi  адамдардың  өтініші  бойынша  немесе  өз  бастамасымен 
қажеттi тексеруді жүргiзеді. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеудi 
кейінге  қалдыру  туралы  некеге  отыру  (ерлі-зайыпты  болу)  туралы  өтініш  берген 
адамдар хабардар етіледі. Неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) заңды кедергiлер болған 
кезде тіркеуші орган оны мемлекеттік тiркеуден бас тартады.
            Егер  мұндай  кедергiлер  туралы  мәлiметтер  расталмаған  болса,  некенi  (
ерлі-зайыптылықты)  мемлекеттік  тiркеу  жалпы  негiздерде  жүргiзiледi.  Аталған 
мән-жайларды тексеру бiр ай мерзiмде аяқталуға тиiс.
            Айлық  мерзiмді  қысқарту  немесе  ұзарту  туралы  рұқсатты  тіркеуші  органның 
бастығы,  ал  ол  болмаған  кезде  оның  мiндетiн  атқарушы  адам  некеге  отыру  (
ерлі-зайыпты болу) туралы өтінішке қарар түрінде бередi.


            Егер  некеге  отыруға  (ерлі-зайыпты  болуға)  тілек  бiлдiрушiлер  дәлелдi  себептер 
бойынша  белгiленген  күнi  тіркеуші  органға  келе  алмайтын  болса,  неке  қиюды  (
ерлі-зайыпты  болуды)  мемлекеттік  тiркеу  мерзiмi  олардың  өтініші  бойынша  басқа 
уақытқа ауыстырылады.
224-бап. Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш
      1. Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш жазбаша түрде жасалуға тиiс. 
Белгіленген үлгідегі өтініш нысаны болмаған жағдайда, өтініштің мәтінінде көзделген 
мәліметтердің бәрі еркін түрде қамтылуға тиіс.
      Өтініш нысанында қамтылған барлық сұрақтарға толық әрі дәл жауаптар берілуге 
тиіс.
      2. Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш беру кезінде:
      1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе шетелде уақытша болатын 
Қазақстан  Республикасының  азаматы  жеке  куәлiгiн  не  паспортын;  шетелде  тұрақты 
тұратын  Қазақстан  Республикасының  азаматы  -  оның  шетелде  тұрақты  тұратын 
Қазақстан  Республикасының  азаматы  ретiнде  есепке  алынғаны  туралы  шетелдегi 
консулдық  мекеменiң  белгiсi  бар  Қазақстан  Республикасы  азаматының  паспортын 
ұсынады;  Қазақстан  Республикасында  тұрақты  тұратын  шетелдік,  шетелдіктің 
Қазақстан  Республикасында  тұруға  арналған  ықтиярхатын  ұсынады.  Қазақстан 
Республикасында  уақытша  болатын  шетелдік  Қазақстан  Республикасының  iшкi  iстер 
органы  берген  Қазақстан  Республикасында  уақытша  тұруға  рұқсат  ететін  құжатын 
ұсынады;  Қазақстан  Республикасында  тұрақты  тұратын  азаматтығы  жоқ  адам 
тұрғылықты  жерi  бойынша  тiркелгендiгi  туралы  Қазақстан  Республикасы  iшкi  iстер 
органдарының  белгiсi  бар  азаматтығы  жоқ  адамның  куәлiгiн  ұсынады.  Қазақстан 
Республикасында  уақытша  болатын  азаматтығы  жоқ  адам  оның  жеке  басын 
куәландыратын,  өзі  тұратын  елдiң  құзыреттi  органдары  берген  және  Қазақстан 
Республикасының  iшкi  iстер  органдарында  белгiленген  тәртiппен  тiркелген  құжатын 
ұсынады.
            Басқа  мемлекеттің  аумағында  тұрақты  тұратын  шетелдiк,  азаматтығы  жоқ  адам 
жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынумен қатар олардың мәтiнiнiң нотариатта 
куәландырылған қазақ тiлiндегi немесе орыс тiлiндегi аудармасын беруге тиiс.
      Шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттардың 
мәтіні  аудармасының  дұрыстығы  шетелдік  азаматы  болып  табылатын  мемлекеттiң 
немесе азаматтығы жоқ адам тұрақты тұратын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде 
немесе  консулдық  мекемесінде  не  сыртқы  саясат  ведомствосында  куәландырылуы 
мүмкiн;
      2) осы Кодекстің 
 көрсетілген белгiленген неке жасын азайту қажеттігін 
10-бабында
растайтын құжаттарды;
      3) бұрынғы некелері (ерлі-зайыптылықтары) туралы мәліметтерді;
      4) балалары бар екендiгi туралы мәлiметтерді;


      5) бір-бірінің денсаулық жағдайы және материалдық жағдайы туралы, сондай-ақ 
некеге  отыруға  (ерлі-зайыпты  болуға)  кедергінің  жоқтығы  туралы  хабардар  екендігі 
туралы қолхатты ұсыну қажет.
      Ескерту. 224-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2013.01.29 
N 74-V
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
225-бап.  Неке  қиюды  (ерлі-зайыпты  болуды)  мемлекеттік  тіркеу  кезінде 
ерлі-зайыптылардың тектерін жазу тәртібі
      1. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейінгі 
тегін  екінші  жұбайының  тегіне  өзгертуге  тілек  білдірген  жұбайға  неке  қию  (
ерлі-зайыпты  болу)  туралы  акт  жазбасында  ортақ  тек  ретінде  таңдап  алынған  тегі 
көрсетіледі.
            2.  Неке  қию  (ерлі-зайыпты  болу)  туралы  акт  жазбасын  жасаған  кезде  бұрынғы 
тектерінде қалуға тілек білдірген ерлі-зайыптылардың тектері өзгертілмейді.
      3. Өзінің некеге дейінгі тегіне екінші жұбайының тегін қосып жазуға тілек білдірген
жұбайға неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасында қосылатын тегі некеге 
дейінгі тегінен кейін сызықша арқылы жазылады.
      4. Ерлі-зайыптылардың тектерін таңдауы некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы 
бірлескен жазбаша өтініште көрсетіледі.
226-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу тәртібі
      1. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар осы 
Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізеді.
      2. Егер некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдар (адамдардың біреуі) ауыр 
науқастануы салдарынан немесе басқа да дәлелді себеп бойынша тіркеуші органға келе
алмайтын  жағдайда,  неке  қиюды  (ерлі-зайыпты  болуды)  мемлекеттік  тіркеу  оның 
үйінде, медициналық немесе өзге де ұйымда некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) 
адамдардың қатысуымен жүргізіледі.
      3. Тіркеуші органның лауазымды адамы:
            1)  некеге  отыруға  (ерлі-зайыпты  болуға)  тілек  білдіргені  туралы  берілген 
өтініштерді жария етеді;
            2)  некеге  отыратын  (ерлі-зайыпты  болатын)  адамдарға  болашақ  жұбайлардың 
құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
      3) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) келісімді және жұбайлардың таңдаған тегі 
туралы шешімді анықтайды;
      4) неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергінің жоқ екендігін анықтайды;
            5)  мемлекет  атынан  неке  қию  (ерлі-зайыпты  болу)  туралы  белгіленген  үлгідегі 
куәлікті тапсырады.
            4.  Неке  қиюға  (ерлі-зайыпты  болуға)  кедергі  болмаған  кезде  азаматтық  хал 
актілерін  жазу  кітабына  некеге  отыратын  (ерлі-зайыпты  болатын)  адамдардың  қолы 


қойылған  және  тіркеуші  орган  бастығының  қолтаңбасымен  және  елтаңбалы  мөрімен 
бекітілген неке (ерлі-зайыптылық) туралы жазба енгізіледі.
      5. Егер неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтіретін мән-жайлардың бар 
екенін растайтын айғақтары болса, тіркеуші орган неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) 
мемлекеттік тіркеуден бас тартады.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.06.2020 
 Заңымен (01.07.2021 
№ 351-VI
бастап 
 енгізіледі).
қолданысқа
      6. Тіркеуші органның неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуден бас
тартуына сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
227-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) салтанатты жағдайда мемлекеттік тіркеу
      Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) салтанатты жағдайда мемлекеттік тіркеу некеге
отыратындардың (ерлі-зайыпты болатындардың) тілегі бойынша тіркеуші органдардың
арнайы жабдықталынған үй-жайларында не арнайы осыған арналған мемлекеттік неке 
сарайларында жүргізіледі.
228-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдіктермен немесе азаматтығы 
жоқ адамдармен неке қиюын (ерлі-зайыпты болуын) мемлекеттік тіркеу
      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ 
адамдармен  неке  қиюын  (ерлі-зайыпты  болуын)  мемлекеттік  тіркеу  Қазақстан 
Республикасының  тіркеуші  органдарында  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына 
сәйкес жалпы негіздерде не некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірген адам 
азаматы  болып  табылатын  шет  мемлекеттің  дипломатиялық  өкілдігінде,  консулдық 
мекемесiнде жүргізіледі.
            2.  Шетелдікпен  некеге  отыру  (ерлі-зайыпты  болу)  туралы  өтініш  берумен  бір 
мезгілде  шетелдік  өзі  азаматы  болып  табылатын  мемлекеттің  құзыретті  органынан 
некеге  отыруға  (ерлі-зайыпты  болуға)  рұқсатты,  егер  мұндай  рұқсат  алу  шет 
мемлекеттің заңнамасына сәйкес талап етілсе, ұсынуға тиіс.
      Мұндай рұқсат болмаған кезде тіркеуші орган өтінішті қабылдау кезiнде некеге 
отырушыларға  (ерлі-зайыпты  болушыларға)  және  бірінші  кезекте  Қазақстан 
Республикасының азаматына (азаматшасына), олардың некесi (ерлі-зайыптылығы) ол 
некеге  отыратын  (ерлі-зайыпты  болатын)  адам  азаматы  болып  табылатын  елде 
жарамсыз болып танылуы мүмкiн екендiгiн түсiндiруге тиiс.
            Егер  мұндай  түсiндiрулерге  қарамастан,  өтініш  берушiлер  неке  қиюды  (
ерлі-зайыпты  болуды)  мемлекеттік  тiркеуді  талап  етіп  сұраса,  бұл  неке  (
ерлі-зайыптылық) тiркеледi.
            Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  қандастармен  некесін  қиюды  (
ерлі-зайыпты  болуды)  мемлекеттік  тiркеу  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына 
сәйкес жалпы негіздерде жүргiзiледi.


            3.  Қазақстан  Республикасының  аумағында  азаматтығы  жоқ  адаммен  неке  қию  (
ерлі-зайыпты  болу)  шарттары,  егер  ол  адамның  Қазақстан  Республикасының 
аумағында  тұрақты  тұрғылықты  жері  болса,  Қазақстан  Республикасының 
заңнамасымен айқындалады.
      Ескерту. 228-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.05.2020 
№ 327-VI
 Заңымен ("Салық 
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне (Салық 
кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін 
қолданысқа
 енгізіледі).
229-бап.  Қазақстан  Республикасының  шетелдiк  мекемелерiнде,  дипломатиялық 
өкілдіктерінде  және  шет  мемлекеттердің  шетелдік  мекемелерінде  неке  қиюды  (
ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу
            1.  Қазақстан  Республикасы  аумағының  шегінен  тыс  жерде  тұратын  Қазақстан 
Республикасының  азаматтары  арасындағы,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының 
азаматы  мен  шетелдік,  азаматтығы  жоқ  адам  арасындағы  неке  (ерлі-зайыптылық) 
Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерiнде қиылуы мүмкін.
            2.  Егер  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  қайшы  келмесе,  Қазақстан 
Республикасының  аумағында  шет  мемлекеттердің  дипломатиялық  өкілдіктерінде 
немесе  консулдық  мекемелерінде  шетелдіктер  арасында  қиылған  неке  (
ерлі-зайыптылық) Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
      Ескерту. 229-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
№ 272-VI
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
230-бап. 
Қазақстан 
Республикасынан 
тыс 
жерлерде 
қиылған 
некені 
(
ерлі-зайыптылықты) тану
            1.  Қазақстан  Республикасынан  тыс  жерлерде  Қазақстан  Республикасы 
азаматтарының  арасында  және  Қазақстан  Республикасының  азаматтары  мен 
шетелдіктердің  немесе  азаматтығы  жоқ  адамдардың  арасында  қиылған  неке  (
ерлі-зайыптылық), ол аумағында неке қиылған мемлекеттің заңнамасын сақтай отырып
жасалса,  осы  Кодекстің 
  және 
  көзделген  жағдайлардан  басқа, 
10
11-баптарында
Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
      2. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде шетелдіктер арасында қиылған неке (
ерлі-зайыптылық),  ол  аумағында  жасалған  мемлекеттің  заңнамасын  сақтай  отырып 
қиылса, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, Қазақстан 
Республикасында жарамды деп танылады.
231-бап. Қазақстан Республикасында немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде
қиылған некенің (ерлі-зайыптылықтың) жарамсыздығы
            Қазақстан  Республикасында  немесе  Қазақстан  Республикасынан  тыс  жерлерде 
қиылған некенің (ерлі-зайыптылықтың) жарамсыздығы неке қию (ерлі-зайыпты болу) 
кезінде қолданылған Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
232-бап. Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтамалар беру тәртібі


      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша некеге 
құқық  қабілеттілігі  туралы  анықтама  Қазақстан  Республикасынан  тыс  жерлерде  неке 
қиюды  (ерлі-зайыпты  болуды)  мемлекеттік  тіркеу  үшін  Қазақстан  Республикасының 
аумағында тұрақты тұратын не бұрын тұрған азаматтарға беріледі.
            2.  Некеге  құқық  қабілеттілігі  туралы  анықтаманы  кез  келген  тіркеуші  орган  акт 
жазбаларын мемлекеттік тіркеуге арналған ақпараттық жүйе мәліметтерінің негізінде 
береді.
            Неке  қиюды  (ерлі-зайыпты  болуды)  мемлекеттік  тіркеу  туралы  акт  жазбасының 
бар-жоғын тексеру он алты жастан бастап жүргізіледі.
      3. Анықтамалар алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
            2)  егер  өтініш  беруші  бұрын  некеде  тұрса  (ерлі-зайыпты  болса),  Қазақстан 
Республикасының  шегінен  тыс  жерде  берілген  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзу 
туралы  куәлiкті  немесе  сот  шешімін  не  жұбайының  қайтыс  болуы  туралы  куәлiкті 
көрсетеді.
      Ескерту. 232-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
 Заңымен (алғашқы 
№ 272-VI
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
233-бап.  Бас  бостандығынан  айыру  орындарында  күзетпен  қамауда  отырған  немесе 
жазасын өтеп жүрген адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу
            1.  Бас  бостандығынан  айыру  орындарында  күзетпен  қамауда  отырған  немесе 
жазасын өтеп жүрген адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді
тіркеуші  органдар  некеге  тұратын  (ерлі-зайыпты  болатын)  адамдардың  қатысуымен 
осы  Кодексте  көзделген  неке  қию  (ерлі-зайыпты  болу)  шарттарын  сақтай  отырып, 
адамның күзетпен ұстау немесе жазасын өтеп жүрген орны бойынша, тиісті мекеменің 
әкімшілігі айқындаған үй-жайда жүргізеді.
            2.  Күзетпен  қамауда  отырған  адаммен  неке  қиюды  (ерлі-зайыпты  болуды) 
мемлекеттік тiркеуді тіркеуші орган осы іс жүргізуінде жатқан адамды немесе органды 
хабардар еткеннен кейін жүргiзедi.
      Ескерту. 233-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.04.2017 
№ 58-VI
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
234-бап. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасының мазмұны
      1. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасына мынадай мәліметтер:
      1) некеге отыратындардың (ерлі-зайыпты болатындардың) әрқайсысының тегі (неке
қиылғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейінгі және одан кейінгі), аты, әкесінің аты (егер 
бар болса), туған күні, айы, жылы мен туған жері, жасы, азаматтығы, егер жеке басын 
куәландыратын  құжатта  көрсетілген  болса,  ұлты,  табыс  көзі  немесе  жұмыс  орны, 
тұрғылықты жері және заңды мекенжайы, білімі, отбасылық жағдайы;
      2) ортақ балалары туралы мәліметтер;


            3)  некеге  отыратындардың  (ерлі-зайыпты  болатындардың)  жеке  басын 
куәландыратын құжаттардың деректемелері;
      4) акт жазбасының жасалған күні және нөмірі;
      5) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы берілген куәліктің нөмірі енгізіледі.
      2. Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған немесе жарамсыз деп танылған жағдайда неке 
қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасына қажетті мәліметтер енгізіледі. Мұндай 
мәліметтерді  енгізу  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзу  немесе  жарамсыз  деп  тану 
туралы  сот  шешімінің  не  ерлі-зайыптылардың  бірлескен  өтініші  бойынша  тіркеуші 
органдарда некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы жазбаның негізінде жүргізіледі.
235-бап.  Мүдделі  адамның  өтініші  бойынша  неке  қию  (ерлі-зайыпты  болу)  туралы 
жазбаны тоқтата тұру
      Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы жазба жасалғанға дейін мүдделі адамнан неке
қиюды  (ерлі-зайыпты  болуды)  мемлекеттік  тіркеу  үшін  кедергілердің  бар  екендігі 
туралы  өтініш  түскен  жағдайда,  тіркеуші  органның  бастығы  жазбаны  тоқтата  тұруға 
және өтініш берушіден белгіленген мерзімде тиісті деректі айғақтар беруді талап етуге 
міндетті. Жазбаны тоқтата тұру мерзімі бір айдан аспауға тиіс.
236-бап. Ерлі-зайыптыларға неке қию (ерлі-зайыпты болу)туралы куәлік беру
      Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік ерлі-зайыптыларға неке қиылған жер 
бойынша неке (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік тіркелген күні беріледі.
            Қажет  болған  кезде  некеге  отыратын  (ерлі-зайыпты  болатын)  адамдардың 
әрқайсысына неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік берілуі мүмкін.
237-бап. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік
      Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік мынадай мәліметтерді:
            1)  некеге  отыратындардың  (ерлі-зайыпты  болатындардың)  әрқайсысының  тегін 
неке қиылғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейінгі, атын, әкесінің атын (егер бар болса), 
туған күні, айы, жылы мен туған жерін, азаматтығын, егер жеке басын куәландыратын 
құжатта көрсетілген болса, ұлтын;
      2) некенің қиылған (ерлі-зайыпты болған) күнін;
      3) актінің жасалған күнін және нөмірін;
      4) ерлі-зайыптылардың тегін таңдау туралы мәліметтерді;
      5) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орнын, тіркеуші органның
атауын;
      6) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің берілген күнін;
      7) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы берілген куәліктің сериясы мен нөмірін;
      8) құжат берген тіркеуші органның атауын қамтиды.
      Ескерту. 237-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
 Заңымен (алғашқы 
№ 272-VI
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


28-тарау. НЕКЕНІ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚТЫ) БҰЗУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК 
ТІРКЕУ
238-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер
      1. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші, 
белгіленген  тәртіппен  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзуға  құқығы  бар 
ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік
тіркеуге негіздер болып табылады.
            2.  Некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзуды  тіркеуші  органдарда  мемлекеттік  тіркеу 
кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар 
қоймайтын  ерлі-зайыптылардың  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзуға  өзара  келісімі 
кезінде жүргізіледі.
      3. Алып тасталды - ҚР 07.07.2020 
 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған 
№ 361-VI
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
            4.  Ерлі-зайыптылардың  ортақ  кәмелетке  толмаған  балаларының  болуына 
қарамастан,  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзу  ерлі-зайыптылардың  біреуінің  өтініші 
бойынша:
            1)  жұбайын  хабар-ошарсыз  кеткен  деп  тану  туралы  соттың  заңды  күшіне  енген 
шешімінің;
      2) жұбайын әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы 
соттың заңды күшіне енген шешімінің;
      3) жұбайының қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан
айыруға сотталғандығы туралы сот үкімінің негізінде тіркеуші органдарда бұзылады.
      Ескерту. 238-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 25.11.2019 
№ 272-VI
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
07.07.2020 
№ 361-VI
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
239-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу орны
            Некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзуды  мемлекеттік  тіркеу  ерлі-зайыптылардың 
немесе олардың біреуінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы 
кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.
      Ескерту. 239-бап жаңа редакцияда - ҚР 25.11.2019 
№ 272-VI
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
240-бап.  Ерлі-зайыптылардың  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзу  туралы  бірлескен 
өтініші бойынша некені (ерлі-зайыптылықты)бұзуды мемлекеттік тіркеу мерзімдері
      Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган некені (
ерлі-зайыптылықты)  бұзу  туралы  бірлескен  өтініш  берілген  күннен  бастап  бір  ай 
мерзім  өткеннен  кейін  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзушылардың  өздері  қатысқан 
кезде жүргізеді.


            Мерзімнің  өтуі  өтініш  берілгеннен  кейінгі  келесі  күннен  басталады  және  келесі 
айдың тиісті күнінде бітеді. Егер бұл күн жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі
жұмыс күнi мерзiмнiң аяқталған күнi болып есептеледі.
      Айлық мерзімнің қысқартылуы мүмкін емес.
      Егер ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін 
өздеріне белгіленген күні тіркеуші органға келе алмаса, олар тіркеуші органға некені (
ерлі-зайыптылықты)  бұзу  туралы  өтінішпен  қайтадан  жүгіне  алады,  ол  некені  (
ерлі-зайыптылықты)  бұзуды  мемлекеттік  тіркеу  үшін  қайтадан  айлық  мерзімді 
тағайындайды.
241-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
            1.  Кәмелетке  толмаған  ортақ  балалары  жоқ  ерлі-зайыптылардың  өзара  келісімі 
бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, жұбайын хабар-ошарсыз кеткен деп тану 
туралы  заңды  күшіне  енген  сот  шешімінің;  жұбайын  әрекетке  қабілетсіз  деп  тану 
туралы заңды күшіне енген сот шешімінің; жұбайының қылмыс жасағаны үшін кемінде
үш  жыл  мерзімге  бас  бостандығынан  айыруға  сотталғандығы  туралы  сот  үкімінің 
негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініштердің 
нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді.
      Осы Кодекстің 238-бабының 
 көзделген некені (ерлі-зайыптылықты) 
4-тармағында
бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер, сондай-ақ соттың некені (ерлі-зайыптылықты
)  бұзу  туралы  заңды  күшіне  енген  шешімі  акт  жазбаларын  мемлекеттік  тіркеуге 
арналған ақпараттық жүйеге электрондық түрде келіп түседі.
            2.  Осы  Кодекстің  238-бабының    және 
  көзделген  негіздер 
2
4-тармақтарында
бойынша  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзу  туралы  өтінішке  неке  қию  (ерлі-зайыпты 
болу) туралы куәлік қоса берілуге тиіс.
      Егер ерлі-зайыптыларда осы куәлік жоқ болса және неке қию (ерлі-зайыпты болу) 
туралы  акт  жазбасы  тіркеуші  органда  сақталмаса,  неке  (ерлі-зайыптылық)  туралы 
актінің жазбасын қалпына келтіру талап етіледі.
      Өтініш беруші мынадай құжаттарды:
      1) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзатын адамдардың жеке басын куәландыратын 
құжаттарды;
      2) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін осы Кодекстің 238-
бабының 
 көзделген негіздерді;
4-тармағында
      3) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын 
органның  әрекетке  қабілетсіз  немесе  хабар-ошарсыз  кеткен  деп  танылған  жұбайдың 
мүлкіне қорғаншы тағайындау туралы қорытындысын;
      4) мемлекеттік бажды төлегені туралы құжатты ұсынуға тиіс.
            3.  Әрекетке  қабілетсіз  жұбайдың  қорғаншысы  басқа  адамдардың  некені  (
ерлі-зайыптылықты)  бұзуды  мемлекеттік  тіркеу  туралы  мәлімдеме  жасауына 
нотариатта куәландырылған сенімхат негізінде уәкілеттік бере алады.


            4.  Ерлі-зайыптылардың  бірлескен  өтініші  негізінде  некені  (ерлі-зайыптылықты) 
бұзуды  мемлекеттік  тіркеуді  қоспағанда,  егер  ерлі-зайыптылардың  біреуі  некені  (
ерлі-зайыптылықты)  бұзуды  мемлекеттік  тіркеу  үшін  тіркеуші  органға  келе  алмаған 
жағдайда,  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексіне  сәйкес  оларға,  оның 
мүдделерін білдіру үшін сенімхат беріледі.
      Ескерту. 241-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
№ 272-VI
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
242-бап. Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе ұзақ мерзімге 
бас  бостандығынан  айыруға  сотталған  адаммен  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзуды 
мемлекеттік тіркеу
      Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны 
үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (
ерлі-зайыптылықты)  бұзуды  мемлекеттік  тіркеген  жағдайда,  тіркеуші  орган  өтініш 
түскен күннен бастап бір апта мерзімде ол туралы қамауда жатқан жұбайға не әрекетке 
қабілетсіз  жұбайдың  қорғаншысына  немесе  хабар-ошарсыз  кеткен  деп  танылған 
жұбайдың  мүлкіне  қорғаншыға  хабарламаны  алған  күннен  бастап  қырық  бес  күн 
мерзім  белгілей  отырып  хабарлауға  міндетті,  осы  мерзім  ішінде  олар  некені  (
ерлі-зайыптылықты)  бұзу  туралы  өтініш  бойынша  өздерінің  арасында  дау  бар  екені 
туралы жазбаша хабарлауға құқылы.
      Белгіленген мерзімдерде жауаптың болмауы, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан 
бас тарту некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу үшін кедергілер болып табылмайды.
      Ескерту. 242-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
№ 272-VI
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
243-бап.  Ерлі-зайыптылардың  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзғаннан  кейін  тектерін 
сақтауы немесе өзгертуі
            Некеге  отыру  (ерлі-зайыптылыққа  тұру)  кезінде  өз  тегін  басқа  текке  өзгерткен 
жұбай,  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзуды  мемлекеттік  тіркеу  кезінде  ортақ  тегін 
сақтау  немесе  осы  тегін  некеге  дейінгі  тегіне  өзгерту  туралы  некені  (
ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініште көрсетуге тиіс.
      Соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешімі негізінде тегін өзгерткен 
кезде азамат жеке басын куәландыратын құжаттарды бір айлық мерзімде ауыстыруға 
міндетті.
            Тегі  өзгертілген  жеке  басын  куәландыратын  құжаттарды  уәкілетті  мемлекеттік 
орган соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешімі негізінде береді.
      Ескерту. 243-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
№ 272-VI
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
244-бап.  Шетелдіктермен  немесе  азаматтығы  жоқ  адамдармен  некені  (
ерлі-зайыптылықты)бұзуды мемлекеттік тіркеу


      1. Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ
адамдар 
арасындағы 
некені 
(ерлі-зайыптылықты), 
сондай-ақ 
Қазақстан 
Республикасының  аумағында  шетелдіктер  арасындағы  некені  (ерлі-зайыптылықты) 
бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
            2.  Қазақстан  Республикасының  аумағынан  тыс  жерлерде  тұратын  Қазақстан 
Республикасының  азаматы  Қазақстан  Республикасынан  тыс  жерлерде  тұратын 
жұбайымен (зайыбымен) некені (ерлі-зайыптылықты) оның азаматтығына қарамастан 
Қазақстан  Республикасының  сотында  бұзуға  құқылы.  Егер  Қазақстан 
Республикасының  заңнамасына  сәйкес  некені  (ерлі-зайыптылықты)  тіркеуші  органда 
бұзуға  жол  берілген  жағдайда,  неке  (ерлі-зайыптылық)  Қазақстан  Республикасының 
шетелдегi мекемелерiнде бұзылуы мүмкін.
      3. Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ
адамдар  арасында  Қазақстан  Республикасының  аумағынан  тыс  жерлерде  тиісті  шет 
мемлекеттің  заңнамасын  сақтай  отырып,  жасалған  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзу 
Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
            4.  Шетелдіктер  арасында  Қазақстан  Республикасынан  тыс  жерлерде  тиісті  шет 
мемлекеттің  заңнамасын  сақтай  отырып,  жасалған  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзу 
Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
245-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасының мазмұны
      Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына мынадай мәліметтер:
            1)  бұрынғы  ерлі-зайыптылардың  әрқайсысының  тегі  неке  (ерлі-зайыптылық) 
бұзылғанға  дейінгі  және  одан  кейінгі,  аты,  әкесінің  аты  (егер  бар  болса),  туған  күні, 
айы, жылы мен туған жері, жасы, азаматтығы, егер жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе, ұлты, тұрғылықты жері және заңды мекенжайы, білімі, табыс көзі немесе 
жұмыс орны, некенің (ерлі-зайыптылықтың) саны туралы мәліметтер;
      2) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасының жасалған күні, нөмірі және
неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу жүргізілген тіркеуші органның 
атауы;
      3) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға негіз болып табылатын құжат;
      4) некенің (ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылған күні;
            5)  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзған  адамдардың  жеке  басын  куәландыратын 
құжаттардың деректемелері;
      6) мемлекеттік бажды төлегені туралы мәліметтер;
      7) өтініш беруші туралы мәліметтер;
      8) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің сериясы мен нөмірі енгізіледі.
246-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік беру
            Некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзу  туралы  акт  жазбасының  негізінде  белгіленген 
үлгідегі  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзу  туралы  куәлікті  тіркеуші  орган  олардың 
өтініші  бойынша  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзуды  мемлекеттік  тіркеу  уақытына 


қарамастан,  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзу  мемлекеттік  тіркелген  орны  бойынша 
ерлі-зайыптылардың әрқайсысына береді.
247-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік
      Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік мынадай мәліметтерді:
      1) атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғанға 
дейінгі және одан кейінгі, туған күні, айы, жылы мен туған жерін, азаматтығын, егер 
бұрынғы  ерлі-зайыптылардың  әрқайсысының  жеке  басын  куәландыратын  құжатта 
көрсетілген болса, ұлтын;
      2) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын 
құжат туралы мәліметтерді;
      3) некенің (ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылған күнін;
      4) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы актінің жасалған күні мен нөмірін;
      5) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік берілген адамның атын, әкесінің 
атын (егер бар болса), тегін;
      6) құжаттың берілген күнін және оны берген тіркеуші органның атауын;
      7) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің сериясы мен нөмірін;
            8)  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзуды  мемлекеттік  тіркеуді  жүзеге  асырған 
тіркеуші органның атауын қамтиды.
      Ескерту. 247-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
 Заңымен (алғашқы 
№ 272-VI
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
29-тарау. БАЛА АСЫРАП АЛУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
            Ескерту.  29-тарау  алып  тасталды  -  ҚР  25.11.2019 
  Заңымен  (алғашқы 
№  272-VI
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
30-тарау. АТЫН, ӘКЕСІНІҢ АТЫН ЖӘНЕ ТЕГІН АУЫСТЫРУДЫ 
МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
257-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу үшін негіз
      Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді он алты жасқа толған 
және атын және (немесе) әкесінің атын, тегін ауыстыруға тілек білдірген адамның жеке
өтініші бойынша тіркеуші органдар жүргізеді.
      Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру мынадай дәлелді себептер:
      1) атының, әкесiнiң атының, тегiнiң оғаш естiлуi;
      2) атының, әкесiнiң атының, тегiнiң айтуға қиындық келтіруі;
            3)  егер  некені  (ерлі-зайыптылықты)  мемлекеттік  тіркеу  кезінде  некеге  дейiнгі 
тектерінде қалса, жұбайымен ортақ текте болғысы келген жұбайдың тілегі;
      4) егер неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезде бұл туралы мәлімделмесе, некеге 
дейiнгi тегiн алғысы келуі;


      5) бұрынғы некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған балаларымен ортақ текте болғысы 
келуі;
      6) жұбайы қайтыс болған жағдайда некеге дейiнгi тегiн алғысы келуі;
      7) жұбайы қайтыс болған жағдайда өтiнiш берушi некеге дейiнгi тегiнде болғанда, 
балаларымен ортақ текте болғысы келуі;
      8) өтініш беруші таңдаған ата-аналарының бірінің ұлтына (ата-аналарының ұлты 
әртүрлі болған кезде) сәйкес келетін атты және (немесе) текті алғысы келуі;
      9) құжаттардағы атынан өзгеше, өмірде нақты қалыптасқан атын алғысы келуі;
      10) егер некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) кезде жұбайының тегі қабылданса, 
некеге дейінгі тегін алғысы келуі;
      11) ұлттық дәстүрлерге байланысты әкесiнiң немесе атасының аты бойынша текте 
болғысы келуі;
      12) өтініш берушіні іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегі мен аты бойынша текті 
және (немесе) әкесінің атын алғысы келуі;
            13)  жынысын  хирургиялық  жолмен  өзгерткен  кезде  таңдаған  жынысқа  сәйкес 
келетін атты, әкесінің атын, текті алғысы келуі кезінде жүргізіледі.
      Ескерту. 257-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
№ 272-VI
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
258-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу орны
            Атын,  әкесінің  атын,  тегін  ауыстыру  туралы  өтініш  өтініш  берушінің  таңдауы 
бойынша  Қазақстан  Республикасының  аумағындағы  кез  келген  тіркеуші  органға 
беріледі.
      Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш қанағаттандырылған жағдайда 
мемлекеттік тіркеу өтініш беру жері бойынша жүргізіледі.
      Ескерту. 258-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
№ 272-VI
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
259-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш
      Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініште мынадай мәліметтер:
      1) өтініш берушінің аты, әкесінің аты (егер бар болса), тегі;
      2) таңдаған аты, әкесінің аты, тегі;
      3) атын, әкесінің атын, тегін ауыстырудың себептері көрсетілуге тиіс.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      260-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.06.2020 
 Заңымен (01.07.2021 
№ 351-VI
бастап 
 енгізіледі).
қолданысқа
260-бап.  Атын,  әкесінің  атын,  тегін  ауыстыруды  мемлекеттік  тіркеу  туралы  өтінішті 
қарау мерзімдері
            Атын,  әкесінің  атын,  тегін  ауыстыру  туралы  өтінішті  қарауды  тіркеуші  орган 
Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі 
туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізеді.


261-бап.  Атын,  әкесінің  атын,  тегін  ауыстыру  туралы  өтінішке  қоса  берілетін 
құжаттардың тізбесі
            Атын,  әкесінің  атын,  тегін  ауыстыру  туралы  өтінішке  өтініш  берушінің  атын, 
әкесінің атын, тегін ауыстыруды өтінуіне байланысты себептерді растайтын мынадай 
құжаттар:
      1) өтініш берушінің туу туралы куәлігі;
      2) егер өтініш беруші некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), неке қию (ерлі-зайыпты 
болу) туралы куәлік;
      3) егер өтініш берушінің кәмелетке толмаған балалары болса, баланың туу туралы 
куәліктері;
      4) егер оларды тіркеуші органдар тіркеген болса, бала асырап алу туралы куәлік не 
әке болуды анықтау туралы куәлік;
      5) егер өтініш беруші некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға байланысты өзіне некеге 
дейінгі  тегін  беру  туралы  өтініш  жасаса,  некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзу  туралы 
куәлік;
      6) өтініш берушінің екі фотосуреті қоса беріледі.
      Қажет болған жағдайда, өтініш берушінің атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды 
өтінуіне байланысты себептерді растайтын қосымша құжаттар талап етіледі.
262-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуден бас тарту
            Тіркеуші  органның  атын,  әкесінің  атын,  тегін  ауыстырудан  бас  тартуына  сот 
тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
263-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы акт жазбасының мазмұны
      Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы акт жазбасына мынадай мәліметтер:
      1) адамның мемлекеттік тіркеуге дейінгі және одан кейінгі аты, әкесінің аты (егер 
бар болса), тегі;
      2) туған күні, айы, жылы, туған жері;
      3) азаматтығы, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса, ұлты;
      4) тіркелген жері, туу туралы акт жазбасының жасалған күні және нөмірі;
      5) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы жазбаның негізі;
      6) жеке басын куәландыратын құжаттардың деректемелері;
      7) мемлекеттік баждың төленгені туралы мәліметтер;
      8) құжаттың берілген күні және оны берген тіркеуші органның атауы;
            9)  атын,  әкесінің  атын,  тегін  ауыстыру  туралы  куәліктің  сериясы  мен  нөмірі 
енгізіледі.
264-бап.  Атын,  әкесінің  атын,  тегін  ауыстыруға  байланысты  өзгертуге  жататын 
мәліметтер
      Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты бұл туралы акт жазбасының 
негізінде  адамның  өзіне  қатысты  жасалған  туу  туралы  акт  жазбасына  ғана  өзгеріс 
енгізіледі. Басқа жазбаларға өзгерістер енгізу жүргізілмейді.


      Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру жүргізілгенін растау үшін белгіленген үлгідегі 
атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік көрсетіледі.
265-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік беру
            Атын,  әкесінің  атын,  тегін  ауыстыруды  мемлекеттік  тіркеу  жасалғаннан  кейін 
азаматқа атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік беріледі.
      Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік тек қана ауыстыру жүргізілген 
адамға мемлекеттік тіркеу орны бойынша беріледі.
266-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік
      Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік мынадай мәліметтерді:
      1) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы мемлекеттік тіркеуге дейінгі және 
одан кейінгі атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін;
      2) туған күні, айы, жылы мен туған жерін;
      3) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы акт жазбасының жасалған күнін және
нөмірін;
      4) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді жүргізген тіркеуші 
органның атауын;
      5) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәліктің берілген күнін;
      6) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәліктің сериясы мен нөмірін;
      7) құжат берген тіркеуші органның атауын қамтиды.
      Ескерту. 266-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
 Заңымен (алғашқы 
№ 272-VI
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
267-бап.  Азаматтың  аты,  әкесінің  аты,  тегі  ауыстырылғаны  туралы  хабарланатын 
мемлекеттік органдар тізбесі
      Ескерту. 267-бап алып тасталды - ҚР 25.11.2019 
 Заңымен (алғашқы ресми
№ 272-VI
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
31-тарау. ҚАЙТЫС БОЛУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
268-бап. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін негіз
      Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін:
      1) медициналық ұйым берген, қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат;
      2) қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау
туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негіз болып табылады.
269-бап. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу орны
      Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының аумағындағы кез 
келген тіркеуші органда жүргізіледі.
      Ескерту. 269-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
№ 272-VI
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
270-бап. Қайтыс болу туралы мәлімдеме


      1. Қайтыс болу туралы мәлімдемені қайтыс болған адаммен бірге тұрған адамдар, 
ал ондай адамдар болмаған жағдайда көршілері, тұрғын-үй пайдалану ұйымдарының 
қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, қайтыс болған адамды күтіп-баққан не 
адам сонда қайтыс болған ұйымның әкімшілігі немесе мәйітті тапқан ішкі істер органы 
жазбаша нысанда береді.
            Осы  Кодекстің 
  көзделген  қайтыс  болуды  мемлекеттік  тіркеу  үшін 
268-бабында
негіздер  акт  жазбаларын  мемлекеттік  тіркеуге  арналған  ақпараттық  жүйеге 
электрондық түрде келіп түседі.
      Егер мәлімдеме беруге уәкілеттік берілген адамдар медициналық ұйым белгіленген 
нысандағы  құжатты  берген  немесе  соттың  қайтыс  болу  фактісін  анықтау  немесе 
адамды қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 
үш жұмыс күні ішінде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш бермесе, онда 
тіркеуші орган акт жазбаларын мемлекеттік тіркеуге арналған ақпараттық жүйеге келіп
түскен қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу негізіне сәйкес қайтыс болуды мемлекеттік 
тіркеу туралы жазбаны өз бетінше жүргізеді.
            2.  Мәйіттері  танылмаған  және  талап  етілмеген  адамдардың  қайтыс  болуын 
мемлекеттік  тіркеу  туралы  өтінішті  қайтыс  болған  адамның  тұрған  жері  бойынша 
сот-медициналық сараптамасы ұйымының лауазымды адамы жазбаша нысанда береді.
            3.  Мәлімдеме  жасаушы  қайтыс  болу  туралы  мәлімдемеде  қайтыс  болған  адам 
туралы мынадай мәліметтерді: қайтыс болған адамның атын, әкесінің атын (егер бар 
болса), тегін, туған жылын, соңғы тұрғылықты жерін және оның отбасылық жағдайын, 
қайтыс  болған  жылын,  айы  мен  күнін,  қайтыс  болу  себебін,  сондай-ақ  қайтыс  болу 
туралы мәлімдеме жасаған адамның атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін және 
тұрғылықты жерін көрсетеді.
            4.  Қайтыс  болуды  тіркеу  кезінде  қайтыс  болған  адамның  жеке  басын 
куәландыратын құжаттары, әскери билеті тіркеуші органға тапсырылуға жатады.
      Ескерту. 270-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2013.01.29 
N 74-V
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019
№ 272-VI
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
271-бап.  Мәйіттері  танылмаған  және  талап  етілмеген  адамдардың  қайтыс  болуын 
мемлекеттік тіркеу
            Мәйіттері  танылмаған  және  талап  етілмеген  адамдардың  қайтыс  болуын 
мемлекеттік  тіркеуді  тіркеуші  органдар  мәйіттің  жатқан  жері  бойынша  немесе 
сот-медициналық сараптаманың қорытындысын берген жер бойынша жүргізеді.
            Мәйіттері  танылмаған  адамдардың  қайтыс  болуын  мемлекеттік  тіркеу  кезінде 
қайтыс  болу  туралы  актінің  жазбасына  қайтыс  болу  туралы  медициналық  куәлікте 
қамтылған, мемлекеттік тіркеу үшін қажетті мәліметтер ғана енгізіледі.


            Егер  қайтыс  болған  адам  кейіннен  танылған  болса,  ол  туралы  жетіспейтін 
мәліметтер қайтыс болу туралы медициналық куәліктің және мәлімдеме жасаушының 
жазбаша  өтінішінің  негізінде  қайтыс  болу  туралы  актінің  жазбасына  қорытынды 
жасалмастан енгізіледі.
            Мәйіттері  танылмаған  және  талап  етілмеген  адамдардың  мемлекеттік  тіркелгені 
туралы жергілікті атқарушы органдардың тиісті қызметіне Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша қайтыс болу туралы анықтама беріледі.
272-бап. Қайтыс болу туралы акт жазбасының мазмұны
      Қайтыс болу туралы акт жазбасына мынадай мәліметтер:
      1) қайтыс болған адамның аты, әкесінің аты (егер бар болса), тегі, туған күні, айы, 
жылы мен туған жері, соңғы тұрғылықты жері, жынысы, азаматтығы, егер жеке басын 
куәландыратын құжатта көрсетілсе, ұлты, қайтыс болған күні мен орны;
      2) қайтыс болу фактісін растайтын құжаттың негізінде қайтыс болу себебі;
      3) қайтыс болу фактісін растайтын құжат;
      4) қайтыс болу туралы мәлімдеме жасаған мәлімдеме жасаушының аты, әкесінің 
аты (егер бар болса), тегі, тұрғылықты жері не органның, ұйымның атауы және заңды 
мекенжайы;
      5) қайтыс болу туралы куәліктің сериясы мен нөмірі енгізіледі.
273-бап. Қайтыс болу туралы куәлік беру
            Қайтыс  болу  мемлекеттік  тіркелгеннен  кейін  қайтыс  болған  адамның 
мұрагерлерінің аясына кіретін жақын туыстарына, басқа адамдарға не қайтыс болған 
адам  қамқорлықтарында  болған  азаматтарға,  сондай-ақ  қайтыс  болған  адам  тұрған 
немесе  жазасын  өтеген  мемлекеттік  ұйымдар  әкімшілігінің  өкілдеріне  қайтыс  болу 
туралы куәлік беріледі.
            Басқа  туыстарына  қайтыс  болу  туралы  куәлік  мұрагерлік  іс  қарауында  жатқан 
нотариустың хабарламасы бойынша беріледі.
            Мәйіттері  танылмаған  және  талап  етілмеген  адамдардың  қайтыс  болуы  туралы 
куәлік  қайтыс  болу  туралы  акт  жазбасына  барлық  қажетті  мәліметтер  енгізілгеннен 
кейін ғана беріледі.
      Ескерту. 273-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 
№ 217-VI
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
274-бап. Қайтыс болу туралы куәлік
      Қайтыс болу туралы куәлік мынадай мәліметтерді:
      1) қайтыс болған адамның атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін, туған күні, 
айы, жылы мен туған жерін, жасын, қайтыс болған күні мен орнын;
      2) қайтыс болу туралы акт жазбасының жасалған күні мен нөмірін;
      3) құжаттың берілген күнін және оны берген тіркеуші органның атауын;
      4) қайтыс болу туралы куәліктің сериясы мен нөмірін;


      5) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған тіркеуші органның атауын 
қамтиды.
      Ескерту. 274-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 
 Заңымен (алғашқы 
№ 272-VI
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕКЕ-ОТБАСЫ 
ЗАҢНАМАСЫ
НОРМАЛАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
32-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕКЕ-ОТБАСЫ 
ЗАҢНАМАСЫ
НОРМАЛАРЫНЫҢ ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ 
АДАМДАРҒА
ҚОЛДАНЫЛУЫ
275-бап.  Ерлі-зайыптылардың  мүліктік  емес  және  мүліктік  жеке  құқықтары  мен 
міндеттері
      Ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері 
аумағында өздері бірге тұратын тұрғылықты жері бар мемлекеттің заңнамасымен, ал 
бірге  тұратын  тұрғылықты  жері  болмаған  кезде  аумағында  олардың  соңғы  бірге 
тұратын  тұрғылықты  жері  болған  мемлекеттің  заңнамасымен  айқындалады.  Бұрын 
бірге  тұратын  тұрғылықты  жері  болмаған  ерлі-зайыптылардың  мүліктік  емес  және 
мүліктік  жеке  құқықтары  мен  міндеттері  Қазақстан  Республикасының  аумағында 
Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
276-бап. Әке (ана) болуды анықтау және оны даулау
      1. Әке (ана) болуды анықтау және оған дау айту бала туған кезде азаматы болған 
мемлекеттің заңнамасымен айқындалады.
            2.  Әке  (ана)  болуды  анықтаудың  және  оған  дау  айтудың  тәртібі  Қазақстан 
Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады
. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында тіркеуші органдарда әке (ана) болуды
анықтауға жол берілсе, баланың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде 
тұратын  ең  болмаса  біреуі  Қазақстан  Республикасының  азаматы  болып  табылатын 
ата-аналары әке (ана) болуды анықтау туралы Қазақстан Республикасының шетелдегі 
мекемелерiне өтініш беруге құқылы.
277-бап. Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері
            Ата-аналардың  және  балалардың  құқықтары  мен  міндеттері,  оның  ішінде 
ата-аналардың  балаларын  күтіп-бағу  жөніндегі  міндеті  аумағында  олардың  бірге 
тұратын  тұрғылықты  жері  бар  мемлекеттің  заңнамасымен  айқындалады.  Ата-аналар 
мен балалардың бірге тұратын тұрғылықты жері болмаған кезде ата-аналардың және 


балалардың  құқықтары  мен  міндеттері  бала  азаматы  болып  табылатын  мемлекеттің 
заңнамасымен  айқындалады.  Талапкердің  талап  етуі  бойынша  алименттік 
міндеттемелерге  және  ата-аналар  мен  балалардың  арасындағы  басқа  да  қатынастарға 
аумағында бала тұрақты тұрып жатқан мемлекеттің заңнамасы қолданылуы мүмкін.
278-бап.  Кәмелетке  толған  балалардың,  сондай-ақ  отбасының  басқа  да  мүшелерінің 
алименттік міндеттемелері
      Ата-аналардың пайдасына алименттік міндеттемелер, сондай-ақ отбасының басқа 
да  мүшелерінің  алименттік  міндеттемелері  аумағында  олардың  бірге  тұратын 
тұрғылықты  жері  бар  мемлекеттің  заңнамасымен  айқындалады.  Бірге  тұратын 
тұрғылықты  жері  болмаған  кезде  мұндай  міндеттемелер  алимент  алуға  құқығы  бар 
адам азаматы болып табылатын мемлекеттің заңнамасымен айқындалады.
279-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасы 
азаматтарының азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу
            1.  Қазақстан  Республикасынан  тыс  жерде  тұрақты  немесе  уақытша  тұратын 
Қазақстан  Республикасының  азаматтарына  қатысты  азаматтық  хал  актілерін 
мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерi жүргізеді және
олар жасаған акт жазбалары Қазақстан Республикасының астанасы әкімдігінің тіркеуші
органына беріледі.
      2. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерiнде азаматтық хал актілерін 
мемлекеттік  тіркеу  кезінде,  егер  мүдделі  адамдар  Қазақстан  Республикасының 
азаматтары болып табылса, Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.
      Ескерту. 279-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 
N 239-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
280-бап.  Азаматтық  хал  актілерінің  жасалуын  растайтын  шет  мемлекеттердің 
құжаттарын тану
            Қазақстан  Республикасының  азаматтарына,  шетелдіктер  мен  азаматтығы  жоқ 
адамдарға  қатысты  тиісті  мемлекеттердің  заңдары  бойынша  шет  мемлекеттердің 
құзыретті органдары берген Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде азаматтық хал 
актілерінің  жасалғанын  растайтын  құжаттар,  егер  олар  Қазақстан  Республикасының 
заңнамасына  қайшы  келмесе,  сондай-ақ  консулдық  ресмилендірілген  не  арнайы 
мөртаңба (апостиль) болған кезде Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
      Қазақстан Республикасының құзыретті органдары босқындар мен мәжбүрлеп қоныс
аударушыларға  бұрынғы  тұрған  жері  бойынша  неке  қию  (ерлі-зайыпты  болу),  туу 
туралы куәліктерді және азаматтық хал актілерінің басқа да құжаттарын алуға жәрдем 
көрсетуге міндетті.
33-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР


281-бап.  Қазақстан  Республикасының  неке-отбасы  заңнамасын  бұзғаны  үшін 
жауаптылық
            Қазақстан  Республикасының  неке-отбасы  заңнамасын  бұзу  Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
282-бап. Осы Кодексті қолдану тәртібі
            1.  Осы  Кодекс  оны  қолданысқа  енгізгеннен  кейін  туындаған  құқықтық 
қатынастарға қолданылады.
            2.  Осы  Кодекстің  112-бабы 
  8),  9)  және  10)  тармақшаларының 
2-тармағының
ережелері қолданысқа енгізілген күнге дейін Қазақстан Республикасының аумағында 
аккредиттеуді  алған  бала  асырап  алу  жөніндегі  агенттіктер  көрсетілген 
тармақшалардың  ережелері  қолданысқа  енгізілген  күннен  бастап  бір  жыл  ішінде 
Қазақстан  Республикасының  балалардың  құқықтарын  қорғау  жөніндегі  уәкілетті 
органына тиісті міндеттемелер ұсынуға міндетті.
            3.  Осы  баптың  2-тармағында  көрсетілген  мерзім  өткен  соң  осы  Кодекстің  112-
бабының 
  8),  9)  және  10)  тармақшаларының  ережелеріне  сәйкес 
2-тармағы
міндеттемелер  ұсынбаған  бала  асырап  алу  жөніндегі  агенттіктер  Қазақстан 
Республикасының аумағында өз қызметін тоқтатады.
      Ескерту. 282-бап жаңа редакцияда - ҚР 09.04.2016 
№ 501-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
283-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
      1. Осы Кодекс алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі.
            2.  "Неке  және  отбасы  туралы"  1998  жылғы  17  желтоқсандағы  Қазақстан 
Республикасы 
 (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., №
Заңының
23,  430-құжат;  2001  ж.,  №  24,  338-құжат;  2004  ж.,  №  23,  142-құжат;  2006  ж.,  №  1,  5-
құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат
) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және 
құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет