«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі


бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу тәртібі



Pdf көрінісі
бет254/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   295
Байланысты:
Неке

бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу тәртібі
1. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар осы 
Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізеді. 
2. Егер некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдар (адамдардың біреуі) ауыр 
науқастануы салдарынан немесе басқа да дәлелді себеп бойынша тіркеуші органға келе 
алмайтын жағдайда, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу оның үйінде, 
медициналық немесе өзге де ұйымда некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) 
адамдардың қатысуымен жүргізіледі. 
3. Тіркеуші органның лауазымды адамы: 
1) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдіргені туралы берілген өтініштерді 
жария етеді; 
2) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдарға болашақ жұбайлардың 
құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді; 
3) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) келісімді және жұбайлардың таңдаған тегі 
туралы шешімді анықтайды; 
4) неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергінің жоқ екендігін анықтайды; 
5) мемлекет атынан неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы белгіленген үлгідегі куәлікті 
тапсырады.
4. Неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі болмаған кезде азаматтық хал актілерін 
жазу кітабына некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қолы қойылған және 
тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрімен бекітілген неке (ерлі-
зайыптылық) туралы жазба енгізіледі.


5. Егер неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтіретін мән-жайлардың бар 
екенін растайтын айғақтары болса, тіркеуші орган неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) 
мемлекеттік тіркеуден бас тартады.
6. Тіркеуші органның неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуден бас 
тартуына сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
227-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет