«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі


Заңымен  3- тармақ жаңа редакцияда ( бұр.ред.қара



Pdf көрінісі
бет119/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   295
Байланысты:
Неке

Заңымен
 3-
тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)


3. Ата-аналары туыстарына, асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе 
әкесімен некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдарға баланы асырап алуға келісім 
бере алады. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге 
асыратын органдар сотқа асырап алудың баланың мүдделеріне сәйкестігі туралы 
қорытынды береді. Баланы өгей әкесі (өгей шешесі) асырап алған немесе баланы ата-
аналарының келісімі бойынша туыстары асырап алған жағдайда, асырап алудың баланың 
мүдделеріне сәйкестігі туралы қорытынды талап етілмейді. 
4. 
Қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы балаларды асырап алу үшiн олардың 
қорғаншыларының немесе қамқоршыларының жазбаша нысандағы келiсiмi қажет.
5. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт бойынша тәрбиеленiп жатқан 
балаларды асырап алу үшiн патронат тәрбиешiлерiнiң жазбаша нысандағы келiсiмi қажет. 
6. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және білім беру 
ұйымдарындағы, медициналық және басқа да ұйымдардағы балаларды асырап алу үшін 
осы ұйымдар басшыларының жазбаша нысандағы келісімі қажет. 
7. Осы баптың 1, 4, 5 және 6-тармақтарында аталған адамдардың келісімінсіз, сот 
баланың мүддесінде оны асырап алу туралы шешім шығаруға құқылы. 
Ата-анасының екеуі не некеде (ерлі-зайыптылы) тұрмаған анасы бас тарту туралы 
өтінішті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімдеместен, 
медициналық ұйымда туған баладан бас тартқан жағдайда, сондай-ақ үш жастан аспаған 
тастанды (ата-анасы бас тартқан) бала табылған кезде, ол қалдырылғаннан немесе 
табылғаннан кейін үш ай өткен соң сот баланың мүддесінде Қазақстан Республикасы 
азаматтарының бала асырап алуы туралы істі қарауға құқылы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет