6. Агенттікті аккредиттеу туралы шешім жоғалған кезде, өкіл тиісті өтініш берілген
күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының балалардың
құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органында оның телнұсқасын алуы мүмкін.
7. Агенттік бір жыл мерзімге аккредиттеледі. Аккредиттеу туралы шешім иеліктен
шығарылмайды және басқа адамдарға беруге жатпайды.
8. Агенттікті аккредиттеуден, оның қызмет мерзімін ұзартудан және (немесе) оның
қызметін мерзімінен бұрын тоқтатудан бас тарту негіздері:
1)
ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
талаптарға сәйкес болмауы;
2)
өз қызметі туралы дәйексіз мәліметтер ұсынуы;
3) агенттіктің немесе оның филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің қызметі
туралы шет мемлекеттің құзыретті органдарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдарынан келіп түскен келеңсіз ақпараттың болуы;
4) агенттіктің орналасқан жері, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық, саяси,
экологиялық ахуал, мемлекетте әскери іс-қимылдардың жүзеге асырылуы;
5) агенттіктің филиалы және (немесе) өкілдігі қызметкерлерінің Қазақстан
Республикасының заңнамасын бұзуы;
6) агенттіктің асырап алынған балалардың тұрмыс жағдайлары мен тәрбиесін бақылау
және белгіленген тәртіппен тиісті есептер және ақпарат беру жөніндегі өз міндеттемелерін
бұзуы;
7) агенттіктің асырап алынған баланың белгіленген тәртіппен Қазақстан
Республикасының консулдық мекемесінде есепке қойылуын бақылауды жүзеге асыру
жөніндегі өз міндеттемелерін бұзуы;
2016.09.04. № 501-V ҚР
Достарыңызбен бөлісу: