2)
Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті
органына және (немесе) өзге де мемлекеттік органдарға агенттік филиалының және
(немесе) өкілдігінің қызметіне негізделіп шағымдар жасалған жағдайда, агенттікті
аккредиттеу туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұрады.
Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті
органы Агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметін тоқтату туралы шешім
қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларға хабарлайды.
4. Агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан
бұзушылықтар бір ай ішінде жойылған кезде Қазақстан Республикасының балалардың
құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы оны қайтадан қолданысқа енгізеді.
5. Агенттіктің филиалдары және (немесе) өкілдіктері мынадай жағдайларда:
1) балаларды асырап алу жөніндегі қызметін агенттіктің құрылтай құжаттарына
сәйкес жүзеге асырмаса;
2) агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан
бұзушылықтарды бір ай ішінде жоймаса;
3) агенттіктің филиалы және (немесе) өкілдігі қызметін тоқтату туралы өтініш берсе;
4) агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылу мерзімі өтсе және аккредиттеу
мерзімін жаңа мерзімге ұзарту мүмкін болмаса, өз қызметін тоқтатады.
6. Агенттік филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің қызметін тоқтату мәселелері
осы баптың 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар анықталған (туындаған) күннен бастап
он жұмыс күні ішінде қаралады.
Агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметін тоқтату туралы дәлелді
шешімді Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы
уәкілетті органы қабылдайды және шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні
ішінде оған жібереді.
2016.09.04. № 501-V ҚР
Достарыңызбен бөлісу: