136-
бап. Патронат белгіленетін бала
1. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт бойынша беру үшін оны алдын
ала таңдауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге
асыратын органмен және баланы күтіп-бағатын ұйым әкімшілігінің келісімі бойынша
баланы отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдар жүзеге асырады.
Ағалы-інілерді, апалы-сіңлілерді ажыратуға, бұл балалардың мүдделеріне сай келетін
және балалар өздерінің туыстығы туралы білмеген, бірге тұрмаған және бірге
тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді.
2. Баланы патронат тәрбиешілерге беру оның пікірі ескеріле отырып, жүзеге
асырылады. Он жасқа толған бала оның келісімімен ғана берілуі мүмкін.
2013.21.06. № 106-V ҚР
Заңымен
3-
тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
3. Патронат тәрбиешілерге берілген бала өзіне тиесілі алименттерге, бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан
төленетін ата-аналарының зейнетақы төлемдеріне, жәрдемақыларға және басқа да
әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын жайға меншік құқығын немесе тұрғын
жайды пайдалану құқығын сақтайды. Патронат тәрбиешілерге берілген баланың тұрғын
жайы болмаған кезде Қазақстан Республикасының тұрғын үй
заңнамасына
сәйкес оған
тұрғын жай берілуіне құқығы бар.
Тәрбиеленушіге тиесілі ақшалай қаражатты және басқа да мүлікті сақтау баланы
патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың қолданылу уақытына патронат тәрбиешіге
жүктеледі.
Патронат тәрбиешілерге берілген бала осы Кодекстің
Достарыңызбен бөлісу: |