бап. Азаматтық хал актілерінің жасалуын растайтын шет мемлекеттердің
құжаттарын тану
Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдарға қатысты тиісті мемлекеттердің заңдары бойынша шет мемлекеттердің
құзыретті органдары берген Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде азаматтық хал
актілерінің жасалғанын растайтын құжаттар, егер олар Қазақстан Республикасының
заңнамасына қайшы келмесе, сондай-ақ консулдық ресмилендірілген не арнайы мөртаңба
(апостиль) болған кезде Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
Қазақстан Республикасының құзыретті органдары босқындар мен мәжбүрлеп қоныс
аударушыларға бұрынғы тұрған жері бойынша неке қию (ерлі-зайыпты болу), туу туралы
куәліктерді және азаматтық хал актілерінің басқа да құжаттарын алуға жәрдем көрсетуге
міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |