276- бап. Әке (ана) болуды анықтау және оны даулау 1.
Әке (ана) болуды анықтау және оған дау айту бала туған кезде азаматы болған
мемлекеттің заңнамасымен айқындалады.
2.
Әке (ана) болуды анықтаудың және оған дау айтудың тәртібі Қазақстан
Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында тіркеуші органдарда әке (ана) болуды
анықтауға жол берілсе, баланың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде
тұратын ең болмаса біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ата-
аналары әке (ана) болуды анықтау туралы Қазақстан Республикасының шетелдегі
мекемелерiне өтініш беруге құқылы.