және 5-
тармақтарында белгіленген талаптар сақталған кезде ата-аналар мен балаларының
материалдық және отбасылық жағдайларын және тараптардың басқа да назар аударарлық
мүдделерін ескере отырып айқындайды.
3.
Қосымша шығыстарды көтеру тәртібі мен осы шығыстардың мөлшері тараптардың
келісімімен айқындалуы мүмкін, мұндай келісім болмаған жағдайда дау сот тәртібімен
шешіледі.
20- тарау. ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ ЖӘНЕ БҰРЫНҒЫ ЕРЛІ- ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ АЛИМЕНТТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ 147- бап. Ерлі-зайыптылардың бірін-бірі күтіп-бағу жөніндегі міндеттері 1. Ерлі-зайыптылар бірін-бірі материалдық жағынан қолдауға міндетті.
2. Мұндай қолдаудан бас тартқан және ерлі-зайыптылардың арасында алимент төлеу
туралы келісім болмаған жағдайда, алимент төлеуге қажетті қаражаты бар екінші
жұбайдан:
1) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының;
2) жүктілігі кезеңінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы
зайыбының;
3) ортақ мүгедек баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып
отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектік
белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж жұбайының алимент төлеуді сот тәртібімен талап
етуге құқығы бар.