«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі


- тарау. АЛИМЕНТТІ СОТ ТӘРТІБІМЕН ТӨЛЕТТІРУ ЖӘНЕ ӨНДІРІП АЛУ



Pdf көрінісі
бет197/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   295
Байланысты:
Неке

23-
тарау. АЛИМЕНТТІ СОТ ТӘРТІБІМЕН ТӨЛЕТТІРУ ЖӘНЕ ӨНДІРІП АЛУ 
ТӘРТІБІ
 
163-
бап. Алиментті сот шешімі бойынша өндіріп алу
Осы Кодекстің 
143-155-
баптарында
 
аталған отбасы мүшелері алимент төлеу туралы 
келісім болмаған кезде алимент өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы. 
164-
бап. Алимент алу үшін өтініш беру мерзімдері
1. Алимент алуға құқығы бар адам, егер бұрын алимент төлеу туралы келісім бойынша 
алимент төленбеген болса, алимент алу құқығы туындаған кезден бастап өткен мерзімге 
қарамастан, сотқа алимент өндіріп алу туралы өтініш жасауға құқылы. 
2. Алимент сотқа өтініш жасалған кезден бастап тағайындалады. 
Егер сотқа өтініш беруден бұрын күтіп-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, 
бірақ алиментті төлеуге міндетті адамның оны төлеуден жалтаруы салдарынан алимент 
алынбағанын сот анықтаған болса, сотқа өтініш жасалған кезден бастап үш жыл мерзім 
шегінде өткен кезеңге алимент өндіріп алынуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет