165- бап. Ұйымның лауазымды адамының алиментті ұстап қалу міндеті Алимент төлеуге міндетті адамның жұмыс орны бойынша ұйымның лауазымды адамы
нотариатта куәландырылған алимент төлеу туралы келісімнің негізінде немесе атқару
құжатының негізінде оның жалақысынан және өзге де кірісінен алимент алатын адамның
пайдасына ай сайын алимент ұстап қалуға және оны алимент төлеуге міндетті адамның
есебінен жалақының және өзге де кірістің төленген күнінен бастап үш күн мерзімнен
кешіктірмей төлеуге немесе аударуға міндетті.
Төлеушіден ұсталған, бірақ алушыға уақтылы аударылмаған алиментті төлеуді
кешіктіргені үшін жауапкершілік ұйымның лауазымды адамына жүктеледі.
166-