Сабақтың тақырыбы: С. Мұқанов «Саятшы Ораз»



Дата25.08.2017
өлшемі32,46 Kb.
#26464
түріСабақ
Абдуллина Шынар Касымовна

Ақтөбе қаласы,

36 қазақ орта мектебінің



қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

7 «А» класс. Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: С.Мұқанов «Саятшы Ораз»
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы Сәбит

Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесіне тоқталу.

Туындының мазмұны мен идеясын ашу, көркемділіігін

таныту,жан-жақты білім беру;



2.Дамытушылық:Оқушылардың ақпаратты өз бетінше

оқу және ойлау,ықыласты жұмыс жасау қабілеттерін

шыңдау,ұсынылған проблема бойынша өз қөзқарастарын

шығармашылық тұрғыда көрсетуге,мәтінді қысқа да

нұсқа,тұжырымды жеткізе білуге,сараптау, жинақтау, талқылау, бағалау дағдыларын жетілдіру;

3.Тәрбиелік: Ақын туындысы арқылы көркем

шығарманы өз бетімен оқуға баулу, аңшылыққа,

саятшылыққа деген қызығушылық сезімдерін ояту,

адамгершілікке, парасатты болуға жетелеу;


Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Сабақ әдісі: СТО стратегиялары: көрнекілік ,бортты журнал,галереяға саяхат т.б.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих,география.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі

а) оқушылармен амандасу,түгелдеу.

ә) материалдардың толық болуын қадағалау.

ІІ Негізгі бөлім.

а) қызығушылығын ояту

(көрнекілік стратегиясын қолдану) Тақтаға саятшылық туралы деректі фильмнен үзінді жіберіледі.Оқушыларға үзіндіден не көргені,ол туралы не білетіндері туралы жазуға тапсырма беріледі. Өлшеулі мерзімнен соң, оқушылардың пікірі тыңдалады.

Бүгін,оқушылар,Сәбит Мұқановтың «Саятшы Ораз»әңгімесіне тоқталамызБүгінгі сабағымыздың басты мақсаты-әңгіменің мазмұны мен идеясын ашу,көркемділігін таныту,жан-жақты талдау жасау.

Олай болса,дәптерлерімізді ашып,бүгінгі күннің жадын жазамыз. ( Класс 4 топқа бөлініп отырғызылғаны ескертіледі. Топ басшылары туралы айтып өту,класс оқушыларын тақтадағы тақырыпқа сәйкестендіріліп ілінген мақал-мәтелдердің ұнағанын алып,сол алған мақалы көрсетілген топқа отыру керектігі айтылады)


Оқушылар,бүгінгі тақырыпты жан-жақты ашу үшін түрлі жұмыстар жүргізіледі.
ә) мағынаны тану («бортты журнал»әдісі арқылы жүзеге асады)

Оқушыларға мәтінмен танысуға уақыт беріледі.Шектеулі уақыттан соң, екі бағаннан тұратын жұмыс жеке оқушыға таратылып, жүргізу ережесі түсіндіріледі. Тапсырма: Тақтаға көз жібере отырып, мәтінді жан-жақты талдайды.

(Шектеулі уақыттан кейін,оқушылар жұмыстарын қорғайды)
б) ой-толғаныс сәтінде әр топқа плакат таратылады.Тапсырма:Әр топ бүгінгі жаңа сабақ бойынша білген –түйгендерін қағаз бетіне түсіреді,қалай түсінгендерін сипаттайды,талдайды.Оқушыларға уақыт беріледі.Уақыт аяқталған соң,қабырға газеттері бөлме қабырғасына ілінеді.

Мұғалім белгі берісімен,топтар кабинет ішінде қозғалысқа түсіп,қабырға газеттерін қарап,талдайды,жапсырма қағазға пікірін не сұрағын жазып кетеді.

(галереяға саяхат аяқталған соң,топтар жұмыстарға шолу жасап,өз газеттеріне жазылған кластастарының пікірін талқылайды,сұрақтары болса,жауап береді,қорытынды жасайды.)

4. Оқушылардың бірін-бірі бағалауы /топ басшылары/



Үйге тапсырма:Әңгіменің сюжеттік-композициялық құрылымын құру,Саятшы Ораздың бір әңгімесі ретінде аңшылық тақырыбында шығарма жазу тапсырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет