«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі



Pdf көрінісі
бет209/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   295
Байланысты:
Неке

ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
6-
БӨЛІМ. АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІ
24-
тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 
177-
бап. Мемлекеттік тіркеуге жататын азаматтық хал актілері 
Туу, қайтыс болу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, 
бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту 
тіркеуші органдарда осы Кодексте белгіленген мерзімде міндетті мемлекеттік тіркелуге 
жатады.
Басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтық хал актілерін 
мемлекеттік тіркеуіне тыйым салынады және ол танылмайды. 


178-
бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы бастапқы және 
қайтадан куәліктер беру 
1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркегеннен кейін өздеріне қатысты акт 
жазбасы жасалған адамдарға құжатты берген тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен 
және елтаңбалы мөрімен бекітілген, белгіленген үлгідегі азаматтық хал актілерін 
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беріледі. 
Бастапқы куәлік жоғалған немесе пайдалануға жарамсыз болған жағдайда мұрағаттық 
акт жазбасының негізінде азаматтық хал актісін тіркеу туралы куәлік қайтадан беріледі.
2. 
Өздеріне қатысты ата-ана құқықтарынан айрылған ата-аналарға, оны қалпына 
келтіргенге дейін баланың туу туралы куәлігі қайтадан берілмейді.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған ерлі-зайыптыларға және некесі (ерлі-
зайыптылығы) жарамсыз деп танылған ерлі-зайыптыларға неке қию (ерлі-зайыпты болу) 
туралы куәлік қайтадан берілмейді.
3. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер қазақ тілінде немесе 
орыс тілінде толтырылады. 
Азаматтар (ата-аналар, ерлі-зайыптылар, бала асырап алушылар) туралы мәліметтер 
олардың жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады. 
4. 
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда азаматтық хал 
актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер нотариатта куәландырылған сенімхат 
бойынша берілуі мүмкін. 
179-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет