2014.29.09. № 239-V ҚР
Заңымен
1-
тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының
нысандарын
және
осы кітаптардағы жазбалар негізінде берілетін куәліктердің
нысандарын
Қазақстан
Республикасының әділет органдары бекітеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР
Заңымен
2-
тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
2. Акт кітаптары қатаң жүйелі түрде тігілген және нөмірленген, оны құрастырған
тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрімен бекемделген бірдей
жүз акт жазбасын қамтып, екі данада жасалады. Акт жазбаларының бірдейлігін тіркеуші
органның лауазымды адамдары қамтамасыз етеді.
Акт кітаптарының бірінші даналары - азаматтық хал актісін бастапқы тіркеу орны
бойынша ауданның (қаланың) тіркеуші органының мұрағатында, екінші данасы
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тіркеуші органының
мұрағатында сақталады.
3. Акт кітаптарының бірінші және екінші даналарын бір үй-жайда (ғимаратта)
сақтауға тыйым салынады.
4. Республика бойынша акт жазбаларының электрондық нұсқалары Қазақстан
Республикасының заңнамасында айқындалған уәкілетті органда Жеке тұлғалар туралы
мемлекеттік дерекқордың орталық серверінде сақталады.
5. Бастапқы тіркеу орны бойынша акт кітаптары жетпіс бес жыл бойы сақталады,
содан кейін тиісті мемлекеттік мұрағатқа беріледі.
6. Екінші даналардың акт кітаптары белгіленген мерзім өткеннен кейін жойылуға
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: