184- бап. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру 1. Азаматтық хал актілерінің жоғалған жазбаларын қалпына келтіру туралы өтініш сол
өтініш берушінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органға, ал шетелде
тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ азаматтық хал
актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдардың өтініштері Қазақстан Республикасының шетелдегі
мекемелерi арқылы бастапқы жазбаның мемлекеттік тіркелген (жоғалған) орны бойынша
тіркеуші органға беріледі.
2. Азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру тиісті жазбаның бұрын
болғанын растайтын құжаттар болған кезде немесе мемлекеттік тіркеу орны мен уақыты
көрсетіле отырып, акт жазбасын қалпына келтіру туралы сот шешімінің негізінде
жүргізіледі.
3. Тарихи отанына қайта оралған адамдарға қатысты туу туралы азаматтық хал
актілерінің жазбаларын қалпына келтіру жеткілікті негіздер болған кезде және осы фактіні
құжаттық растау (акт жазбасының болмауы (жоғалғаны) туралы анықтама немесе
хабарлама) мүмкін болған кезде немесе ішкі істер органдарының осы адамдардың
Қазақстан Республикасына заңды түрде келгені туралы растамасы және олардың
Қазақстан Республикасының азаматтығын беру туралы өтініші болған кезде ғана
жүргізіледі.
Оралмандардың туу туралы қалпына келтірілген жазбаларын мемлекеттік тіркеу
олардың тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі.
4. Азаматтық хал актілері жазбаларының жоғалғанын сол жоғалған жазба жасалған
жер бойынша азаматтық хал актілері жазбасының облыстық (қалалық) мұрағаты растауға
тиіс.
5. Тіркеуші органның жоғалған жазбаны қалпына келтіруі мүмкін болмаған кезде
азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу фактісі Қазақстан Республикасының
Азаматтық іс жүргізу
кодексінде
белгіленген қағидалар бойынша сот тәртібімен
белгіленеді.
6. Азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіруді мемлекеттік тіркеуді
жоғалған жазба жасалған жер бойынша тіркеуші орган жүргізеді.