«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі



Pdf көрінісі
бет213/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   295
Байланысты:
Неке

182-
бап. Мемлекеттік баж
1. Азаматтық хал актілерінің тіркелгені үшін Қазақстан Республикасының салық 
заңнамасына
 
сәйкес мемлекеттік баж алынады. 
2. Тууды, қайтыс болуды, әке болуды анықтауды, Қазақстан Республикасы 
азаматтарының бала асырап алуын тіркеу, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу 
кезінде жіберілген қателерге байланысты қайтадан куәліктер беру Қазақстан 
Республикасының салық 
заңнамасына
 
сәйкес мемлекеттік баж алынбай жүргізіледі. 
183-
бап. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын өзгерту, толықтыру және түзету 
тәртібі
2014.17.11. № 254-V ҚР 
Заңымен
 1-
тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
1. Тіркеу туралы бастапқы акт жазбалары, сондай-ақ жеткілікті негіздер болған кезде 
және мүдделі адамдардың арасында дау болмаған кезде азаматтық хал актілерінің 
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді тіркеуші орган жүргізеді. 
Мүдделі адамдардың арасында дау болған кезде азаматтық хал актілерінің жазбаларына 
өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу мәселелері медиация тәртібімен немесе сот 
тәртібімен шешіледі. 
2. Азаматтық хал актілерінде жазылған жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен 
түзетулер енгізу туралы өтініштер өтініш берушінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша 
тіркеуші органға беріледі. 
3. Шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ 
азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген 
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өтініштері Қазақстан Республикасының 
шетелдегі мекемелерi арқылы бастапқы жазбаның сақталған орны бойынша тіркеуші 
органға беріледі. 
4. Азаматтық хал актілерінде жазылған жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен 
түзетулер енгізуді жазба жасалған жер бойынша тіркеуші орган жүргізеді. Азаматтық хал 
актілеріндегі жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы бас 
тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет