27- тарау. НЕКЕ ҚИЮДЫ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ БОЛУДЫ) МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ 220- бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үшін негіз Тіркеуші органдар неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша некеге отыру (ерлі-
зайыпты болу) туралы бірлескен жазбаша өтініштің негізінде жүргізеді.
221- бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу некеге отыратын (ерлі-
зайыпты болатын) адамдардың тілегі бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы
кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.