бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) салтанатты жағдайда мемлекеттік тіркеу Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) салтанатты жағдайда мемлекеттік тіркеу некеге
отыратындардың (ерлі-зайыпты болатындардың) тілегі бойынша тіркеуші органдардың
арнайы жабдықталынған үй-жайларында не арнайы осыған арналған мемлекеттік неке
сарайларында жүргізіледі.
228- бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен неке қиюын (ерлі-зайыпты болуын) мемлекеттік тіркеу 1.
Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ
адамдармен неке қиюын (ерлі-зайыпты болуын) мемлекеттік тіркеу Қазақстан
Республикасының тіркеуші органдарында Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес жалпы негіздерде не некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірген адам
азаматы болып табылатын шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде, консулдық
мекемесiнде жүргізіледі.
2. Шетелдікпен некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш берумен бір мезгілде
шетелдік өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органынан некеге отыруға
(ерлі-зайыпты болуға) рұқсатты, егер мұндай рұқсат алу шет мемлекеттің заңнамасына
сәйкес талап етілсе, ұсынуға тиіс.
Мұндай рұқсат болмаған кезде тіркеуші орган өтінішті қабылдау кезiнде некеге
отырушыларға (ерлі-зайыпты болушыларға) және бірінші кезекте Қазақстан
Республикасының азаматына (азаматшасына), олардың некесi (ерлі-зайыптылығы) ол
некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адам азаматы болып табылатын елде жарамсыз
болып танылуы мүмкiн екендiгiн түсiндiруге тиiс.
Егер мұндай түсiндiрулерге қарамастан, өтініш берушiлер неке қиюды (ерлі-зайыпты
болуды) мемлекеттік тiркеуді талап етіп сұраса, бұл неке (ерлі-зайыптылық) тiркеледi.
Қазақстан Республикасы азаматтарының оралмандармен некесін қиюды (ерлі-зайыпты
болуды) мемлекеттік тiркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалпы
негіздерде жүргiзiледi.
3.
Қазақстан Республикасының аумағында азаматтығы жоқ адаммен неке қию (ерлі-
зайыпты болу) шарттары, егер ол адамның Қазақстан Республикасының аумағында
тұрақты тұрғылықты жері болса, Қазақстан Республикасының заңнамасымен
айқындалады.
229-