бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде ерлі- зайыптылардың тектерін жазу тәртібі 1. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейінгі тегін
екінші жұбайының тегіне өзгертуге тілек білдірген жұбайға неке қию (ерлі-зайыпты болу)
туралы акт жазбасында ортақ тек ретінде таңдап алынған тегі көрсетіледі.
2. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасын жасаған кезде бұрынғы
тектерінде қалуға тілек білдірген ерлі-зайыптылардың тектері өзгертілмейді.
3.
Өзінің некеге дейінгі тегіне екінші жұбайының тегін қосып жазуға тілек білдірген
жұбайға неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасында қосылатын тегі некеге
дейінгі тегінен кейін сызықша арқылы жазылады.
4. Ерлі-зайыптылардың тектерін таңдауы некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы
бірлескен жазбаша өтініште көрсетіледі.
226-