бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу тәртібі 1. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар осы
Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізеді.
2. Егер некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдар (адамдардың біреуі) ауыр
науқастануы салдарынан немесе басқа да дәлелді себеп бойынша тіркеуші органға келе
алмайтын жағдайда, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу оның үйінде,
медициналық немесе өзге де ұйымда некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын)
адамдардың қатысуымен жүргізіледі.
3. Тіркеуші органның лауазымды адамы:
1) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдіргені туралы берілген өтініштерді
жария етеді;
2) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдарға болашақ жұбайлардың
құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
3) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) келісімді және жұбайлардың таңдаған тегі
туралы шешімді анықтайды;
4) неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергінің жоқ екендігін анықтайды;
5) мемлекет атынан неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы белгіленген үлгідегі куәлікті
тапсырады.
4. Неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі болмаған кезде азаматтық хал актілерін
жазу кітабына некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қолы қойылған және
тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрімен бекітілген неке (ерлі-
зайыптылық) туралы жазба енгізіледі.
5. Егер неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтіретін мән-жайлардың бар
екенін растайтын айғақтары болса, тіркеуші орган неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды)
мемлекеттік тіркеуден бас тартады.
6. Тіркеуші органның неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуден бас
тартуына сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
227-