бап. Ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы бірлескен өтініші бойынша некені (ерлі- зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу мерзімдері Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган некені (ерлі-
зайыптылықты) бұзу туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім
өткеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың өздері қатысқан кезде
жүргізеді.
Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың
тиісті күнінде бітеді. Егер бұл күн жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс
күнi мерзiмнiң аяқталған күнi болып есептеледі.
Айлық мерзімнің қысқартылуы мүмкін емес.
Егер ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін
өздеріне белгіленген күні тіркеуші органға келе алмаса, олар тіркеуші органға некені
(ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішпен қайтадан жүгіне алады, ол некені (ерлі-
зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін қайтадан айлық мерзімді тағайындайды.