Отбасылық құқық ұғымы. Некелік отбасылық құқықтар мен міндеттер. Некеге отыру шарттары. Некені бұзу және тоқтату



Дата11.12.2021
өлшемі15,04 Kb.
#99433
Байланысты:
Отбасылық құқық ұғымы. (1)
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл

Отбасылық құқық ұғымы. Некелік отбасылық құқықтар мен міндеттер. Некеге отыру шарттары. Некені бұзу және тоқтату.

Отбасылық құқықтық қатынастар дегеніміз – құқық нормасымен реттелген отбасы мүшелерінің арасындағы қатынастарды айтамыз.“ҚР неке және отбасы туралы”заң 1998 жылғы қабылданды. ҚР «Неке және отбасы туралы» заңының талаптарына сәйкес некеге тұру үшін некеге тұрушылардың өзара келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет. Некеге тұру үшін жеке куәліктері және тұрғылықты мекен жайы болуы керек. Егерде некеге тұрушылардың біреуінің бұрынғы тіркелген некесі болса, ажырасу туралы куәлігі немесе қайтыс болса қайтыс болу туралы куәлігі қажет. Сонымен қатар некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен аудандық АХАЖ  бөлімінде қиылады. 

Отбасылық құқықтық қатынастардың субъектілеріне мыналар жатады:

1. ерлі-зайыптылар;

2. балалар;

3. басқа отбасы мүшелері мен жақын туыстары;

4. заңмен белгіленген басқа да адамдар.

Отбасылық құқықтық қатынастардың объектілеріне жататындар:

1. отбасы мүшелері арасында туатын өзіндік және мүліктік қатынастар;

2. некені қиюдың тәртібі мен шарттары және оны жою;

3. ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды басқа отбасыға орналастыру және т.б.

Неке отбасы заңдары мына қағидаларға негізделген:

1. Еркек пен әйелдің некелік одағының еркіндігі;

2. Отбасында ерлі-зайыптылар құқығының теңдігі;

3. Отбасы ісіне басқа біреулердің орынсыз араласуына жол бермеу;

4. Отбасылық мәселелерді екі жақты келісім арқылы шешу;

5. Балаларды отбасында тәрбиелеу, олардың дамуына жағдай жасау;

6. Отбасының барлық мүшелерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру.



Некеге отыру және оны тоқтатудың шарттары.

Неке дегеніміз – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды тұғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі негізінде жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одағын айтамыз.

Неке қию тәртібі бойынша некеге отырғысы келген азаматтардың арыздары алдымен азаматтық хал актілерін жазатын (АХАЖ) мемлекеттік органдардың кітабына жазылады да, арыз берген күннен бастап 1 ай мерзім өткен соң жүргізіледі.

Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүкті болу, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және т.б. жағдайларда) неке өтініш берген күні қиылуы мүмкін.



Некеге отырудың шарттары: некеге отыратын еркек пен әйелдің екі жақты келісімі және олардың неке жасына толуы болып табылады. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін 18 жастан бастап белгіленген. Дәлелді себептер болған жағдайда азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылға дейін төмендете алады. Барлық жағдайда неке жасын төмендету тек некеге отырушылардың келісімімен және ата-аналардың немесе қорғаншылардың келісімімен мүмкін болады. Некеге тұрған адамдардың қалауынша неке шарты жасалуы мүмкін. Неке шарты нотариуспен расталған, некеге тұрушылардың құқықтық жағдайын анықтайтын шарт болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет