270-
бап. Қайтыс болу туралы мәлімдеме
1.
Қайтыс болу туралы мәлімдемені қайтыс болған адаммен бірге тұрған адамдар, ал
ондай адамдар болмаған жағдайда көршілері, тұрғын-үй пайдалану ұйымдарының
қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, қайтыс болған адамды күтіп-баққан не адам
сонда қайтыс болған ұйымның әкімшілігі немесе мәйітті тапқан ішкі істер органы
жазбаша немесе ауызша нысанда береді.
2. Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болуын
мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті қайтыс болған адамның тұрған жері бойынша сот-
медициналық сараптамасы ұйымының лауазымды адамы жазбаша нысанда береді.
3. Мәлімдеме жасаушы қайтыс болу туралы мәлімдемеде қайтыс болған адам туралы
мынадай мәліметтерді: қайтыс болған адамның атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін,
туған жылын, соңғы тұрғылықты жерін және оның отбасылық жағдайын, қайтыс болған
жылын, айы мен күнін, қайтыс болу себебін, сондай-ақ қайтыс болу туралы мәлімдеме
жасаған адамның атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін және тұрғылықты жерін
көрсетеді.
2013.29.01. № 74-V ҚР
Заңымен
4-
тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
4.
Қайтыс болуды тіркеу кезінде қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын
құжаттары, әскери билеті тіркеуші органға тапсырылуға жатады.
271-
Достарыңызбен бөлісу: |