273- бап. Қайтыс болу туралы куәлік беру Қайтыс болу мемлекеттік тіркелгеннен кейін қайтыс болған адамның мұрагерлерінің
аясына кіретін жақын туыстарына не қайтыс болған адам қамқорлықтарында болған
азаматтарға, сондай-ақ қайтыс болған адам тұрған немесе жазасын өтеген мемлекеттік
ұйымдар әкімшілігінің өкілдеріне қайтыс болу туралы куәлік беріледі.
Басқа туыстарына қайтыс болу туралы куәлік мұрагерлік іс қарауында жатқан
нотариустың хабарламасы бойынша беріледі.
Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болуы туралы куәлік
қайтыс болу туралы акт жазбасына барлық қажетті мәліметтер енгізілгеннен кейін ғана
беріледі.