277- бап. Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері, оның ішінде ата-
аналардың балаларын күтіп-бағу жөніндегі міндеті аумағында олардың бірге тұратын
тұрғылықты жері бар мемлекеттің заңнамасымен айқындалады. Ата-аналар мен
балалардың бірге тұратын тұрғылықты жері болмаған кезде ата-аналардың және
балалардың құқықтары мен міндеттері бала азаматы болып табылатын мемлекеттің
заңнамасымен айқындалады. Талапкердің талап етуі бойынша алименттік
міндеттемелерге және ата-аналар мен балалардың арасындағы басқа да қатынастарға
аумағында бала тұрақты тұрып жатқан мемлекеттің заңнамасы қолданылуы мүмкін.
278-