бап. Кәмелетке толған балалардың, сондай-ақ отбасының басқа да мүшелерінің алименттік міндеттемелері Ата-аналардың пайдасына алименттік міндеттемелер, сондай-ақ отбасының басқа да
мүшелерінің алименттік міндеттемелері аумағында олардың бірге тұратын тұрғылықты
жері бар мемлекеттің заңнамасымен айқындалады. Бірге тұратын тұрғылықты жері
болмаған кезде мұндай міндеттемелер алимент алуға құқығы бар адам азаматы болып
табылатын мемлекеттің заңнамасымен айқындалады.
279- бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1- тармақ жаңа редакцияда ( бұр.ред.қара ) 1.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан
Республикасының азаматтарына қатысты азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді
Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерi жүргізеді және олар жасаған акт
жазбалары Қазақстан Республикасының астанасы әкімдігінің тіркеуші органына беріледі.
2.
Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерiнде азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу кезінде, егер мүдделі адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары
болып табылса, Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.
280-