бап. Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдарды медициналық зерттеп-қарау 1. Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілерге медициналық, сондай-ақ
медициналық-генетикалық мәселелер және репродуктивтік денсаулық сақтау мәселелері
бойынша консультация беруді және зерттеп-қарауды денсаулық сақтау ұйымдары және
тек олардың екеуінің келісімімен ғана жүргізеді.
2. Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдарды зерттеп қараудың нәтижелері
медициналық құпия болып табылады және ол неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға)
ниеттенген адамға зерттеп қараудан өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.
Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамның некеге отыратын (ерлі-зайыпты
болатын) басқа адамның денсаулығына қауіп төндіретін ауруының болуы ерекше
жағдайлар болып табылады.