2. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек
білдірушілер тіркеуші органға өтініш берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң
жүргізіледі.
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші орган
құжаттамамен расталған дәлелді себептер болғанда, бұл мерзімді қысқартады немесе
ұзартады.
Айрықша мән-жайлар (жүктілік, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп
төнуі және басқа да айрықша мән-жайлар) болған кезде некені қиюды (ерлі-зайыпты
болуды) мемлекеттік тіркеу некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың)
қалауы бойынша өтініш берілген күні жүргізіледі.
3. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу осы Кодексте белгіленген
тәртіппен жүргізіледі.
4. Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдіруші адамдар не олардың біреуі,
сондай-ақ олардың заңды өкілдері тіркеуші органның неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды)
мемлекеттік тіркеуден бас тартуына сотқа шағым жасауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: